Андрон мәдениеті — қ



бет33/56
Дата04.03.2024
өлшемі214.29 Kb.
#494212
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56
Қазақстан тарихы

РЕСЕЙ ҚҰРАМ Кіруі: 1726, 1730 жылдардағы қазақтардың жоңғарларғақарсысоғысындағы жеңістері олардың тарапынан болатын қауіптібәсеңдетті, дегенмен түтастай алғанда, Қазақстандағы жағдай әлі де қиын еді. Оның үстіне Кіші жүзде Әбілхайыр, Орта жүзде
Сәмеке (Шахмүхамед), Үлы жүзде Жолбарыс хан бастаған қазак
жүздері арасындағы алауыздық жағдайлар күшейді. Осындай
қиын кезде Кіші жүздің ханы Әбілхайыр орыстардың қоластына
қарайтындығына ниет білдіріп, Петербургке елші жіберді. Онда
Ресей империясының қоластында болу арқылы Жоңғариямен
жойқын соғысты аяқтап, Қазақстандағы қиын жағдайды
пайдаланып отырған ежелгі жаулары башқүрттармен, орта
азиялық хандармен, сібір казактарымен арадағы күресті тоқтату
мақсаты көзделді. Бүл ыдырай бастаған қазақ одағының сыртқы
саясатындағы күрделі бетбүрыстың бастапқы кезі еді.
1726 жылдың басында Әбілхайыр өзінің елшісі Қойбағар
Көбековты патша үкіметімен келіссөз жасасуға Петербургке
аттандырды. Кіші жүздің қазақ старшиналарының Ресейдің
сыртқы істер жөніндегі Алқасына жазған хатында еділ қалмак,-
тары сияқты Ресейдің «протекциясында» болсак деген үсыныс
айтылды.
Сонымен қатар олар Уфадағы түтқындарды айырбас-
тауға
рүқсат сүрап, башқүрттар мен Жайық казактарының
шабуылынан қорғауды және Жайык, бойында емін-еркін кошіп-
қонуға кепілдік беруін өтінді. Бірақта Жоңғариямен екі арадағы
жағдайдың шиеленісіп кетуінен қауіптенген әрі қазақтарды
қоластына қаратудың қазірше ешқандай пайдасы жоқ екендігін
түсінген патша үкіметі Әбілхайырдың хатын жауапсыз қалдырды. 1730 жылы батыр Сейтқүл Қойдағүлов ен Қүтлымбет Қоштаев би бастаған қүрамында жеті адамы бар
Әбілхайырдың елшілігі Уфаға барды. Қазан айында Петербургке
жетіп, Ресейдің қоластына қарау туралы өтінішті қабылдау
жөніндегі жазылған хатты патша Анна Иоанновнаға тапсырды.
Ханның өтініші қанағаттандырылды. 1731 жылы 19 ақпанда
Анна Иоанновна «Әбілхайыр ханға және барлық қазақ халқына
олардың Ресейдің қоластында болуын қүптайтыны туралы»
грамотаға қол қойды, онда Әбілхайыр хан өзінің қоластындағы
адамдармен Ресейдің қоластында болуы мынадай тармақтар
арқылы: «Біріниііден, біздің үлы мәртебелі императорымызга адал
қызмет ететініңізге және башқүрттардың қызмет ететіні
сияқты, жасақ (ясак) төлеуге уәде етіціздер.
Екіншіден, Ресей цоластындагылардан сіздерге реніштер
мен қырып-жоюшылық болмауы тиіс.
Үшіншіден, сіздерге қандайда бір жаулар шабуыл жасаса,
сіздер одан біздің үлы мәртебелі.міз атынан қоргана аласыздар
және сіздерді Ресей қоластындагылар деп есептеуге тиісті.
Төртіншіден, башцүрттар және өзге де Ресей
қарахшгындагылар сіздерден алган түтқындарып кері қайтарса,
ал сіздер өздеріңіздегі ресейліктерді цайтарып беруге және
баищүрттар.мен, қалмақтармен тату түруга уәде етіңіздер»
делінген. Петербургте Кіші жүзге орыс елшілігін жіберіп, Әбілхайырға патша грамотасын тапсырып, сүлтандар мен старшиналардыңантын қабылдау мәселесі жөнінде шешім қабылданды.А.И.Тевкелев басқарған елшілік, 5 қазан күні Ырғыз өзені
бойындағы Майтөбе шатқалындағы хан сарайына келді.
Қүрметті қонақты алып жүруді хан өзінің үлЪен үлы, тәжірибелі
жауынгер әрі мүрагері, әкесінің саясатын қолдаушы Нүралыға
тапсырды. 1731 жылы 10 қазанда
империяның қоластына қарауға алғашқы болып Әбілхайыр хан
ант берді. Одан кейін старшина Бөгенбай, сосын Есет батыр,
Қүдайменді мырза ант беруге тілек білдірді. Ханнан басқа, 29
старшина атағы барлар ант қабылдады. Міне, осылайша қазақтың
Кіші жүзінің жері Ресейге қосылды. 1732 жылы 24 қарашада
Тевкелевтің елшілігі еліне оралды. Қазақстанның Ресейге
қосылуы алғашқыда бейбіт түрде басталды, бірақ XIX ғасыр-
дың 50-60 жылдарында бүл әскери-күш қолдану әрекетінің
нәтижесінде аяқталды. ҮНІ ғасырдың 30-шы жылдарының ортасында жоңғарлар тағы да қазақ жеріне, әсіресе Орта жүзге қауіп төндіре бастады. 1734 жылы 10 шілдеде орыс патшасы Анна Иоанновна оз отініш- тері бойынша Орта жүз қазақтарын Ресейдің қол астына қабылдау туралы жарлыққа қол қойды. Түтастай алғанда, Әбілхайыр мен оның айналасындағы
адамдардың, ал кейін Орта жүздегі белгілі шыңғыс түқымда-
рының Ресейдің қоластына кіруі Орталық Азиядағы мемлекет-
аралық жағдайлардың айтарлықтай озгеруіне тигізген осерін екі
бағытта қараған жон: бір жағынан, қазақ халқы озге келеңсіз
жағдайлармен қатар, ойраттардың дүркін-дүркін шабуылынан
жоне оның қайғылы оқиғаларынан сақтанды; екінші жағынан,
қазақтың кең даласындағы егістік жерді орыстардың біртіндеп
отарлауы үшы-қиырсыз корінген бүл өлкенің елсіз орі бақылауы
жоқ деген жалған пікірді қалыптастырды. Бүл озі мал
шаруашылығын өркендетудің ерекшелігіне байланысты жерді
иеленудің түрінен мүлдем хабары жоқ отаршылдардың түбірімен
кате әрі біржақты пікірі болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет