Ќанипа Бітібаева



бет17/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   141
адеб окыт адис техн

КӨРКЕМ МӘТІНДІ ОҚЫП-ҮЙРЕНУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ
Көркем мәтінді оқу барысында оқушыларды, сөз жоқ, ең алдымен, оқиға желісі, кейіпкерлер тағдыры қызықтырады. Соған байланысты олар қуана, қайғыра біледі. Тіпті, сезімтал балалар сол кейіпкерге ұқсағысы келеді, өзіне ұнаған кітабы мен кейіпкерлерін бүкіл өмір жолында жүрегіне сақтап, оны тұмардай қастерлеу де жиі кезігеді. Мұндай мәселелер -жаңалық емес, өмір тәжірибесінде анықталған дүниелер. Міне, осы көркем туындыны өз беттерімен оқу кезеңдерінде ең басты мәселе оқушылар назарынан тыс қалады, яғни шығарма авторы, оның осы туындыны жазған кездегі ойы, мақсаты оқиғалар мен кейіпкерлер іс-әрекетінің көлеңкесінде қалып қояды. Мұғалім мақсаты - талдау кезінде шығарма негізінде жатқан проблема, оның басты ойы, тілі сияқты сол көркем туындыны құрып тұрған көркем компоненттер туралы сөз қозғау болып табылады. Көркем туынды оқу сияқты, оны талдау да әдебиетті оқытудың маңызды, күрделі жұмыстарының бірі. Көркем туындыны талдау, әрине, мұғалім басшылығымен жүргізіледі, ең басты қызмет те мұғалімдікі. Дегенмен, талдау оқушылардан да көп нәрселерді: дағды-іскерлігі мен машықтығын талап етеді.
Мұғалім талдау барысында ең негізгі екі түрлі кызмет атқарады: 1. Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем компоненттері туралы, яғни талдау нені талап етеді, соны орындату. 2. Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды-іскерліктерін жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады. Әдеби талдауға баулу жүйелі де сабырлы еңбекті талап етеді. Мұғалімнің талдауға қандай әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай тиімді ұйымдастырғаны ғана шешуші рөл атқарып қоймайды, сонымен қатар баланың көркем туындыны оқу кезіндегі қабылдауы, алғашқы әсері де үлкен рөл атқарады. Көркем туындыны талдаудың күрделілігі, қиындығы да осында. Қорыта келгенде, талдау мұғалімге байланысты дүние ғана емес, оның алдындағы оқушыларға да тікелей байланысты (көркем туындыны қабылдауы, дүниетанымы мен ой өрісі, сезім дүниесіне де байланысты).
Талдау барысында мұғалім сондай-ақ, оқушыларды көркем туындыға байланысты алғашқы әсерлерін толықтыруға, көркем сөз құдіретін түсіне білуге, әр шығарма негізінде үлкен ой, үлкен мәселе жататынын аңғара білуге баулиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет