1-б а л а.
«Қансонарда» өлеңінде табиғат көріністерін, өз сезімін және аңшылықтың қызулы, қызғылықты сәттерін сипаттағанда, Абай өзінің жаңаша қалыптасқан ақындық мәдениетін танытады. Осы өлең - зор мәдениетті, ірі суретші тудырған шығарма. Көз алдымызға қар басқан елсіз таудың тұрғысы, қансонар күнгі оның болмыс күйін елестетеді. Оның қазақ даласындағы аңшылар ғана жүретін жым-жырт таудың елең-алаңдағы тыныштық шағын беруден бастайды. М.Әуезов. «А.Құнанбаев» (монография, 105-бет.)
2-6 а л а.
Шығарманың өзі сюжетті, окиғалы поэма үлгісінде жазылмаса да, бар өлең бастан-аяқ динамикалық суреттерден құралады. Өлеңнің ішінде сәт сайын кұбылған толып жатқан өзгеріс, қимылдар бар. Анық жақсы сонар қардың
ел жатқанша жауып тоқтаған күнінде болады. Бұнда түлкі көбірек кездеседі. Жортуылы да ұзақ сонардай шексіз алыс болмайды. Аңшылықтың қызығы мол. Астында жақсы мықты ат болу керек, үстінде ыңғайлы, ықшам киім, қасында тату жолдас - барлығы да аңшылықтың әрі шарты, әрі қызықты шындығы.
М.Әуезов. «А.Құнанбаев» (монография, 107-бет.)
3-б а л а.
«Сонар», «Қағушы», «Қайтқан із», «Бүркіттің қайқаң қағып аспанға шығуы», «Түлкінің көре түра қалуы, «Үйірімен үш тоғыз десу» - бәрі де аңшылықтың өзіне тән тілі. Сол өзгешелікпен қатар ақын қиялын да өткірлеп, сол асығыс, қарбалас, тайталастар үстінде шебер түрдегі соны теңеуді табады. «Қар - аппақ», «бүркіт - қара», «түлкі-қызыл» дей келіп, қайнаған қимылдарды ұяң сұлудың асығып шомылған қозғалыстарына ұқсатуы да шеберлік айғағындай.
М.Әуезов. «А.Құнанбаев» (монография, 107-бет.)
Бұл тек М.Әуезовтің «Абай Құнанбаев» атты монографиясынан ғана жасалған монтаж, ары қарай бұл монтажды басқа да ғалымдар еңбегінен алынған үзінділер бойынша жалғастыруға болады. Осы әдеби монтаждың тиімділігі неде? Біріншіден, қарасөз жаттауға дағдыланады, зерттеу еңбектеріне, шығармашылық жұмыстарға икемделеді.
Екіншіден, «Қансонар» деген не, аңшылық, саятшылық деген не, оның дала халқының әдет-салтындағы маңызын түсінеді.
Үшіншіден, өлеңнің мән-мағынасы, касиеті, көркемдік ерекшелігіне көз жүгіртеді, білімді тереңірек алады.
Е с к е р т у: Жаттатуды міндетті түрде емес, мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оку ретінде де жүргізуге болады. Еңбектің 106-бетінде сонар туралы тамаша түсінік беріледі, яғни «ұзақ сонар», «келте сонар», «қансонар» туралы. Мұғалім өзінің кіріспе сөзінде оны мәнерлеп, түсіндірмелі оқу аркылы оқушыға жеткізсе, ол өте тиімді әдіс болар еді. Оқушылардың әдеби сөздік қоры молаяр еді. Зерттеу еңбектерін тиімді пайдалана білудің әдіс-тәсілдерін көп шығармашылықпен еңбек ететін мұғалім, әсіресе, әдебиетті тереңдетіп оқыту проблемасымен айналысып жүрген мұғалім үшін білім беруде зерттеу еңбектеріне жүгіну, оларға сүйену, оларды тиімді әдіс-тәсілмен жүйелі түрде жүргізудің маңызы зор. Зерттеу еңбектерін жинақтау оны үнемі газет-журнал, шығып жатқан басылымдар арқылы толтырып отыру да үлкен жұмыс. Көпшілік мұғалімдер әр ақын-жазушыға, тіпті оны бағдарламада берілген әр тақырыптағы шығармаларына бір-бір папкі арнап кояды. Сол папкілердің ішіне тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды коса салып отыру өте тиімді. Папкінің алғашқы бетіне (ішіндегі 1-беті) қалташа жасап, ішіне материалдар тізімін жазып, салып кою керек. Папкілерді нөмірлеп қою керегінде оны тез табуға жәрдемдеседі, әрі күнделікті жұмыста қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |