Ќанипа Бітібаева



бет85/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   141
адеб окыт адис техн

ӘДЕБИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУ
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген. Оқушыларға оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы ұғымдарына түсінік беріп отырады. Мысалы, «мысал» жанрынан берілген шығармадан кейін «мысал» деген не, оның негізгі сипаттамалары туралы анықтамалар беріледі. Сонымен, мектепте оқушыларға берілетін әдеби-теориялык ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста, оның негізгі ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде, әдебиеттанудың маңызды бір саласы дәрежесінде үзбей оқытылады. Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін көркем әдебиет әлемін түсіне білу, талдай білуде практикада пайдалануға машықтандыру - оны оқытудың басты міндеттерінін бірі. Оқу бағдарламасы, сол бойынша жасалған оқулықтарды парақтай отырып, әрі осы сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне, оқылатын көркем туындылардың құрамына карай отырып, әр сынып бойынша төмендегі жүйеде әдеби-теориялық үғым беруге болады деп есептейміз:
5-с ы н ы п.
1. Халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша түсінік. Әдебиет туралы кіріспе әңгіме.

  1. Ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары: мақал, мәтел, жұмбақтар, батырлар жыры, қиял-ғажайып ертегілер, әдеби ертегілер туралы алғашкы ұғым.

  2. Мысал жанры. Әдебиеттегі дәстүр туралы, аударма туралы алғашкы түсінік.

  3. Өлең, оның өзіндік ерекшелігі, кұрылысы жайында кіріспе әңгіме.

  1. Әдеби кейіпкерлер, олардың портреті туралы.

  2. Лирика, табиғат лирикасы туралы алғашқы ұғым.

  3. Гипербола, эпитет, теңеу, кейіптеу туралы түсінік.

  4. Көркем шығарманың тақырыбы туралы алғашқы әңгіме.

10. Монолог, повесть, баллада туралы алғашқы ұғым.
6-с ы н ы п.

  1. Шыншыл ертегілер, аңыз, әңгімелер, жаңылтпаштар туралы түсінік.

  2. Өлең кұрылысы, ұйқас түрлерінен хабар беру.

  3. Суреттеу, баяндау, әңгімелеу, композиция туралы түсініктерін кеңейту.

  4. Өмірбаяндық әңгіме жанры туралы алғашқы ұғым.

  5. Сюжетті өлеңдер туралы түсінік. Лирика туралы
    алғашқы ұғым.

  6. Теңеу, эпитет, метафора туралы төменгі сыныпта алған
    білімдерін толықтыру.

7-с ы н ы п.
1. Батырлар жыры туралы ұғымдарын тереңдету.
2. Оптимизм, романтика, риторикалық сұрақтар, аллитерация, ассонанс туралы түсінік.

  1. Табиғат лирикасы туралы білімдерін тереңдету.

  2. Ирония, сатира, эпитеттің ұлғайған түрі, антитеза
    жайында хабар беру.

  3. Әдеби бағыттар. Реализм туралы алғашкы ұғымдар.

6. Публицистика жанры, көркем шығарма тілі,поэтикалық тіл туралы түсінік.

  1. Суреттеу, баяндау, әңгімелеу жайындағы білімдерін
    жетілдіру.

  1. «Суреткер ақын», «Лирик ақын» ұғымына түсінік беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет