Абай өлеңдерінің құрылысы. 10-сынып
Мақсат: Топ оқушыларға Абайдың қазақ өлеңдеріне (құрылысына) кіргізген жаңалықтарын сараптайды. Ол жаңалықтардың қайнар көзі туралы пікірлерін ортаға салады.
1-топ. (Салыстырмалы жұмыс.)
Мына салыстырмалы кесте арқылы, Абайдың қазақтың байырғы өлең түрлерінің негізінде қазақ өлеңдерінің құрылысына енгізген жаңалығын дәлелдеу.
Е с к е р т у: Толықтырылған түрі қабілеті «орташадан төмен» оқушыларға беріледі (бірінші бөлімі ғана).
Негізгі мәселелер
|
«Елім-ай» өлеңі
|
«Көзімнің қарасы»
|
Ұйқас түрлері
Ұйқас тармақтары
2. Өлең бунақтары
|
Қара өлең ұйқасы
4
4
|
Қара өлең ұйқасы
3
3
|
3.Өлең буыны
4.Шумақтары
5. Ақын жаңалығы
|
2 буынды қара өлең
Әр шумағы төрт тармақтан тұрады
|
буынды қара өлең
Әр шумағы 4 тармақтан тұрады
2 буынды қара өлеңге 6 буынды кіргізу
|
2-топ.
Абайдың қазақ өлеңдеріне енгізген жаңалығын бір өлеңі арқылы дәлелде. Мына бағананы басшылыққа ал:
Өлеңнің аты
|
Бунағы
|
Буыны
|
Шумақ түрлері
|
Өлең құрылы-
сы
|
Өлең идеясының сонылығы
|
Форма мен мазмұн бірлігі
|
|
|
|
|
|
|
|
3-топ.
Абайды зерттеуші ғалымдар еңбегі бойынша ақын жаңалықтарындағы орыс поэзиясының әсеріне тоқталу. (Негізгі мәселелерді жоспар-тезис ретінде белгілеп алу.)
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:
С.Мұқанов. «Жарқын жұлдыздар» (Абай бөлімі).
М.Әуезов. «Абай Құнанбаев» атты монографиясы (430-
432-беттері).
4-топ. (Салыстырмалы талдау).
Абайдың қазақтың өлең ұйқастарына енгізген жаңалықтарын ақын өлеңдері арқылы дәлелде. Бұхар жырау өлеңдерімен салыстыр (өзіңе ұнаған өлеңдерді ал).
Өлең құрылысы
|
Бұхар жырау
|
Абай
|
Абай енгізген жаңалықтар
|
1. Ұйқас түрлері
2. Шумағы
3. Тармағы
4. Бунағы
5. Буыны
|
|
|
|
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ ЖӘНЕ БАЛА БІЛІМІН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖОЛДАРЫ
Үй тапсырмалары бірнеше мақсатта беріледі:
а) сыныпта алған білімдерін бекіту;
ә) сыныпта алған білімдерін қосымша материалдар арқылы байыту, молайту;
б) шығармашылық бағыттағы тапсырмалар арқылы қабілеті, дарыны, талантын дамыту, оған әсер ету;
в) алдын ала берілетін тапсырмалар арқылы оқушыларды жаңа сабаққа дайындау (мысалы, М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерін бастамас бұрын, алдын ала оның бірнеше
шығармасын оқып келу тапсырылады).
Үй тапсырмасының қандай түрі болсын, мұғалім даралап (дифференциалді) оқыту принциптерін басшылыққа алуы тиіс.
Мысалы, бір тақырып айналасында берілетін тапсырма әр түрлі болуы мүмкін. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын талдау барысында қабілеті «жоғары» оқушыларға: Құлагер аттың сынын (Күреңбай сыншы берген) Абайдың «Шоқпар-дай кекілі бар, қамыс кұлағымен» салыстыру, сол бойынша «Қай ақын жүйрік атты шебер сипаттай білген?» деген проблемалық сұрақ айналасында пікір таласына дайындалу тапсырылса, қабілеті «жақсы» оқушыға: «Сәкеннің Көкшетауы мен Ілиястың Көкшетау суреттерін салыстыру», сол арқылы екі ақындағы ұқсастык, өзіндік ерекшеліктерді саралау; кабілеті «орташа», «орташадан төмен» оқушыларға оқулықтағы талдаулар, сондай-ақ өздеріне ұнаған өлең үзінділерін жаттау, соған талдау жасау тапсырылады. (Көкше көріністері, Құлагер сипатын жаттау.)
Үй тапсырмасын беру оқылып жатқан тақырыптың ауыр, жеңілдігіне де байланысты. Мұғалім оған кететін уақытты мөлшерлейді, сондай-ақ басқа пәндердін тапсырмасын да ескеріп отырғаны жөн. Мысалы, математикада бақылау болатын, орыс әдебиетінен жазба жұмыстары алынатын күндерге орындалуы күрделі, уакыт көп кететін тапсырмалар беруден бас тартқан жөн. Не сондай тапсырмаларды міндетті түрде сол мерзімде беру керек болса, мұғалімдермен сөйлесіп, бақылау жұмыстарын басқа күнге ауыстыру жөнінде келіскен жөн.
Үй тапсырмасын түсіндіріп беру, үлгі, көмек көрсету оның жемісті орындалуына үлкен әсер етеді. Әсіресе, қабілеті «орташадан төмен» оқушыға мұғалім үнемі көмек көрсетіп, «көмек-нұсқау» беріп отыруы керек. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясын оқу, әсіресе, кейіпкерлер іс-әрекетін талдау - аса күрделі. Мәселен, кейіпкерлер іс-әрекетін талдауда міндетті түрде көркем туындыға жүгіну керек. Ал «Абай жолындай» төрт томдық эпопея ішінен Абайдың не Құнанбайдың іс-әрекетіне мысалдар келтіру сондай күрделі шаруа екені айтпай-ақ, түсінікті, осы мәселеден тіпті барлық оқушыларға да көмек керек.
Достарыңызбен бөлісу: |