Ќанипа Бітібаева


ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ



бет89/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   141
адеб окыт адис техн

ҮЙ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. Оқулық бойынша берілетін тапсырмаларға мыналар жатады:
а) Тақырып бойынша сұрақтарға жауап.
ә) Тақырыптарды оқу, мазмұндау.
б) Тақырыптың ең негізгі, түйінді дәнін бөліп ала білу.
в) Тезис конспекті жасау.
г) Өз беттерімен тақырып материалдарына сұрақтар әзірлеу.
2. Көркем мәтін, көркем туынды бойынша:
а) Сюжеттік, композициялық жоспар жасау.
ә) Аннотация жазу.
б) Поэтикалық талдау жасау (көркем компоненттеріне).
в) Жазушы тілі, стиліне талдау.
г) Кейіпкерлердің сөйлеу тілі, іс-әрекетінен мысалдар алу,
оны жауаптарында, не шығармаларында пайдалану.
д) Негізгі оқиғаларды сұрыптап ала білу, сол бойынша мазмұндау, не образдардың іс-әрекетін ашу.
Бұл тәсіл, әсіресе, көлемді шығармаларды оқуда пайдалы. Мысалы, 4 томдық «Абай жолын», оның барлық окиғаларын есте ұстау - өте қиын. Сондықтан әр кітаптың ең негізгі, басты оқиғаларын сұрыптап ала білудің маңызы зор. Мұғалім көмегімен ол тапсырма былай орындалады:
Үлгі:
М.Әуезов. «Абай жолы», 1-кітап



Тараулар



Басты оқиғалар

«Қайтқанда»

а)Абай оқудан елге қайтады. Сүйікті аналарымен қауышады.
ә) Қодар мен Қамқаны өлім жазасына бұйыру және азаптап өлтіру.
б)Сұмдықтан шошынған Абайдың қатты ауырып қалуы.
в)Балта ақынның Абай аулына келуі,оның жас балаға әсері



Образдарды талдауда мәтінмен жұмыс оның алтын қазығындай. Мысалдар келтірейік: Әйелдер бейнесін талдауда Ұлжан бейнесі бойынша оқушылар алдында маңызды бір мәселе тұрады. Ол - «Ұлжан бақытты әйел ме, әлде оның басында да әділетсіз заманның мұңы бар ма?» деген сұрақ. Осы проблеманы шешу үшін, мәтінге жүгіну керек.
Немесе Абай мен Ділда арасын ашып көрсету үшін де мынадай жұмыс жүргізуге болады (мәтінмен жұмыс).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет