Ќанипа Бітібаева


Әдіс-тәсілдері, оқытудың түрлері, оқу формалары



бет131/141
Дата18.09.2022
өлшемі3.38 Mb.
#460906
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   141
адеб окыт адис техн

Әдіс-тәсілдері, оқытудың түрлері, оқу формалары:

  • Проблемалы баяндау, проблемалық ситуация тудыру.

  • Ұжымдық оқыту элементтері.

  • Даралап, саралап оқыту.

  • Ойлау жүйесіне әсер ету, жоба, модель құрастыру.

  • Болжам (гипотеза), оны дәлелдеу, зерттеу әдісін пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділігін, өзін-өзі танытатын жұмыстарды ұйымдастыру.

  • Үй тапсырмасында стандарт деңгейіндегі тапсырмалар мен шығармашылыққа жетелейтін тапсырмалар беру (бірнеше тапсырма оқушы өзі таңдап алатындай)

Тапсырмалардың дамытушылық дәрежесін көтеру. Оқушылардың білім деңгейін ескеру.




IV кезең.
Қосымша материалдар, ғылыми еңбектермен жұмыс.
Мақсат:
– Білім мазмұнын қосымша материалдар, ғылыми еңбектер, басқа да бүгінгі таңдағы жаңалықтармен байыта отырып, оқушылардың толыққанды білім-білік дағдыларын дамыту.
– Оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оларды жан-жақты жинақталған білім көздерімен қаруландыру, (интеграция) іргелі білімдерге бағдарлау.
– Оқушылардың өзіндік пайымдауларын, бағалауларын, қорытындылауларын мұғалім түсінігімен толықтыра отырып, енді оны ғылымиландыру, іргелі терең білімге бағдарлау.
– Білім берудің міндетті деңгейі аумағында дүниетанымдық, ой өрістері мен іскерлік дағдыларын жетілдіретін, жеке тұлғаны дамытуға әсер ететін қосалқы материалдардан білім беру.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын ақойылатын талаптарды тереңдету, яғни анализ, синтез, саралау, бағалау сияқты іс-әрекеттерін (өнімді іс-әрекет).
–Ұлттық, аймақтық, жергілікті, пәнаралық байланыстар арқылы берілетін білім мазмұнын ірілендіре түсу, өмірмен байланысын арттыру.


Әдіс-тәсілдер, оқыту түрлері, оқу формалары:
–Практикалық жұмыстар (салыстыру, үндестік іздеу, мәтінмен жұмыс).
–Жалпылама, топтық, жұптық, дараланған, сараланған (қабілетін ескере отырып) жұмыстар.
– Әр түрлі ғылыми ізденіске, зерттеу іс-әрекетіне негізделген түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындату, оқушылардың рефлексиясын дамыту.
– Ғылыми жұмыстар бойынша болжам, модель, жоба жасау, оны қоғау. Өз беттерінше зерттеу жүргізу, талдау жасау.
–Ғылыми бағыттағы шығармашылық тапсырмаларға (рецензия, реферат, анотация, т.с.с.) баулу.
–Жоба, модель, қорғау, дебат, симпозиум, семинар, конференциялық, т.б. сабақтар өткізу (тақырыпқа сай).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет