Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6



бет12/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
1, 2 модульдер

Кәсіби бедел-бейне


Патронаж қызметкері ретінде сіз өзге адамдармен (ата-аналармен, жергілікті қоғам мүшелерімен және әріптестеріңізбен) тікелей байланысқа түсесіз, ал бұл патронаж қызметінің кәсіби бедел-бейнесін жасап шығарады. Бұл сіздің телефон арқылы, электронды немесе кәдімгі пошта арқылы хабар алысуыңызға және адамдармен жүзбе-жүз тілдесуіңізге де қатысты.
Әртүрлі байланыс түрлері басқа адамдарда белгілі бір әсер қалдырады – патронаж қызметі туралы түсінігі қалыптасады. Осындай әсер мен түсінік нәтижесінде қалыптасатын бейне өте маңызды, себебі, адамдардың осы қызметті қаншалықты бағалайтынына, сенім артатынына және кейін ұсынған қызметтерін пайдаланатынына (пайдаланбайтынына) әсер етеді. Егер қызмет аз пайдаланылса немесе оны тек кейбір халық топтары ғана пайдаланса, тиімсіз болады. Мұндай қызмет ұрымталдықты азайтуда, кішкентай балалардың және олардың отбасыларының денсаулығы мен аман-саулығын жақсартуда табысты болмайды. Жақсы кәсіби бедел-бейне ата-аналарға көмек шынымен керек болғанда, мысалы, сәби тым көп жылағанда, көмекке жүгінуіне септеседі. Егер ата-ана уақытылы көмекке жүгінсе, ашу-ызаның буымен ойланбай әрекет етуін, мысалы, ашуға булығып, сәбиді сілкілеуден немесе ұрып-соғудан аулақ қылады. Егер ата-ана кәсіби патронаж қызметіне сенім артса және оған кеңес алу үшін жүгіне алса, мұндай қауіпті мінез-құлықтың алдын алуға болады.


Егер біз өзгелермен өзара әрекеттестігімізді саралайтын болсақ, бұл біздің қандай кәсіби бедел-бейне қалыптастыратынымызды және адамдардың бізге жүгінгісі келетінін/келмейтінін жақсырақ түсінуге көмектеседі. Есіңізде болсын, біздің сыртқы келбетіміз және сөйлеу мәнеріміз адамдарға тікелей әсер
қалдырады, сондықтан, айтқанымызды қалай түсінетініне әсер етеді (сондай-ақ, тілдесу туралы модульді қараңыз).
Келесілерді есте сақтаған жөн:

  • көзбен байланыс орнату;

  • байсалды және босаң бет әлпеті;

  • дауыс екпіні мен ырғағы;

  • киім ұқыптылығы және жеке бас тазалығы (қол, шаш және бет орамал);

  • қандай сұрақтар қоясыз – ашық немесе жабық?

  • қандай сөздер қолданасыз?

  • берген уәделеріңізді орындайсыз ба?

  • адалдық – сөздерінің денеңіздің қимылдарын сай келе ме?

  • пайым-пікірлеріңіздің адалдығы және ақылға салынып, безбенделуі;

  • өзгелерге (әріптестеріңізге және клиенттерге) құрмет;

  • әлеуметтік желілерді (Facebook желісіндегі парақша) пайдалану.




ӨЗГЕЛЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК



Ғылыми зерттеулерде патронаж қызметкерінің ата-аналармен өзара әрекеттестігінің маңыздылығы ерекше атап өтіледіxxi. (Davis et al., 2002)xxii жұмысында ұсынылған ата-аналарға кеңес беру моделі жеке мән-мағына құрастыру теориясын қолдана отырып, өзара әрекеттестікті түсіндіреді (төменнен қараңыз).


Егер патронаж қызметкерлері ата-аналардың мінез-құлқын шынымен түсіну үшін оларды мұқият бақылайтын және тыңдайтын болса, отбасыларға пайдалы болатындай әрекет ете алады.


Бұл жеке ұстанымдарыңызды (көзқарасыңызды) және пайымдауларыңызды талдап шыққан жөн екенін білдіреді – яғни, жағдайға жеке көзқарасыңыздың әсерімен қарап, нәтижесінде ата- аналардың шынайы реакцияларының және әрекеттерінің орнына, өзіңіз көргіңіз келетінді ғана


көретін жағдайды болдырмау маңызды xxiii . Патронаж қызметкері достық пейілмен және құрметпен қараса, ал әрекеттері пайдалы болса, ата-аналарды өзара әрекеттестікке итермелейді, себебі, олар оның реакциясын бақылап, патронаж қызметкерінің шыншыл екендігінің, ал онымен жұмыс жасау пайдалы болатынның белгісі ретінде түсінеді. (Whittaker et al., 2014) xxiv зерттеушілер жүргізген зерттеулер осының патронаж қызметкері мен отбасы арасында едәуір терең қарым-қатынас орнату ықтималдығына септесетінін айғақтайды.

Егер патронаж қызметкері ата-аналармен және отбасының басқа мүшелерімен өзін осылай ұстаса, олар үшін отбасында ұнамды әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларының үлгісін жасайтыны маңызды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет