Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6


Тілдесу және кеңес беру – «индикативтік сұхбаттарды» пайдалану



бет13/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
1, 2 модульдер

Тілдесу және кеңес беру – «индикативтік сұхбаттарды» пайдалану

Отбасылармен тілдесудің маңызды мақсаты - ата-аналарға сәбилерінің және балаларының мұқтаждықтарына және қажеттіліктеріне зейін қоюға көмектесу.


Криспин Дэй, өзі ата-ана және ерте балалық шақ саласындағы маман, әріптестерімен бірге ата- аналармен сұхбат жүргізу бойынша арнайы ұсынымдар жасап шығарған, ата-аналармен аталмыш «индикативтік сұхбаттарды» патронаж қызметкерлері босануға дейін және кейін қолдана алады және оларға ата-аналармен жұмыс жасау кезінде серіктестік әдістемені дамытуға көмектесе алады. Осы ұсынымдар ата-аналарға және патронаж қызметкерлеріне бірлесіп жұмыс жасауға көмектесу үшін жасалған, нәтижесінде ата-аналардың тәжірибесіне зер салады, отбасының мықты тұстарын анықтайды, бағалайды және басымдылығын жоғарылатады, сонымен қатар, қамқор қарым-қатынастарды нығайту және баланы дамыту бойынша артықшылығы жоғары мәселелерді шешу үшін іс-қимылдар жоспары жасалады (Day et al., 2014).


Отбасылармен жұмыс жасау кезінде «индикативтік сұхбатты» қалай пайдалану қажет екенінің мысалдары келтірілген 5-ші және 6-шы Ақпараттық карталарды қарап шығыңыз.
«Индикативтік сұхбаттарды» пайдалану кезінде ата-ананың (жұптың) екеуі де қатысқаны дұрыс. Егер ана тұрмысқа шықпаған болса немесе жұбы болмаса, сіз оған өзі сенім артатын достарының немесе туыстарының біреуін шақыруды ұсына аласыз. «Индикативтік сұхбатты» өткізу бойынша ұсынымдарды ата-аналарға қоятын сұрақтар тізімі ретінде пайдаланбаған жөн, әйтпесе, ата-аналармен шынымен сұхбат жүргізіп отырған сияқты боласыз; ата-аналарды әңгімеге қатыстыру қжет, сонда ғана мұндай сұхбаттар пайдалы болып шығады! Осының барлығын дұрыс орындап шығу үшін сізге «индикативтік сұхбатты» өткізу бойынша ұсынымдарда тізімделген барлық тақырыптарды жақсы меңгеру керек және әңгіме барысында ата-аналардың жауаптарына қарай бір тақырыптан екіншісіне ауыса отырып, ара-тұра сұрақ қойып отыру керек. Егер ұсынымдарды дәл осылай пайдалансаңыз, олар сізге және ата- аналарға маңызды мәселелерді бірге зерттеуге көмектеседі. Ұдайы пайдаланып, тәжірибе жинай түскен сайын, сіз ұсынымдарда тізімделген тақырыптарды үйге барып қарау кезінде қозғау қажет әдеттегі тақырыптармен және салалармен біріктіре аласыз, сонда ұсынымдарда келтірілген барлық тақырыптар бойынша жауаптар алу үшін сізге шамамен 60 минут қажет болады.
Үйге барып қарау ата-аналардың көзімен

(Chalmers, 2012)xxv жұмысында үйге барып қарауды және өзара әрекеттестікті клиент көзқарасы тұрғысынан қарастыруға кеңес беріледі. Егер біреу үйіңізге келуді жоспарласа, кейбіріңіз үшін бұл жайт алаңдаушылық тудыруы – үйді, өзіңізді және/немесе балаларыңызды дайындауға тырысуға себепші болуы мүмкін. Айта кету керек, үйге маман келетініне қатысты алаңдау кейбір ата-аналарды (1-ші кейс стадиде сияқты) үйге келіп қарау шарасынан бас тартуға немесе оны кейін қалдыруға итермелеуі мүмкін.


Егер үйге маман келетін болса, бұл достардың немесе туыстардың келуінен мүлдем өзгеше болады: себебі, байланыс орнату бастамасын патронаж қызметкері көтереді, келу


мақсатын да, ұзақтығын да анықтайтын сол. Бұл ата-аналарға әсер етпей қоймайды, кездесу барысында олар патронаж қызметкерінің қарым-қатынасы, ықыласы, білімі және сыртқы келбеті туралы ой-пікір қалыптастырады. Ата-аналардың ой-пікірлері қарым-қатынастардың қалай өрбитініне және патронаж қызметін қалай қабылданатына әсер етеді. Шындығында жақсы қарым-қатынас және тұрақты байланыс ұсыну қызметтерді сәтті көрсетудің аса маңызды факторлары болып табыладыxxvi.
Үйге барып қарау кезінде ата-аналарды зейін қойып, мұқият тыңдауға шақыру керек. Оларды өз сезімдеріне талдау жасауға немесе эмоциялық мәселелерін талқылауға итермелеу қажет. Ата- аналарды осының барлығы, әсіресе, сәбилеріне немесе кішкентай балаларына қараса немесе басқа мәселелерге алаңдаса (мысалы, жұмыссыздық, нашар тұрмыстық жағдай және т.с.с.), жалықтырып жіберуі мүмкін.

Егер үйге барып қарау шарасына ата-ана көзімен қараса, патронаж қызметкері кеткеннен кейін және оның ата-аналармен сөйлескенінен кейін, олар патронаж қызметкері өздерін тыңдағанын және естігенін сезінуі маңызды. (Day et al., 2014) жұмысында атап өтілгендей, тілдесу тиімді болуы үшін ата-аналарда негізгі мәселелерді және басымдылықтарды жалпылау мүмкіндігі болуы тиіс. Олар патронаж қызметкерінің олардың мықты тұстарын түсінетінін, олардың ресурстарын және мәселелерін білетінін, жоспарлар жасауда олармен бірге жұмыс жасауға және әрі қарай әрекет етуге дайын екенін сезінуі тиіс. бірақ, ол үшін патронаж қызметкері де, отбасы да күш салу тиіс.


Үйге барып қарау ата-аналар көзімен



  1. ші Ақпараттық картаны алып, келесі жағдайлардың сипаттамасын оқып шығып, сұрақтар туралы ойланыңыз. Ойларыңызды жазып алыңыз.


  1. ші ақпараттық картаны пайдаланып, патронаж қызметкерлері жағдайды балалар


1-ТАРАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
және отбасылар үшін қалай жақсы жағына қарай өзгерте алатынына қатысты көзқарастарыңызға баға беріңіз.


Сіздің патронаж қызметкері ретіндегі рөліңіз маңызды, себебі, сіз отбасыларды сабақтастықпен және байланыстармен қамтамасыз ете отырып, осы қызметтің ортасында жүресіз.

Патронаж қызметінің айқын кәсіби мақсаты бар – отбасыларға және жекелеге адамдарға, әсіресе, өзге қызметтерге қол жеткізе алмайтындарға қызметтеріңізді көрсете отырып, қоғам ішіндегі барлық деңгейлермен және топтармен жұмыс жасау.

Қызмет көрсету үшін іс жүзіндегі жұмыс барысында жүзеге асырылатын бірқатар негізгі әрекеттер бар.
Өзіңізді қалай таныстырасыз – сыртқы келбетіңіз қандай, не айтасыз және қалай айтасыз – отбасылармен және әріптестермен жұмыс жасау үшін маңызды.

Рефлексияны пайдаланып, отбасылар нені білетініне және әрі қарай даму үшін оларға қандай тың білім мен дағдылар керек екеніне талдау жасай аласыз.







Адамдар ұрықталудан бастап, 24 айлық жасқа жеткенге дейінгі уақыт аралығында аса ұрымтал болып келеді; кейбір қауіп-қатерлер тәрбиелеушілердің дұрыс тамақтанбауы, жұқпалары (АҚТҚ (ВИЧ), жыныстық жолмен таралатын жұқпалар) болуы, есірткі қолдануы және маскүнемдігі, нашар психикалық денсаулығы салдарынан туындайдыxxvii.



Кейбір отбасылар және балалар әлдеқайда ұрымтал болуына және қолдауға мұқтаж болуына алып келетін бірқатар факторлар бар; олардың ішінде: кедейшілік, жеткіліксіз білім, төмен сауаттылық, нашар баспана және зорлық-зомбылық қаупі. Осы факторлар жеке тұлға деңгейінде немесе отбасына және жергілік қоғам деңгейінде болуы мүмкін. Патронаж қызметкеріне осындай жағдайда қалған
отбасыларға және балаларға ерте балалық шағында қолдау көрсету үшін білім мен дағдылар қажет.



Отбасы деңгейі – отбасының бір немесе бірнеше мүшесі
физикалық немесе
психикалық денсаулық мәселелері немесе ұзақ мерзімді мүгедектік
сияқты факторлардың әсеріне шалдығады




24
Жеке тұлға деңгейі
тұлға өз қамын жасай

Өмірде қауіп-қатерлер және қолайсыз факторларға төтеп беру қабілеті өміршеңдік деп аталады. Балаларға келсек, олардың өміршеңдігі немесе «қолайсыз факторлар жағдайында ұтымды бейімделу қабілеті» xxviii белгілі бір дәрежеде тәрбиелеушілерімен қарым- қатынастарының сипатына, тәрбиелеушісінің өміршеңдігіне және жергілікті қоғамдағы жағдайғаxxix байланысты болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет