Үйге барып қарау элементтері
|
Реттілігі
|
Осы жолы не істелгенін/талқыланғанын, сонымен бірге, келесі рет үйге келіп қараудың мақсаттарын қайталаңыз және өзара келісіңіз.
|
|
Ананың денсаулығы туралы сұраңыз.
|
|
Ата-ана/тәрбиелеуші баланың дамуына көмектесу үшін қандай әрекеттер жасайтынын талқылаңыз.
|
|
Қандай іс-әрекеттер жоспарланғанын және алдыңғы келу кезінде талқыланған/жоспарланған мәселелерді қайталаңыз.
|
|
Осы жолғы келу мақсаттарын талқылаңыз, мысалы, скрининг жүргізу.
|
|
Ата-ана балаға/сәбиге қалай күтім көрсететінін, қалай қарайтынын бақылаңыз.
|
|
Денсаулыққа қатысты ақпараттық материалдар қалдырыңыз (мысалы,
парақшалар).
|
|
Отбасының өзге мүшелерінің хал-жағдайын сұраңыз.
|
|
Әрекеттерді өзара келісіп алыңыз, мысалы, басқа қызметке/маманға жолдау.
|
|
Сәбидің/баланың хал-жағдайын сұраңыз.
|
|
Үйге барып қараудың ұсынылған құрылымына сәйкес келесі рет келуді өзара келісіп алыңыз (үйге барып қарау стандарттарын қараңыз).
|
|
Тамақтану сияқты мәселелерге қатысты сұрақтар қойыңыз.
|
|
Әрекеттерді мекеменің медициналық картасына және отбасына арналған жадынамаға тіркеңіз.
|
|
Басқа…
|
|