Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6



бет21/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40
1, 2 модульдер

№3-ші ОҚИҒАҒА ТАЛДАУ ЖАСАҢЫЗ




МАДИНАНЫҢ ОҚИҒАСЫ

Сіз осы ауданда жақында ғана жұмыс жасай бастадыңыз, ал бүгін осы отбасына бірінші рет келіп тұрсыз. Мадина - 28 жаста, 32 жасар Асқар есімді жігітке тұрмысқа шыққан; екі балалары бар – Күләш (4 жаста) және Рауан (10 айлық). Бұрынғы патронаж қызметкері жүргізген жазбаларда ешбір тұрақты мәселелер немесе алаңдаушылықтар көрсетілмеген. Сіз келгенде, Мадина баласы Рауанның басы кішкентай екенін айтты. Өзіңіз көріп тұрғандай, баланың басы шынымен денесінің өлшеміне сай келмейтін сияқты; сіз Рауанның басын өлшеп, 10-шы өсу центилінде екенін көріп тұрсыз. Өлшемдер соңғы рет жасалған құжаттарға сәйкес сәбидің бойы 45-ші центильде, ал салмағы 60-шы центильде болған. Мадина қандай да бір алаңдаушылықтары бар екенін айтқан жоқ, ал сіз жүргізген тексерістер баланың сөйлеу қабілеті шектелген болса да, бойында қандай да бір айтарлықтай даму бөгелістері жоқ екенін көрсетті. Мадина күйеуінің немере ағасының басы кішкентай екенін айтты. Мадина көп ешқайда шықпайтынын, қала тұрғанды онша ұнатпайтынын, мұнда достарының да аз екенін баяндады.




  • Мадинаның оқиғасында баяндалған жағдайда қандай қауіп-қатерлерге қатысты шара қолдану қажет?

Алдыңғы бетте тізімделген үйге барып қарау элементтерін қарап, осы отбасына келудегі басым мәселелер қандай болатынын айтыңыз. Неліктен?

№4-ші ОҚИҒАҒА ТАЛДАУ ЖАСАҢЫЗ




ИБРАГИМОВТАР ОТБАСЫ
Ибрагимовтар отбасы осы ауданға жақында көшіп келген, екі бөлмелі пәтерде тұрады. Сіз Мәрия есімді анамен сөйлесіп жатырсыз. Отбасында екі бала бар - Мұхит (3 жаста) және Перизат (14 айлық). Бұл - сіздің осы отбасына бірінші рет келуіңіз. Әңгіме барысында отбасы тұрғылықты мекен-жайын енді ғана ауыстырғандықтан, балаларға барлық тиісті екпелер жасалмағынын анықтадыңыз (бірақ, екпелердің көпшілігі жасалған). Мәрия баласы Мұхитта қышыма бар екенін айтты, оны емдету керек, бірақ, үйде дәрі жоқ (көріп тұрғаныңыздай, баланың аяқ-қолындағы терісіне қышыма шыққан, бала қолын қаси береді). Анасы қышымаға қатысты тағайындалған дәрігер қабылдауына отбасының өмірі күнде-күнде өзгеріп тұратындықтан бара алмағанын түсіндірді; күнделік жүргізу де қиын. Ал басқа жағынан баланың дамуына қатысты еш алаңдамайды.
Соңғы 10 айда олар 3 рет қоныс ауыстырған, себебі, күйеуі үнемі жұмыс іздеумен жүреді. Мәрия күйеуінің жақсы әке екенін, бірақ, ашулы болғандықтан, балаларға айғайлайтынын айтады. Ата-ананың екеуі де дұрыс ұйықтай алмайды; стресске шалдыққан, себебі, үнемі ақшаға бола мазасызданады.
Сонымен қатар, Мәрия қызы Перизатқа қарау да қиын екенін жеткізді, өйткені қызы тамақты бұрынғыдай жақсы ішпейді, салмағы да азайып бара жатқан сияқты. Сіз Перизатты біраз бақыладыңыз, ол сізге қызығушылықпен қарайтын сияқты. Бала белсенді, назар аударғыш, қуана-қуана еденде ойнайды, қуыршағының қолын шайнайды, сізге күлімдейді. Мәрия осы ауданда туыстары жоқ екенін, сыртқа тек дүкенге барып келу үшін құрбысымен бірге шығатынын айтты.

    • ОСЫ ОТБАСЫНЫҢ МҰҚТАЖДЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ӘРЕКЕТ ЖАСАУ ҮШІН ҚАНДАЙ ФАКТОРЛАРДЫ ЕСКЕРУ МАҢЫЗДЫ ДЕП САНАЙСЫЗ?




    • СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗША, ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БАСЫМДЫЛЫҚ БЕРУ КЕРЕК?




    • ОСЫ ОТБАСЫ СІЗ ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН АУДАНДА ТҰРАТЫНЫН ЕЛЕСТЕТІП, ЭКО- КАРТА ЖАСАҢЫЗ.

Жазбалар жүргізу

Балалардың және отбасылардың мұқтаждықтарын нақты тіркеу үшін клиент (отбасы) картасына олармен жасаған барлық байланыстарыңызды және барлық әрекеттеріңізді жазып қою қажет. Ол қолжазба түрінде немесе электронды құжат түрінде болуы мүмкін. Құжаттарды уақытылы жүргізу біздің басты кәсіби міндетіміз болып табылады, әрі бізге және басқаларға балалар және олардың негізгі тәрбиелеушілері туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізуге көмектеседі. Сондықтан, жазбалар - қызмет көрсету үшін қажетті ресурс, сонымен қатар, қандай деңгейдегі қызметтер ұсынылғанын және көрсетілгенін анықтау үшін талдауға болатын маңызды құқықтық құжат болып табылады.


Сіз патронаж қызметкері ретінде жазбалар жүргізуге қатысты жақсы жұмыс тәжірибесін көрсете аласыз, ол үшін келесі әрекеттерді жасау қажет:





    • Отбасы сіздің келген сайын және байланысқа шыққан сайын құжаттарға жазба енгізіп тұратыныңызды білуі қажет.

    • Жазбалар және құжаттар құпия болып табылатынын және мұның нені білдіретінін түсіндіріңіз.

    • Құжатқа енгізген әрбір жазба нақты деректерге сүйенуі тиіс: не істегеніңізге, естігеніңізге, көргеніңізге және сезгеніңізге негізделген нақты деректерді жазып отырыңыз.

    • Жаргон, мән-мағынасыз сөз тіркестерін (мысалы, «сүйкімді балақай» сияқты), іске қатысы жоқ болжам-жорамалдар, субъективтік пайымдамалар немесе тіл тигізетін түсіндірмелер қолданбаңыз.

    • Мүмкін болса, жазбаларды отбасымен бірге жүргізіңіз – сонда олар сіздің құжат бетіне нені түсіретініңізді білетін болады.

    • Құжаттарды отбасына барған/байланысқан соң, тез арада толтырыңыз (кейбір елдерде заң бойынша жазбаларды 24 сағаттан кешіктірмей жасау белгіленген).

    • Қабылданған шешім туралы ақпаратты жазғанда, шешімнің негіздемесін (себебін) де қоса көрсетіңіз.

    • Әрбіз жазбаға қатысты күні, уақыты және сіздің қолтаңбаңыз болуы тиіс (аты-жөніңіз баспа әріптермен жазылуы тиіс; аты-жөніңіздің бірінші әріптерін ғана жазып қоймаңыз).

    • Егер іс-қимылдар жоспарын құжатқа тіркейтін болсаңыз, жоспардың Нақты, Өлшенетін, Шындыққа жанасатын және қол жеткізерлік, Уақыт жағынан шектеулі болуын қадағалаңыз.

    • Жұмыс берушіңіз немесе сіз тіркелген кәсіби ұйым әзірлеген «жазба жүргізу стандарттары» жарияланған ба, анықтаңыз; олармен танысып шығуды және жазба жүргізу кезінде солардан ауытқымауды қамтамасыз етіңіз.

    • Егер нақты және анық жазбалар жүргізуде қиындықтар туындаса (мысалы, компьютерлік жүйе сізді электронды жазбаларға кіргізбесе), міндетті түрде жұмыс берушіңізге хабарлаңыз және осындай қиындықтарды шешіп беруін сұраңыз.


ОТБАСЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ МАМАНДАРҒА/МЕКЕМЕЛЕРГЕ
ЖОЛДАУ





Отбасылар өз мәселелерінің шешімдерін табу үшін және талпынған нәтижелеріне жету үшін өздері күш-жігер жұмсауын қамтамасыз ету мақсатында қолдау көрсетуге бағытталған әрекеттер мамандардың отбасыларға дайын жауаптар беруге тырысуынан гөрі тиімдірек. Бірақ, бұл мүмкін бола бермейтін жағдайлар болады. Анықталған
қажеттілікті жалғыз патронаж қызметінің күшімен ғана қанағаттандыру мүмкін болмайтын жағдайлар да болады.


Мұндай жағдайларда сіз, патронаж қызметкері ретінде, жекелеген адам, отбасы және жергілікті қоғамда анықталған қажеттілікпен айналыса алатын өзге ұйым/қызмет арасындағы аса маңызды байланыстырушы буын болып саналасыз (сондай-ақ, өзге секторлармен жұмыс жасау модулін қараңыз). Мұндай жағдайда сіздің
рөліңіз өзге ұйымға жүгінген уақытта отбасының мүдделерін қорғауға, отбасыны сол ұйымға таныстыруға және тиісті ақпаратпен бөлісуге келіп тіреледі. Қажет болса, сіз басқа қызметтер алуға жолдама рәсімдеуді де ұсына аласыз.


Өзге мамандармен кездескенде, сіз, патронаж қызметкері ретінде, мәселелерді кәсіби түрде, істің нақты жай-жапсарына сүйене отырып және жеке пікіріңізді немесе қате түсініктеріңізді білдіруге жол бермей, көтеруіңіз тиіс. Патронаж қызметкері отбасының мүдделерін қорғай отырып және отбасының атынан өкілдік ете отырып, өзге
денсаулық мамандарына сұрақтар қоюға, олардың кеңестері мен ұсынымдарын қабылдап, отбасына жеткізуге қатысты барлық өкілеттіктерге ие.

Сіз, патронаж қызметкері ретінде, отбасы үшін жергілікті деңгейде көрсетілетін бірқатар басқа қызметтермен


байланыстырушы буын рөлін атқаратын боласыз; басқа қызметтерге отбасы туралы белгі бере отырып және отбасының мүдделері қорғалуын, құқықтары сақталуын қамтамасыз ете отырып, қызметтер мен отбасы арасын біріктіретін көпір іспеттес боласыз.

Отбасының жағдайын және алаңдаушылығын басқа мамандармен бірге зерделеген соң, сіз отбасыға қалай жолдама беру керек екенін және отбасыға қандай да бір кеңесті, араласу шарасын немесе қызметті пайдалануға қалай көмектесуге болатынын біліп аласыз. Отбасы мүдделерін қорғау рөлі осылайша патронаж қызметкерінің қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз еткендегі, жағдайдың өрбуін бақылаудағы, яғни, мәселені анықтап, оны толығымен шешкенге дейінгі жұмысының тағы бір тұсы болып табылады.


Басқа маманға/қызметке жолдауды асылында отбасыға алдын-ала хабарлап, келісімін алып барып қана жүзеге асырған жөн. Бұл рәсім жергілікті деңгейде қолданыстағы хаттамаларға қарай әртүрлі болуы мүмкін, алайда, әдетте, басқа маманмен байланысқа шығу және құжат толтыру (үйге барып қарау мәліметтерін тапсыру және жолдама бланкін толтыру) талап етіледі.


Жолдау еш кідіріссіз жасалуы қажет, ал отбасына жолдау барысы туралы хабарлап отыру керек. Егер осы мәселені отбасымен талқылау және келісімін алу мүмкін болмай қалса, бірақ, баланың қауіпсіздігіне қатер төнсе, бәрібір жолдама беру қажет. Мұндай жағдай баланың аман- саулығына қауіп төніп, қамқорлық көрсетілмегенде орын алады.
Өзін-өзі бағалау: Отбасы мүдделерін қорғау және өзге мамандарға/мекемелерге жолдау



    • Ибрагимовтар отбасының жағдайын мысал ретінде пайдаланыңыз. Осы отбасыныың мүдделерін қалай қорғар едіңіз?

    • Ибрагимовтар отбасының жағдайында қайда және неліктен жолдама берер едіңіз?

    • Жолдамадан қандай нәтиже күтуге болады?

    • Қосымша қолдау көрсетілуіне жолдау және қолжетімділікті қамтамасыз ету сәтті шығуы үшін қандай қадамдарға бара алар едіңіз?


ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУ

Осы модульді оқып, жаттығуларды жасап, сіз өзіңіздің үздіксіз кәсіби дамудағы қажеттіліктеріңізді қанағаттандыру үшін әрекеттер жасайсыз. Осы үдерістің негізгі құрамдас бөлігі – бұрынғы әрекеттеріңізді және тәжірибеңізді ой елегінен өткізу (рефлексия), сондай-ақ, тағы нені үйрене алатыныңыз туралы ойлану. Рефлексияның осы екінші тұсы осы шақ туралы, яғни, қазір не істеп жатқаныңыз туралы ойлануды, әрі ойыңызды, мінез-құлқыңызды және іс- әрекеттеріңізді қолданыстағы жұмыс тәжірибеңізді күшейту үшін түрлендіруді талап етеді.


Ережелердің кейбірі сізді басқалардан кері байланыс алуға (пікірін білуге) немесе отбасының көзқарасы тұрғысынан үйге барып қарау қандай болып көрінетіні туралы ойлануға итермелейді. Басқа адамдардың пікірін есепке алу жағдай туралы әділ және кеңірек түсінік қалыптастыруға қолғабыс болады. Болашақта да өзіңізден жұмысыңыз төменде көрсетілгендің үміт- талаптарына қаншалықты сай келетіні туралы сұрап, ой-сарапқа салу пайдалы болады:





    • сіз жұмыс жасайтын отбасылар,

    • әріптестеріңіз және басшыларыңыз,

    • өзіңіз және өз ойларыңыз бен ұмтылыстарыңыз,

    • сіздің мамандағыңызда жұмыс жасауға қатысты қолданыстағы теориялар немесе ғылыми мәліметтер.

Сонымен бірге, сіз үздіксіз білім алуыңызға септесетін өзге әдістерді де пайдалана аласыз: әріптестеріңізбен тығыз жұмыс жасау және өзге әдістемелер мен жұмыс тәжірибелерін бақылау. Өзге адамға өз әрекеттеріңізді көрсету және оларды түсіндіру мүмкіндігін пайдалану да – керемет оқу-үйрену құралы. Ол сізге өзекті мәселелермен танымдық, әрі сарамандық деңгейде жұмыс жасауға көмектеседі. Дәл осылайша, сіз басқалардың жұмысын бақылағанда және жұмыстың түрлі тұстарын (соның ішінде, қандай да бір шешімдердің себептерін) талқылағанда, өзара үйрену мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. Кейбір мекемелерде патронаж қызметкерлері ағымдағы жағдайларды және сын-тегеуріндерді талдау үшін әріптестердің өзара үйрену топтарында немесе тәлімгерлік топтарында жүйелі түрде кездесіп тұрады. Мұндай жағдайда топ мүшелері көрсетілетін қолдаудың және әріптестері білдірген пікірлердің пайдасын сезінеді. Осындай пікірталастар патронаж қызметкеріне идеяларды және

2-ТАРАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
алаңдаушылықтарды зерделеуге және өзі жұмыс жасайтын жағдайға тың көзқараспен қарап, түсінуге мүмкіндік береді.



Кіші жастағы балалардың денсаулығына, дамуына және аман-сау болуына септігін тигізетін кәсіби патронаж қызметкері ретінде өз рөліңізде жекелеген жағдайларды ескере отырып, қажеттіліктерді анықтау және қызметтер көрсету үшін тілдесу дағдыларын орынды қолдану арқылы отбасыларымен жұмыс жасау барысында қырағылық таныту үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет