Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6


Үйге барып қарау кезіндегі қәсіпқойлық



бет17/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
1, 2 модульдер

Үйге барып қарау кезіндегі қәсіпқойлық


Үйге барып қарау шамамен 30-60 минут жалғасуы тиіс және мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан белгілі бір құрылымы және реттілігі болуы тиіс. Алайда, патронаж қызметкері ретінде сізде ата-ана мәлімдеген кез-келген мұқтаждыққа қатысты әрекет қолдану мүмкіндігі болуы тиіс (үйге барып қарау стандарттарын қараңыз).


Үйге барып қарау кезінде сіз отбасымен әрдайым сыпайы болуыңыз керек, сонымен бірге:

  • үйге барып қараудың айқын мақсаттары мен міндеттері болуы керек;

  • алдын-ала дайындалуыңыз және үйге барып қарау үшін өзекті барлық ақпарат пен ресурстарыңыз болуы керек;

  • келе сала өзіңізді таныстыруыңыз, мекемеңіздің атауын/орналасқан жерін, өз рөліңіздің және келгендегі мақсатыңызды айтуыңыз керек;

  • сіз келген мекен-жайда кім тұратынын анықтауыңыз және отбасына қатысы бар басқа адамдар, мысалы, енесі немесе қайын енесі, достары туралы мәлімет алуыңыз керек; бұл отбасындағы жағдайды түсінуге көмектеседі;

  • байланыс орнату кезінде «бала туралы ұмытпауыңыз» керек (бұл нені білдіретінін төменде қарастырамыз).

Бірақ, алдымен өзгелермен өзара әрекеттестігіміз туралы қайта ойланайық.


Біздің басқа адамдармен өзара әрекеттестігімізге талдау жасау біз қалыптастыратын кәсіби бедел-бейнені көруге және сол бедел-бейне басқалардың бізбен істес болуына септесетінін түсінуге мүмкіндік береді. Өзара әрекеттестік туралы ойлану үшін және
әріптестеріңіздің басқалармен өзара әрекеттестігін бақылай отырып, үйрену үшін 9-шы Ақпараттық картаны пайдаланыңыз.




Біз неліктен отбасымен жұмыс жасайтынымызды көзден таса қылмау – жұмысыздың мақсаты.
Отбасындағы ересектермен жұмыс жасау кезінде әрдайым баланың мұқтаждықтарын және мүдделерін естен шығармау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет