Анықтамалық АҚпарат: сіздің РӨЛІҢіз және кәсіби ұмтылыстарыңыз 4 III 1-тарау 6



бет19/40
Дата09.09.2022
өлшемі4.75 Mb.
#460482
түріАнықтамалық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
1, 2 модульдер

Қ = осы адам көрсететін қолдау, мысалы, эмоциялық, қаржылық, қандай да бір нақты көмек.
Ж = қолдау көрсету жиілігі, мысалы, күнделікті, апта сайын немесе кейде.

    1. Осы шеңберлер және өз шеңберіңіз арасында нұсқарлар салыңыз, яғни, осы қарым- қатынас екі тарапқа да пайдалы ма, көрсетіңіз.

Осындай эко-картаны өзінің баратын балалардың біріне арнап жасаңыз, ата-анасымен, тәрбиелеушілерімен және жергілікті қоғамда жұмыс істейтін мамандармен қарым- қатынастарын көрсетіңіз.




Отбасының эко-картасын жасау

Эко-картаны отбасыны және оның қарым-қатынастарын түсіну үшін қолданыңыз. Қағаздың ортасына отбасын үлкен шеңбер түрінде салып, ішіне отбасындағы ер адамдарды төртбұрыш түрінде, ал әйел адамдарды дөңгелек түрінде белгілеңіз. Үлкен шеңбердің ішіне түрлі мекемелерді, ұйымдарды және ғимараттарды, мысалы, шіркеу, мектеп, емхана және т.б. белгілеу үшін кішкентай дөңгелектер салыңыз. Содан кейін, олардың арасындағы қарым- қатынастар қандай екенін сызықтар арқылы көрсетіңіз:





      • Берік = тұтас тік сызық

      • Шиеленіскен = ирек сызық

      • Осал, әлсіз = үзік сызық - - - - - - - -

      • Үзілген = тік таяқшалармен кескіленген сызық

Келтірілген мысалда отбасы 36 және 33 жасар әкеден және анадан, 6 жасар ұлынан, 4 жасар және 6 айлық екі қыздарынан тұрады. Ұлдары мектепке барғанды
ұнатпайды, көңілі құлазиды, ол футбол клубына да баруды қойған. Керісінше, 4 жасар қыздарына мектепке (балабақшаға) барған ұнайды, тәрбиешісімен жақсы қарым- қатынас орнатқан. 6 айлық балаға тиісінше медициналық көңіл бөлінбеу қаупі бар, себебі, ата- ана медициналық орталықпен жақсы қарым-қатынас құрмаған. Әкесі фабрикада жұмыс
істейді, жұмысы тұрақты, бірақ, анасы тек уақытша жұмыс қана істей алады және фабрикамен қарым-қатынастары әлсіз. Ананың шіркеумен қарым-қатынастары жақсы, жақсы достары бар, бірақ, не бауырлары, не ата-анасы
жоқ. Күйеуі өзінің қарындасымен үнемі жанжалдасып жүреді,
сондықтан, олардың өзара қарым- қатынастары отбасында стресс тудырады.

(Жауаптарға қарамастан бұрын)


жоғарыда келтірілген түсіндірмелерді пайдалана отырып, осы қарым- қатынастарды эко-картада көрсетуге тырысыңыз. Мұндай эко-картаны кейін отбасының үйіне барып қарау кезінде пайдаланып, балалардың тиісті
медициналық қызметтерге
қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ата-аналармен қалай жұмыс жүргізу керек екенін түсінуге болады.

Эко-картаны жасау кезінде қиындықтар туындаса, оң жақтағы суретке қараңыз.


Ал енді өзіңіз жұмыс жасайтын отбасылардың біреуіне арнап, эко-карта салып, оның жергілікті қоғамдағы ұйымдармен және мекемелермен байланыстарын белгілеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет