АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Жеке активтің құнсыздануын мойындау және шығынды бағалау



бет3/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95

Жеке активтің құнсыздануын мойындау және шығынды бағалау

71. 72–75 параграфтарда жеке активтің құнсыздануын мойындау және шығынды бағалауға қатысты талаптар анықталған. Туындайтын бірліктердің құнсыздауын мойындау мен бағалау мәселелері 76–97 параграфтарында қарастырылған.

72. Егер, актив құнының өтемі оның теңгерім құнынан төмен болса, онда теңгерім құны активтің өтем көлеміне дейін төмендетілуі керек. Осы төмендету құнсызданудан болған шығын болып саналады.

73. Құнсызданудан болған шығында тікелей пайда мен шығынды мойындау есепке алынады.

74 Құнсызданудан болған шығынның бағалау көлемі, ол кіретін, активтің теңгерім құнынан жоғары болса, субъект басқа Стандарт талап еткен жағдайда, міндетті мойындауы керек.

75. Құнсызданудан болған шығынды танығаннан кейін, берілген актив бойынша өтемпұлдық аударымдар, активті жою құнын (егер ондай болатын болса) есепке алмай, оның қалған қызмет көрсету мерзімі барысында, жүйелі негізде, болашақ шақта активтің өзгертілген теңгерім құнын бөлу үшін, түзетілуі керек.



Туындайтын бірліктер

76. 77–97 параграфтарында активке ие туындайтын бірлікті анықтауға, сонымен қатар, теңгерім құны мен туындайтын бірліктердің құнсыздануынан пайда болған шығынды мойындауды анықтауға қатысты талаптар көрсетілген.



Активке ие туындайтын бірліктерді анықтау

77. Егер активтің құнсыздануының қандай да бір белгісі көрінсе, онда осы жеке алынған активтің орнын толтыру құнын бағалау қажет. Егер жеке актив үшін орнын толтыру құнын бағалау мүмкін болмаса, онда субъект, активке (берілген активтің туындайтын бірлігі) ие туындайтын бірліктердің орнын толтыру құнын анықтауы қажет.

78. Жеке активтің орнын толтыру құны төменде көрсетілген жағдайларда анықталмайды:

(a) Активті қолдану құндылығы сатуға жұмсалатын шығынды алып тастағандағы, оның тура құнына жақын баға ретінде бағалана алмайды (мысалы, әрі қарай қолданылып жатқан активтен келешек ақшалай қаражат түсімі мардымсыз болып бағалана алмайды); және

(b) Актив, басқа активпен туындайтын ақшалай қаражат ағынынан айтарлықтай дәрежеде тәуелсіз, ақшалай қаражат түсімін туындатпайды және жеке өзі ақшалай қаражат ағынын туындата алмайды.

Ондай жағдайда қолданыстың құндылығы мен өтеу құны берілген активтің туындайтын бірліктерінде ғана анықталады.

79. 13-параграфқа сәйкес активі бар туындайтын бірлік, активтердің ең кіші тобы, оның ішіне (а) активтің өзі және (b) туындайтын ақшалай қаражат кіреді, олар басқа активтер мен активтер тобынан ақшалай қаражаттың түсімінен айтарлықтай дәрежеде тәуелсіз. Активі бар туындайтын бірлікті анықтау кәсіби пайымдауды талап етеді. Егер жеке активтің өтем құнын анықтау мүмкін емес болса, онда субъект ақшалай қаражаттың тәуелсіз түсімінің айтарлықтай дәрежесінде туындайтын, активтердің ең аз жиынтығын анықтайды.

80. Ақшалай қаражаттың түсімі субъектіге ақшалай қаражаттың және оның баламаларының сыртқы тараптардан түсуін білдіреді. Басқа активтерден туындайтын ақшалай қаражат түсімінен айтарлықтай дәрежеде тәуелсіз болып саналатын активтен (немесе актив топтарынан) болатын ақшалай қаражат түсімін анықтау барысында, субъект назарға әр түрлі ықпалдарды алады, сонымен қатар, субъектінің іс әрекетін (тауар жолдары, қызмет бағыты, жеке орналасу орнына, ауданына немесе аумақтық жеріне байланысты) басшылықтың бақылауы (а), немесе активтерді немесе операцияны қолдануды жалғастыру, немесе тоқтату жайында басшылықтың қабылдайтын шешімдері. Қолдану Нұсқаулығында туындайтын бірліктерді анықтаудың үлгісі көрсетілген.

81. Егер актив немесе актив топтары өндіретін өнім үшін белсенді нарық болса, тіпті егер өндірілетін өнім субъект ішінде жарым жартылай немесе толық қолданылса да, онда бұл активті немесе актив тобын туындайтын бірлік деп айқындау қажет. Егер актив немесе туындайтын бірлік өндіретін ақшалай қаражаттың түсіміне фирмалық трансфертті бағалар ықпал етсе, субъект бір- бірінен тәуелсіз тараптар арасындағы келісім жасау барысында жүзеге асырылуы мүмкін келешек бағаға (бағаларға) қатысты басшылық тарапынан ең жақсы баға беруін бағалау үшін, төмендегіні қолдануы керек:

(a) Активті немесе туындайтын бірлікті қолданудың құндылығын анықтауға қолданылатын ақшалай қаражаттың болашақтағы түсімі; және

(b) Фирма ішілік аударым бағасы әсер ететін, кез келген басқа активті немесе туындайтын бірліктерді қолдану құндылығын анықтауға қолданылатын ақшалай қаражаттың келешекте жылыстауы.

82. Актив немесе актив топтары өндірген өнімнің бөлігі немесе барлық өнім субъектінің басқа бөлімшелерімен жасалған болса (мысалы, өндіріс үдерісінің мерзімаралық кезеңіндегі өнім), бұл актив немесе активтер тобы, субъект белсенді нарықта осы өнімді сатуға мүмкіндігі болған жағдайда, жеке туындайтын бірлікті жасайды. Бұл берілген актив немесе актив топтары, басқа актив немесе актив топтары өндіретін ақшалай қаражат түсімінен айтарлықтай тәуелсіз дәрежеде болған, әрі қарай қолданыс есебінен ақшалай қаражат түсімін туындата алуымен түсіндіріледі. Осындай туындайтын бірлікке, немесе басқа да кез келген актив, немесе фирмалық аударым бағаларына тәуелді туындайтын бірлікке қатысты, қаржы сметасына/болжамды бағалауға негізделген ақпаратты қолдану барысында, егер бір-біріне тәуелсіз тараптар арасында келісім жасау барысында жүзеге асырылуы мүмкін, келешек бағаларды фирмалық аударым бағалары басшының жақсы бағалауын көрсетпесе, субъект бұл ақпаратты түзейді.

83. Туындайтын бірліктерді айқындауда сол бір активтер мен актив түрлеріне, осы тәртіптің өзгеруі негізделген жағдайдан басқаларына, кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүргізілуі қажет.

84. Егер субъект, активтің алдыңғы кезеңге қарағанда басқа туындайтын бірлікке жататынын немесе туындайтын біріктірілген бірліктердің активінің түрлері өзгергенін анықтаса, онда 120-параграф, оған қатысты құнсызданудан болған шығынды мойындау, немесе түзетпе жасалынатын жағдай болса, осы туындайтын бірлікке қатысты ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді.



Туындайтынтын бірліктің өтелетін құны мен теңгерімдік құны

85. Туындайтын бірліктің өтелінетін құны сату мен қолданыс құнына кететін шығынды алып тастағандағы оның таза құнымен тең. Туындайтын бірліктің өтелінетін құнын анықтау үшін, 31–70 параграфтардағы «активке» қатысты барлық сілтемелерді «туындайтын бірлікке» қатысты сілтеме деп оқып шығу керек.

86. Туындайтын бірліктің теңгерімдік құны туындайтын бірліктің өтелінетін құнын анықтау әдісімен сәйкес әдіспен анықталуы керек.

87. Туындайтын бірліктің теңгерімдік құны:

(a) Туындайтын бірлікке негізделген және жүйелі негізге тікелей жатқызылған, немесе бөлінген және келешекте ақшалай қаражат түсімін жүзеге асыратын, туындайтын бірлікті қолданудың құндылығын анықтауда өз үлесін қосатын тек сол активтердің теңгерімдік құнын қамтиды; және

(b) Туындайтын бірліктің өтелінетін құны осы міндетті ескермей анықтау мүмкін емес жағдайды алмағанда, кез келген танылатын міндеттің теңгерім құнын қамтымайды.

Бұл туындайтын бірлікті сату мен оны қолдану құндылығына жұмсалатын шығынды алып тастағандағы таза құны туындайтын бірлікке кірмейтін және міндеттеме болып саналған, активке қатысты ақшалай қаражаттың ағымын есепке алмай анықталатындығына байланысты (41 және 56-параграфтарды қараңыз).

88. Активтер өздерінің орнын толтырылуын бағалау үшін, топтастырылған уақытта, туындайтын бірлікке, тәртіпке сай ақшалай қаражаттың жылыстауын жүзеге асыру үшін, жасалатын немесе қолданылатын барлық активтердің енгізілгені маңызды. Болмаса, туындайтын бірлік, шын мәнісінде құнсызданудан болатын шығын орын алған кезде, толық өтелінетін болып табылады. Шешімдердің көрнекілік талында, туындайтын бірлік қатарына кіретін, жеке активтердің есебін көрсететін кесте берілген.

89. Туындайтын бірліктің өтелінетін құнын анықтау үшін, белгілі бір танылған міндеттемелерді қарастыру қажет болуы мүмкін. Бұл туындайтын бірліктің шығып кетуі жағдайында, сатып алушы өзіне міндеттемені алуын талап еткен жағдайда болуы мүмкін. Ондай жағдайда, туындайтын бірлікті сатуға кететін шығынды қоспағанда (немесе толық шығып кетуден алатын ақшалай қаражаттың бағалау ағымы), таза құнына осы туындайтын бірліктің активтері үшін, міндеттемесімен қоса, сатылым құнын бағалау кіреді. Туындайтын бірліктің теңгерімдік құны мен оның орнын толтыру құнын мағыналы салыстыруды жүзеге асыру үшін, міндеттеменің теңгерімдік құны туындайтын бірлік және оның теңгерімдік құны қолдану құндылығын анықтау барысында алып тасталынады.

90. Іс тәжірибесіндегі ұғымға сәйкес, туындайтын бірліктің орны толтырылатын құны кейде туындайтын бірліктің бөлігі болып табылмайтын (мысалы, дебиторлық қарыз немесе басқа да қаржылық активтер), немесе міндеттеме (мысалы, несие берушінің қарызы, зейнетақылар мен басқа да қорлар) болып танылған (b) активтерді есепке (а) алудан кейін анықталады. Мұндай жағдайларда, туындайтын бірліктің теңгерімдік құны осы активтердің теңгерім құнына көбейтіледі және осы міндеттемелердің теңгерімдік құнына азайтылады.



Туындайтын бірліктің құнсыздануынан болған шығын

91. Туындайтын бірліктің құнсыздануынан болған шығыны, тек бірліктің орнын толтыру құны оның теңгерім құнынан азырақ болса ғана мойындалады. Берілген бірлік ішіне кіретін, әрбір активтің теңгерім құнын есепке ала отырып, мөлшерлес негізде ақшалай қаражат туындайтын активтердің теңгерім құнынан азайту мақсатында құнсызданудан болған шығынды бөлу керек. Теңгерім құнының мұндай азаюын жеке активтердің құнсыздануынан болған шығын деп қарастырып, 73-параграфқа сай танылуы керек.

92. 91-параграфқа сәйкес құнсызданудан болған шығынды бөлу барысында, субъектінің активтің теңгерім құнын төменде көрсетілген мәннен төмен азайтуға құқығы жоқ:

(a) Сатуға жұмсалатын шығынды есептемегендегі оның таза құны (егер ол анықтауға келсе);

(b) Оны қолданудың құндылығы (егер ол анықтауға келсе); және

(c) Нөл.



Әйтпесе, активке жатқызылатын құнсызданудан болған шығын көлемі, бірлік құрамындағы басқа активтерге мөлшерлес негізде бөлінуі тиіс.

93. Егер ақшалай қаражатты туындататын актив туындайтын бірлікке үлес қосатын болса, ақшалай қаражатты туындатпайтын активтің теңгерімдік құнының мөлшерлес бөлігі, туындайтын бірліктің орнын толтыру құнын алып тастауға дейінгі туындайтын бірліктің теңгерім құнына жатқызылуы тиіс. Ақшалай қаражатты туындататын активтің теңгерімдік құны 21 ҚСҚЕХС талаптарына сәйкес анықталған есеп беру мерзімінде құнсызданудан болған шығынды көрсетуі тиіс.

94. Егер жеке активтің орнын толтыру құнын анықтау мүмкін болмаса (78-параграфты қараңыз):

(a) Егер активтің теңгерімдік құны, 91–93 параграфтарда көрсетілген, сатуға жұмсалатын шығынды және бөлу тәртібінің нәтижелерін есептемегенде, таза бағасынан жоғары болса, онда ол актив үшін құнсызданудан болған шығын болып танылады; және

(b) Егер соған сай туындайтын бірліктің құны азаймаса, актив үшін құнсызданудан пайда болған ешбір шығын мойындалмайды. Бұл ереже, сатуға жұмсалатын шығынды қоспағанда, активтің таза құны оның теңгерім құнынан аз болса да жүзеге асырыла береді.

95. Кейбір жағдайларда, ақшалай қаражатты туындатпайтын активтер туындамайтын бірлікке өз үлесін қосады. Берілген стандарттың талаптарына сәйкес, егер құнсыздануға тестілеу жүргізуге қатысты туындайтын бірліктің ішінде ақшалай қаражатты туындатпайтын актив болса, онда 21 ҚСҚЕХС талаптарына сай құнсыздануға ақшалай қаражатты туындатпайтын активті тестілеу жүргізіледі. Берілген ақшалай қаражатты туындатпайтын активтің теңгерім құнының мөлшерлес бөлігі, тестілеу аяқталғаннан кейін, туындайтын бірліктің теңгерім құнына енгізіледі. Мөлшерлес бөлік, ақшалай қаражатты туындатпайтын активтің қызмет көрсету әлеуетінің дәрежесін көрсетіп, туындайтын бірлікке үлесін қосады. Туындайтын бірлік үшін, содан соң, 92-параграфта көрсетілген шектеулерге сәйкес, ақшалай қаражатты туындататын, туындайтын бірлік құрылымында барлық активке мөлшерлес, құнсызданудан пайда болған қандай да бір шығынды бөлу жұмысы жүргізіледі. Ақшалай қаражатты туындатпайтын активке қатысты 21 ҚСҚЕХС сәйкес анықталған сомадан жоғары құнсызданудан болған шығынды әрі қарай есептеу жүргізілмейді.

96. Ақшалай қаражатты туындататын қызмет түрі үшін емес, керісінше, ақшалай қаражатты туындатпайтын бір немесе бірнеше қызмет түрлеріне активтің қызмет көрсету әлеуетін кіргізген жағдайда, субъектілер осындай жағдайларды қарастыратын халықаралық немесе ұлттық бухгалтерлік есеп стандартына сүйенеді.

97. 9193 параграфтардың талаптарын қолданып болған соң, құнсызданудан болған шығынның кез келген қалған сомасы үшін, туындайтын бірлік үшін міндеттемелер басқа Стандарт талап еткенде ғана танылуы керек.



Құнсызданудан болған шығынды түзету

98. 99–105 параграфтарда, алдыңғы кезеңдердегі туындайтын бірлікке қатысты мойындалған, актив немесе құнсызданудан болатын шығынға түзетпе жасауға қатысты талаптар көрсетілген. Бұл талаптарда «актив» термині қолданылады, бірақ ол жеке активке де, туындайтын бірлікке де теңдей дәрежеде қолданыла береді. 106–109 параграфтарында жеке активке қатысты, ал 110 және 111-параграфтарында туындайтын бірлікке қатысты қосымша талаптар көрсетілген.

99. Әрбір есеп беру кезеңіне, субъект активке қатысты алдыңғы кезеңде мойындалған, құнсызданудан болған шығынның қандай да белгілерінің бар немесе жоқ болуын анықтап отыруы керек, мүмкін ол қазіргі таңда жоқ немесе азайып кеткен болар. Осындай белгілердің кез келгенін анықтаған уақытта, субъект осы активтің орнын толтыру бағасын бағалауы тиіс.

100. Активке қатысты алдыңғы кезеңде мойындалған, құнсызданудан болған шығын белгілерін анықтай отырып, мүмкін ол қазіргі таңда жоқ немесе азайып кеткен болар, субъект ең болмағанда төмендегі әсерлерді ескеруі керек:



Сыртқы ақпарат көздері

(a) Осы кезең барысындағы активтің нарықтық құны айтарлықтай ұлғайды;

(b) Субъект үшін қолайлы нәтижелері бар айтарлықтай өзгерістер осы кезең барысында орын алды немесе субъект жұмыс жасайтын технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе құқықтық жағдайларда немесе актив арналған нарықта жақын болашақта орын алады;

(c) Инвестицияға қатысты пайданың нарықтық пайыздық мөлшерлемесі немесе басқа да нарықтық көлемдері осы кезең барысында азайды және де осы азаюлар, активті қолдану құндылығын анықтау барысында қолданылатын шегерудің мөлшерлемесіне әсер етуі мүмкін және де оның орнын толтыру құнын айтарлықтай жоғарылатуы да мүмкін;



Ішкі ақпарат көздері

(d) Субъект үшін қолайлы нәтижелері бар, айтарлықтай өзгерістер осы кезең барысында орын алды, немесе активті қолданудың ағымдағы, немесе болжамды әдістері, немесе кезеңінде жақын келешекте болады деп күтіледі. Бұл өзгерістерге актив өнімділігін, немесе берілген актив кіретін бір қызмет түрін қайта құрылымдауды жақсарту, немесе ұлғайту мақсатында, осы кезең ішінде орын алған шығын кіреді;

(dA) Қолданысқа жарамды жағдайға жеткізуге немесе оны аяқтауға дейінгі тоқтатылған активті құруды жалғастыру жайындағы шешім; және

(e) Ішкі есеп, актив өнімділігі жоғары немесе келешекте жоғары болжанатындығын көрсетеді.

101. 100-параграфта айтылған, құнсызданудан болған шығынның азаю әлеуетінің белгілері 25-параграфта көрсетілген, құнсызданудан пайда болған әлеуетті шығынның белгілерін айқын көрсетеді.

102. Егер гудвиллды санамағанда, активке қатысты құнсызданудан болған шығын көлемі бұдан әрі жоқ немесе азайған белгісі бар болуы мүмкін болса, онда ол қызмет көрсетудің қалған мерзімі (а), өтемпұл әдісі (b) немесе жою құны (в) қайта қаралуы немесе берілген активке қолданылатын Стандартқа сай түзетілуі керек, егер осы активке қатысты шығынға түзетпе жасалынбаса да.

103. Егер, құнсызданудан болған соңғы шығынды мойындау уақытынан бері берілген активтің орнын толтыру құнын анықтау барысында қолданылған бағалар өзгермесе, активке қатысты алдыңғы кезеңде мойындалған құнсызданудан болған шығын түзетпе жасауға есепке алынады. Ондай жағдайда активтің теңгерім құны оның орнын толтыру құнына дейін жоғарылатылуы керек. Бұл жоғарылату құнсызданудан болған шығынға түзетпе жасау болып табылады.

104. Құнсызданудан болған шығынға түзетпе жасау, активтің күтілетін қызмет көрсету әлеуетінің ұлғаюын көрсетеді, ол субъектінің осы активке қатысты құнсызданудан болған шығынды соңғы рет мойындаған қолданыс немесе сату мерзімінің есебінен жүзеге асырылады. Субъект болжанған қызмет көрсету әлеуетін тудырған, бағалаудағы өзгерістерді теңдестіруі керек. Бағалаудағы өзгерістердің мысалына:

(a) Орнын толтыру негізіндегі өзгерістер (яғни, орнын толтыру құнының негізінде жатқан: сатуға қатысты шығын немесе қолданыстың құндылығын есепке алмағандағы таза құны);

(b) Егер орнын толтыру құны қолданыс құндылығына негізделсе, келешектегі ақшалай қаражаттың немесе шегеру мөлшерлемесінің күтілетін түсімін көлемін немесе уақытқа бөлінуін өзгертуге негізделсе; немесе

(c) Егер орнын толтыратын баға сатуға жұмсалатын шығынды есептемегендегі таза бағаға негізделсе, баға сатуға жұмсалатын шығынды есептемегендегі таза бағаны құрауын бағалауды өзгерту жатады.

105. Активті қолданудың құндылығы, келешек ақшалай қаражаттың түсімінің шегеріс құны олардың түсу уақыты жақындаған сайын көбейгендіктен, оның теңгерім құнынан жоғары болуы мүмкін. Бірақ активтің қызмет көрсету әлеуеті ұлғаймайды. Осылайша, тіпті егер активтің орнын толтыру құны оның теңгерім құнынан жоғары болса да, құнсызданудан болған шығынға уақыттың өтіп кетуіне байланысты (ол кейде шегерісті «жабу» деп те аталады) түзетпе жасатылмайды



Жеке активке қатысты құнсызданудан болған шығынды түзету

106. Құнсызданудан болған шығын есебінен ұлғайған актив теңгерімінің құны, егер алдыңғы жылдары актив үшін құнсызданудан болған шығын мойындалмағанда, анықталмайтын (өтемпұлды есепке алмағанда) теңгерім құнынан жоғары болмауы тиіс.

107. Гудвиллден басқа, активтің теңгерімдік құнының, кез келген жоғарылауы, егер алдыңғы жылдары актив үшін құнсызданудан болған шығын мойындалмағанда, анықталатын (өтемпұлды есепке алмағанда) теңгерімдік құннан жоғары болуы асыра бағалау болып табылады. Мұндай асыра бағалауды есепте көрсету үшін, субъект активке сәйкес стандартты қолданады.

108. Активтің құнсыздануынан болған шығынды түзетпе жасау тікелей табыс пен шығында қарастырылуы тиіс.

109. Құнсызданудан болған шығынға түзетпе жасаудан кейін, актив үшін өтемпұлдық аударым, активтің қызмет көрсетуінің қалған мерзімі барысында жүйелі негізде, оны жою құнын есепке алмағанда (егер ондай болатын болса), активтің өзгертілген теңгерім құнын келешектегі кезеңдерге бөлу үшін, түзетілуі тиіс.

Туындайтын бірлікке қатысты құнсызданудан болған шығынды түзету

110. Туындайтын бірлікке қатысты құнсызданудан болған шығынға түзетпе жасау үшін, осы активтердің теңгерім құнының мәніне тең берілген бірлікті активтерге бөлу керек. Бұл теңгерім құнының жоғарылауы жеке активтерге қатысты құнсызданудан болған шығынға түзетпе жасау ретінде есепке алынуы және 109-параграфқа сай танылуы қарастырылады. Мұндай түзетпе жасаудыңқандай да бір бөлігін, түзетіп жасалынатын бірлікке қызмет көрсету әлеуетін құрайтын ақшалай қаржыға түзетпе жасауды, активке жатқызудың қажеті жоқ.

111. 110-параграфқа сәйкес туындайтын бірлікке қатысты құнсызданудан болған шығынның түзетпе жасалмаған сомасын бөлу барысында, активтің теңгерімдік құны төменде көрсетілген ең төмен шамадан жоғарыламауы тиіс:

(a) Оның орнын толтыру құнынан (егер оны анықтауға болса); және

(b) Егер алдыңғы кезеңде, анықталуы мүмкін (өтемпұл ескермегенде), теңгерім құнынан активке қатысты құнсызданудан болған шығын мойындалмаса,

Болмаған жағдайда, активке жатқызылатын құнсызданудан болған шығын көлемі берілген бірлік құрамындағы басқа активтерге теңдей негізде бөлінуі қажет.

Активтерді қайта сыныптастыру

112. Ақшалай қаражатты туындататын, актив дәрежесінен активтерді ақшалай қаражатты туындатпайтын актив дәрежесіне сыныптау, мұндай қайта сыныптау негізделгендігі жайлы нақты дәлелдер қолда болғанда ғана жүргізілуі тиіс. Қайта сыныптаудың жеке өзі құнсыздануға тестілеуді немесе құнсызданудан болған шығынға түзетпе жасауды жүргізу үшін, әрдайым негіз бола бермейді. Субъект қайта сыныптағаннан кейінгі есеп беру мерзіміне, ең болғанда 25-параграфта көрсетілген факторларды назарға алуы тиіс.

113. Кейде қоғамдық сектор субъектілері ақшалай қаражатты туындататын актив дәрежесінен, ақшалай қаражатты туындатпайтын актив дәрежесіне қайта сыныптау мақсаттылығы жайында шешім қабылдай алатын жағдайлар да болады. Мысалы, тазарту құрылғылары, коммерциялық бағамен өндірістік кәсіпорынның ағынды суларын тазалау үшін, құрылған болатын, ал қалған күш төлемсіз әлеуметтің тұрғын үй кешенінің науасын тазалауға жұмсалған. Өндірістік кәсіпорын жақында ғана жабылып қалды және де болашақта бұл аумақта әлеуметтік мекен жайлар салынбақ. Өндірістік кәсіпорынның жабылуы барысында қоғамдық сектордың субъектісі ақшалай қаражатты туындататын активке тазарту құрылғыларының дәрежесін өзгерту жайлы шешім қабылданады.

Ақпаратты ашып көрсету

114. Субъект өзі әзірлеген өлшемдер жайлы ақпаратты, ақшалай қаражат туындататын активтерден, ақшалай қаражатты туындатпайтын активтерді бөлу үшін, жариялап отыруы қажет.

115. Субъект әр активтің сыныбы бойынша келесі ақпараттарды ашып отыруы тиіс:

(a) Кезең барысындағы табыс және шығын ретінде танылған құнсызданудан болған шығын сомасын және осы құнсызданудан болған шығын көрсетілген қаржы қызметінің нәтижесі жайлы есеп беру бабын (баптарын).

(b) Кезең барысындағы табыс және шығын ретінде мойындалған құнсызданудан болған шығынның түзетпе жасалған сомасы мен осы шығынның түзетпе жасалғанынкөрсететін қаржы қызметінің нәтижесі жайлы есеп беру бабын (баптарын).

116. Кейбір жағдайларда, коммерциялық табысқа ие болу активті иеленудің негізгі мақсаты болатындығы түсініксіз. Мұндай түсінік, берілген Стандартты немесе 21 ҚСҚЕХС қолдану қажеттілігі жайлы шешім қабылдауда қажет. 114-параграф ақшалай қаражатты туындататын активтерді, ақшалай қаражат туындатпайтын активтерден бөлу үшін, қолданылатын өлшемдер жайлы ақпараттың жариялануын талап етеді.

117. Актив сыныбы болып, субъект қызметіндегі активке сипаты немесе қолданылуы бойынша ұқсас, қаржы есебінде ақпаратты ашу мақсатында бірегей бап түрінде көрініс табатын актив сыныптары саналады.

118. 115 параграф талап ететін ақпарат, берілген актив сыныбы үшін ашылатын басқа ақпаратпен бірге ұсыныла алады. Мысалы, бұл ақпарат 17 ҚСҚЕХС талаптарына сәйкес, кезең басында және аяғында негізгі қаражаттың теңгерімдік құнын тексеруге де енгізілуі мүмкін.

119. «Сегменттік есеп» 18 ҚСҚЕХС сәйкес сегменттік ақпаратты ұсынатын субъект, субъектінің бастапқы есеп беру үлгісіне негіздей отырып, әрбір есептік сегмент жайында төмендегі мағлұматтарды ұсынып отыруы керек:

(a) Кезең барысында табыс және шығын болып табылған құнсызданудан пайда болған шығындардың сомасын; және

(b) Кезең барысында табыс және шығын болып табылған құнсызданудан пайда болған түзетпе жасалғаншығындарды.

120. Жеке активке, немесе туындайтын бірлікке қатысты кезең барысында танылған, немесе түзетпе жасалған, құнсызданудан пайда болған әрбір шығындар жайлы келесі ақпаратты субъект ашып көрсетуі тиіс:

(a) Құнсызданудан болған шығынды мойындау немесе түзетуге жеткізген жағдайлар мен оқиғалар;

(b) Құнсызданудан болған шығын деп мойындалған немесе түзетілген сома;

(c) Ақшалай қаражатты туындататын жеке активке қатысты:

(i) Актив сипаттамасы; және

(ii) Егер субъект сегментті ақпаратты 18 ҚСҚЕХС сәйкес ұсынса, субъект ұсынған есептің үлгісіне негіздей отырып, актив кіретін есеп беріліп жатқан сегмент жайлы ақпаратты ашып көрсетуге тура келеді.

(d) Туындайтын бірлікке қатысты:

(i) Туындайтын бірліктің атауы (мысалы, ол өндірістік желі, құрылғы, іскерлік операция, географиялық аумақ, есеп беру сегменті ме);

(ii) Актив сыныптарына мойындалған немесе түзетпе жасалынған құнсызданудан болған шығын сомасы мен субъектінің, өзінің ұсынған есебінің үлгісіне негізделген есеп берілген сегмент жайлы 18 ҚСҚЕХС талаптарына сәйкес есебі ұсынылған жағдайда; және

(iii) Туындайтын бірліктерді анықтау үшін, активтерді біріктіру, туындайтын бірліктің алдыңғы орнын толтыру құнын ( егер ондай бор болса) бағалаудан өзгерсе, субъект осы және алдыңғы активтерді біріктіру тәсілін, туынды бірлікті анықтау тәсілінің өзгеру себебін ашып көрсетуі тиіс.

(e) Активтің орнын толтыру құны (туындайтын бірлік), сатуға жұмсалатын баға мен қолданыс бағасын алып тастағандағы, оның таза құнына тең бе;

(f) Егер орнын толтыру құны, сатуға жұмсалатын шығынды қоспағандағы, таза құнына тең болса, онда сатуға жұмсалатын шығынды қоспағандағы таза құнын анықтау үшін қажетті себепті көрсету керек (мысалы, таза баға белсенді нарық көрсеткіштеріне аудару жолымен анықталды ма); және

(g) Егер орнын толтыру құны қолданыс құндылығына тең болса, қолданыс құндылығын қазіргі немесе алдыңғы бағалауда (егер ондай бар болса) қолданылған шегеріс мөлшерлемесін ашу қажет.

121. Субъект, 120-параграфқа сәйкес, ешбір ақпарат ұсынылмайтын, осы кезең барысында осындай шығынның бірегей туындайтын сомасы болып мойындалған және құнсызданудан болған бірегей шығындарға қатысты келесі ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

(a) Құнсызданудан болған шығынға қатысты негізгі актив топтары мен құнсыздаудан болған шығынды түзету орын алған негізгі активтердің топтары; және

(b) Осы құнсызданудан болған шығын мен құнсызданудан болған шығынға түзетуді мойындауға алып келген негізгі оқиғалар мен жағдайлар.

122. Субъектінің, осы кезеңде актив құнының орнын толтыру бағасын анықтау барысында қолданған, жорамалдарды ашып көрсетуі құпталады. Екінші жағынан, 123-параграфқа сәйкес, субъект, анықталмаған қызмет көрсету мерзіміндегі материалдық емес активтің осы бірлігінің теңгерімдік құнына кіргізу барысында, туындайтын бірліктің орнын толтыру құнын анықтау үшін қолданатын бағалар жайлы ақпаратты ашып отыруы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет