Егер ағымдағы кезең ішінде бұрын биологиялық активтерге қатысты өтемпұл жиынтығы мен құнсызданудан жинақталған шығындарды шығарып тастағандағы өзіндік құны бойынша есептелген биологиялық активтердің әділ құнын сенімді өлшеу мүмкіндігі туса, субъект төмендегі ақпараттарды ашуы керек:
(a) Осы биологиялық активтерді сипаттау;
(b) Әділ бағаны сенімді өлшеуге мүмкіндік беретін себептерді анықтау;
(c) Әділ құнға өтудің әсері.
Өтпелі ережелер
Есептеу тәсілі бойынша есепке алудың алғашқы қолданысы
-
Есептеу әдісі бойынша есепті бастапқы қолдану барысында биологиялық активтерді немесе ауылшаруашылық өнімдерді субъект бастапқы мойындаған жағдайда ол осы активтер мен өнімдердің бастапқы мойындауының әсерін осы стандарт алғаш қолданылған кезең ішіндегі жинақталған пайдалар мен шығындардың бастапқы қалдығын түзету сияқты көрсетуі керек.
Күшіне ену күні
-
Субъект осы стандартты 2011 жылдың 1 сәуірінен басталатын және одан кейінгі мерзімдегі кезеңдерді қамтитын жылдық қаржылық есептілікке қолдануы керек. Мерзімінен бұрын пайдалану құпталады. Егер субъект осы Стандартты 2011 жылдың 1 сәуіріне дейінгі кезең үшін қолданса, онда бұл дәйекті ашуы керек.
-
Субъект қаржылық есептілікті көрсету мақсатында ҚСҚЕХС келтірілген анықтамаларға сай есептеу әдісі бойынша есепті көрсетілген күшке ену мерзімінен кейін енгізген жағдайда бұл стандарт тұлғаның есептеу әдісі бойынша есептелген мерзімді кіргізгеннен бастап және одан кейінгі кезеңді қамтитын жылдық қаржылық есебіне қолданылады.
Қосымша
ҚСҚЕХС басқа түзетулері
Осы қосымшада келтірілген түзетулерді әр жыл сайынғы 2011 жылдың 1 сәуірінен басталатын және одан кейінгі мерзімдегі кезеңдерді қамтитын қаржылық есептілікте қолданылуы керек. Егер субъект осы Стандартты ерте кезеңге пайдаланса, бұл түзетулер сол ерте кезеңге пайдаланылуы керек.
«Айырбастық операцияларынан түсетін кіріс» 9 ҚСҚЕХС
10 параграфқа келесі түзетулер енгізіледі:
10(e) Мал басының табиғи өсуі, ауылшаруашылық және орман өнімдерін және ауылшаруашылық қызметпен байланысты биологиялық активтердің әділ бағасындағы өзгерітерді бастапқы мойындаудан («Ауыл шаруашылығы» 27 ҚСҚЕХС қараңыз); кейін сол себепті туындайтын;
10(eА) Ауылшаруашылық өнімдерді бастапқы дайындау себепті туындайтын 27 (ҚСҚЕХС). және
12 ҚСҚЕХС – «Қорлар»
2(c) параграфқа келесі түзетулер енгізіледі:
2(c) ауылшаруашылық қызметтер мен өнім жинау кезеңінде ауылшаруашылық өнімдермен байланысты биологиялық активтерді (ауыл шаруашылығына қатысы бар қаржылық есептіліктің халықаралық немесе ұлттық стандарттарына сай келетін «Ауыл шаруашылығы» 27 ҚСҚЕХС қараңыз);
29-параграфқа келесі түзетулер енгізіледі:
29. Ауыл шаруашылығына қатысы бар қаржылық есептіліктің халықаралық немесе ұлттық стандартына сай, тұлға өзінің биологиялық активтерін пайдалану нәтижесінде алған ауылшаруашылығы өнімдерін өзіне кіргізген «Қорлар» 27 ҚСҚЕХС өнім алыну мерзіміне бастапқы мойындау барысында сатуға болжамданған шығынды шығарып тастағандағы әділ бағасы бойынша бағалануы мүмкін керек. Осы Стандарттың күшіне ену мерзіміне қорлардың өзіндік құны деген - осы.
51-параграфтан кейін келесі 51А параграф енгізілді:
51A. 27 ҚСҚЕХС 29-параграфқа түзету енгізілді. Субъект бұл түзетулерді келтірілген түзетулерді әр жыл сайынғы 2011 жылдың 1 сәуірінен басталатын және одан кейінгі мерзімдегі кезеңдерді қамтитын қаржылық есептілікте қолданылуы керек. Егер субъект осы стандартты ерте кезеңге пайдаланса, бұл түзетулер сол ерте кезеңге пайдаланылуы керек.
ҚСҚЕХС 13 – «Жалгерлік»
2(c) мен 2(d) параграфтарға келесі түзетулер енгізіледі:
2(c) Қаржылық жал шарттарына жалгерде бар биологиялық активтерді (ауыл шаруашылығына қатысы бар халықаралық немесе ұлттық стандарттарға сай келетін «Ауыл шаруашылығы» 27 ҚСҚЕХС қараңыз);
2(d) Операциялық жалгерлік шарттарымен жалға берушімен берілетін биологиялық активтерді (ауыл шаруашылығына қатысы бар халықаралық немесе ұлттық стандарттарға сай келетін 27 ҚСҚЕХС қараңыз)
16 ҚСҚЕХС– «Қаржыландырылған жылжымайтцн мүлік»
6-параграфқа келесі түзетулер енгізіледі:
6(a) Ауылшаруашылық қызметпен байланысы бар биологиялық активтерге (ауыл шаруашылығына қатысы бар халықаралық немесе ұлттық стандарттарға сай келетін «Ауыл шаруашылығы» 27 ҚСҚЕХС қараңыз);
17 ҚСҚЕХС– «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар»
6-параграфқа келесі түзетулер енгізіледі:
6(a) Ауылшаруашылық қызметпен байланысы бар биологиялық активтерге (ауыл шаруашылығына қатысы бар халықаралық немесе ұлттық стандарттарға сай келетін «Ауыл шаруашылығы» 27 ҚСҚЕХС қараңыз);
26 ҚСҚЕХС – «Ақшалай қаржы туындататын активтердің құнсыздануы»
2-параграфқа келесі түзетулер енгізіледі:
2(j) сатуға болжанған шығынды шығарып тастағандағы әділ құнымен бағаланған ауылшаруашылық қызметпен байланысы бар биологиялық активті (ауылшаруашылық активтерге қатысы бар халықаралық немесе бухгалтерлік есептің ұлттық стандарттарына сай «Ауыл шаруашылығы» 27 ҚСҚЕХС);
8 параграфқа келесі түзетулер енгізіледі:
8. ...Одан басқа бұл Стандарт ауыл шаруашылығы қызметтерімен байланысты белгілі бір шығарылған шығындарды сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ құнымен бағаланған активтерге (немесе шығу топтарына) және ең аз мөлшердегі екі мөлшермен: тегерім құнымен және сатуға шығарып тастағандағы әділ бағасымен бағаланған сату үшін, жүйеленген ұзақ мерзімді активтерге қолданылмайды. Ауыл шаруашылығы қызметімен байланысы бар биологиялық активтерге қатысты «Ауыл шаруашылығы» 27 ҚСҚЕХС мен сатуға арналған сияқты жүйеленген, ұзақ мерзімді активтердің есебі бойынша сай келетін халықаралық немесе ұлттық стандарттары бағалау бойынша талаптарды мазмұндайды
Қорытынды жасауға негіз
Бұл қорытынды үшін Негіз 27 ҚСҚЕХС толықтыруды көрсетеді, бірақ оның бөлігі болып табылмайды.
Кіріспе
BC1. Бағдарлама Қоғамдық сектор үшін Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарты бойынша Кеңес шығарған Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандартына жақындығы бойынша Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарты бойынша Кеңестің жұмыс бағдарламасының маңызды элементі болып табылады. ҚСҚЕХС бойынша Кеңес саясатының мәні ҚСҚЕХС есептеу әдісі бойынша ҚЕХСК шығарған қоғамдық сектор субъектісі қатынасында орынды болатын ҚЕХС жақындастыру.
BC2. Есептеу әдісі бойынша ҚЕХС мен жақын Қоғамдық сектор үшін Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарты (ҚСҚЕХС) талаптарды, құрылымдарды және қабыл алмау үшін қоғамдық сектор ерекшелігімен шартталған себептер бар жағдайларды қоспағанда ҚЕХС мәтіндерін сақтайды. Балама ҚЕХС қоғамдық сектор үшін ҚЕХС талаптары мен терминологиясы орынсыз болғанда немесе қосымша түсініктемелерді кіргізу немесе қоғамдық сектор жағдайында белгілі бір талаптардың көрнекі мысалдары қажет болғанда қабыл алмау туындайды. ҚСҚЕХС пен сай келетін ҚЕХС арасындағы айырмашылықтар әр ҚСҚЕХС мазмұндалатын «ҚЕХС пен салыстыру» бөлімдерінде болады.
Қызмет көрсетуге немесе беруге бағытталған биологиялық активтер
BC3. Мемлекеттік секторда биологиялық активтер қызмет көрсетуге немесе беруге жиі бағытталатынын ҚСҚЕХСК мойындады. Мұндай активтердің мысалы тәртіпті сақтау мен қауіпсіздік мақсатында пайдаланылатын жылқылар мен иттер, сол сияқты бақша бақ аймағындағы дем алатын орын мақсатында пайдаланылатын ағаштар мен өсімдіктер болып табылады. ҚСҚЕХСК мұндай биологиялық активтер олар бағалау затына жүйелі бақылауға және биотрансформациямен шартталған сандық, сапалық өзгерістерінің мониторингіне жатпайтындықтан, немесе 10-параграфта сипатталған биологиялық активтерді алумен ауылшаруашылық қызметте пайдалану үшін, бағытталмаған деген қорытынды жасады. Мұны түсіндіру үшін, мұндай биологиялық активтер осы стандартпен қамтылмайды, ҚСҚЕХСК оған бұл стандарттың қызмет көрсету немесе беруге бағытталған биологиялық активтерге қолданылмайтыны бекітілген 3(c) параграфты енгізу жолымен стандарттың қолдану аясынан шығаруды қарастыруды шешті. 4-параграфта осындай стандарттың қолдану аясынан шығарылған мысалдар келтіріледі.
Ауылшаруашылығы қызметтерінің анықтамасы
BC4. Белгілі бір құзіреттілікте ауылшаруашылық қызметіне қатысушы биологиялық активтер мемлекеттік сектордың басқа субъектілеріне, үкіметтік емес мекемелерге, немесе басқа субъектілерге қайтарымсыз негізде, немесе нақты құнымен сатылуы немесе берілуі мүмкін. «Ауыл шаруашылығы» 41 ҚЕХС негізінде осы стандарт өңделгенін, коммерциялық ауылшаруашылық қызметтерге қатысатынын ескере отырып, ҚСҚЕХСК мемлекеттік секторда мұндай операциялар көп тараған сипат алатындықтан қайтарымсыз негізде немесе нақты құнымен берілуге бағытталған биологиялық активтер ауылшаруашылық қызмет анықтамасына енгізілуі керек деген қорытындыға келді. Осылайша, ҚСҚЕХСК қайтарымсыз негізде, немесе нақты құнымен берілуге бағытталған биологиялық активтерді қоса отырып, 41 ҚЕХС берген анықтамаға өзгеріс енгізді.
Мемлекеттік жәрдем қаражаттар
BC5. 41 ҚЕХС биологиялық активтерге қатысты мемлекеттік жәрдем қаражаттар есебі бойынша «Мемлекеттік жәрдем қаражат есебі және мемлекеттік көмек туралы ақпараттарды ашу» 20 ҚЕХС талаптарынан үздік талаптар мен басшылықты бекітеді. «Айырбастық емес операциялардан түсетін кірістер (салықтар мен трансферттер)» 23 ҚСҚЕХС мемлекеттік жәрдем қаражат бойынша талаптар мен басшылық айырбастық емес операциялар шеңберінде қарастырылатындықтан, 27 ҚСҚЕХС мемлекеттік жәрдем қаражат бойынша талаптар мен басшылықты мазмұндамайды. ҚСҚЕХС биологиялық активтерге жататын мемлекеттік жәрдем қаражат бойынша есеп тәртібінен 23 ҚСҚЕХС талаптарының айырмасы болғанын керек деп есептемеді.
Айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық активтер мен ауылшаруашылық активтері
BC6. Айырбастық емес операциялар нәтижесінде тұлға биологиялық актив немесе ауылшаруашылық өнімдер ала алады. Осы Стандартқа сай бұл активтер сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ құнымен бағаланар еді. 23 ҚСҚЕХС айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған активтер алу мерзіміне әділ құнымен бағалануына кеңес береді. Бағаға талаптардың айырмашылығын болғандықтан, ҚСҚЕХСК айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық активтерді бағалау үшін, ыңғайлы негіздерді таңдау туралы мәселені қарастырды.
BC7. ҚСҚЕХСК айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық актив пен ауылшаруашылық өнімдерін бағалауға ыңғайлы әртүрлі амалдарды талдады. Көбінесе, ол келесі үш нұсқаны қарастырды:
(а) 1 – амал: Айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық актив пен ауылшаруашылық өнімдерін 23 ҚСҚЕХС пайдалана отырып бағалауға (яғни, барлық айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық актив пен ауылшаруашылық өнімдерін осы стандарттың баға бойынша талаптарынан шығаруға) ұсыныс жасайды.
(b) 2 – амал: Айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық актив пен ауылшаруашылық өнімдерін осы Стандартты қолдана отырып, бағалау (яғни, барлық айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық актив пен ауылшаруашылық өнімдерін 23 ҚСҚЕХС ұсынылған бағалар бойынша талаптардан шығару);
(c) 3-амал: Айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық актив пен ауылшаруашылық өнімдерін бағалау үшін, 23 ҚСҚЕХС сияқты осы стандартты да пайдалану.
BC8. ҚСҚЕХСК айырбастық және айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық актив пен ауылшаруашылық өнімдерін бағалау әр түрлі амалмен бағалануы мүмкіндігінен 1 – амалды қабыл алмады. ҚСҚЕХСК айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық актив пен ауылшаруашылық өнімдері мен айырбастық операциялар нәтижесінде алынған биологиялық актив пен ауылшаруашылық өнімдерін әртүрлі бағалауға активтер бірдей болып табылатындықтан, негіз жоқтығы туралы жалпы пікірге келді.
BC9. 3-амалды талдау барысында ҚСҚЕХСК активтердің басқа түрлерінің бағалары қатынасында 23 ҚСҚЕХС талаптарын қарастырды. 23 ҚСҚЕХС 13 «...Егер есеп беруші субъект өзіне басқа субъект берген жабдықтардың жеке бірлігін жеткізілуге және орнатумен байланысты шығындарды төлеуі керек болса, бұл шығындар жабдық бірлігінің берілуінен туындайтын пайдалардан бөлек мойындалады. Жеткізу мен орнатуға жұмсалған шығындар 17 ҚСҚЕХС сәйкес келетін активтермен мойындалған қаражат жиынтығына кіргізіледі» деп сендіреді. Бұл басқа активтер қатынасында тұлға 23 ҚСҚЕХС қатар басқа ҚСҚЕХС баға бойынша бекіткен талаптарды да айырбастық емес операцияларда алынған активтерді бастапқы бағалау барысында ескереді дегенді білдіреді.
BC10. Биологиялық активтер бағасына қатысы бар қосымша сипаттама сатуға шығындар болып табылады. Сондықтан 3 ҚСҚЕХСК амалға сай субъект 23 ҚСҚЕХС талаптары сияқты айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық актив пен ауылшаруашылық өнімдерін бастапқа мойындау мерзімінде сатуға шығынды қоспағандағы әділ құнымен бағалау барысында осы Стандартты да ескереді деген қорытынды жасады. 2 ҚСҚЕХСК амалды пайдалану барысындағы сияқты, мұның барысында да сондай нәтиже болатынын айтып өтті.
Қайтарымсыз негізде немесе нақты құнымен берілетін биологиялық активтер мен ауылшаруашылық өнімдер
BC11. 41 ҚЕХС тек сатылатын биологиялық активтер мен ауылшаруашылық өнімдеріне бағытталған. Мемлекеттік секторда мұндай активтерді басқару оларды қайтарымсыз негізде немесе нақты бағамен беру мақсатымен жүзеге асырылуы мүмкін. Кейбір түсінік берушілер талдау үшін «Ауыл шаруашылығы» №36 Жобаға өзінің жауабында мойындау мен бағалау барысында сатуға арналған биологиялық активтер арасында және қайтарымсыз негізде немесе нақты бағамен беруге бағытталған биологиялық активтер арасында шектеу жүргізу қажеттігіне сай көзқарастарын білдірді. «Қорлар» 12 ҚСҚЕХС ережелер бекітті, ол бойынша қайтарымсыз негізде немесе нақты бағамен берілетін қорлар ең аз өзіндік құнмен және айырбастың ағымдағы құнымен бағалануы керек. Бұл Стандартта 34-параграф қолданылатын жағдайды қоспағанда, өзіндеу құны бойынша бағалау нұсқасы жоқ. Ағымдағы айырбас құны субъект есеп мерзіміне актив алуға жұмсаған жағдайда, сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ құнына жақын болып табылатын шығын сияқты анықталады. Осыған сай, талдау үшін №36 Жобада мазмұндалған амал өзгертілмеді.
BC12. Кейбір түсінік берушілер Жобаға өздерінің жауабында биотрансформация үрдісінің жүруі барысында қаржылық қызмет нәтижесі туралы есепте құнның әділ бағасы бойынша бағалануын пайдаланумен байланысты туындайтын пайдалар мен шығындарды көрсетудің қажеттігіне күман келтірді. ҚСҚЕХСК биотрансформация үрдісінің жүруі барысында құнның әділ бағасы бойынша бағалануын пайдаланумен байланысты туындайтын пайдалар мен шығындарды биотрансформация үрдісі барысында мұндай есеп тәртібі пайдалы есеп ақпаратын қамтамасыз ететіндіктен қаржылық қызмет нәтижесі туралы есепте көрсету керек деген көзқарасын ұстанды. Субъектілер әділ құнның бұл өзгерістерінің салдарын түсіндіру мақсатында ақпаратқа қосымша ашуды бере алады.
Ақпараттарды ашып көрсету
BC13. ҚСҚЕХСК мемлекеттік сектор ерекшелігін көрсету үшін, ақпаратты қосымша ашу ақталды ма, сол туралы мәселені талқылады және ақпаратты ашуға төмендегі мақсаттармен қосымша талаптар енгізді:
(a) тұтынылатын және жеміс әкелуші (жемісті) биологиялық активтер арасында шектелуін жүргізу. Бұл шектеу 2001 жылғы мемлекеттік қаржылық статистика бойынша Басшылық тұтынылатын активті қорлар сияқты, осы Стандарт сол уақытта биологиялық актив сияқты жүйелейтіндіктен жүргізу қажет. Шектеу субъектінің ҚСҚЕХС сай және статистикалық көрсеткіштермен сәйкестендіріп жасаған қаржылық есептіліктері арасындағы салыстыруды жеңілдетеді;
(b) қайтарымсыз немесе нақты құны негізде сатуға бағытталған биологиялық активтер мен сатылуға бағытталған биологиялық активтер арасында шектеу жүргізу. ҚСҚЕХСК бұл шектеудің тұтынушы іске асырылмаған қайтарымсыз негізде немесе нақты бағамен берілу үшін, бағытталған биологиялық активтер бойынша пайдалар мен шығындарды анықтауды шешу үшін керек деп есептейді.
(c) айырбастық емес операциялар нәтижесінде алынған биологиялық активтерді және қайтарымсыз негізде немесе нақты бағамен берілу үшін, бағытталған биологиялық активтерді ағымдағы кезеңнің басы мен аяғындағы биологиялық активтердің теңгерімдік құнының өзгерістерін өзінің салыстыра тексеруінде көрсету. Бұл ашу осы Стандарттың қолдану аясына түскен айырбастық емес операциялар туралы ақпаратпен сай келуді қамтамасыз етуі керек.
(d) айырбастық емес операциялар нәтижесінде сатуға бағытталған биологиялық активтер мен қайтарымсыз негізде немесе нақты бағамен берілу үшін, бағытталған биологиялық активтер қатынасында сатуға шығынды шығарып тастағандағы әділ құнындағы өзгерістер туралы ақпараттарды жеке ашу. Тұтынушыға мемлекеттік бағдарламадағы құн бағасына қаржылық есептілікте көмектесу мақсатымен қайтарымсыз негізде немесе нақты бағамен берілу үшін, бағытталған биологиялық активтерге қатысы бар пайдалар мен шығындар бойынша ақпараттарды көрсетудің маңызды мәні бар.
(e) субъектімен биологиялық активтерді пайдалануға жасалған сипаты мен шектеу деңгейін немесе олардың сатылуы бойынша мүмкіндіктерін, көбіне, мұндай активтердің жиынтығы және шектеуге жататын жиынтықты сипаттау. ҚСҚЕХСК мұндай ашу субъект ауылшаруашылық өнімдерді сату қабілеті мен осылайша оның құны туралы пайдалы ақпараттарды қамтамасыз етеді деген көзқарасты ұстанады.
Өтпелі ережелер
BC14. 41 ҚЕХС есептеу әдісі бойынша есепті бірінші қолдану жағдайында өтпелі кезең шарттары мазмұндалмайды. Бұл Стандарт субъектінің есептеу әдісі бойынша есепті алғаш ендіруі барысында осы Стандартты пайдалануына көмек мақсатында осындай ережелерді мазмұндайды
Көрнекі мысалдар
Бұл мысалдар 27 ҚСҚЕХС толықтыруларды көрсетеді, бірақ оның бөлігі болып табылмайды.
Қаржылық қызмет туралы есеп пен қаржылық жағдай туралы есептен ұсталым төменде сипатталған операциялардың нәтижелерін көрсету үшін келтіріледі Бұл ұсталымдардың ашу бойынша барлық талаптарға сай келуі және басқа стандарттарда қарастырылған ақпараттарды көрсетуге міндетті емес. Бірінші мысалда осы Стандартта ұсынылған ақпаратты ашу бойынша талаптарды тұлға сүт өнімдері өндірісінде іс жүзінде қалай қолданатыны көрсетілді. Осы Стандартпен биологиялық активтің сатуға шығынын, физикалық құрам бөліктерінің өзгерістеріне шығынды және құн бөліктерінің өзгерістеріне шығынды шығарып тастағандағы әділ құнының өзгерістерінің ажыратылуы құпталады. Бұл ажырату бірінші мысалда келтіріледі. Екінші мысалда физикалық өзгерістер мен бағалар өзгерістері арасындағы ажырату қалай жүзеге асатыны көрсетілген.
Ақпараттарды ашу бойынша талаптар
Қаржылық жағдай туралы есеп
Иелік етуші
субъект XYZ
|
Түсінік
хат
|
31 желтоқсан 20Х8
|
31 желтоқсан
20Х7
|
|
|
Ақшалық бірлік (а.б.)
|
Ақшалық бірлік (а.б.)
|
АКТИВТЕР
Айналымдық активтер
|
|
|
|
Ақша қаражаттары
|
|
10,000
|
10,000
|
Дебиторлық қарыздар
|
|
88,000
|
65,000
|
Қорлар
|
|
82,950
|
70,650
|
Айналымдық активтердің барлығы
|
|
180,950
|
145,650
|
Айналымдық емес активтер
|
|
|
|
Жеміс әкелуші (жемісті) биологиялық активтер
|
|
|
|
Мал сүті – пісіп жетілмеген1
|
|
52,060
|
47,730
|
Сүт малы – пісіп жетілген
|
|
372,990
|
411,840
|
Жеміс әкелуші биологиялық активтер бойынша, барлығы
|
3
|
425,050
|
459,570
|
Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар
|
|
1,462,650
|
1,409,800
|
Айналымдық емес активтердің барлығы
|
|
1,887,700
|
1,869,370
|
Активтердің барлығы
|
|
2,068,650
|
2,015,020
|
МІНДЕТТЕМЕЛЕР
|
|
|
|
Аз мерзімдік міндеттемелер
|
|
|
|
Несиелік қарыздар
|
|
122,628
|
150,020
|
Аз мерзімдік міндеттемелердің барлығы
|
|
122,628
|
150,020
|
ТАЗА АКТИВТЕР/КАПИТАЛ
|
|
|
|
Енгізілген капитал
|
|
1,000,000
|
1,000,000
|
Жинақталған пайдалар/(шығындар)
|
|
946,022
|
865,000
|
Таза активтер/капиталдың барлығы
|
|
1,946,022
|
1,865,000
|
Таза активтер/капиталдың мен міндеттемелердің барлығы
|
|
2,068,650
|
2,015,020
|
Достарыңызбен бөлісу: |