АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым


Анықталмаған қызмет көрсету мерзіміне ие материалдық емес активке ие туындылық бірлігінің орнын толтыру құнын есептеу жайлы ақпаратты ашып көрсету



бет4/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95

Анықталмаған қызмет көрсету мерзіміне ие материалдық емес активке ие туындылық бірлігінің орнын толтыру құнын есептеу жайлы ақпаратты ашып көрсету

123. Субъект, әрбір туындайтын бірлік үшін (a)-(е) талаптарына сәйкес, осы бірліктерге бөлінген,анықталмаған қызмет көрсету мерзіміндегі материалдық емес активтердің теңгерімдік құнына қатысты,ақпаратты ашып отыруы тиіс, ал ол өз кезегінде, субъектінің қолында бар анықталмаған қызмет көрсету мерзіміндегі материалдық емес активтің теңгерімдік құнының сомасымен салыстырғанда айтарлықтай көлемге ие:

(a) Берілген бірлікке бөлінген, анықталмаған қызмет көрсету мерзіміндегі материалдық емес активтердің теңгерімдік құны;

(b) Бірліктің орнын толтыру құны анықталған негіз (яғни, сатуға жүмсалатын шығынды алып тастағандағы, қолданыстың құндылығы немесе таза бағасы);

(c) Егер бірліктің орнын толтыру құнын анықтаудың негізі қолданыс құндылығы болса:

(i) Субъектінің басшысы, ең соңғы смета/болжау бағаларымен қамтылған кезеңде ақшалай қаражат түсімін болжағаннан келіп туындаған әрбір негізгі жорамалдарды бейнелеу. Негізгі жорамалдарға, бірліктің орнын толтыру бағасына сезімталдау жорамалдар жатады;

(ii) Әрбір негізгі жорамалдар үшін белгіленген, мағынаны анықтауда субъектінің басшысы қолданылатын тәсілді бейнелеу, яғни бұл мағына (мағыналар) өткен тәжірибенің мағынасын ашады ма, әлде орынды жерде ақпараттың сыртқы көздерімен үйлесімге келеді ме, егер олай болмаған жағдайда, калай және неліктен олар өткен тәжірибеден немесе ақпараттың ішкі көздерінен өзгешеленеді деген сұрақтарды ашатын ақпаратты ашып көрсету;

(iii) Ол бекіткен қаржы сметасы/болжам бағасынан келіп пайда болатын, субъектінің басшысы ақшалай қаражаттың түсімін болжаған мерзімі барысындағы кезең мен туындайтын бірлікке қатысты кезеңнің мерзімі бес жылдан асатын болса, ол мерзімді ұзарту жайындағы себептерді түсіндіру;

(iv) Ең соңғы смета/болжау бағаларымен қамтылған, кезеңнің мерзімінен тыс ақшалай түсімді болжауды тарату үшін, қолданылатын өсу қарқынының көрсеткіші, сонымен қатар, берілген субъект өзінің қызметін жүзеге асыратын мемлекет, немесе мемлекеттер, салалар, өнім үшін ұзақ мерзімді орташа өсу қарқынынан жоғары кез келген өсу қарқынының көрсеткішін қолдануына, немесе осы бірлікке арналған нарыққа себепші болатын себептерді түсіндіру; және

(v) Ақшалай қаражаттың түсімін болжауда қолданылатын шегерістің мөлшерлемесі (мөлшерлемелері).

(d) Егер бірліктің орнын толтыру құнын анықтау үшін, қажетті негіз сатуға жұмсалатын шығынды алып тастағандағы, таза баға болса, онда сатуға жұмсалатын шығынды есептемегендегі, таза бағаның әдіснамасын ашып көрсету қажет. Егер сатуға жұмсалатын шығынды алып тастағанда, таза баға берілген бірліктің осы нарық бағасында бар негізде анықталмаса, онда келесі ақпаратты да ашып көрсетуге тура келеді:

(i) Сатуға жұмсалатын шығынды алып тастағандағы, субъектінің басшысы таза бағаны анықтаған әрбір негізгі жорамалдарды сипаттау. Негізгі жорамалдар болып, бірліктің орнын толтыру құны сезімтал болып келетін жорамалдар саналады; және

(ii) Әрбір негізгі жорамалдарға бекітілген мағынаны (мағыналарды) анықтауда, субъектінің басшысы қолданған тәсілдерді сипаттау, яғни бұл мағына (мағыналар) өткен тәжірибенің мағынасын ашады ма, әлде орынды жерде ақпараттың сыртқы көздерімен үйлесімге келеді ме, егер олай болмаған жағдайда, калай және неліктен олар өткен тәжірибеден немесе ақпараттың ішкі көздерінен өзгешеленеді деген сұрақтарды ашатын ақпаратты ашып көрсету.

(e) Бірліктің орнын толтыру құнын анықтауда субъектінің басшысы қолданған осы немесе басқа да жорамалдардың мүмкін болатын өзгерісі осы бірліктің теңгерімдік құны оның орнын толтыру құнынан жоғары болатындығына алып келе ме:

(i) Бірліктің (бірлік топтарының) орнын толтыру құны оның теңгерімдік құнынан жоғары болатын шама;

(ii) Негізгі жорамалдарға бекітілген мағына; және

(iii) Орнын толтыру құнын анықтау үшін, қолданылатын басқа ауыспалы тараптардың жағынан бұл өзгерістерге кез келген жанама әсерлерінің қосылуынан кейін, негізгі жорамалдарға бекітілген өзгеруі тиіс мағынаның көлемі, бірліктің орнын толтыру құны оның теңгерімдік құнына тең болуы үшін қажет.

124. Егер қызмет көрсету мерзімі анықталмаған материалдық емес активтердің теңгерімдік құнының барлық бағасы немесе бір бөлігі, бірнеше туындайтын бірлікке бөлшектеп немесе толық бөлінбесе, және де осындай әдіспен әрбір бірлікке бөлінген сома, субъектінің қолындағы қызмет көрсету мерзімі анықталмаған материалдық емес активтердің көлемімен айтарлықтай көлемде салыстырмалы түрде тұтас келсе, онда осы бірліктерге бөлінген, қызмет көрсету мерзімі анықталмаған, материалдық емес активтердің теңгерімдік құнының тұтастығымен бірге ашуға тура келеді. Одан басқа, егер (а) осы бірліктердің кез келгенінің орнын толтыру құны дәл осы негізгі жорамал (жорамалдарға) негізделсе, ал (b) оларға бөлінген қызмет көрсету мерзімі көрсетілмеген, материалдық емес активтердің тұтас теңгерім құны субъект қолындағы қызмет көрсету мерзімі көрсетілмеген, материалдық емес активтердің тұтас көлемімен салыстырғанда, айтарлықтай көлемге ие, ондай жағдайда субъект берілген ақиқатты төмендегі жағдайлармен бірге ашып көрсетуі қажет:

(a) Осы бірліктерге бөлінген материалдық емес активтердің теңгерім құнының тұтастығы;

(b) Негізгі жорамалдарды (жорамалды) сипаттау;

(c) Әрбір негізгі жорамалдары үшін бекітілген, мәнді (мәндерді) анықтауда, субъект басшысының қолданатын оң шешім табу әдісін сипаттау, яғни мұндай мән өткен тәжірибені немесе мүмкін болған жағдайда ол сыртқы ақпарат көздерімен үйлесімге келеді ме, егер олай болмаған жағдайда, неге олар өткен тәжірибеден немесе сыртқы ақпарат көздерінен ерекшеленеді деген мәндерді көрсететін ақпаратты ашып көрсету;

(d) Негізгі жорамалда болатын ықтимал өзгерістердің жеткілікті деңгейі, бірліктің тұтас теңгерімдік құны оның тұтас орнын толтыру құнынан аспауына алып келе ме:

(i) Бірліктің тұтас орнын толтыру құнының көлемі оның тұтас теңгерімдік құнынан жоғары;

(ii) Негізгі жорамалға (жорамалдарға) анықталған мән (мәндер); және

(iii) Бірліктің тұтас орнын толтыру құны оның тұтас теңгерімдік құнына тең келу үшін, орнын толтыру құнын анықтау мақсатында қолданылатын, басқа құбылмалы тараптардың әсерінен осындай өзгерістердегі әсер ететін кез келген жанама әсерлерді қосқаннан кейінгі негізгі жорамалдарға бекітілген мәннің (мәндер) көлемінің өзгеруі.

125. Бұдан бұрынғы кезеңде жасалынған, туындайтын бірліктің орны толтырылатын құны, ең соңғы есептеулердің нәтижелері, 37-параграфқа сәйкес алға қарай ауыстырылуы мүмкін, немесе көрсетілген белгілерді қанағаттандырса ғана, ағымдағы кезеңде бұл бірлікті құнсыздануға қатысты тестілеу барысында қолданылады. Мұндай жағдайларда, 123 және 124-параграфтарда талап етілетін, ашып көрсетуге енгізілген, орнын толтыру құнын алдын ала есептеуге ауыстырылған осы бірлік бойынша ақпарат ұсынылады.

Күшіне ену күні

126. Субъект, 2009 жылғы 1 сәуірінде немесе осы мерзімнен кейін басталатын, барлық кезеңді қамтитын, жылдық қаржылық есепте осы стандартты қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын қолдану мақұлданады. Егер субъект, бұл стандартты 2009 жылдың 1 сәуірінде басталатын кезеңде қолданса, ол осы деректі ашып көрсетуі тиіс.

126А. 25 және 100 параграфтар 2010 ж. қаңтар айында жарияланған «ҚСҚЕХС жетілдірулермен» өзгертілді. Субъект берілген түзетулерді, 2011 жылғы 1 қаңтарында немесе осы күннен кейінгі жылдық кезеңде қолдануы тиіс. Егер субъект мұны мерзімінен бұрын қолданса немесе 12, 13, 29, 40, 57, 59, 62, 62A, 62B, 63, 66 және 16 ҚСҚЕХС 101A параграфтарына да түзетулерді қолданса, ол құпталады. Егер субъект, 2011 жылдың 1 қаңтарында басталатын кезеңге түзетулерді қолданса, ол осы деректі ашып көрсетуі тиіс.

126В. 123-параграф 2010 жылғы қаңтар айында жарияланған «ҚСҚЕХС жетілдірулермен» өзгертілді. Субъект берілген түзетулерді, 2011 жылғы 1 қаңтарында немесе осы күннен кейінгі жылдық кезеңде қолдануы тиіс. Егер субъект мұны мерзімінен бұрын қолданса ол құпталады. Егер субъект, 2011 жылғы 1 қаңтарында басталатын кезеңге түзетулерді қолданса, ол осыдеректі ашып көрсетуі тиіс.

126С. Субъект берілген түзетулерді, 2011 жылғы 1 қаңтарында немесе осы күннен кейінгі жылдық кезеңде қолдануы керек. Егер субъект 31 ҚСҚЕХС, 2011 жылғы 1 қаңтарында басталатын кезеңге жақын қолданатын болса, онда оған қатысты түзетулер де ертерек кезеңде қолданылуы қажет.

127. Егер субъект, қаржылық есеп беру мақсатында ҚСҚЕХС көрсетілген, көрсетілген күшіне ену мерзімінен кейін, есептелген сома әдісі бойынша есепке алуға өтсе, осы Стандарт, жаңа есептеу мерзіміне өту немесе осыдан кейінгі мерзімде басталатын, барлық кезеңдерді қамтитын, субъектінің жылдық қаржылық есеп беру барысында қолданылады.



A қосымшасы

Қолдану бойынша нұсқау

Берілген қосымша 26 ҚСҚЕХС ажырамас бөлігі болып табылады.

Шегеріс ба негізінде қолданыс құндылығын есептеу

Бұл нұсқаулықта «актив» терминінің қолданылуына қарамастан, ол туындайтын бірліктерді құрайтын, актив топтарына да теңдей қатысты.

Шегерістік бағаны есептеудің құрауыштары

  1. Келесі біртұтас алынған элементтердің ішіне активтер арасындағы экономикалық ерекшеліктер кіреді:

(a) Болашақ ақшалай қаражаттың түсімін бағалау немесе қиын жағдайларда, субъект активтен аламын деп үміттеніп отырған, келешек ақшалай қаражат түсімінің топтамасы;

(b) Осы ақшалай қаражат ағымының түсу мерзімі мен көлемінің өзгеруіне қатысты болжамдар;

(c) Берілген нарықтық қауіпсіз пайыз мөлшерлемесінде көрсетілген уақытша ақшаның құны;

(d) Берілген активке тән, дүдәмалдарға берілетін қосымша қаржы; және

(e) Субъект келешекте активтен аламын деп болжаған, келешектегі ақшалай қаражат ағымының көлемін анықтау барысында нарыққа қатысушылармен сипатталатын, басқа да кейде теңдестірілмейтін себептер (жойылмайтын сияқты).



  1. Бұл қосымшада, шегерілетін бағаны есептеуге қатысты екі әр түрлі түсімдер салыстырылады, бұл жағдайда олардың әр қайсысы берілген жағдайға қарай, активті қолданудың құндылығын есептеу үшін, қолданыла алады. «Дәстүрлі» әдіске сәйкес, А1 параграфында қарастырылған, (b)-(e) әсерлеріне түзетулер енгізу, шегеру мөлшерлемесіне құрылады. Әдіске сәйкес, «ақшалай қаражаттың күтілетін түсімінің негізінде», (b), (d) және (e) әсерлері қауіп атты түзету енгізілген келешектегі ақшалай қаражат түсімін есептеу барысында, қажетті түзетулерді қарастырады. Субъект, келешекте ақшалай қаражат түсімінің түсу көлемі мен мерзімінің мүмкін болатын өзгерістеріне қатысты болжамдарды көрсету үшін, екі түсімнің қайсысын таңдаса да, оның нәтижесі осы болашақ екі түсімнің шегерісті бағасының көрінісі болуы керек, яғни, барлық мүмкін болуы мүмкін нәтижелердің орташа өлшенген нәтижесі.


Жалпы қағидалар

  1. Келешектегі ақшалай қаражаттың түсімі мен пайыз мөлшерлемесін бағалау, сөз етіп отырған актив айналасында орын алатын жағдайларға байланысты әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Солай десек те, актив шегерісті баға көмегімен бағаланған барлық жағдайларда, төмендегі жалпы қағидалар жұмыс істейді:




  1. Ақшалай қаражат түсімін шегеру үшін, қолданылатын пайыз мөлшерлемесі, жорамалдармен келісілген, ақшалай қаражат түсімін бағалауға тән жорамалдарды көрсетуі тиіс. Болмаса, кейбір жорамалдардың әсері екі рет ескерілуі немесе мүлде ескерілмеуі мүмкін. Мысалы, 12 пайызға тең шегерістің мөлшерлемесі ұсынылған несие бойынша ақшалай қаражат түсімінің келісім шартында қарастырылған жағдайға қатысты қолданылуы мүмкін. Бұл мөлшерлеме нақты сипаттамаға ие несие бойынша келешек төленбеулерге қатысты болжамдарды көрсетеді. Осылайша, 12 пайыздық мөлшерлеме күтілетін ақшалай қаражат түсімін шегеру үшін де қолданылмауы тиіс, өйткені мұндай түсімдер келешектегі төленбеулерге қатысты жорамалдарды көрсетіп қояды.

(b) Бағаланатын ақшалай қаражат түсімі мен шегеріс мөлшерлемесі, қазір сөз етіліп жатқан активке қатысы жоқ субъективтіліктен және әсерлерден бос болуы керек. Мысалы, келешектегі актив табысын алдамшы жоғарылату мақсатында, бағаланатын таза ақшалай қаражат түсімін әдейі төмендету субъективтілік элементін бағалауға жатқызылады.

(c) Бағаланып жатқан ақшалай қаражат түсімі, немесе шегеріс мөлшерлемесі жалғыз ғана мүмкін болатын ең аз, немесе ең көп көлемді емес, мүмкін болатын нәтижелер аясын көрсетуі қажет.



Шегерілетін бағаны есептеу: болжамды ақшалай қаражат түсіміне негізделген әдіс пен дәстүрлі әдіс

Дәстүрлі тәсіл

  1. Шегерілетін бағаны қолданумен байланысты есептеу тәжірибесінде, бағаланатын ақшалай қаражат түсімінің бірегей қатары мен бірегей шегерілу мөлшерлемесі дәстүрлі түрде қатысады, ол жиі «қауіпке тең келетін мөлшерлеме» деп те сипатталады. Шын мәнісінде, дәстүрлі әдіс, бірегей шегерілу мөлшерлемесінің қағидасына келешектегі болжамды ақшалай қаражат түсімі мен қауіп үшін, қосымша ақша төленуіне қатысты барлық болжамдар кіреді. Осылайша, дәстүрлі жолмен шешімін табу барысында, негізгі назар шегеріс мөлшерлемесін таңдауға аударылады.




  1. Кейбір жағдайларда, мысалы, нарықта салыстырмалы активтер айналып жүргенде, дәстүрлі шешім табу әдісі салыстырмалы түрде оңай қолданылуы мүмкін. Активтерге қатысты, келісім шартта қарастырылған ақшалай қаражат түсімінде, ол нарыққа қатысушылардың активтерді сипаттауымен келісімге келтіріледі, мысалы, «12 пайыздық құнды қағаз» жағдайындағыдай.




  1. Бірақ дәстүрлі оң шешімін табу бағалаудың кейбір күрделірек мәселелерін шешу үшін, мысалы, қаржылай емес активтерді бағалау, олар үшін және солармен салыстырмалы активтер үшін нарық болмаған уақытта әрдайым жарамды болып саналмайды. «Қауіппен тең мөлшерлемені» іздеудің дұрыс жолы талдау арқылы өтеді, ең болмағанда, нарықта бар және бағалау заты болып табылатын, берілген пайыздық, активтік мөлшерлемеге ие активтің екі объектілері арқылы жүргізіледі. Бағаланатын ақшалай қаражат түсімі үшін шегеріске сәйкес мөлшерлемесі осы басқа активтің жұмыс жасап жатқан пайыздық мөлшерлемесінен шығарылуы керек. Осы шаманы шығару үшін, осы басқа активтің ақшалай қаражат түсімінің сипаттамасы бағаланатын актив сипаттамасымен бірдей болуы керек. Осылайша, бағалаудың субъектісі келесіні орындауы тиіс:

(a) шегерілетін ақшалай қаражат түсімінің қатарын айқындау;

(b) ақшалай түсім сипаттамасына ұқсас сипаттамаға ие басқа нарықтағы активті айқындау;

(c) осы екі объект бойынша ақшалай қаражат түсімінің қатарын салыстыру және олардың ұқсастығына көз жеткізу (мысалы, «ақшалай қаражат ағымының келісім шартында олар қарастырылған ба, немесе олардың біреуі келісім шартта қаралғанымен, екіншісі жорамалданған ақшалай түсім бе» деген сұрақтарға жауап беру керек);

(d) басқа нысанда жоқ, нысандардың біреуінде қандай да элементтің бар екендігін анықтау (мысалы, олардың біреуі екіншісіне қарағанда өтімді ме); және

(e) ақшалай түсімнің екі қатары да экономикалық жағдайлардың өзгерісі барысында өздерін бірегей үлгіде ұстауын (яғни өзгереді) анықтау мүмкіндігі.

Ақшалай қаражаттар ағынының күтіліміне негізделген әдіс


  1. Кейбір жағдайларда болжамды ақшалай қаражат түсіміне негізделген оң шешімді табу дәстүрлі әдіспен салыстырғанда, бағалаудың тиімдірек құралын білдіреді. Болжамды ақшалай қаражат түсімін бағалау әдісі барысында бір ғана мүмкін болатын түсім орнына барлық мүмкін болатын ақшалай қаражат түсіміне қатысты болжамдар қолданылады. Мысалы, ақшалай қаражат түсімі мүмкін болатын 10, 60 және 30 пайыздан 100 ш.б. 200 ш.б. немесе 300 ш.б. құрай алады. Болжамды ақшалай қаражат түсімі 220 ш.б. құрайды. Осылайша, болжамды ақшалай қаражат түсіміне негізделген тәсіл қарастыраылатын ағындардың тікелей талдауына және бағалау барысында қолданылатын нақтырақ жорамалдарға негізделетіндігімен дәстүрлі тәсілден ерекшеленеді.




  1. Бұдан басқа, болжамды ақшалай қаражат түсіміне негізделген тәсіл, ақшалай ағынды уақыт аралығына бөлу дүдамалдылықпен сипатталған кезде, шегерілген баға бойынша бағалау әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, 1000 ш.б. көлеміндегі ақшалай қаражат ағыны 10, 60 және 30 пайызбен бір, екі немесе үш жыл көлемінде алынуы мүмкін. Төменде көрсетілген мысалда, бұл жағдайдағы күтілетін шегерілетін бағаны есептеу көрсетілген.



5% мөлшерлемесі бойынша 1 жылдан кейін шегерістік баға 1,000 ш.б.

952.38ш.б.






Ықтималдығы

10%

95.24ш.б.

5.25% мөлшерлемесі бойынша 2 жылдан кейін шегерілетін баға 1,000 ш.б.

902.73ш.б.






Ықтималдығы

60%

541.64ш.б.

5.50% мөлшерлемесі бойынша 3 жылдан кейін шегерілген баға 1,000 ш.б.

851.61ш.б.






Ықтималдығы

30%

255.48ш.б.

Күтілетін шегерілу бағасы




892.36ш.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет