Егер субъект туынды құрал емес болып табылатын монетарлық активтішетел валютасындағы ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу құралы ретінде анықтайтын болса, хеджирлеу бабы бойынша айырбас бағамынынң айырмашылығы пайда немесе зарар құрамында (4 ҚСҚЕХС 32), ал хеджирлеу құралы бойынша айырбас бағамының айырмашылығы міндеттемені өтегенге дейін таза активтер/капитал құрамында мойындалады ма (29 ҚСҚЕХС 106)?
Жоқ. Монетарлық актив пен монетарлық міндеттемелер бойынша айырбас бағамы олар туындаған кезең ішіндегі пайда немесе зарар құрамында мойындалады (4 ҚСҚЕХС 32). 29 ҚСҚЕХСAG116 сәйкес туынды құрал емес монетарлық актив пен туынды құрал емес монетарлық міндеттеме арасындағы хеджирлеу қатынасы болса, онда осы құралдардың әділ құнындағы өзгерістер пайда немесе зарар құрамында мойындалады.
F.5.2 Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу: хеджирлеу құралының қаржылық тиімділігі (1)
А субъектісінің 1,000АБ сомасындағы құбылмалы пайыздық мөлшерлемедегі және бес жыл қалған өтелу мерзімі бар міндеттемесі бар. Субъект пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне байланысты құбылмалы мөлшерлемедегі міндеттеме бойынша ақшалай қаражат ағынының өзгеріс тәуекелінен болатын әсерді хеджирлеу мақсатымен осы валютада, осы міндеттемедегідей негізгі шарттармен тұрақты пайыздық мөлшерлемедегі төлемді және құбылмалы пайыздық мөлшерлемедегі түсімді бес жылға пайыздық своп келісімшартын жасайды. Хеджирлеу басындағы своптың әділ құны нөлге тең. Кейіннен своптың әділ құны нарықтық пайыздық мөлшерлеме артуына байланысты 50АБ артуды қамтитын 49АБ алу своп бойынша контрагенттің несие тәуекелі артуына байланысты көтеріледі. Құбылмалы мөлшерлемедегі міндеттеменің әділ құны өзгерген жоқ, бірақ міндеттеме бойынша ақшалай қаражат ағыны өзгерісінің тәуекелін өтеу үшін қажетті келешектегі ақшалай қаражат ағынының әділ құны (шегеру құны) 50АБ көтерілді. Егер А субъектісі хеджирлеу әлі де болса жоғары тиімділікте деп анықтаса, пайда немесе зарар құрамында мойындалуы тиіс тиімсіздік осында бар ма?
Жоқ. Пайыздық тәуекелді хеджирлеу толығымен тиімді болмайды, егер туынды құралдың әділ құнындағы өзгеріс бөлігі контрагенттің несиелік тәуекеліне байланысты болса (29 ҚСҚЕХС AG150). Дегенмен, А субъектісі әлі де болса тиімділік қатынасын тиімді деп анықтағандықтан, субъект своптың әділ құнындағы өзгерістің тиімді бөлігін, яғни таза активтердегі/капиталдағы 49АБ көлеміндегі әділ құнның таза өзгерісін мойындайды. Своптың әділ құнындағы өзгеріс мәніне пайда немесе зарардың азаюы орын алмайды, себебі хеджирлеу бабы бойынша, яғни 50АБ пайыздан болатын ақшалай қаражат ағынындағы өзгерістер тәуекелін өтеу үшін қажетті келешектегі ақшалай қаражат ағынындағы әділ құнның жинақталған өзгерісі, хеджирлеу құралы құнындағы жинақталған өзгерістен, яғни 49АБ артық.
Дт
|
|
Своп
|
49АБ
|
|
|
Кт
|
Таза активтер/капитал
|
|
49АБ
|
Егер А субъектісі хеджирлеу бұдан әрі жоғары тиімді емес деген қорытындыға келсе, субъект 29 ҚСҚЕХС 112 сәйкес хеджирлеу тиімділігін тоқтатқан күннен бастап, хеджирлеуді есепке алуды келешектегі тұрғыдан тоқтатады.
Егер своптың әділ құны нарықтық пайыздық мөлшерлеме артуына байланысты 50АБ артуын қоса алғанда, 51АБ және своп бойынша контрагенттің несие тәуекелінің төмендеуіне байланысты 1АБ артса жауап өзгереді ме?
Ия. Бұл жағдайда пайда немесе зарар контрагенттік своптың несие сапасы жақсаруына байланысты своптың әділ құны өзгерісінің мәніне артады. Мұның себебі, хеджирлеу құралының шегеру құнындағы жинақталған өзгеріс, яғни 51АБ хеджирлеу бабынан болатын пайыз бойынша ақшалай қаражат ағынының ауыспалы мәнімен байланысты тәуекелді өтеу үшін қажетті келешектегі ақшалай қаражат ағынының шегеру құнындағы жинақталған өзгерісінен., яғни 50АБ артық болуы. 1АБ көлеміндегі туынды құрал болып табылатын хеджирлеу құралымен байланысты межеден тыс тиімсіздікті беретін айырмашылық, атап айтқанда своппен бірге, пайда немесе зарарда мойындалады.
Дт
|
|
Своп
|
51АБ
|
|
|
Кт
|
Таза активтер/капитал
|
|
50АБ
|
|
Кт
|
Пайда немесе зарар
|
|
1АБ
|
F.5.3 Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу: (2) хеджирлеу құралының тиімділігі
20Х1 жылғы 30 қыркүйегінде А субъектісі 24 баррель мұнайды қысқа сатуға форвардтық келісімшарт жасау арқылы 24 баррель мұнай сатуды хеджирлеуді орындайды. Келісімшарт көрсетілген тауарлық биржада «спот» шартымен берілген келешектегі мұнай бағасы мен 1,000АБ арасындағы айырмашылққа тең ақшалай қаражат құралының көмегімен нетто-есептесуді көздейді.
А субъектісі мұнайды басқа жергілікті нарықта сатуды жоспарлайды. А субъектісі форвардтық келісімшарт болжамды сатудың тиімді хеджирлеуін беретінін және хеджирлеу есебінің басқа шарттарының сақталғанын анықтайды. Субъект хеджирлеу тиімділігін форвардтық келісімшарттың әділ құнындағы өзгерістің толық мәнін, болжамды ақшалай қаражат ағынындағы әділ құн өзгерісімен салыстыру арқылы бағалайды.
31 желтоқсанда «спот» шартындағы мұнайдың бағасы жергілікті нарықта да, биржада да өсті. Жергілікті нарықта баға биржаға қарағанда көбірек өсті. Нәтижесінде, жергілікті нарықта сатудан болатын болжамды ақшалай қаражат ағынының шегеру құны 1,100АБ тең келеді. А субъектісінің форвардтық келісімшарттының әділ құны 80АБ тең. Егер А субъектісі хеджирлеу әлі де болса жоғары тиімді деп анықтаса, пайда немесе зарарда мойындалуы тиіс тиімсіздік орын алады ма?
Жоқ. Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу барысында, хеджирленетін ақшалай қаражат ағынының әділ құнындағы жинақталған өзгеріс хеджирлеу құралының жинақталған өзгерісінен асатын болса, қаржылық есептілікте тиімсіздік мойындалмайды. Бұл жағдайда форвардтық келісімшарт діл құнындағы жинақталған өзгеріс 80АБ тең, хеджирлеу бабы бойынша болжамды ақшалай қаражат ағынындағы жинақталған өзгерістің әділ құны 100АБ тең. Келешектегі болжамды ақшалай қаражат ағынының жинақталған өзгерісінің әділ құны хеджирлеу бабы бойынша хеджирлеу құралының әділ құнындағы жинақталған өзгерістен (абсолюттік сомадағы) асатын болғандықтан, хеджирлеу құралынан болатын ешқандай пайда немесе зарар бөлігі пайда немесе зарар құрамында мойындалмайды (29 ҚСҚЕХС 106(b)). А субъектісі хеджирлеу қатынасы әлі де болса жоғары тиімді деп анықтағандықтан, субъект форвардтық келісімшарттағы әділ құндағы барлық өзгерісті (80АБ) таза активтерде/капиталда мойындайды.
Дт
|
|
Таза активтер/капитал
|
80АБ
|
|
|
Кт
|
Форвард
|
|
80АБ
|
Егер А субъектісі хеджирлеу бұдан әрі жоғары тиімді емес деген қорытындыға келсе, субъект болашақтағы тұрғыдан хеджирлеу есебін хеджирлеу тиімді болуды тоқтатқан кезденбастап, 29 ҚСҚЕХС 112 сәйкес тоқтатады.
F.5.4 Ақшалай қаражат ағынын хеджирлеу: болжамды операция көрсетілген мерзімге дейін орындалады
Субъект туынды құралды болжамды операция бойынша ақшалай қаражат ағынын хеджирлеудің құралы ретінде анықтайды, мысалы болжамды тауар сату бойынша анықтайды. Хеджирлеу қатынасы негізді нақты және аз уақыт ішіндегі аралықта операция болады деп болжанатын кезеңді айқындау және құжатау талаптарын қоса алғанда, хеджирлеу есебінің барлық шарттарын орындайды (F.2.17 сұрағын қараңыз). Егер одан кейінгі кезеңдерде болжамды операцияның орындалуы бастапқыға қарағанда ертерек болады деп күтілсе, субъект бұл хеджирлеу ретінде анықталған операция секілді деген қорытындыға келе алады ма?
Ия. Болжамды операцияның орындалу мерзіміндегі өзгеріс анықтау дұрыстығына әсерін тигізбейді. Дегенмен, бұл хеджирлеу қатынасы тиімділігін бағалауға әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар, хеджирлеу құралы ол хеджирлеу құралының нышандарына сәйкес келуін одан әрі жалғастыра беретіндей, оның қалған жарамдылық мерзіміне хеджирлеу құралы ретінде анықталуы тиіс (29 ҚСҚЕХС 84 және F.2.17 сұрағын қараңыз).
F.5.5 Ақшалай ағындарды хеджирлеу: Ұзақ мерзімдік құрал арқылы болжамданатын операцияның хеджирлеу тиімділігін өлшеу.
Пайыздық активке болжамданатын инвестициялар немесе пайыздық міндеттеменің болжамданатын шығарылымы ақшалай қаражаттардың ағындарына пайыздық мөлшерлермелердің өзгерістерінің әсер ету қаупін құрады, себебі, құралмен байланысқан пайыздық төлемдер болжамданатын операцияның жалғастыру мезетіне әрекет ететін нарықтық мөлшерлемеге негізделеді. Пайыздық мөлшерлеме өзгерістерінің әсерінен ақшалай ағындарының қозғалысын хеджирлеу мақсаты – пайыздық мөлшерлемелердің алдағы уақыттағы өзгеріс нәтижелерінің өтемақысы болып табылады және болжамданатын операцияның шарттары мен мерзімдеріне сәйкес келетін хеджирлеудің басында қолданылған пайыздың бірыңғай тіркелген мөлшерлемесін алумен түсіндіріледі. Қаржылық ағын тәуекелдерінің мақсаты - салымның пайыздық өзгерістері болашақ салымдық пайыздардың өзгерістерінің әсерін қалыпына келтіру үшін, бірқалыпты деңгейді сақтап қалу үшін әдетте бастапқы бөгеттерде болған, мерзімі көрсетілген және болжамдық келісімнің сол кездегі нарықтағы салымның бөгеттері аяқталғанда немесе болжамдық келісім іске асып жатқанда пайыздардың қандай боларын болжау мүмкін емес. Бұндай жағдайда тәуекелдер тиімділігі қалай бағаланады және өлшенеді?
Бұл кезең барысында тиімділік салымның пайыздық өзгерістер негізінде белгіленген мерзім аралығында және уақытша мерзімнің тиімділігі өлшенуі мүмкін. Осы өлшем үшін пайыздық мөлшерлемелердің уақытша құрылымына сәйкес бағалау мерзімінде бар болатын және хеджирлеудің бастапқы уақытында болған болжамдық операциясын өткізу мерзімі мен шарттарына сәйкес болатын мөлшерлемелер қолданылады.
Көбінесе, хеджирленетін мысал бойынша ақшалай ағындарды хеджирлеу құралынан түскен ақшалай ағындармен салыстыру жеткіліксіз. Әдетте хеджирлеу баптары бойынша ақша ағындарын келесі уақыттары ақша ағындарының орны толтырылу-толтырылмауы және нәтижесінде тиімсіздік туындау-туындамауына қатысты субъектінің күтімі есепке алынбайтындықтан, олардың төлемі немесе алуы бойынша туынды құрал болып табылатын хеджирлеу құралындағы ақша ағындарымен жай салыстыру мүмкін емес.
Одан әрі ақшалай ағындарды хеджирлеу механизмдерін анықтау және оның тиімділігін өлшеу мысалдары келтіріледі. Мәселен, субъект бір жылдық мерзімде 100,000АБ сомасына тең үш айдан кейін үлестік құралдардың шығарыуын күтсін делік. Құрал әрбір тоқсан сайын мерзім соңындағы негізгі соманың өтелуі мен пайыздық төлемдерді қарастырады. Субъект пайыздық мөлшерлеменің асып түсу қаупіне ие болады және пайыз бойынша ақша ағындарының жолымен болашақта басталатын пайыздық айырбас қорытындысын жасайды. Айырбастың бір жылы бар және болжаудағы қарыз шығарылымының шарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін, үш айдан кейін күшіне енуді қайта қарастырады. Осылайша, субъект болжамдағы қарыз шығарылымының компонентіндегі пайыздың тіркелген мөлшерлемесі LIBOR бойынша төлемдерді алады және пайыздың ауыспалы мөлшерлемесі бойынша төлемдерді жүзеге асырады.
Кіріс қисығы
Кіріс қисығы болашақ ақшалай ағындарды және оларды хеджирлеуге қарым-қатынасының бойында басынан бастап, әділ құнын есептеу үшін негізді құрайды. Кіріс қисығы нарықта саудаға түсетін бағдарлы жарамды облигацияның ағындағы нарықтық кірісіне негізделеді. Нарықтық кірістер пайыздық «Спот» («Спот-мөлшерлемелер» немесе «Купонның нөлдік мөлшерлемесі») мөлшерлемелеріне айырбасталады. Спот-мөлшерлемелер болашақ ақша ағынын дисконттау үшін қолданылады, мысалы негізгі сома мен пайыздарды олардың әділ құнын алу үшін төлеу. Спот-мөлшерлемелер, сонымен қатар, болашақ ақша ағынының өзгермелі және сандық есебі үшін қоланылатын форвардтық пайыз мөлшерлемесінің есебі үшін қолданылады. Спот-мөлшерлеме мен форвардтық мөлшерлеме арасындағы қарым-қатынас бір кезең өткеннен кейін келесі формулада көрінеді.
Спот-форвард қатынасы
|
Мұндағы:
|
F = форвардтық мөлшерлеме (%)
|
|
SR = спот-мөлшерлеме (%)
|
|
t = уақыт аралығы (мысалы, 1, 2, 3, 4, 5)
|
Бұдан басқа, мысалдың мақсаты үшін хеджирлеудің бас кезеңінде келесі тоқсандық уақытша пайыздық мөлшерлеменің тоқсандық пайыз есептеуімен бар болды.
Хеджирлеу басындағы кіріс қисығы – (1 мерзімінің басы)
|
Форвард мерзімдері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Спот-мөлшерлемелер
|
3.75%
|
4.50%
|
5.50%
|
6.00%
|
6.25%
|
Форвардтық мөлшерлемелер
|
3.75%
|
5.25%
|
7.51%
|
7.50%
|
7.25%
|
Форвардтық мөлшерлемелер бір мерзімнен кейін сәйкес мерзім аралығында спот-мөлшерлемелерге қатысты есептеледі. Мысалы, 2 мерзімнің форвардтық мөлшерлемесі жоғарыдағы көрсетілген формуланы қолдана отырып есептегенде [1.04502/1.0375] – 1 = 5.25 тең. Ағындағы форвардтық мөлшер спот-мөлшер 1 кезеңнің басынан 2 кезеңнің соңына дейін пайыздық мөлшерлеме болғандықтан, ал форвардтық мөлшерлеме 2 кезеңнің басынан бастап, 2 кезеңнің соңына дейін пайыз мөлшерлемесін көрсеткендіктен, бір кезеңнен кейін 2 кезеңде ағындағы спот-мөлшер кезеңінен ерекшеленеді.
Хеджирленетін бап
Бұл мысалда субъект пайыздарды кварталдық төлеу арқылы 100,000АБ сомасында бір жыл мерзімге үлестік құралдың шығарылуын күтеді. Субъект пайыздық мөлшерлеменің асып түсу қаупіне ие болады және ақша қаражаттарының ағынына болжанған операциялар болуы мүмкіндігін көрсететін пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне ықпалының болмауын қалайды. Егер бұл қауіптің алдын алса, субъект бір жылдан кейін форвардтық мөлшерлеме купонына тең болып, ағындағы уақыттарда нарыққа үш айдан кейін шығатын өзінің үлестік шығарылымының пайыздық мөлшерлемесіне ие болады. Бұл купонның форвардық мөлшерлемесі 6.86 пайызға тең және жоғарыда көрсетілгендей, пайыздық мөлшерлемелердің уақытша құрылымына қатысты есептеледі. Бұл үлестік құралдың болжамдаған жағдайына тікелей байланыста болған хеджирлеу басындағы пайыздың нарықтық мөлшерлемесі мұндай қарыздың әділ құнының мөлшерлемесі шығарылым уақытындағы оның номиналды құнына тең болады.
Хеджирлеу қарым-қатынасының бастапқы кезеңінде қарыздық құрал бойынша күтілген ақша қаражаттарының ағыны пайыздық мөлшерлеменің уақытша құрылымынан шығады. Осы мақсатқа жету үшін, пайыздық мөлшерлемелер өзгермейді және қарыз 2 кезеңнің басында 6,86 пайызбен шығарылады деп жорамалдайды. Мұндай жағдайда, 2 кезеңнің бас кезінде келесі ақша қаражаттарының ағыны және қарыздық құралдың әділ құны болады.
Пайыздың тіркелген мөлшерлемесіне ие қарызды шығару
2 мерзімнің бастамасы – мөлшерлеме өзгертілмейді (форвардық мөлшерлемелер негізіндегі спот-мөлшерлемелер)
|
Барлығы
|
Бастапқы форвардтық мерзімдер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Қалдық мерзімдер
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Спот-мөлшерлемелер
|
|
5.25%
|
6.38%
|
6.75%
|
6.88%
|
Форвардтық мөлшерлемелер
|
|
5.25%
|
7.51%
|
7.50%
|
7.25%
|
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
Ақшалай ағындар:
|
@6.86% тіркелген мөлшерлеме бойынша пайыздық төлемдер
|
|
1,716
|
1,716
|
1,716
|
1,716
|
Негізгі сома
|
|
|
|
|
100,000
|
Шынайы құн:
|
Пайыздық төлемдер
|
6,592
|
1,694
|
1,663
|
1,632
|
1,603
|
Негізгі сома
|
93,408
|
|
93,408(a)
|
Қорытынды
|
100,000
|
|
|
(a) 100,000АБ/(1 + [0.0688/4]) 4
|
Пайыздық мөлшерлемелер өзгертілмегендіктен, пайыздар мен негізгі соманың шынайы құны болжамданатын операцияның номиналды құнына тең болады. Әділ құнның сомалары ақша қаражаттарының ағынының орны бар болып, егер, қарыз болжанған операциялар мерзімінде шыққан болса, хеджирлеудің басындағы спот мөлшерлемеден шыға отырып есептеледі. Олар осы ақша ағынының дисконтталуына қарыздық құрал шығарылымынан кейінгі қалған уақыттарда ықпал ететін болады. Мысалы, 6.38 пайызының спот-мөлшерлемесі 3 кезеңде күтіліп отырған төлемдегі пайыздың ақша ағынының дисконтталуы үшін қолданылады, бірақ ол екі кезеңде ғана дисконтталады, себебі бұл ақша ағыны болжанған операциялардан кейінгі екі кезеңде пайда болады.
Форвардтық пайыздық мөлшерлемелер пайыздық мөлшерлемелер өзгертілмегендіктен, солай қалады. Спот-мөлшерлемелер басқаша, бірақ олар нақты түрде өзгертілмеген. Олар бір кезеңнен кейін спот-мөлшерлемені танытады және форвардтық мөлшерлеменің қолданылуында негізделеді.
Хеджирлеу құралы
Хеджирлеу мақсаты 2 кезең мен 5 кезең аралығындағы хеджерлеу басының нарықтық мөлшерлеуді көрсеткенде 6.86 пайызға тең болып, болжамдалған операция және хеджирленетін құралдарға арналған жалпы пайыздық мөлшерлемені алу болып табылады. Бұл - 6.86 пайыздық бекітілген мөлшерлемедегі болашақта басталатын своптың қорытындылауы жолымен қол жеткізілген мақсат. Пайыздық мөлшерлеменің уақытша құрылымынан шыққан хеджирлеу басындағы пайыздық своп осы мөлшерге ие болады. Хеджерлеудің басында пайыздық своп бойынша бекітілген пайыздық мөлшердегі әділ құн өзгермелі мөлшердегі төлемнің әділ құнына тең болады, осының нәтижесінде пайыздық своптың әділ құны нөлге тең болады. Пайыздық своп бойынша күтілген ақша қаражаттарының ағыны және әділ құнның сәйкес сомасы төменде көрсетілген.
Пайыздық своп
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
Бастапқы форвардтық мерзімдер
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Қалдық мерзімдер
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
АБ
|
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
Ақшалай ағындар:
|
|
|
|
|
|
|
6.86% тіркелген мөлшерлеме бойынша пайыздық төлемдер
|
|
|
1,716
|
1,716
|
1,716
|
1,716
|
Ауыспалы мөлшерлеме бойынша болжамданатын пайыздық төлемдер
|
|
|
1,313
|
1,877
|
1,876
|
1,813
|
Форвардтық мөлшерлеме негізіндегі пайыздық болжам
|
|
|
5.25%
|
7.51%
|
7.50%
|
7.25%
|
Таза пайыздық төлемдер
|
|
|
(403)
|
161
|
160
|
97
|
Әділ құн:
|
|
|
|
|
|
|
Дисконт (спот)мөлшерлемесі
|
|
|
5.25%
|
6.38%
|
6.75%
|
6.88%
|
Тіркелген мөлшерлеме бойынша пайыздық төлемдер
|
6,592
|
|
1,694
|
1,663
|
1,632
|
1,603
|
Ауыспалы мөлшерлеме бойынша болжамданатын пайыздық төлемдер
|
6,592
|
|
1,296
|
1,819
|
1,784
|
1,693
|
Пайыздық своптың әділ құны
|
0
|
|
(398)
|
156
|
152
|
90
|
Достарыңызбен бөлісу: |