АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет41/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   95



Барлығы (ішкі өндіруге байланысты )

A

B

Барлығы




ЖВ

ЖВ

ЖВ

Артықшылық пен тапшылық (ұқсас баға кедергісі)

10

(5)

5

Таза активтер/капитал (қолда бар ақша тасқынының кедергісі)

20



20

Базистік өңдеу (инвентарь)



(50)

(50)

Барлығы

30

(55)

(25)

Сыртқы кесімді жұмыспен бірге (яғни, үстінде курсивпен көрсетілмеген) құрамдастырылған сан ішкі өндіруді жою алдында толық таза қалдықты шығарады, яғни келесі жолмен:




Дебет

Несие

Дебиторлық берешек



10ЖВ

Несиелік берешек

5ЖВ



Сыртқы форвардтық келісімшарт



25ЖВ

Таза актив/капитал



20ЖВ

Базистік өңдеу (инвентарь)

50ЖВ



Кірістер мен шығыстар





Ішкі келісімшарттар





Жиынтықты қаржылық есеп үшін келесі анықтамалар 1-айдың басында істелінген болатын:

  • 50ШВ төлем құжаттары В субъектісінде 50ШВ бірінші кедергісі А субъектісінің келешек табысы ретінде қарастырылады. Сондықтан, 1 айдың аяғында келесі жазбалар жиынтық қаржылық есептерде көрсетілген: Дт Төлем құжаттары 5ЖВ; Кт Таза активтер/акциялар 5ЖВ;



  • А субъектісінде 100ШВ дебиторлық берешегі 100ШВ бірінші кедергісі ретінде В субъектісіндегі келешек шығындары болып анықталады. Сондықтан, 1 айдың соңында келесі жазбалар жиынтық қаржылық есептерде көрсетілген: Дт Таза активтер/акциялар 10ЖВ; Кт Дебиторлық берешек 10ЖВ; және 2 айдың аяғында Дт Инвентарь 10ЖВ; Кт Таза активтер/акциялар 10ЖВ.



  • ҚО 250ШВ сыртқы форварттық келісімшарты 250ШВ келесі кедергісі ретінде В субъектісіндегі келешек шығындар болып анықталады. Сондықтан да, 1 айдың аяғында келесі жазбалар біріккен қаржылық мәлімдемеде көрсетілген: Дт Таза активтер/акциялар 25ЖВ; Кт Сыртқы форварттық келісімшарты 25ЖВ, және 2 айдың аяғында Дт Инвентарь 25ЖВ; Кт Таза активтер/акциялар 25ЖВ.

Ішкі туынды қатысты бухгалтерлік жазбаларды жойғаннан кейінгі толық таза қалдықтар келесілер:




Дебет

Несие

Дебиторлық берешек



10ЖВ

Несиелік берешек

5ЖВ



Сыртқы форвардтық келісімшарт



25ЖВ

Таза актив/капитал



5ЖВ

Базистік өңдеу (инвентарь)

35ЖВ



Кірістер мен шығыстар





Ішкі келісімшарттар





Осы толық таза қалдықтар ішкі өндірушілер жойылған кезде мойындалатын таза қалдықтардан айырмашылықты, және ҚСБЕХС бұлардың жинақты қаржылық есепке қосылуын талап етеді. Бухгалтелік есеп келесілерді ішкі өндірушіні жою алдында толық таза қалдықты бейімдеуін талап етеді:

(а) 150ЖВ қорларды сатып алуын болжауы сыртқы құралдар көмегімен хеджирленбейтінін көрсету үшін қорларға енгізілген субъектінің ішкі туынды құралдарынан болатын 15 ЖВ шығынды қайта сыныптау үшін (250 ШВ ҚО көлеміндегі форвардтық келісімшарты және 100ШВ А субъектісіндегі сыртқы кредиторлық берешек көмегімен емес) ; және

(b) А субъектісінің ішкі өндіруіндегі 15ШВ табысын сыртқы сақтандырылмаған құралмен қатынасына байланысы бар 15ШВ табыс болжамын көрсету үшін қайта реттеу.

Осы реттеулердің нетто-нәтижелері келесі түрде көрінеді:



Дт




Таза активтер/капитал

15ЖВ







Кт

Инвентарь




15ЖВ

F.1.8 Опциондардың шығарылған және сатып алынған комбинациясы

Көп жағдайда 29 ҚСҚЕХС AG127 шығарылған опциондарды хеджирлеу құралдары ретінде қолдануға тыйым салады. Егер тек бір контрагент қатысатын операция заты бірыңғай құрал ретінде шығарылған опцион және сатып алынған опцион комбинациясы (мысалы, пайыздық «коллар») болып табылса, субъект туынды құралды шығарылған опцион компонентіне және сатып алынған компонентіне бөліп, хеджерлеу құралы ретінде сатып алынған опцион компонентін анықтай алады ма?

Жоқ. 29 ҚСҚЕХС 83 хеджирлеу қатынасы толығымен хеджирлеу құралы үшін субъектімен анықталатындығын көрсетеді. Опциондық шарттың ішкі құны мен уақытша құнының бөлінуі және форвардттық шарттың пайыздық элементтері мен спот-бағасының бөлінуі жалғыз рұқсат етілген ерекшелік болып табылады. F.1.3 сұрағында шығарылған опцион ретінде опциондардың комбинациясы қарастырылады ма және қандай жағдайларда.

F.1.9 Хеджирлеудің Дельта-бейтарап стратегиясы

29 ҚСҚЕХС хеджирлеудің қажет коэффицентін қолдау мақсатында хеджирлеу құралдарының санын үнемі түзетуді тұспалдайтын хеджирлеудің «Дельта-бейтараптық» стратегиясы шегінде және басқа динамикалық стратегиялар есебін қолдануда, мысалы, хеджирленетін баптың әділ құнының өзгеруіне дельта-бейтараптық позицияның сезімталдығына жету үшін субъектіге рұқсат бере ме?

Иа. 29 ҚСҚЕХС 83 «Опционның ішкі және сыртқы құны бағаланатын хеджирлеудің динамикалық стратегиясы хеджирлеуді есепке алу үшін өлшемдерді қанағаттандыруы мүмкін» деп көрсетеді, яғни белгілі деңгейден төмен, бірақ сол уақытта әділ құн өсіміне рұқсат етілетін хеджирленген баптың әділ құны төмендеуінің алдын алу үшін бағытталған портфельді сақтандыру стратегиясы хеджирлеу есебі өлшемдерін қанағаттандыра алады.

Хеджирлеу есебі өлшемдерін қанағаттандыру үшін, субъект хеджирлеу және оның жаңару құралына бақылау процедураларын құжаттауы, хеджирлеудің маңыздылығын өлшеуі тиіс, онда хеджирлеу құралын қайта анықтау және қызмет мерзімінің тоқтатылуына қатысты барлық жағдайларын мұқият бақылау мүмкіндігі болуы қажет және 29 ҚСҚЕХС 98 сәйкес хеджирлеуді есепке алу үшін, барлық өлшемдер қанағаттандырылатындығын көрсетуі тиіс. Сонымен бірге, субъект хеджирлеу құралын түзету күтілмейтін кезеңде көрсетілген қысқа уақыт кезеңінде хеджирлеу құралының маңызы жоғары болу күтімін көрсетуі қажет.

F.1.10 Хеджирлеу құралы: пұт опционын орындаудың пайдалы және пайдасыз бағасы



A субъектісі сату үшін, ол сыныптастырылған B субъектісінде бір акцияға инвестициясы бар. В субъекті акциясының төмендеуінен өзіне практикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін, А субъектісі В субъектінің бір акциясын сатуға опцион алады және оған тиесілі В субъекті акциясының әділ құны өзгеруі әсерінен хеджирлеу құралы ретінде опционның ішкі құнының өзгеруін анықтайды. Опцион А субъектісіне 90ВБ орындау бағасы бойынша В субъектісінің бір акциясын сатуға құқық береді. Хеджирлеу қатынасы басында акцияның жүрген бағасы 100ВБ тең. Өйткені, опцион А субъектісіне сатуға акцияны 90ВБ бойынша іске асыруға құқық береді, оның ішкі құны бағасы 90ВБ төмендеуде сыйақы кезінде опцион толығымен маңызды болуы керек. Бағаның 90ВБ жоғары өзгеруі хеджирленбейді. Бұл жағдайда 29 ҚСҚЕХС 98 сәйкес хеджирлеу маңызсыз ретінде бағаның 90ВБ жоғарыға өзгерген кезде В субъектісі акциясының әділ құны өзгеруі қарастырылады ма және олар 29 ҚСҚЕХС 99 сәйкес пайдалар, немесе шығындар құрамында танылады ма?

Жоқ. 29 ҚСҚЕХС 98 А субъектісіне хеджирлеу құралы ретінде опционның ішкі құны өзгерісін анықтауға рұқсат береді. Опцион ішкі құнының өзгерісі 90ВБ опционды орындау бағасына тең немесе төмен деңгейге дейін В субъектісінің бір акциясының әділ құны өзгеруі қаупінен қорғауды қамтамасыз етеді. Бағалар 90ВБ асыратын болса, опционды орындау бағасы тиімсіз және опционда ішкі құн жоқ. Сәйкесінше, баға 90ВБ жоғары кезде В субъектісінің бір акциясынан пайдалар мен шығындар хеджирлеу бабынан пайдалар мен шығындарды мойындау және хеджирлеу маңыздылығын бағалау мақсаты үшін хеджирлеу қаупіне қатысы жоқ.

Сондықтан А субъектісі таза активінің/капиталынан таза актив құнының өзгерісін таниды, егер олар акция бағасының 90ВБ өзгерісімен байланысты болса (29 ҚСҚЕХС 64 және 29 ҚСҚЕХС 101). Бағаның 90ВБ төмен түсуіне байланысты акция әділ құнының өзгерісі әділ құнның жіктелген хеджирлеу құралы бөлімін көрсетеді және 29 ҚСҚЕХС 99(b) сәйкес шығындар немесе пайдалар құрамында танылады. Егер хеджирлеу маңызды деп білсек, бұл өзгерістер 29 ҚСҚЕХС 99(а) сәйкес шығындар немесе пайдалар құрамында танылатын опционның ішкі құн өзгерісімен сыйақыланады. Опционның уақытша құнының өзгерісі хеджирлеудің сыныптастырылған қатынасынан жойылады және 29 ҚСҚЕХС 65(a) сәйкес шығындар немесе пайдалар құрамында танылады.

F.1.11 Хеджирлеу құралы: қаржы құралының қаржы ағымының бөлігі



Туынды құрал болып табылмайтын қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі валюталық қауіп әсерінен хеджирлеу құралы ретінде әлеуетті түрде жіктелуі мүмкін. 29 ҚСҚЕХС 84 бойынша субъект, хеджирлеу құралы ретінде, айналымда тұрған, анықталған қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме кезінде белгілі кезеңдердің қаржы құралдарының ағымын хеджирлеу құралының бөлігі ретінде есептеп, хеджирлеудің сыныптастырылған қатынасынан қаржы құралдарының басқа ағымдарына жол бере ала ма?

Жоқ. 29 ҚСҚЕХС 84 хеджирлеу қатынасы хеджирлеу құралы айналымда тұрған уақытында тек кезең бөлігі үшін анықтала алмайды. Мысалы, шет ел валютасында көрсетілген, он жылдық қарызға алу бойынша қаржы құралдарының ағымы оның айналымының алғашқы үш жылында қаржы құралдарын хеджирлеу кезіндегі сол валютада алғашқы үш жыл түсімдерінің хеджирлеу құралы ретінде сыныптастырылмайды. Бір жағынан туынды құрал болып табылмайтын қаржылық актив немесе міндеттеме хеджирленетін бапқа байланысты валюталық қауіп әсерінен хеджирлеу кезінде хеджирлеу құралы ретінде әлеуетті сыныптастырылуы мүмкін ( F.2.17 сұрағын қараңыз).

F.1.12 Қауіптің бірден жоғары түрін хеджирлеу

(a) сұрағы – Әдетте хеджирлеу қатынасы хеджирлену құралының әділ құнының бірыңғай шегін қамтамасыз ететіндей хеджирлеу бабы және хеджирлеудің барлық құралдарының арасында бекітіледі. Қаржы ағымдарын хеджирлеу кезінде және әділ құнын хеджерлеу кезінде бір уақытта хеджирлеу құралы ретінде қаржы құралының бір және сол анықтамасына қарсы келеді ме?

Жоқ. Мысалы, субъектілер функциялық валютада үнемі өсім позициясына ауыспалы мөлшерлемеге валюталық позицияны айналдыру үшін валюталық своп және пайыздық үйлесімді қолданады. 29 ҚСҚЕХС 85 талаптарымен жүрген кезде қаржы ағымдарын хеджирлеу құралы ретінде және әділ құнды хеджирлеу құралы ретінде жеке свопты анықтауға мүмкіндік береді.



(b) сұрағы – егер бір және сол қаржы құралы хеджирлеу екі әр түрлі хеджирлеу құралы болып табылса, ақпаратты ерекше ашып көрсету талап етіледі ме?

30 ҚСҚЕХС 25 сәйкес қаржы ағымдары, әділ құнның хеджирлеу сыныстастырылған құралдары туралы ақпарат және шет ел операциясына таза инвестиция жеке ашылу қажет. Мұндай құралдар туралы ақпарат 30 ҚСҚЕХС 25 көрсетілген есептілігінде хеджирлеудің әр түрі бойынша жеке ашылады.

F.1.13 Хеджирлеу құралы: екі валютада көрсетілген форвардттық валюталық келісімшарт

А субъектісінің функционалдық валютасы жапондық баға болып табылады. А субъектісі серлинг фунттарында деноминирленген, белгіленген мөлшерлемемен алуға он жылдық вексель және бес жылдық міндеттеме деноминирленген АҚШ долларына ие. Жапондық бағаға конверттеу кезінде активтің негізгі сомасы мен міндеттемелердің негізгі сомасы бірдей. А субъектісі бес жылдық кезең аяқталуы бойынша серлинг фунттарын төлеу және АҚШ долларын алатынына сәйкес екі құрал бойынша өзінің валюталық қаупін хеджерлеу мақсатында бір форвадттық валюталық келісімшарт құрады. Егер А субъектісі екі құралдың негізгі сомасын төлеуге валюталық қауіп әсерінен қаржы ағымдарын хеджирлеу кезінде хеджирлеу құралы ретінде форвардттық валюталық келісімшартты анықтаса, хеджирлеуді есепке алу үшін, бұл өлшемдерді қанағаттандыра алады ма?

Ия. 29 ҚСҚЕХС 85 үш талапты орындау кезінде қауіптің бірнеше түрін хеджирлеу үшін, хеджирлеудің бір және сол құралын анықтауға рұқсат етеді. Осы мысалда хеджирлеу құралы ретінде қолданылатын туынды құрал барлық үш талапты қанағаттандырады, ол:

(a) Хеджирленетін қауіпті нақты біріздендіруге болады. Бұл жағдайда қауіп, сәйкесінше АҚШ доллары, иен және фунт айрбастау курстары арасындағы қауіп болып табылады.

(b) Хеджирлеудің маңыздылығын көрсетуге болады. Серлинг фунтын қарызға алған жағдайда, маңыздылық шегі форвардттық келісімшарт бойынша серлинг фунттарында әділ құнымен төлем және серлинг фунттарында өтелетін негізгі сомалардың әділ құны арасындағы өтемақы болып табылады. АҚШ долларымен міндеттеме болған жағдайда маңыздылық шегі АҚШ долларымен негізгі өтелетін әділ құн және АҚШ доллары сомасымен форвардттық валюта келісімшарты бойынша алынатын өтемақы деңгейі болып табылады. Егер вксельді алуға мерзімі он жыл болса да, форвард оны алғашқы бес жылда ғана қорғайды, хеджирлеу есебі. F.2.17 сұрағында түсіндірілгендей, қауіп бөлімдеріне ғана қолданылады.

(c) Әр түрлі қауіптер бойынша позициялар және хеджирлеу құралдарына нақты анықтаманы қамтамасыз етуі мүмкін. Хеджирленетін қауіп сәйкес валюталарда деноминирленген, міндеттемелердің және вексельдің негізгі сомалары ретінде біріздендіріледі.

F.1.14 Хеджирлеу құралы ретінде қолданылатын бір уақытта орны толтырылатын своптардың бірі



A субъектісі пайыздық своп келісімшартын құрады және оны пайыздың белгілі мөлшерлемелік қарызымен байланысты қауіп әсерінен әділ құнның хеджирлеу құралы ретінде анықтайды. Әділ құнды хеджирлеу 29 ҚСҚЕХС бойынша хеджирлеуді есепке алу үшін, өлшемдерді қанағаттандырады. А субъектісі алғашқы пайыздық свопты толық өтеу талабымен пайыздық своптың екінші келісімшартын сол контрагентпен бір уақытта бекітеді. Бұл своптарды А субъектісінің бір құрал ретінде қарауы дұрыс па және сәйкесінше, бірінші свопқа әділ құнды хеджирлеу есебін қолдануға тыйым салынады ма?

Ол жағдайға байланысты. 29 ҚСҚЕХС талаптары операция мазмұнына байланысты. Егер своптың екінші келісімшарты бірінші келісімшартқа байланысты құрылмаса немесе операцияны бөлек құрылымдау үшін, өзіндік шаруашылық мақсат болса, онда своптар бір құрал ретінде қарастырылмайды.

Мысалы, кейбір субъектілерде саясат бар, онымен байланысты орталықтандырылған қазынашылық (экономикалық бірлік негізінде бақыланушы субъект болып табылатын) бақыланушы субъектілердің пайыздық қаупін хеджирлеу мақсатында субъект шектеуінде бақыланушы субъектінің атынан үшінші жақтармен туынды құрал болып табылатын келісімшарттар құрады. Қазынашылық, сонымен бірге, субъект шектеуінде хеджирлеу үшін, жедел бақылау мақсатында осындай бақыланатын субъектілермен, туынды құралдармен ішкі операцияларды құрады. Қазынашылық өз портфелі қауіптерінің теңгерім қалпына келтіру үшін, немесе өзінің сауда операциялары шектеуінде өндірістік құралдар болып табылатын келісімшарттар құратындықтан, басқа бақыланушы субъектінің атынан хеджирлеу құралы ретінде бекітілген келісімшарт сияқты сол талаптары бар, сол жұмыс күні үшінші жақпен туынды құрал болатын келісімшарт құрады. Мұндай жағдайда әр шартты құруға арналған, негізделген шаруашылық мақсат болады. Операция бөлек құрылымдалуы үшін, өзіндік шаруашылық мақсаттың болуы субъектінің талқылауынан шығады. Мысалы, егер қарыздың әділ құнын есептеуге құқық алу жалғыз мақсат болып табылса, онда мұндай өзіндік шаруашылық мақсат болмайды.

F.2 Хеджирленетін баптар

F.2.1 Туынды құрал хеджирленген бап ретінде сыныптастырыла ала ма?

29 ҚСҚЕХСәділ құн немесе қаржы ағындарын хеджирлеу кезінде хеджирленетін бап тобының бөлігі ретінде немесе жеке хеджирлеу бабы ретінде өндірістік құралды анықтауға (жеке немесе өзбетінше танылатын кіріктірме өндірістік құрал) рұқсат етеді ме, мысалы форвардттық пайыздық мөлшерлеме туралы келісімді (ФПМК) анықтау, ФПМК байланысты қаржы ағындарын хеджирлеу құралы ретінде пайыздың белгіленген мөлшерлемесі бойынша қаржылардың түсімі және ауыспалы мөлшерлеме бойынша төлемдерді қарастыратын, пайыздың өзгерген мөлшерлеме бойынша қаржы түсімі және бекітілген мөлшерлеме бойынша төлемдерді қарастыратын болса?

Жоқ. Туынды құралдар үнемі сауда үшін қарастырылады және олар хеджирлеудің маңызды және сыныптастырған құралдары болатын (29 ҚСҚЕХС) жағдайдан басқа пайда, немесе шығындар құрамында кірістер мен шығындарды танумен әділ құны бойынша өлшенеді. Ерекшелік ретінде 29 ҚСҚЕХС AG127 әділ құнды хеджирлеу кезінде хеджирлеу құралы ретінде сатып алынған опционды анықтауға рұқсат етеді.

F.2.2 Қаржы ағындарының хеджирленуі: пайыздың бекітілген мөлшерлемесімен күтілетін қарыз шығуы

Пайыздың бекітілген мөлшерлемесімен күтілетін қарыз шығуын хеджирлеу үшін хеджирлеу есебі рұқсат етіледі ме?

Ия. Бұл 29 ҚСҚЕХС 98 талаптарын орындауда пайда, немесе шығынға әсер ететін мүмкін болатын болжамдық операциямен байланысты қаржы ағындарын хеджирлеу (29 ҚСҚЕХС 96) болып табылады.

Мысалы: R субъект айналымдағы қаржыларды толтыру үшін және басқа да мақсаттар үшін өтелетін облигацияларды қайта қаржыландыру үшін, кезең сайын жаңа облигациялар шығарады. R субъектісі облигацияны шығару туралы шешім қабылдаған кезде ол облигацияны шығару күніне дейін облигацияны шығару туралы шешім қабылдау күнінен бастап ұзақ мерзімді пайыздық мөлшерлеменің өзгеру қаупін хеджирлеуі мүмкін. Егер ұзақ мерзімдік пайыздық мөлшерлемелер өссе, облигация аса жоғары мөлшерлемемен, немесе жоғары дисконтпен немесе бастапқыда күтілгеннен аз сыйақы болып шығарылады. Төлемнің аса жоғары мөлшерлемесі немесе таралудан түсімдердің азаюы әдетте хеджирлеу кірісінен өтеледі.

Мысалы, 2000 жылдың тамызында R субъектісі 2001 жылдың қаңтарында 200ВБ миллион сомасына жеті жылдық облигация шығаруға шешім қабылдайды. R субъектісі тарихи түзетуші талдау жүргізді және қарыз бірлігіне 0.93 хеджирлеу коэфицентімен фьючерстік келісімшартты шығару талаптарымен R субъектісі шығаруды жоспарлайтын облигациялармен жеті жылдық қазынашылық облигациялар оң нәтижеде түзетіледі. Сондықтан R субъектісі 186ВБ сомасына жеті жылдық қазынашылық облигацияларға фьючерстік келісімшарттарды сату (қысқа) жолымен облигацияның күтілетін шығуын хеджирлейді. 2000 жылдың тамызынан 2001 жылдың қаңтары аралығында пайыздық мөлшерлемелер өсті. Фьючерстер бойынша қысқа позициялар 2001 жылдың қаңтарында облигацияны шығару күніне жабылды, нәтижесінде облигациялар бойынша жоғары пайыздық төлемдерді өтейтін 1.2 миллион көлемінде кіріс шыққан қысқа позициялар пайда немесе шығынға әсер етеді. Бұл хеджирлеу қарыздың болжамдық шығуына байланысты пайыздық қауіп әсерінен қаржы құралдарын хеджирлеу үшін, өлшемдерді қанағаттандырады.

F.2.3 Хеджирлеуді есепке алу: субъект басқаруындағы депозиттік қаржылармен байланысты материалдық емес актив

Субъект басқаруындағы депозиттік қаржылармен байланысты материалдық емес активтің әділ құнының өзгеруі қаупін хеджерлеу кезінде хеджирлеу есебі рұқсат етіледі ме?

Бұл субъект басқаруында, субъект ішінде депозиттік қаржыларға байланысты материалдық емес активтердің өзгеруі немесе пайда болатындығына байланысты (мысалы, субъект бірлестігі шектеуінде).

Ішкі субъектіде құрылған субъект басқаруындағы депозиттік қаржыларға байланысты материалдық емес активтер «Материалдық емес активтер» 31 ҚСҚЕХС сәйкес материалдық активтер ретінде танылмайды. Олар танылмағандықтан, олар хеджирленетін бабы ретінде анықталуы мүмкін емес. Егер материалдық емес актив субъект басқаруында депозиттік қаржыларға байланысты болса, депозиттердің оған байланысты портфелімен бірге тұтынылған субъект басқаруында депозиттік қаржыларға қатысты материалдық емес актив 31 ҚСҚЕХС сәйкес тану үшін, өлшемдерді қанағаттандырса, онда жеке материалдық емес актив ретінде тануға болады (немесе депозиттердің қабылданған портфеліне байланысты бөлімі ретінде). Субъект басқаруындағы депозиттік қаржылармен байланысты танылған материалдық емес актив хеджирленетін бап ретінде анықталуы мүмкін, бірақ ол хеджирлеу маңыздылығы сенімді өлшеуге сәйкес, 98-параграфтың талаптарын қоса алғандағы талаптарын қанағаттандыратын болса. Субъект басқаруында депозиттік қаржылармен байланысты материалдық емес активтердің әділ құнын сенімді өлшеу жиі қиын болады, алғашқы тануда 98(d)-параграфының талаптары орындалуы мүмкіндігі аз болады.

F.2.4 Хеджирлеуді есепке алу: болашақ валюталық түсімдердің ағындарын хеджирлеу



Шет ел валютасында келісімшарттық түсімдер емес күтілетін ағынды хеджирлеу үшін, валюталық қарыз алуға қатысты хеджирлеуді есепке алу рұқсат етіле ме?

Ия, егер түсімдер 29 ҚСҚЕХС 96(b) сәйкес «Жоғарғы ықтималдылықта» болған жағдайда, күтілетін сатылымның хеджирленуі қаржы ағындарын хеджирлеу ретінде сыныптастыруы мүмкін. Мысалы, трансграниттік ақылы жолдың иегері және операторы болып табылатын субъект тарихи және экономикалық деректердің көмегімен әр түрлі валютада субъект түсімін болжауға мүмкінік береді. Егер субъект, 29 ҚСҚЕХС 98 талап ететіндей болашақта «жоғарғы ықтималдыққа» белгілі күнге дейін кезең уақытында нақты валютаға болжамды түсімдерді көрсете алады, ол болашақ түсімдер ағынын хеджирлеу құралы ретінде валюталық қарызға алуды анықтай алады. Қарызға алудан кіріс, немесе шығын бөлігі, оның маңыздылығы хеджирлеу құралы ретінде бекітілді, кіріс түскенге дейін таза активтер/қаржыда танылады.

Субъектінің қандайда бір болашақ жылдың түсімнің 100 пайызын болжай алу мүмкіншілігі аз. Басқа жағынан болжалатын түсімдердің бөлігі әдетте «Жоғарғы ықтималдық» өлшемін қанағаттандыратын қысқа мерзімдік қарқыны күтілуі мүмкін.

F.2.5 Қаржы ағындарын хеджирлеу: «Барлығын біреуінде» хеджирлеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет