Маңызды шарттар (2.1.76-параграфы)
Жалпы шектеулер
Міндеттемелердің қалдығы мен сыртқы көмектің пайдаланылмаған қалдығы бұрын келісілген әрекеттерді жүзеге асыру немесе белгіленген экономикалық, немесе қаржылық көрсеткіштерді қолдау қажеттілігі түріндегеі шарттарға, немесе шектеулерге жатады.
Үкімет даму көмегін алу үшін экономикалық даму жоспарын әзірледі. Жоспарға донорлық қоғамдастығымен қолдау табатын кедейлікті қысқарту бойынша стратегия кіреді. Үкімет пен донорлар кедейлікті қысқарту стратегиясының аумағында келесі негізгі мақсатты көрсеткіштер туралы келесімге келді (негізгі мақсаттар субъектімен анықталады).
Үкімет пен донорлар қауымдастығы белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызмет табыстылығын мониторингілеу әдістерін келісімдеп, жыл сайын прогресті қарастыру үшін, мәжілістерді өтікізі отыруға келісті.
Жеке жобаларды қолдауға арналған несиелер мен гранттар қолданыстағы коммуналды активтерді қамту мен активтерді ауыстыру және жаңарту бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге тиісті қызмет көрсету бойынша шығындарды жабуға арналған нақты кірістерді қамтамасыз ету мақсатында электр және сумен қамтамасыз ету бойынша коммуналдық кәсіпорындардың қаржылық қызметінің мақсатты көрсеткіштерінен тұрады.
Сатып алулар бойынша шектеулер
Даму мақсатында алынатын көмектің белгілі бір көлемі сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсету сипатына қатысты немесе осы тауарлар мен қызметтер сатып алынуы мүмкін мемлекеттерге байланысты шектеулерге ұшырайды. Дамуға арналған барлық көпжақты банктік несиелер немесе гранттар келесі типтегі шектеулерді қарастырады: олар (а) әскери тауарлар мен қызметтерді, молшылық заттарды немесе экологиялық қауіпті тауарларды сатып алу үшін қаражат жұмсауға тыйым салады; және (b) тауарлар мен қызметтер сәйкесінше мүше-мемлекеттерде сатып алынуы тиіс. Екіжақты агенттіктерден алынған сыртқы көмек шектеулерге де жатпауы мүмкін, немесе қаражаттарды ұсынатын мемлекеттердегі тауарды немесе қызметті сатып алу шартымен ғана шектеледі. Барлық «Арнайы мақсаттар үшін несиелер мен гранттар» нақты белгіленген жобаларды қаржыландырады, сонымен, тауарлар мен қызметтерді сатып алу әрбір жоба үшін алынатын материалдық ресурстардың тізімімен шектеледі.
Басқа да маңызды шарттарды сақтамау (2.1.83 параграфы)
Білім беру секторындағы мемлекеттік шығындар белгіленген көрсеткішке сәйкес келмейді, бұл жер сілкіну салдарынан болған құрылыс жұмыстарының тоқтатылуымен болады. Шығындар X пайыз бойынша белгілі бір көрсеткішке төмендеді. Білім беру саласында жеткіліксіз инвестиция салуды түзету үшін қадамдар жасалды, үкімет те, сәйкесінше донорлар да әрекеттердің түзетілген жоспарын қолдады. Үкімет сыртқы көмек аумағында ұсынылған несиелер мен қарыздарға қатысты әрекет ететін сатып алулар бойынша барлық ережелерді сақтайды.
Сыртқы көмек аумағында ұсынылған несиелер мен гранттар бойынша кепілдіктер (2.1.80-параграфы)
YYYY Үкіметі XXX ақшалай бірлік сомасында сараптамалық қаржыландуға несие беру бойынша кепілдікті ұсынды (200X–1: 0). Негізгі қарыз 5 жылдан кейін өтеледі. Негізгі қарыздың қалдығына қолданылатын пайыздық мөлшерлеме Y% құрайды. Жыл сайын пайыздық төлемдер ғана жүзеге асырылады. Берілген кепілдіктен ешқандай да қосымша шарттар туындамайды. Сыртқы көмек байланысы бойынша ешбір несиелер немес гранттар үшінші тараптың кепілдіктеріне жатпайды.
Өтеу шарттары мен мерзімдері – қарыздық қызмет көрсету бойынша міндеттемелер (2.1.86-параграфы)
Даму мақсаттары үшін несиенің әрекет ету мерзімі0-ден 7 жылға дейін жеңілдік мерзімдерінен тұрады. Пайыздық мөлшерлемелер тіркелген және өзгермелі мөлшерлемелерден тұрады. Даму мақсаттары үшін барлық несиелер АҚШ доллары мен Еврода көрсетілген. 200X қаржылық жылдың соңы бойынша тіркелген мөлшерлемесіне ие несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер X%-тен Y% дейін Z% орташа өлшенген мөлшерлемесіне сәйкес өзгереді. 200X–1 аяқталатын қаржылық жыл үшін ставкалар X%-тен Y% дейін Z% орташа өлшенген ставкасына сәйкес өзгереді. Өзгермелі мөлшерлемесі бар несиелер үшін пайыздық мөлшерлемелер 200X қаржылық жылдың соңына қарай Z% орташа өлшенген мөлшерлемесіне сәйкес LIBOR+Х% бастап LIBOR+Y% дейін өзгереді және 200X–1 қаржылық жылдың соңына қарай Z% өзгереді.
|
200X
Жеңілдік мерзімнің қалған жылдары бойынша қарыз
|
|
Мерзім аяқталды
|
0–4
|
5–7
|
Барлығы
|
Даму мақсаттары үшін көмек
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Басқа көмек
|
Х
|
-
|
-
|
Х
|
Барлығы
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
200X-1
Жеңілдік мерзімнің қалған жылдары бойынша қарыз
|
|
Мерзім аяқталды
|
0–4
|
5–7
|
Барлығы
|
Даму мақсаттары үшін көмек
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Басқа көмек
|
Х
|
-
|
-
|
Х
|
Барлығы
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Даму мақсаттары үшін несиелер жеңілдік мерзімді қоса, орташа өлшенген Z өтеу жылына сәйкес жеңілдік мерзімнің аяқталуы бойынша Х-тен Y дейін өтеу мерзіміне ие. Барлық жағдайларда қарыздық қызмет көрсету есептелген пайызды қоса, негізгі қарыздың тіркелген төлемдеріне негізделген.
Басқа несиелер бойынша өтеу мерзімдері орташа өлшенген Z өтеу жылына сәйкес Х-тен Y дейін өтеу мерзіміне ие. Қарыздық қызмет көрсету есептелген пайызды қоса, негізгі қарыздың тіркелген төлемдеріне негізделген.
|
200X
Пайыздарды қоса, қарыздық қызмет көрсету бойынша төлемдер
|
|
АҚШ доллары
|
Евро
|
Иена
|
Басқа
|
Қорытынды
|
Даму мақсаттары үшін көмек
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
Басқа көмек
|
Х
|
-
|
-
|
Х
|
|
Барлығы
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
|
200X-1
Пайыздарды қоса, қарыздық қызмет көрсету бойынша төлемдер
|
|
АҚШ доллары
|
Евро
|
Иена
|
Басқа
|
Қорытынды
|
Даму мақсаттары бойынша көмек
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
Басқа көмек
|
Х
|
-
|
-
|
Х
|
|
Барлығы
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
Қарыздық қызмет көрсету бойынша барлық төлемдер кезекті жылдары негізгі қарыз бен есептелген пайыздардан тұратын тіркелген соманы төлеуге негізделген. Пайыздарды төлеу сомасы немесе қызмет көрсету төлемдері ағымдық жылдың аяғына қарай әрбір несиенің негізгі өтелмеген сомасына негізделеді, ал өзгермелі пайыздық мөлшерлемесі бар несиелерге қатысты осы мерзімге байланысты мөлшерлемеге негізделеді. Шетел валютасына сәйкес қарыздық қызмет көрсету бойынша төлемдер қаржылық есептіліктің есептілік мерзіміне сәйкес жабу курсын қолданыу тәсілімен анықталған.
|
200X + 1 және X кезекті жылдар
Пайыздарды қоса қарыздық қызмет көрсету бойынша төлемдер
|
|
АҚШ доллары
|
Евро
|
Иена
|
Басқа
|
Қорытынды
|
Даму мақсаттары үшін көмек
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
Басқа көмек
|
Х
|
-
|
-
|
Х
|
|
Барлығы
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
Тауарлар мен қызметтерді алу (2.1.90 және 1.10.21-параграфы)
200Х жылы ZZZ аймағында ең күшті жер сілкінісі болды, ол мемлекеттік және жеке мүлікке айтарлықтай зиянын келтірді және халықтың зардап шегуіне әкеп соқтырды. Мемлекеттер қатарындағы көпжақты және екіжақты көмекті ұсыну бойынша агенттіктер жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды іздеу және құтқаруға көмектесу үшін, персонал және жабдықтар түрінде көмегін ұсынды. Сонымен бірге, аймаққа медициналық жабдықпен бірге дәрігер-травматологтардың арнайы бригадалары жеткізілді. Уақытша баспана мен азық-түлік жеткізілді. Алынған тауарлар мен қызметтердің құны ұлттық валютаның ХХ бірлігіне сәйкес бағаланды. Алынған төтенше көмектің құны екіжақты көмек көрсету бойынша агенттіктермен ұсынылған есептеулер негізінде анықталды, себебі, эквивалентті тауарлар мен қызмет көрсетуге жергілікті бағалар бекітілмеген.
Жыл қарсаңында азық-түлік көмегі ретінде елу мың тонна күріш жеткізілді. Көмек ұлттық валютаның ХХ бірлігіне сәйкес бағаланды. Ол ішкі жаппай нарықтағы ұқсас күріштің жаппай бағасына сәйкес келеді.
Жыл қарсаңында алынған тауарлар мен қызметтер Үкіметпен алынған немесе төленген (тікелей немесе жанама) ақшалай қаражаттарды ғана көрсететін Ақшалай түсімдер мен төлемдер туралы есепте көрсетілмеген. Шынайы формадағы тауарлар мен қызметтер төтенше жағдай кезіндегі көмектің бөлігі ретінде алынды және берілген түсіндірме жазбахатта көрсетілген.
3 қосымша
«Ақшалай қаражытының қозғалысы туралы есеп беру» 2 ҚСҚЕХС талап етілетін форматта қаржы түсімдері мен төлемдері туралы есепті беру
Берілген Стандарттың 2.2.- параграфы 2-бөлімі «Ақшалай қаражытының қозғалысы туралы есеп беру» ҚСҚЕХС 2 талап етілетін форматта қаржы түсімдері мен төлемдері туралы есепті есептеу әдісі бойынша есепке көшуге ниеттенген субъекттерді ынталандырады. 2 ҚСҚЕХС Қоғамдық Сектор үшін Қаржылық Есептеме Халықаралық Стандарттарына сәйкес есептеу әдісі негізінде есеп беретін субъект пайдаланады.
Берілген қосымша 2 ҚСҚЕХС негізгі аспектілерінің түйіндемесін және бұл түйіндемені берілген стандарт талаптарына сәйкес есептеу әдісі бойынша құрастырылатын қаржылық есептемені қолдану бойынша құралды қамтиды. Қаржы түсімдері мен төлемдері туралы есептерді 2 ҚСҚЕХС талаптарына сәйкес ұсынуға талаптанатын субъектілер, егер қажет болса, берілген Стандартты нұсқау ретінде қолдануы тиіс.
«Ақшалай қаражытының қозғалысы туралы есеп беру» 2 ҚСҚЕХС талап етілетін форматта ұсыну
1. «Ақшалай қаражытының қозғалысы туралы есеп беру» 2 ҚСҚЕХС қаржылық есептерді есептеу әдісі бойынша әзірлейтін және ұсынатын субъектіден төменде көрсетілгендей, операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметке сәйкес топталған қаржы қаражатының ағымдары көрсетілген қаржы қаражаты туралы есепті құруын талап етеді.
Анықтамалар
2. Қаржы қызметі – бұл нәтижесі субъектінің салған капиталы мен қарыздарының мөлшері мен құраманың өзгеруі болып табылатын қызмет.
Инвестициялық қызмет – қаржы құралдарының эквивалентіне кірмейтін ұзақ мерзімді активтер мен басқа инвестицияларды сатып алу немесе сату.
Операциялық қызмет – субъектінің инвестициялық немесе қаржылық қызметке жатқызуға болмайтын қызметі.
Қаржы есептеменің компоненттері
3. Қаржы түсімдері мен төлемдері туралы есепті берілген форматта ұсыну барысында бір операцияның нәтижесі болып табылатын қаржы құралдарының ағынын әртүрлі әдістермен топтаудың қажеттілігі туындауы мүмкін. («Қаржы құралдары ағындары бойынша есеп беру» термині 2 ҚСҚЕХС «қаржы қаражатының қозғалысы туралы есеп беруімен» талап етілетін форматта қаржы түсімдері мен төлемдері туралы есептер үшін берілген қосымшаның қалған бөлігінде қолданады. Мысалы, көмек қарызды төлеу пайыздарды да, негізгі соманы құраса, пайыз элементі операциялық қызмет ретінде топталуы мүмкін, ал негізгі сома элементі қаржы қызметі ретінде топталуы мүмкін. Ақпаратты қаржы құраладарының қозғалысы есебі арқылы көрсететін субъект операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінің нәтижесі болып табылатын қаржы құралдарының ағынын оның қызметіне сәйкес келетін әдіс арқылы ұсынады.
4. Қаржы құралдары қозғалысы туралы есеп келесі сомаларды қамтитын баптарды қамтиды:
(a) Операциялық қызметтен түсетін түсімдердің жалпы сомасы;
(b) Операциялық қызмет бойынша төлемдердің жалпы сомасы;
(c) Операциялық қызметтен түскен қаржы құралдарының таза ағымдары;
(d) Инвестициялық қызметтен түскен қаржы құралдарының таза ағымдары;
(e) Қаржылық қызметтен түскен қаржы құралдарының таза ағымдары;
(f) Қаржы құралдарының бастапқы және соңғы сальдосы; және
(g) Қаржы құралдарын таза арттыру немесе қысқарту.
Қосымша мақалалар, атауы және қорытынды сомалары да егер субъектінің қаржы құралдарының ағыны туралы нақты ақпаратты тарату үшін қажетті болса, оны тікелей есептемеде көрсетеді.
5. Субъект, cонымен қатар, қаражат құралдарын есебінде немесе ескертпелерде келесі ақпаратты көрсетеді:
(a) Операциялық, инвестициялық және қаржы қызметінің нәтижесі болып табылатын жалпы ақша түсімдерін және жалпы ақша төлемдерінің негізгі сыныптары, есептемені нетто-негізде көрсетуге рұқсат беретін берілген Стандарттың 1.3.13-параграфында 1-бөлімінде сипатталған жағдайлардан басқа;
(b) Операциялардан түсетін қаржы түсімдер жалпы сомаларын субъект қызметіне сәйкес келетін әдіс арқылы топшаларға бөлу; және
(c) Төлемдерді операциялық қызмет бойынша төлемдер сипаттамасына негізделген топшаға бөлуді қолдана отырып талдау немесе олардың субъекттегі қызметтерді, егер қажет болса, талдау.
Капиталды сатып алу үшін және пайыздар мен дивиденділер үшін төленген төлемдерді жеке ашу да, 2 ҚСҚЕХС талаптарына сәйкес келеді.
6. Ақша құралдарының салықтар, айыппұлдар, жинақтаулар (операциялық қызмет), капиталды активтерді сату (инвестициялық қызмет) және/немесе қарызға алу (қаржылық қызмет) есесінен алынғанын, алынбағаны туралы ақпаратты ашу, сонымен қатар, бұл қаражаттың қолдануға кеткен шығындарды төлеу үшін, капиталды активтерді сатып алуға (инвестициялық қызмет) немесе қарыздарды өтеуге (қаржылық қызмет) шығындалғанын туралы ақпаратты қамтиды және қаржылық есептердің айқындылығы мен жауапкершілігін арттырады. Бұл әдістер субъектінің қолданыстағы ақша қорларын, болашақ қаражат құралдарының мүмкін көздері мен тұрақталағын дәл талдау және бағалауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, берілген Стандарт барлық субъектілердің бұл ақпаратты қаржы есептерде және/немесе сәйкесінше түсіндірме хаттарда ашып көрсетуді ынталандырады.
Операциялық қызмет
7. Қаржы құралдарының түсімдері мен төлемдерінің нетто-салмағы операциялық қызметке байланысты субъект операциялары келесі көрсеткіштермен қамтамасыз етілген негізгі индикатор деңгейлері болып табылады:
-
Салықтардан (тікелей немесе қосалқы), немесе
-
Тауар қабылдаушылар мен субъект көрсеткен қызметтерден.
Қаржы құралдарының түсімдері мен төлемдерінің нетто-салмағын ашып көрсету қызметке байланысты субъектінің өзінің операциялық қызметін атқару барысында міндетемелерді өтеуге, дивидендтер/табысты иесімен бөлу және сыртқы қаржыландыру көздеріне өтінішсіз жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдарын генерирлеу бойынша мүмкіндіктерін анықтауға көмек береді. Операциялық қызметке байланысты барлық үкіметтің қаржы құралдарының қозғалысы туралы шоғырландырылған ақпарат үкіметтің өзінің ағымдағы қызметін салық жинау арқылы қаншалықты қаржыландырудың индикаторы болып табылады. Қаржы құралдарының нақты бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдер құрамдастары туралы ақпарат басқа ақпаратпен салыстырғанда, болашақ операциялық қаражат ағымдарын болжамдау үшін пайдалы.
8. Операциялық қызметтен түскен қаржы құралдарының түсім көздері ретінде, негізінде, субъектінің пайда әкелетін негізгі қызмет түрлері болып табылады. Операциялық қызметке байланысты қаржы құралдары қозғалысының мысалы келесілер:
(a) Салықтар, жинақтаулар және айыппұлдар түріндегі ақша түсімдері;
(b) Тауарларды сату және субъектінің қызмет көрсетуден түскен қаржы құралдарының түсімдері;
(с) Орталық үкімет немесе қоғамдық сектордың басқа да субъектілері бөлетін грант немесе трансферттер және басқа қаржыландыру құралдары түрінде түсетін қаражат құралдары, оның ішінде капталды активтерді сатып алуға бөлінген қаражат;
(d) Қаржы құралдарының лицензиялық төлемдер, роялтилер, және комиссиялық жинақтаулар түріндегі түсімдері;
(e) Қоғамдық сектордың субъектілеріне олардың қызметін қаржыландыру үшін бөлінетін қаржы төлемдері (қарыздар мен меншікті капиталды бөлуден басқа);
(f) Жеткізушілерге тауарлар мен қызметтері үшін ақшалай төлемдер;
(g) Қызметкерлерге және олардың өтініші бойынша ақша төлеу;
(h) Ақша қаражатының түсімдері және сақтандыру субъектінің төлемді өтініш, жылдық салымдар және басқа да сақтандыру сыйақылары бойынша сақтандыру премиялары мен төлемдері түріндегі төлемдер;
(i) Операциялық қызметке байланысты мүлікке салынатын жергілікті салықтар немесе табыс салығы түрінде ақша төлемдері (егер ол қажет болса);
(j) Ақша қаражаттарының және төлемдерінің коммерциялық немесе сауда мақсаттарында жасалған келісімшарттар бойынша түсімдері;
(k) Қызметті тоқтатудан түскен қаржы құралдары немесе төлемдері; және
(l) Сот дауларын шешуге байланысты ақша құралдарын немесе төлемдерінің түсімі;
9. Субъект құнды қағаздар, немесе несиелерді коммерциялық, немесе сауда мақсаттарында иеленуі мүмкін. Бұл жағдайда қайта сату үшін, арнайы сатып алынған қор ретінде қарастырылуы тиіс. Осылайша, коммерциялық немесе сауда құнды қағаздарын сатып алудан немесе сатудан түскен қаржы құралдарының қозғалысы операциялық қызмет ретінде топталады. Осыған ұқсас, қоғамдық қаржы мекемелері бөлетін қаржы алғытөлемдері мен несиелері әдетте операциялық қызмет ретінде топталады, себебі бұлар субъектінің табыс әкелетін негізгі қызметіне жатады.
10. Кейбір мемлекеттерде қоғамдық сектордың үкіметі және басқа да субъектілері субъектілерге қаражат бөледі немесе ол қаражатты субъект операцияларын қаржыландыру үшін шығындауға рұқсат береді және бұл кезде бұл қаражатты ағымдағы операциялар, капиталды жұмыстар және капиталды салу арасында нақты бөлуді талап етпейді. Егер субъект өзі қаражатты немесе бюджет құралдарын, капиталды жұмыстар (операциялық қызмет) және салынған капиталды (инвестициялық қызмет) жеке бөлуге мүмкіндігі болмаса, онда 2 ҚСҚЕХС түсіндірілгендей, субъект қаражатты және бюджет құралдарын операциялық қызметтен түскен қаржы құралдарының қозғалысы ретінде топқа бөлу керек және оларды қаржы құралдарының қозғалысына есептің түсіндірме хатында ашып көрсету керек.
Инвестициялық қызмет
11. Инвестициялық қызметтен түскен қаржы құралдарының қозғалысы туралы ақпаратты жеке ашып көрсету қаржы құралдарының шығындалу деңгейін субъектінің болашақта қызмет көрсету үшін, арналған ресурстарды иемдену мақсатында анықтайды. Инвестициялық қызметтен түскен қаржы құралдарының қозғалысының мысалдары келесі:
(a) Негізгі құралдарды, материалды емес және басқа да ұзақмерзімді активтерді сатып алу үшін, арналған ақша төлемдері. Бұл төлемдер негізгі құралдар мен құрал-жабдықты өз күшімен әзірлеу үшін, кететін капиталды шығындарды қамтиды.
(b) Негізгі құралдарды, материалды емес және басқа да ұзақмерзімді активтерді сатып алу үшін, арналған ақша төлемдері;
(c) Басқа субъектілерінің бөліктеп және қарыз құралдарын сатып алуға және біріккен кәсіпорындарда қатысуы үшін қаржы төлемдері (қаржы құралдары эквиваленттері ретінде қарастырылған бұл құралдар үшін төлемдерден басқа, немесе коммерциялық, немесе сауда мақсаттарында арналған құралдар үшін төлемдер);
-
Басқа субъектілерінің бөліктеп және қарыз құралдарын сатып алуға және біріккен кәсіпорындарда қатысуы үшін, қаржы төлемдері (қаржы құралдары эквиваленттері ретінде қарастырылған бұл құралдар үшін түсімдерден басқа, немесе коммерциялық, немесе сауда мақсаттарында арналған құралдардан түсетін түсімдер);
-
Басқа жақтарға берілетін алғытөлем ақша төлемдері және несиелері (қоғамдық қаржылық мекемелерге берілетін алғытөлем төлемдері мен несиелерден басқа);
-
Басқа жақтарға берілетін алғытөлем ақшасын және несиелерінің орнын толтырудан түсетін қаржы құралдары (қоғамдық қаржылық мекемелерінің алғытөлем төлемдері мен несиелерден басқа);
-
Фьючерстік, форвардтық, опциондық келісімшарттар мен своптар туралы келісімшарттар бойынша қаржы төлемдері, бірақ ерекше жағдай – ол коммерциялық, немесе сауда мақсаттарында жасалған келісімшарттарды қамтиды, немесе төлемдер қаржылық қызмет ретінде топталады; және
-
Фьючерстік, форвардтық, опциондық келісімшарттар мен своптар туралы келісімшарттарынан түскен қаржы түсімдері, бірақ ерекше жағдай – ол коммерциялық, немесе сауда мақсаттарында жасалған келісімшарттарды қамтиды, немесе төлемдер қаржылық қызмет ретінде топталады.
Егер келісімшарт белгілі позицияны хеджирлеу ретінде есепке алынатын болса, онда бұған байланысты қаржы құралдарының қозғалысы хеджирленетін тұрғыдан қаржы құралдарының қозғалысы сияқты топталады.
Достарыңызбен бөлісу: |