Мақсаты
1. Бұл Стандарттың мақсаты міндеттемелер немесе таза актив/капитал немесе қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер құрамындағы қаржылық құралдар туралы есепті ұсыну тәртібін бекітумен тұжырымдалады. Бұл Стандарт қаржылық құралдар жүйесіне қаржылық активтер, қаржылық міндеттемелер немесе үлестік құралдар құрамында эмитент болып пайдаланылады; оларға қатысты пайыздар, үлесақылар немесе ұқсас таратулар, шығындар мен пайлалардың жүйеленуіне; сол сияқты қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер өзара есепке жатуы барысында шарттарға пайдаланылады.
2. Бұл Стандартта көрсетілген тәртіптер мойындау тәртіптері мен «Қаржылық құралдар: мойындау мен баға» 29 ҚСҚЕХС көрсетілген қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді өлшеуді, сол сияқты «Қаржылық құралдар: ақпараттарды ашу» 30 ҚСҚЕХС көрсетілген олар туралы ақпаратты ашу тәртіптерін толықтырады.
Қолдану аясы (AG3—AG9-параграфтарды қараңыз)
3. Есептілікті жасаушы субъект немесе оның өкілі есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есепті енгізу негізінде осы Стандартты мыналардан басқа барлық қаржылық құралдар түріне қолдануы керек:
(а) «Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік» 6 ҚСҚЕХСК, «Қауымдасқан субъектілерге инвестиция салу» 7 ҚСҚЕХСК, немесе «Бірлескен қызметке қатысу» 8 ҚСҚЕХСК стандарттарымен сай есептелген бақылаудағы, шоғырландырылған субъектілердегі немесе біріккен мекемелердегі қатысу үлестеріне. Дегенмен, кей жағдайларда 6 ҚСҚЕХСК, 7 ҚСҚЕХСК және 8 ҚСҚЕХСК субъектіге 29 ҚСҚЕХСК пайдаланумен бақылаудағы, шоғырландырылған субъектілердегі, немесе біріккен мекемелердегі қызығушылықты ескеруге рұқсат береді; Мұндай жағдайларда субъектілер осы Стандарттың талаптарын пайдалануы керек. Субъектілер тағы да осы Стандартты бақылаудағы, шоғырландырылған субъектілердегі, немесе біріккен мекемелердегі қатысу үлестеріне қатысы бар барлық туынды қаржылық құралдарға қолдануы керек.
(b) «Қызметкерлердің сыйақысы» 25 ҚСҚЕХСК қолданылатын қызметкерлерді сыйақы беру жоспары бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері.
(с) Сақтандыру келісім шартынан шығатын міндеттер. Дегенмен де, бұл Стандарт мыналарға қолданылады:
-
Егер 29 ҚСҚЕХСҚ сәйкес субъект туынды қаражат құралдарына, сақтандыру келісімшарттарының есебін жеке жүргізу қажет болса;
-
Қаржылық кепілдік туралы келісім шарттарға, егер эмитент 29 ҚСҚЕХСК мойындау және келісім шарттарды өлшеу үшін қолданса, ол сақтандыру келісім шарттарымен байланысты мәселелерді қарастыратын бухгалтерлік есептің халықаралық немесе ұлттық стандарттарын, егер эмитент осы стандарттың қолданылуын таңдаса, оларды мойындау мен өлшеу үшін, қолдануы керек.
Жоғарыда көрсетілген (i) және (ii) бөлімдерге толықтыруларға субъект осы Стандартты қаржылық тәуекелді беруді алдын ала қарастырған сақтандыру келісім шарттарына қолдана алады.
(d) Есепшілік есептің халықаралық немесе ұлттық стандарттарының қолдану аясындағы қаржылық құралдарды сақтандыру келісім шарттары қатынасында олар қосымша тиімділікті алудың кепілдендірілмеген мүмкіндігін енгізеді. Осы Стандарттың қаржылық міндеттер мен үлестік құралдар арасындағы айырмашылықтар қатынасында 13-37 AG49-AG6O параграфтарындағы ережелер белгілеріне ұқсас мұндай құралдардың эмитенті пайдаланудан босатылады. Дегенмен, мұндай құралдарға осы стандарттың барлық басқа талаптары қолданылуы керек. Оған қоса, осы Стандарттың ережелері осындай құралдардың ішіне кіргізілген туынды қаржылық құралдарға қолданылады (29 ҚСҚЕХСК қараңыз).
(е) Акция негізіне төлем бойынша операцияларды жүзеге асыру барысында туындаған бухгалтерлік есептің халықаралық немесе ұлттық стандарттары қолданылатын қаржылық құралдар, келісім шарттар мен міндеттемелер акциялар негізінде төлем қатынасында мыналарды қоспағанда:
-
Осы Стандарттың 4-6 параграфтарының ережелерінің қолдану аясындағы осы Стандарт қолданылатын келісім шарттарды;
-
Осы Стандарттың 38 және 39-параграфтары қолданылатын акционерлерден сатып алынған өзінің жеке акцияларына, алынған, сатылған, шығарылған немесе жұмысшылардың қорлық опциондары сызба нұсқасымен байланысты жойылған бағдарламамен және басқа да акция негізіндегі төлемдер туралы келісімдермен жұмысшылардың алған акцияларын.
4. Бұл Стандартты ақша қаражаттарында немесе басқа қаржылық құралда нетто-есеп жүргізілуі мүмкін немесе қаржылық құралдарды алмастыру жолымен қаржылық емес бөлімдерді сатып алуға немесе сатуға, егер келісім шарттар қаржылық құралдар болғанда осындай келісім шарттарға қолдану керек. Сатып алынуы, сатылуы және тұтынуы бойынша субъектінің күтілген қажеттілігіне сай қаржылық емес бөлімдерді алу немесе жеткізу мақсатында жасалған және ұсталған келісім шарттар басқалары болып табылады.
5. Ақша қаражаттарымен немесе басқа қаржылық құралдармен немесе қаражат құралдарымен алмасу жолымен, қаражаттық емес бөлімдерді келісім шарт бойынша сатып алуға немесе сатуға нетто-есебін жүргізу мүмкін болатын әртүрлі әдістер бар. Олар енгізеді:
-
Тараптардың кез келгеніне оларды ақша қаражаттарымен немесе басқа қаражат құралдарымен немесе қаржылық құралдармен алмасу жолымен нетто-есептер жүргізумен өшіруге рұқсат беретін келісім шарттарын;
-
Жағдайларды ақша қаражаттарымен немесе басқа қаражат құралдарымен немесе қаражат құралдарын алмастыру жолымен нетто-есеп мүмкіндігі келісім шарттарында нақты анықталмағанда, бірақ субъектіде ұқсас келісімдерді ақша қаражаттарымен немесе басқа қаражат құралдарымен немесе қаражат құралдарын алмастыру жолымен өшіру тәжірибесі бар (немесе келесі тараппен өзара есеп келісімін жасау жолымен немесе келісімді орындалғанға дейін немесе оның қызметінің мерзімі өткенге дейін сату жолымен);
-
Уақыттың қысқа кезеңінде оны жеткізуден кейін бағаның қысқа мерзімді ауытқуынан немесе делдалдық бағаны өсіруден пайда табу мақсатында активті алу немесе сату бойынша субъектіде ұқсас келісімдермен жұмыс практикасының болуы;
-
Ақшалай қаражатта келісім заты болып табылатын қаржылық емес бөлімдердің жылдам айырбасталу мүмкіндігі.
(b) немесе (с) бөлімдері қолданылатын келісімшарт сатып алуға, сатуға немесе тұтынуға субъектінің күтілген қажеттілігіне сай және осыған орай осы Стандарттың қолдану аясында табылатын қаржылық емес бөлімдерді алу не жеткізу мақсатымен жасалмайды. 4-параграф қолданылатын басқа келісім шарттар олардың жасалғанын анықтау үшін қарастырылды және сатып алуға, сатуға, немесе тұтынуға субъектінің күтілген қажеттілігіне сай және осыған орай осы Стандарттың қолдану аясында табылатын қаржылық емес бөлімдерді алу, не жеткізу мақсатымен орындалады
6. Ақша қаражаттарымен немесе басқа қаржылық құралдармен немесе қаржылық құралдармен алмасу жолымен өшіру мүмкіндігімен қаржылық емес бөлімдерді сатуға немесе сатып алуға шығарылған опцион 5(а) немесе (d) параграфтарына сай осы Стандарттың қолдану аясында болады. Мұндай келісім шарт қаржылық емес бөлімдерді субъектінің сатып алуға, сатуға немесе тұтынуға күтілген қажеттілігіне сай алу немесе беру мақсаттары үшін жасалуы мүмкін емес.
7. Бұл Стандарт мемлекеттік коммерциялық кәсіпорында басқа қоғамдық сектордың барлық субъектілеріне қолданылады.
8. ҚСҚЕХСК шығарған «Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарына алғысөзде», ҚЕХСК шығарған ҚЕХС мемлекеттік коммерциялық кәсіпорындарға (МКК) қолданылатыны түсіндіріледі. МКК анықтамасы «Қаржылық есептілікті ұсыну» 1 ҚСҚЕХС көрсетілген.
Анықтамалар (AG10-AG48 параграфтарды қараңыз)
9. Осы стандартта келесі терминдер көрсетілген мағынада қолданылады:
Үлестік құрал – оның барлық міндеттемелерін есептеп шығарғаннан кейін субъект активтерінің қалдық үлесіне құқықты құптайтын кез келген келісімшарт.
Қаржылық құрал – нәтижесінде бір мезгілде қаржылық актив бір субъектіде және қаржылық міндеттеме мен үлестік құрал екінші субъектіде туындайтын кез келген келісімшарт.
Қаржылық актив бұл кез келген актив, яғни:
-
Ақшалай қаражаттар;
-
Басқа субъектінің үлестік құралы;
-
Келісім шарт бойынша құқық:
-
Ақшалай қаражат немесе басқа субъектіде басқа қаржылық актив алуға;
-
Қаржылық активтермен немесе міндеттемелермен басқа субъектілермен субъект үшін тиімді әлеуетті шарттарда алмасуға;
-
Келісімшарт, субъект ол бойынша өзінің жеке үлестік құралдарында жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкін есептер және:
-
Туынды емес құралмен субъект алатын немесе алуы міндетті болатын өзінің құралының тіркелмеген мөлшері;
-
Есептелуі тіркелген ақша қаражаттары жиынтығының, немесе басқа қаражат акивінің жалған жолынан басқа әдіспен жүргізілетін, немесе жүргізілуі мүмкін туынды құралмен субъектінің құралдарының жеке үлесінің тіркелген мөлшері. Бұл мақсаттар үшін субъектінің жеке үлес құралдары өзіне 15 және 16-параграфтардың талаптарына сай үлестік құралдар сияқты жүйеленген, субъектіге тек таратылу барысында таза активтердің барабар үлесін басқа тарапқа жеткізу бойынша міндеттеме жүктейтін және 17 және 18-параграфтардың талаптарына сай үлестің құралдар ретінде жүйеленетін немесе келешекте субъектінің өзінің үлестік құралдарын алуға немесе жеткізуге келісім шарт болып табылатын құралдарды, мерзімінен бұрын өшіру құқығымен қаржылық құралдарды кіргізбейді.
Қаржылық міндеттемелер – бұл кез келген міндеттемелер, яғни:
-
Келісімшарт бойынша міндеттемелер:
-
Басқа субъектіге ақша қаражаттарын немесе басқа активтерді беру туралы;
-
Басқа субъектімен субъект үшін тиімсіз әлеует шарттарында қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен айырбастау туралы;
-
Есептелуі субъектінің жеке үлестік құралдарында жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін келісім шарт, болып табылатын:
-
Ол бойынша субъекті өзінің тіркелмеген үлестік құралдарын беретін немесе беруге міндетті болатын туынды емес құрал;
-
Есептелуі тіркелген ақша қаражаттары жиынтығының немесе басқа қаражат акивінің жалған жолынан басқа әдіспен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін туынды құралмен тұлғаның құралдарының жеке үлесінің тіркелген мөлшері. Бұл мақсаттар үшін субъектінің жеке үлес құралдары өзіне 15 және 16-параграфтардың талаптарына сай үлестік құралдар сияқты жүйеленген, субъектіге тек таратылу барысында таза активтердің барабар үлесін басқа тарапқа жеткізу бойынша міндеттеме жүктейтін және 17 және 18-параграфтардың талаптарына сай үлестің құралдар ретінде жүйеленетін немесе келешекте субъектінің өзінің үлестік құралдарын алуға немесе жеткізуге келісім шарт болып табылатын құралдарды, мерзімінен бұрын өшіру құқығымен қаржылық құралдарды кіргізбейді.
Ерекшелік сапасындағы құрал қаржылық міндеттемелердің анықтамаларына сай егер онда барлық белгілері бар болса және 15 және 16-параграфтарда немесе 17 және 18-параграфтарда көрсетілген барлық шарттарға сай келсе, үлес құралы ретінде жүйеленеді.
Мерзімінен бұрын өшірілу құқығымен құрал - ол құрал иесіне құралды қайтадан оның эмитентіне ақша қаражаттарына немесе басқа қаржылық активке сатуға немесе келешекте анықталмаған оқиға туындау немесе құралды ұстаушының қайтыс болуы немесе зейнетке шығуы барысында эмитентке автоматты түрде қайтарылуына құқық беретін қаржылық құрал.
Басқа қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарында келтірілген анықтамалар бұл Стандартта басқа стандарттағы сияқты мағынада қолданылады және жеке басылып шығарылған анықтамалар Глоссарийінде келтірілген
10. Келесі терминдер 29 ҚСҚЕХСК 10-параграфында анықталған және бұл стандартта сол Стандарттағы сияқты мағынада қолданылады.
-
Қаржылық активтің немесе қаржылық актив топтарының амортизацияланған құны;
-
Сатуға арналған қолда бар қаржылық активтер;
-
Мойындаудың тоқтатылуы;
-
Туынды қаржылық құралдар;
-
Тиімді пайыз мөлшерлемесінің әдісі;
-
Пайдалар мен шығындар арқылы ескерілетін қаржылық актив немесе қаржылық міндеттемелер;
-
Қаржылық кепілдік келісім шарты;
-
Берік міндеттеме;
-
Болжанған операция;
-
Хеджирлеу тиімділігі;
-
Хеджирленген бөлім;
-
Хеджирлеу құралы;
-
Өшіргенге дейін ұсталатын инвестиции;
-
Қарыздар мен қалдық қарыздар;
-
Сатып алу мен сатудың қалыпты рәсімдері;
-
Іс бойынша шығындар.
11. Бұл Стандартта «келісім шарт» және «келісім шарттық» терминдері екі немесе одан көп тараптар арасында тараптар әс жүзінде қашпайтын немесе қашуға мүмкіндігі жоқ, себебі ережеге сай сот тәртібінде заң мұндай келісімнің күштеп орындалуын алдын ала қарастырған анық экономикалық нәтижесі бар келісімге жатады. Келісім шарттар, яғни қаржылық құралдар әр түрлі қалыпта болуы мүмкін және жазбаша түрде рәсімделуі міндетті емес.
12. Бұл Стандартта «субъект» термині қоғамдық сектордың субъектілеріне, жеке тұлғаға, жолдастарға, акционерлік қоғамдарға және сенімді қорларға жатады.
Ақпарат ұсыну
Міндеттемелер мен таза активтер/капитал (сол сияқты AG49-AG54 параграфтарын қараңыз)
13. Қаржылық құралдың эмитенті бастапқы мойындау барысында бұл құралды немесе оның құраушы бөліктерін келісімшарт мазмұнына және қаржылық міндеттемелердің, қаржылық активтің және үлестік құралдардың анықтамаларына сай қаржылық міндеттеме, қаржылық актив немесе үлестік құрал сияқты жүйелеуі керек.
14. Эмитенттің 9-параграфта көрсетілген терминдерді қаржылық құралдың қаржылық міндеттеме емес, үлестік құрал екенін бекіту үшін, пайдалануы барысында мұндай құрал төменде көрсетілген (a) және (b) бөлімдерінің шарттарына сәйкес келгенде ғана, үлестік құрал бола алады.
-
Құрал келісім шарт міндеттемелерін мазмұндамайды:
-
Ақша қаражаттарын немесе басқа қаржылық активтерді басқа субъектіге беру;
-
Қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен эмитент үшін тиімсіз әлеует шарттарында айырбастау.
-
Егер құрал бойынша есептеу субъектінің өзінің жеке құралдарында жүргізілсе, немесе жүргізілуі мүмкін болса, ол болып табылады:
-
Эмитенттің беретін немесе беруге міндетті болатын өзінің тіркелмеген үлестік құралдары бойынша келісім шарттық міндеттемелерді алмайтын туынды емес құрал;
-
Есептелуі тіркелген ақша қаражаттары жиынтығының немесе басқа қаражат активінің тек қана жалған жолымен жүргізілетін туынды құралмен эмитенттің құралдарының жеке үлесінің тіркелген мөлшері. Бұл мақсаттар үшін эмитенттің жеке үлес құралдары 15 және 16-параграфтардың талаптарына сай белгілер бар, немесе 17 және 18-параграфтардың талаптарына сай эмитенттің өзінің үлестік құралдарын алуға немесе жеткізуге келісім шарт болып табылатын құралдарды кіргізбейді.
Келісімшарттық міндеттемелер, келешекте эмитенттің өзінің жеке үлестік құралдарын алып келетін, немесе алып келуі мүмкін туынды қаржылық құралдан туындайтын, бірақ (а) және (b), бөлімдерінің шарттарына сай келмейтін келісімшарттарды қосқанда үлестік құрал болып табылмайды. Ерекшелік сапасындағы құрал қаржылық міндеттемелердің анықтамаларына сай, егер, онда барлық белгілері бар болса және 15 және 16-параграфтарда немесе 17 және 18-параграфтарда көрсетілген барлық шарттарға сай келсе, үлес құралы ретінде сыныптастырылады.
Мерзімінен бұрын өшіру құқығына ие құралдар
15. Мерзімінен бұрын өшіру құқығымен қаржылық құралдар сатуға опционды орындау барысында қайта сатып алу немесе осындай құралды ақша қаражаттарымен немесе басқа қаражат құралдарымен өшіруге эмитенттің келісім шарт міндеттемелерін өзіне енгізеді. Ерекшелік сапасындағы қаржылық міндеттемелер терминінің анықтамаларына сай келсе, өзіне осындай міндеттемелерді енгізетін, құрал үлес құралы ретінде сыныптастырылады, егер онда келесі белгілердің барлығы бар болса:
-
Таратылу жағдайында субъектінің таза активтерінің шамалас үлесі иесіне құқық береді. Субъектінің таза активі бұл оның активтері бойынша барлық басқа талаптарды шығарып тастағаннан кейін қалған активтер. Шамалас үлес былай анықталады:
-
Субъектінің таза активтерін оның таратылу мерзіміне жиынтық бойынша тең жеке бөліктерге бөлу жолымен;
-
Осы жиынтықты қаржылық құралдың иесіне жататын бөлік мөлшеріне көбейту жолымен.
-
Құрал барлық басқа құралдар кластарына қатынасы бойынша қосалқы қарапайымдатылған болып табылатын сыныпқа жатады. Мұндай сыныпқа жату үшін құрал:
-
Субъект активтері бойынша оның таратылуы барысында басқа талаптар үстінен қарапайымдылығы болмауы керек;
-
Қатынасы бойынша басқа қарапайымдатылған болып табылатын құралдар класына енгенше, басқа құралдарға айырбасталуы міндетті емес.
-
Құралдардың барлық басқа сыныптарына қатынасы бойынша басқа қарапайымдатылған болып табылатын құралдар сыныбына жататын барлық қаржылық құралдардың бірдей белгілері болады. Мысалы, олардың барлығының кері сатуға құқығы болуы керек және осы кластың барлық құралдары үшін бірдей формуласы, немесе кері сатып алуға, немесе өшіруге баға есебінің басқа әдісі бар болуы керек.
-
Құралды ақша қаражаттарына немесе басқа қаражат құралдарына кері сатып алуға немесе өшіруге эмитенттің келісім шарттан басқа мұндай құралдың ақша қаражаттарын немесе басқа қаражат құралдарын немесе басқа субъектімен субъект үшін тиімділік әлеуетінсіз шарттармен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен айырбастауға ешқандай басқа келісім шарт міндеттемелері жоқ және субъектінің өзінің жеке үлестік құралдары есебінен өшірілетін, немесе өшірілуі мүмкін (b) бөлімшесінде қаржылық міндеттемелер анықтамасында көрсетілгендей келісім шарт болып табылмайды.
-
Құралдарға қатысты оның қызметі мерзімі ішінде жалпы күтілетін ақша қаражаттарының қозғалысы негізінде пайдаларға және шығындарға, мойындалған таза активтердің өзгерістеріне, немесе субъектінің мойындалған және мойындалмаған таза активтердің әділ құнындағы өзгерістеріне осы құралдың қызмет ету мерзімі ішінде тәуелді болады (осы құрал әкелетін кез келген зардабын қоспағанда).
16. Құралда жоғарыда көрсетілген белгілердің болуынан басқа үлестік құрал ретінде сыныптастырылуы үшін, эмитентте басқа қаржылық құралдар немесе келісім шарттар төмендегілерде болмауы керек:
-
Ақша қаражаттарының жалпы қозғалысы негізінен пайдалар мен шығындарға, мойындалған таза активтердің өзгерістеріне, субъектінің мойындалған немесе мойындалмаған таза активтердің әділ құндарының өзгерістеріне тәуелді болады (осы құрал немесе келісім шарт әкелетін кез келген зардабын қоспағанда);
-
Шектеулер зардабы мен иесіне мерзімінен бұрын өшіру құқығымен шын мәніндегі тіркелген қалдық пайданы бекіту.
Субъектінің осы шарттарды қолдану мақсатында құралдың иесімен 15-параграфта сипатталған келісім шарттың мерзімі мен шарттарын, ұқсас мерзім мен шарттар бойынша құрал иесі емес тараппен немесе субъект - эмитентпен жасалған болуы мүмкін балама шарттарды алдын ала қарастырған қаржылық емес келісім шартты ескермеуі керек. Субъект мерзімінен бұрын өшіру құқығымен құралды, егер ол осы шарттардың сақталуын ажырата алмаса үлестік құрал ретінде сыныптастырылуы керек. .
Тек таратылуы барысында субъектінің таза активінің шамалас үлесін басқа тарапқа жеткізу бойынша субъектіге міндеттеме жүктейтін құралдар немесе құралдарды құраушы бөлшектері
17. Кейбір қаржылық құралдар өзіне тек таратылуы барысында өзінің таза активінің шамалас үлесін басқа тарап пайдасы үшін жеткізу бойынша эмитентің міндеттемесін енгізеді. Бұл міндеттеме субъектінің таратылу мүмкіндігі жоғары және субъект бақылауынан тыс болуына байланысты туындайды (мысалы, субъект шектеулі қызмет мерзімімен), немесе таратылу мүмкіндігі жоғары емес, бірақ құрал иесіне таңдау ұсынылады. Қаржылық міндеттемелерді анықтауға ерекшелік сапасында өзіне осындай міндеттемелерді енгізетін құралдар үлестік құрал сияқты сыныптастырылады, егер онда келесі белгілер бар болса:
-
Таратылуы жағдайында субъектінің таза активтерінің шамалас үлесіне құқық ұсынады. Субъектінің таза активі – ол оның активі бойынша барлық басқа талаптарды шығарғаннан қалған активтер. Шамалас үлес былай есептеледі:
-
Субъектінің таза активтерін оның таратылу мерзіміне жиынтық бойынша тең жеке бөліктерге бөлу жолымен;
-
Қаражат құралдарының иесіне жататын бөліктердің санына атаулы соманы көбейту жолымен
(b) Құрал барлық басқа құралдар сыныптарына қатынасы бойынша қосалқы қарапайымдатылған болып табылатын сыныбына жатады. Мұндай сыныпқа жату үшін құрал:
-
Субъект активтері бойынша оның таратылуы барысында басқа талаптар үстінен қарапайымдылығы болмауы керек;
-
Қатынасы бойынша басқа қарапайымдатылған болып табылатын құралдар сыныбына енгенше басқа құралдарға айырбасталуы міндетті емес.
-
Құралдардың барлық басқа сыныптарына қатынасы бойынша басқа қарапайымдатылған болып табылатын құралдар сыныбына жататын барлық қаржылық құралдар эмитенттің таратылу барсынды өзінің таза активінің шамалас үлесін беруге бірдей келісім шарттық міндеттемелерін алдын ала қарастыруы керек.
18. Құралда жоғарыда көрсетілген белгілердің болуынан басқа үлестік құрал ретінде сыныптастырылуы үшін, эмитентте басқа қаржылық құралдар, немесе келісім шарттар болмауы керек, мыналарда:
-
Ақша қаражаттарының жалпы қозғалысы негізінен пайдалар мен шығындарға, мойындалған таза активтердің өзгерістеріне, субъектінің мойындалған немесе мойындалмаған таза активтердің әділ құндарының өзгерістеріне тәуелді болады (осы құрал немесе келісім шарт әкелетін кез келген зардабын қоспағанда);
-
Шектеулер зардабы мен иесіне мерзімінен бұрын өшіру құқығымен шын мәніндегі тіркелген қалдық пайданы бекіту.
Субъект осы шарттарды қолдану мақсатында құралдың иесімен 17-параграфта сипатталған келісім шарттың мерзімі мен шарттарын, ұқсас мерзім мен шарттар бойынша құрал иесі емес тараппен немесе субъект-эмитентпен жасалған болуы мүмкін балама шарттарды алдын ала қарастырған қаржылық емес келісім шартты ескермеуі керек. Субъект мерзімінен бұрын өшіру құқығымен құралды, егер, ол осы шарттардың сақталуын ажырата алмаса, үлестік құрал ретінде сыныптастырмауы керек.
Тек таратылуы барысында субъектінің таза активінің шамалас үлесін басқа тарапқа жеткізу бойынша субъектіге міндеттеме жүктейтін құралдарды қайта сыныптастыру
19. Субъект қаржылық құралды 15 және 16-параграфтарда, немесе 17 және 18-параграфтарда көрсетілген барлық шарттарға сай келсе, барлық белгілерді игере бастағанда, сол уақыттан бастап үлес құралы ретінде сыныптастырады. Субъект параграфтарда көрсетілген барлық белгілерді игеруді және шарттарына сай болуды тоқтатқанда, құралды қайта сыныптастыруы керек. Мысалы, егер субъект өзінің барлық құралдарын мерзімінен бұрын өшіру құқығынсыз кері сатып алса, қалған айналымдағы мерзімінен бұрын өшіру құқығымен құралдарды 15 және 16-параграфтарда көрсетілген шарттарға сай барлық белгілерін игерсе, онда құралдарды мерзімінен бұрын өшіру құқығымен үлестік құрал ретінде мерзімінен бұрын өшіру құқығынсыз құралдарды өшірген соң, сол уақыттан бастап қайта сыныптастыруы керек.
20. Субъект құралдың қайта сыныптастыруын 19-параграфқа сай былай ескеруі керек:
-
Субъект үлестік құралды қаржылық міндеттеме сияқты 15 және 16, 17 және 18-параграфтарда көрсетілген белгілерді игеруді және шарттарға сай болуды тоқтатқан уақыттан бастап қайта сыныптастыруы керек. Қаржылық міндеттеме құралдың қайта сыныптастыруы мерзіміне әділ бағасымен өлшенуі керек. Субъект таза актив/капиталда үлестік құралдың баланстық құны мен қайта сыныптастырған мерзіміне әділ құны арасындағы кез келген айырмашылықты мойындауы керек.
-
Ол қаржылық міндеттемені үлестік құрал ретінде 15 және 16, 17 және 18-параграфтарда көрсетілген белгілерді игеруді бастаған және шарттарға сай болуды уақыттан бастап қайта қайта сыныптастыруы керек. Үлестік құрал қаржылық міндеттеменің қайта сыныптастырылу мерзіміне баланстық құнымен өлшенеді.
Ақша қаражаттары мен басқа қаржылық құралдарды жеткізу бойынша келісімшарт міндеттемелерінің болмауы (14(a) параграф)
21. 15 және 16 немесе 17 және 18-параграфтарда көрсетілген шарттарды қоспағанда, қаржылық міндеттемені үлестік құралдан ажырататын маңызды белгі қаржылық құралға (эмитентке) ақша қаражаттарын, немесе басқа қаржы активін (иесі) беру, немесе қаржылық активтермен, немесе қаржылық міндеттемелер иесімен эмитент үшін тиімсіз әлеует болатын алмасу бойынша келісімшарт міндеттемесінің болмауы болып табылады. Дегенмен, үлестік құралдың иесі кез келген жарияланған үлесақының шамалас үлесін, немесе ұқсас таратулар немесе таза актив/капитал таратуларын алуға құқық иеленуі мүмкін, эмитентте одан ақша қаражаттарын немесе басқа қаржылық активті басқа тарапқа беретін мүмкіндігі болмағандықтан, мұндай таратуларды жүзеге асыру келісім шарттарының міндеттемелері жоқ.
22. Субъектінің қаржылық жағдайы туралы есебінде қаржылық құралды сыныптастыруы оның түрімен емес, мазмұнымен анықталады. Мазмұн мен заңды түр бір-бірімен келісіледі, бірақ барлық уақытта емес. Кейбір қаржылық құралдар үлестік құралдың заңды түрін қабылдайды, бірақ өзінің мазмұны бойынша міндеттеме болып табылады, ал басқалар өзіне барлық белгілерді үлестік құралдар сияқты қаржылық міндеттемелерді де үйлестіреді. Мысалы:
-
Эмитентпен міндетті өшіру алдын ала қарастырылатын артықшылығы бар акция тіркелген, немесе анықталатын жиынтық бойынша тіркелген немесе келешекте анықталатын мерзімге, не болмаса, иесіне эмитенттен құралды белгілі бір мерзімге қайта сатып алуға құқық ұсынатын тіркелген, немесе анықталған жиынтық бойынша белгілі бір мерзімнен кейін қаржылық міндеттеме болып табылады
-
Иесіне эмитентке ақша қаражаттарына, немесе басқа қаражат активіне («мерзімінен бұрын өшіру құқығымен құрал») құралды қайтадан қайтаруға құқық беретін қаржылық құрал 15 және 16, 17 және 18-параграфтарға сай.үлестік құралдар сияқты сыныптастырған құралдардан басқасы қаржылық міндеттеме болып табылады. Қаржылық құрал қаржылық ақша қаражаттарының немесе басқа қаржылық активтердің жиынтығы көрсеткіш негізінде немесе есептің өсу және кему қабілеті бар басқа бөлімімен анықталған кезде де міндеттеме болып табылады. Иесінде құралды эмитентке ақша қаражаттарына немесе басқа қаржылық активке қайтару мүмкіндігінің болуы мерзімінен бұрын өшіру құқығымен құрал 15 және 16, 17 және 18-параграфтарға сай үлестік құралдар сияқты сыныптастыруылған құралдардан басқасы қаржылық міндеттеменің анықтамасына сай келетінін білдіреді. Мысалы, өзара қор ашу, сенімділік жарналық қор, серіктестік және кейбір корпоративті субъектілер эмитенттегі олардың үлесін кез келген уақытта ақша қаражаттарына жарналық қор иелеріне немесе қатысушыларға 15және 16, 17 және 18-параграфтарға сай үлестік құралдар сияқты сыныптастырған құралдардан басқасы жарналық қор иелерінің, немесе қатысушылардың қатысу үлестері қаржылық міндеттеме сияқты сыныптастырылуына әкелетін қайтару құқығын бере алады. Дегенмен, қаржылық міндеттеме ретінде сыныптастыру субъектінің енгізілген таза активтер/капитал жоқ (кейбір өзара қордағы, сенімділік жарна қорларындағы сияқты. 7-көрнекілікті мысалды қара), қаржылық есептілігіндегі «жарналық қорға қатысты таза активтер» және «жарналық қорға қатысты таза активтер жиынтығының өзгерістері» сияқты бөлімдер атауын пайдалануға немесе қатысушылардың үлесі таза актив/капитал және мерзімінен бұрын өшіруге құқықты құралдар анықтамаларына сай келетін қорлар сияқты есеп бөлімдерінен тұратынын көрсететін ақпараттарды қосымша ашуға кедергі бола алмайды (8-көрнекілікті мысалды қара).
23. Егер субъектіде келісім шарт міндеттемелерін өшіру үшін, ақша қаражаттарын немесе басқа қаржылық активті беруді болдырмайтын шартсыз құқық жоқ болса, онда мұндай келісім шарт 15және 16, 17 және 18-параграфтарға сай үлестік құралдар сияқты сыныптастырған құралдарды қоспағандағы қаржылық міндеттемелердің анықтамаларына сай келеді. Мысалы:
-
Шет ел валютасына қолжетімдігінің жоқтығы, төлем жасауға реттеуші органдардан рұқсат алу қажеттігі сияқты субъектінің келісім шарт міндеттемелерін өшіру қабілетінің шектелуі субъектіні оның келісімшарт міндеттемелерінен босатпайды, немесе осы құрал бойынша иесіне келісілген құқықты тоқтатпайды
-
Келесі тараптың іс бойынша өзінің өшіруге құқығымен пайдалатынына тәуелді келісімшарт міндеттемелері субъектіде келісімшарт міндеттемелерін өшіру үшін, ақша қаражаттарын, немесе басқа қаржылық активті беруді болдырмайтын шартсыз құқық жоқ болғандықтан, қаржылық міндеттеме болып табылады.
24. Ақша қаражаттарын немесе басқа қаржылық активті беру бойынша келісім шарттарды қарастырмайтын қаржылық құрал оны мерзімі мен шарттары арқылы жанама бекіте алады. Мысалы:
-
Қаржылық құрал субъект құралды тарата алмайтын немесе өшіре алмайтын жағдайда болғанда өшірілуі тиіс қаржылық емес міндеттемелерді де мазмұндай алады. Егер субъект қаржылық емес міндеттемені өшіру жолымен ақша қаражаттарын немесе басқа қаражат активін беруді болдырмай қойдыра алса, онда мұндай құрал қаржылық міндеттеме болып табылады.
-
Қаржылық құрал қаржылық міндеттеме болып табылады, егер ол субъект оны өшіру барысында мыналарды беретінін алдан ала қарастыратын болса:
-
Ақша қаражаттары, немесе басқа қаражат активі;
-
Құны ақша қаражаттарынан, немесе басқа қаражат активінен едәуір жоғары болатын өз активі.
Субъект ақша қаражаттарын, немесе басқа қаражат активтерін беру бойынша нақты келісім шарт міндеттемелері жоқ болғанымен, акцияны балама өшірудің жиынтығы сондай, субъект оны ақша қаражаттарымен өшіреді. Кез келген жағдайда иесіне, шын мәнінде, ең аз дегенде, өшірілген ақша қаражаттарымен тең жиынтықты алу кепілдендірілген. (25-параграфты қара).
Достарыңызбен бөлісу: |