Ауыстырмалы жағдайлар (34-35 параграфтарын қараңыз)
AG68 Концедент концессиялық активтерді мойындамаған жағдайларда ол 35(b) параграфқа сәйкес шешім қабылдай алады. Концессиялық активтерді және оларға қатысты міндеттемелерді тиімді, яғни шартты құны бойынша мойындауға және есептеуге құқығы бар. Шартты құны салыстырмалы ақпараты қаржылық есеп беруде берілген өте ерте мерзімнің басында анықталады.
AG69 Концессиялық активтердің шартты құны келесі бағалау базаларын қолдана отырып анықталуы тиіс:
(а) Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен құрал-жабдықтар үшін – әділ құны, немесе жинақталған амортизацияны есепке ала отырып алынған ауыстыру құны, бұл құны бойынша нарықтың жоқ болған жағдайында әділ құны анықталады. 17 ҚСҚЕХС әділ құны, немесе жинақталған амортизацияны есепке ала отырып, алынған ауыстыру құны көмегімен қайта бағалауды өткізуге мүмкіндік береді (17 ҚСҚЕХС, 46-48 параграфтары); және
(b) Материалды емес активтер үшін – әділ құны. 31 ҚСҚЕХС қайта бағалауды өткізу үшін, тек қана әділ құнды қолдануға мүмкіндік береді, сондықтан шартты құн әділ құнымен шектеледі.
AG70 Сәйкесінше міндеттемелер келесі әдістер арқылы анықталуы шарт:
(а) Қаржылық міндеттеме моделі аясындағы міндеттеме– міндетті келісімшарт арқылы анықталған қалдық келісім ақша ағындары және AG41-AG46 параграфтарында белгіленген мөлшерлеме.
(b) Операторға рұқсат беру моделі аясындағы міндеттеме – активтің әділ құны минус қызмет көрсетуге концессиялық келісімнің қалдық периодын есепке алғанда түзетумен кез-келген қаржылық міндеттемелер.
AG71 Қажу немесе амортизация шартты құнға байланысты есептеледі, бұл субъект шартты бағаны анықтаған серзімге қатысты есептеледі.
Қаржылық міндеттеме моделі аясында шартты бағаны қолдану
AG72 Концедент қаржылық міндеттеме моделі аясында шартты бағаны қолданған кезде ол келесі көрсеткіштерді есептейді:
(а) Концессиялық актив – әділ құны бойынша (11-параграфын қараңыз); және
(b) Қаржылық міндеттеме – міндетті келісімшарт арқылы анықталған қалдық келісім ақша ағындары және AG41-AG46 параграфтарында белгіленген мөлшерлеме, салыстырмалы ақпараты қаржылық есеп беруде берілген өте ерте мерзімде.
Актив құны мен қаржылық міндеттеме арасындағы кез-келген айырмашылық таза активтер/капитал түрінде мойындалады. Егер субъект өзінің есеп саясаты ретінде 17 ҚСҚЕХС немесе 31 ҚСҚЕХС қарастырылған қайта қаралған құны бойынша есеп моделін таңдайды, бұл айырмашылық қайта бағалаудың өсуіне байланысты қосылады.
Шартты бағаны операторға рұқсат беру моделі аясында пайдалану
AG73 Концедент шартты бағаны операторға рұқсат беру моделі аясында пайдаланған жағжайда ол келесі көрсеткіштерді есептейді:
(а) Концессияық актив - әділ құны бойынша (11-параграфын қараңыз); және
(b) Табыстың әзірленбеген бөлігі болып табылатын міндеттеме, концесииялық активті иемденгеннен кейін пайда болады. Бұл сома активтің әділ бағасы ретінде анықталуы тиіс азайту қызмет көрсетуге концессиялық келісімнің қалдық кезеңін есепке алғанда, түзетумен кез келген қаржылық міндеттемелер.
В қосымшасы
Басқа ҚСҚЕХС өзгертулер
«Қарызға беру бойынша шығындар» 5 ҚСҚЕХС
6-параграфқа келесі өзгертулер енгізіледі:
Қарызға беру бойынша шығындар
-
Қарызға беру бойынша шығындар қоса алады:
-
Банктік овердрафттар бойынша, қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік несие пайыздарын;
-
Алынған несиелер бойынша жеңілдіктер немесе сыйлықтар амортизациясын;
-
Алынған несиелерге байланысты келтірілген қосымша шығындардың амортизациясын;
-
Қызметтер көрсету үшін концессиялық келісімдер және қаржылық лизингке қатысты төлемдер; және
-
Шетел валютасындағы қарыздардың нәтижесінде пайда болған, яғни олардың, пайыздар төлеміне кеткен шығындардың түзетуі деп санайтын шамасындағы курстық ерекшеліктерін.
Күшіне ену күні
42-параграфтан кейін келесі жаңа параграф қосылады:
42A. 2011 жылғы қазанда шыққан «Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім: Концедент» 32ҚЕХСҚС сәйкес 6-параграфқа түзетулер енгізілді. Субъект бұл түзетуді 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейіңгі кезеңдерді қамтитын жылдық қаржылық есептікке қолдану қажет. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Субъект осы түзетуді 2014 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңнен қолданған жағдайда, ол бұл дәйекті ашуға және, сәйкесінше, 32 ҚЕХСҚС 25-27 және 13 ҚЕХСҚС 85В-параграфтарындағы түзетулерді, 17 ҚЕХСҚС 5, 7 және 107С -параграфтарындағы түзетулерді, 29 ҚЕХСҚС 2 және 125А параграфтарындағы түзетулерді және 31 ҚЕХСҚС 6 және 132А параграфтарындағы түзетулерді қолдануға тиіс.
«Жалгерлік» 13 ҚЕХСҚС
25-27 параграфтарына келесі өзгертулер енгізіледі:
Жалдау және басқа шарттар
25. Шарт айрықша түрде жалдау активтерінен құрылуы мүмкін. Бірақ, жалдау активтерді құру, басқару, тұтыну және/немесе беруге жеке ұйымдармен шарттардың ауқымдырақ тізіміндегі тек бір ғана элементі болуы мүмкін. Қоғамдық сектордағы субъектілер көбінесе ұзақ мерзімді материалдық активтер және инфрақұрылымдық активтерге қатысты шарттарды жиі құрады. Мысалы, қоғамдық сектордың субъектісі ақылы жол жүруді құруы мүмкін. Содан соң ол келісімшарттың бөлігі ретінде жекеменшік ұйымға жалға береді. Жеке меншік ұйым төмендегілерге келісім береді:
(a) ұзақ мерзімге ақылы жол жүруді жалдай алады (меншікке ие болу құқығымен немесе құқығынсыз);
(b) ақылы жол жүруді басқару; және
(c) жол жабыны және жол жүруді бақылау бойынша технологияны ң уақтылы модернизациясын қоса отырып, эксплуатация және қызмет көрсетуге қатысты маңызды талаптарды орындау.
Басқа шарттар жеке ұйымдардын инфрақұрылымды жалға алушы қоғамдық сектордың субъектісін құра алады. Субъект «Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім. Концедент» 32 ҚСҚЕХС сәйкес қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім болып табылатындығын анықтайды.
26. Егер шарт 32 ҚСҚЕХС анықталғандай, концессиялық активті мойындау талаптарына жауап бермесе, және осы стандартта анықталғандай операциялық немесе қаржылық жалдауды анықтайтын құрамды келісім, шарттың жалдау компоненттері бойынша операцияларды есепке алуда осы стандарттың қағидасы қолданылу керек.
27. Қоғамдық сектордың субъектілері, сонымен бірге қызметтер және/немесе тауарларды ұсыну бойынша, яғни сәйкесінше активтерді қолдануды міндетті түрде тартатын әр түрлі шарттарды құра алады. Осындай кейбір шарттар түсініксіз болуы мүмкін, яғни осы стандартта анықталғандай жалдауда, немесе 32 ҚЕСҚХС анықталғандай қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім туындауына байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда кәсіби талқылау қолданылады және егер жалдау туындаса, осы стандарт қолданылады: егер жалдау туындамаса, онда осындай ұйымдардың шарттары шектеуінде есепке алу үшін, қоғамдық секторға арналған қаржылық есептіктің халықаралық басқа стандарттарының қағидасына немесе, мұндай болмаған жағдайда бухгалтерлік есептіктің халықаралық және/немесе ұлттық сәйкес стандарттары қолданады.
Күшіне ену күні
85А-параграфынан кейін келесі жаңа параграф қосылады:
85В. 25, 26 және 27 параграфтарына 2011 жылғы қазанда шыққан «Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім: Концедент» 32 ҚЕХСҚС сәйкес 6-параграфқа түзетулер енгізілді. Субъект бұл түзетуді 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейіңгі кезеңдерді қамтитын жылдық қаржылық есептікке қолдану қажет. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Субъект осы түзетуді 2014 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңнен қолданған жағдайда, ол бұл фактті ашуға 32 ҚСҚЕХС және 5 ҚСҚЕХС 6 және 42A параграфтарындағы өзгертулерді, 17 ҚСҚЕХС 5, 7 және 107С -параграфтарындағы өзгертулерді, 29 ҚСҚЕХС 2 және 125А -параграфтарындағы өзгертулерді және 31 ҚСҚЕХС 6 және 132А параграфтарындағы өзгертулерді қолдануға тиіс.
«Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар» 17 ҚЕХСҚС
5-параграфқа келесі өзгертулер енгізіледі:
Қолдану аясы
5. Осы стандарт мүліктер, ғимараттар және жабдықтарға қолданылады, оның ішінде:
(a) Арнайы әскери жабдықтарға;
(b) Инфрақұрылымдық активтерге; және
(с) «Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім: Концедент» 32 ҚСҚЕХС сәйкес алғашқы қолдау және бағалаудан кейінгі концессиялық активтерге.
7-параграфқа келесі өзгертулер енгізіледі:
-
Қоғамдық секторға арналған басқа Қаржылық есептіктің халықаралық стандарты осы стандарттан ерекшеленетін жақындыққа негізделген мүліктер, ғимараттар және жабдықтар объектілерін мойындауды талап етуі мүмкін. Мысалы, 13 ҚЕХСҚС «Жалгерлік» субъектінің қауіп және сыйақы беру базасында мүліктер, ғимараттар және жабдықтар объектілерін өз мойындауында бағалауды талап етеді. 32 ҚСҚЕХС активтерді бақылау базасында қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім шектеуінде қолданылатын мүліктер, ғимараттар және жабдықтар объектілерін өз мойындауында бағалауды талап етеді. Бірақ, осындай жағдайда бұл активтердің есептік өңдеудің басқа аспектілері амортизацияны қоса алып осы стандартта тіркелген.
Күшіне ену күні
107В параграфтан кейін келесі жаңа параграф қосылады:
107С. 5 және 7-параграфтарына 2011 жылғы қазанда шыққан «Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім: Концедент» 32 ҚСҚЕХС сәйкес 6-параграфқа түзетулер енгізілді. Субъект бұл түзетуді 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейіңгі кезеңдерді қамтитын жылдық қаржылық есептікке қолдану қажет. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Субъект осы түзетуді 2014 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңнен қолданған жағдайда, ол бұл фактті ашуға және, сәйкесінше, 5 ҚЕҚСХС 6 және 42A параграфтарындағы ҚСҚЕХС 5-параграфтарындағы өзгертулерді, 13 ҚСҚЕХС 25-27 және 85B параграфтарындағы өзгертулерді, 29 ҚСҚЕХС 2 және 125А параграфтарындағы өзгертулерді және 31 ҚСҚЕХС 6 және 132А параграфтарындағы өзгертулерді қолдануға тиіс.
29 ҚСҚЕХС «Қаржы құралдары: мойындау және бағалау»
2-параграфқа келесі өзгерулер енгізіледі:
2. Осы Стандарт барлық субъекттермен қаржы құралдарының барлық типтеріне қолданылуы тиіс, ерекшелей отырып:
(k) 32 ҚСҚЕХС «Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім: Концедент» әрекеті жүретін қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімдер бойынша құқықтар мен міндеттер. Бірақ, қаржылық міндеттемелердің моделі шектеуінде концедентпен танылған қаржылық міндеттемелерге осы Стандарттың мойындауды тоқтату туралы (41-44 параграфтарын және А қосымшанын, AG72-AG80 параграфтарын қарау) қағидасы жүреді; және
Күшіне ену күні
125-параграфтан кейін келесі жаңа параграф қосылады:
125А. 2-параграфқа 2011 жылғы қазанда шыққан «Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім: Концедент» 32 ҚСҚЕХС түзетулер енгізілді. Субъект бұл түзетуді 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатын, немесе осы күннен кейіңгі кезеңдерді қамтитын жылдық қаржылық есептікке қолдану қажет. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Субъект осы түзетуді 2014 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңнен қолданған жағдайда, ол бұл фактті ашуға және, сәйкесінше, 5 ҚСҚЕХС 6 және 42A ҚСҚЕХС 5-параграфтарындағы өзгертулерді, 13 ҚСҚЕХС 25, 27 және 85B-параграфтарындағы өзгертулерді, 17 ҚСҚЕХС 5, 7 және107C-параграфтарындағы өзгертулерді және 31 ҚСҚЕХС 6 және 132А параграфтарындағы өзгертулерді қолдануға тиіс.
«Материалдық емес активтер» 31 ҚСҚЕХС
6-параграфқа келесі өзгертулер енгізіледі:
Қолдану аясы
-
Егер басқа ҚСҚЕХС материалдық емес активтің нақты типін есепке алуды нұсқаса, субъект бұл ҚСҚЕХС аталмыш Стандарттың орнына қолдануы тиіс. Мысалы, бұл стандарт қолданылмайды:
-
Дағдылы әрекеттегі сатуға арналған субъекттің материалдық емес активінде («Құрылысқа арналған шарт» 11 ҚСҚЕХС және «Қорлар» 12 ҚСҚЕХС қараңыз);
-
«Жалгерлік» 13 ҚСҚЕХС қолдану аумағына кіретін жалдау шарттарына;
-
Жұмысшыларды сыйақылауға байланысты туындайтын ( «Қызметкерлердің сыйақысы» ҚСҚЕХС 25 қараңыз) активтерде; және
-
28 ҚСҚЕХС анқталған белгілерге қаржылық активтерде. «Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік» 6 ҚСҚЕХС, «Қауымдасқан субъектілерге инвестиция салу» 7 ҚСҚЕХС және «Біріккен қызметке қатысу» 8 ҚСҚЕХС қарастырылатын кейбір қаржылық активтердің мойындау және бағалауы; және
(е) «Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім: Концедент» 32 ҚСҚЕХС әрекеті аумағында тұрған концессиялық активтерді мойындау және бағалауда. Бірақ осы стандарт мұндай активтерді бағалауда және олар туралы ақпаратты ашуда қолданылады
Күшіне ену күні
132-параграфтан кейін келесі жаңа параграф қосылады:
132А. 2-параграфқа 2011 жылғы қазанда шыққан «Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім: Концедент» 32 ҚСҚЕХС сәйкес 6-параграфқа түзетулер енгізілді. Субъект бұл түзетуді 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейіңгі кезеңдерді қамтитын жылдық қаржылық есептікке қолдану қажет. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Субъект осы түзетуді 2014 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңнен қолданған жағдайда, ол бұл фактті ашуға және сәйкесінше 32 ҚСҚЕХС 6 және 42A 5 ҚСҚЕХС 5-параграфтарындағы өзгертулерді, 25, 27 және 85B ҚСҚЕХС 13 параграфтарындағы өзгертулерді, 5, 7 және 107C ҚСҚЕХС 17 параграфтарындағы өзгертулерді және 2 және 125А ҚСҚЕХС 29 параграфтарындағы өзгертулерді қолдануға тиіс.
Қорытынды жасауға негіз
Аталмыш қорытындыға арналған негіз қосымша ретінде келтіріледі, бірақ 32 ҚСҚЕХС бөлігі болып табылмайды.
Кіріспе
ВС1. Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімді реттейтін, қоғамдық сектордың қаржылық есептігінің халықаралық стандарты болмаған уақытта, «Қаржылық есептікті ұсыну» 1 ҚСҚЕХС қоғамдық сектордың субъектілерін басқа халықаралық немесе ұлттық бухгалтерлік есепке жібереді. Келісім жақтары жеке сектордың субъектілері болып табылатын жағдайда, олар «Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім» Қаржылық есептіктің халықаралық стандарты жөніндегі кеңесі халықаралық қаржылық есептікті түсіндіру жөніндегі комитеттің 12 түсіндірмесі (12 ХҚЕТЖК) қағидаларын қолдануы мүмкін. Бірақ, 12 ХҚЕТЖК операторлық жағынан есепке алу мәселелерін қарастырады, сондықтан концедент үшін басшылық алмайды. ҚСҚЕХС осы Стандарт қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімге қатысты қоғамдық сектордың субъектілерімен ұсынылатын есептіктің келісімді және салыстырмалылығына түрткі болады деп болжайды.
Қолдану аясы
ВС2. Қоғамдық және жеке секторлардың субъектілерінің қатысуымен келісімдердің әртүрлі типтерін қарастырғаннан кейін, 2008 жылғы наурызындағы бірізділенген «Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім шектеуіндегі бухгалтерлік есептік және қаржылық есептік» консультациялық құжатты әзірлеу кезінде, осы Стандартты қолдану аумағын ҚСҚЕХСК, концессиялық активтің концедентімен танылған (ВС11-ВС16 параграфтарын қараңыз) өлшемдер жиілігінде 12 ХҚЕТЖК айнала бейнелеу керек деген қорытындыға келді. Бұл шешім келісімді екі жақтан, бір және сол қағидалар негізінде қай жақ қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім шектеуінде қолданылған активті мойындау керектігін анықтауды талап ететіндігіне негізделген. Осыған орай, келісім, 9-параграфта (немесе 10-параграфта қызметтің барлық пайдалы мерзімінде қолданылып келген активтер кезінде) бекітілген концессиондық активтің мойындау өлшемдеріне қатысты, осы ҚСҚЕХСК қызмет аумағына кірмейді және орындалмайды. ҚСҚЕХСК мұндай қарастыру активтің екі жақпен немесе біреуін де қоспай саналатындығы мүмкіндігін минимализациялайды деп санайды.
ВС3. Осы Стандарт ҚСҚЕХС осы Стандарттың қолдану аумағына кірмейтін ҚЕХСҚС сәйкес енгізу бойынша басшылыққа ұсыну қажет деп мойындайды. Енгізу жөніндегі басшылық осы Стандартты қолдануда көркемдейтін диаграмма, сонымен бірге Стандартқа сәйкес тізбек түрткілері, осы Стандарттың қолдану аумағына кірмейтін келісімнің басқа реттейтін типтері құрамына кіреді.
ВС4. ҚСҚЕХСК концессиялық актив үшін операторға концедентпен төленетін сыйақыларды есепке алу жөнінде басшылыққа ұсыну маңызды деген қорытындыға келді. Сыйақы операторға ақшалай формасында жүзеге асырылатын немесе ақшалай эквивалент формасында анықталатын төлемдер сериясына құқылы, немесе сыйақының екі тип комбинациясына, немесе активтің басқа өндіретін кірісі, немесе концессиялық активті қолданған үшін жақтар қолдануынан кіріс алуға құқық бере алады. Сыйақының әр типі нәтижесінде осы Стандартты келісті қолдануға қолдау көрсететін ҚСҚЕХСК басшылыққа ұсынғанға қатысты есепшілік есепке алудың арнайы сұрақтарының туындауына әкеледі.
ВС5. Сонымен қатар, ҚСҚЕХСК қызметтерді ұсынуға кейбір концессиялық келісімдердің бірден-бір бейнесі күшіне қызметтеді ұсынуға қатысты кірісті мойындаудың жалпы қағидаларын қолдану бойынша «Айырбасталатын операциялардан түсетін пайда» 9 ҚСҚЕХС басқаруды беру қажет болатын қорытындыға келді (мысалы, пайданы бөлісу туралы сөз).
ВС6. Осы Стандарт операторлармен есепке алу тәртібін анықтамайды, өйткені бұл мәселелер 12 ХҚЕРЖК қарастырылады. Көп жағдайларда оператор жеке сектордың субъектісі болып табылады, ал ҚСҚЕХС жеке сектордың субъектілерінің қолдануына арналмаған. Оператор немесе концедент мемлекеттік коммерциялық кәсіпорын (МКК) бола алады. ҚСҚЕХС қолдануына арналмаған. Жеке сектордың және МКК субъекттеріне қаржылық есептіктің халықаралық стандарттарының әрекеті таралады (ҚЕХС).
ВС7. ED43 стандартының жобасын талқылауда қатысқан кейбір өкілдері, ұсынылушы Стандарттың қолданылу аумағын кеңейтуді және оған қоғамдық сектор субъектілерінің арасында қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімді қосуды ұсынды. ҚСҚЕХС мұндай келісімдерге арналған есепке алу тәртібін анықтау жобаның негізгі мақсаты болмағандығын атап өтті, өйткені ол төлем жүргізу әдісін қолдануды қарастыратын ҚСҚЕХС келесі стандарттарына, қоғамдық сектордың субъектісі болып табылатын концедент бар жағдайларға бағытталған. ҚСҚЕХСК осы Стандартты қолдану аналог бойынша концедентке арналған «Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер мен қателіктер» 3 ҚСҚЕХС 12-15 параграграфтары шектеуінде қоғамдық сектордың субъектісі болып табылатын және оператор, қоғамдық сектордың субъектісі болып табылатын қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімге таратылатын бухгалтерлік есептің халықаралық немесе ұлттық стандартына сәйкес қолданыла алатыны дұрыс болады.
Анықтау
ВС8. ED 43 анықтауы қосылмаған, өйткені 12 ХҚЕРЖК кіріктірілмеген. Осыған орай, ED 43 кейбір терминдерге қатысты басшылық берілген. ED 43 өкілдері құжаттың Түсініктеме емес Стандарт болып табылатындығы, оған Стандартты келісті қолдануды қамтамасыз ету үшін, анықтауды қосу маңызды. ҚСҚЕХСК осы Стандартқа анықтауды қосуға келісті.
ВС9. Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім шектеуінде қолданылатын терминнің 12 ХҚЕРЖК қолданылатындығына қарамастан, активке «инфрақұрылым» терминін ҚСҚЕХС қолданбауға келісті. ҚСҚЕХСК бұл терминді ҚСҚЕХС пайдалану оның Стандартта қолданылуымен келіспеуі мүмкін. Сонымен бірге, бұл термин кейбір заң дикцияларында оған бекітілген мәнде яғни берілген ХҚЕРЖК 12 мәнінен ерекшеленеді. Түсінікті болу үшін, осы Стандарттың 9-параграфында (немесе қызметтің барлық пайдалы мерзімінде қолданылатын актив жағдайында 10-параграфта) бекітілген мойындау талаптарына сәйкес құпталған актив түрінде, яғни актив осы Стандартта «концессиялық актив» деп аталады. Бұл терминнің активтің 12 ХҚЕРЖК қарастырылатын типтерін қамтылатындығы болжамдалады.
ВС10. «Келісімді жүктейтін» термин алғаш анықталмаған, бірақ басқа ҚСҚЕХС қолданылатын келісім жақтарына арналған яғни олар шарт түрінде құрылған болатын құқықтары мен міндеттерін қарастыратын келісімді білдіру үшін, ҚСҚЕХС бұл термин осы Стандарттың мақсаттарына қатысты осы Стандарттың келісімді қолданылуын қамтамасыз ету үшін, анықталу керек екендігі туралы қорытындыға келді.
Концессиялық активті мойындау
ВС11. Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімдердің бухгелтерлік есептің негізгі мәселесіндегі концессиялық активті концедент мойындауға тиіс.
ВС12. ҚСҚЕХС концедент активті мойындауға қатысты анықтау мақсаттарына арналған бақылауды бағалау негізінде әдісін, қауіп және сыйақы әдістерінің басымдылығын таразылады. Тәуекелдер және сыйақылар әдісі келісім талаптарының экономикалық аспектілерінде фокусталады. ҚСҚЕХС бұл фокусты концессиялық келісімдер үшін ақылға қонымсыз деп мойындады, өйткені концедент бір көзден концессиялық активтің негізгі мақсаты, осындай активтерді өндіретін (мысалы, қолданушылар төлемі) экономикалық пайданы ұсыну емес концессиялық активті қолданумен бірге концедент атынан нақты қоғамдық қызметтерді ұсынудан құрылады. Осыған орай, активтің сервистік әлеуеті концедент қолданысына төленеді. Экономикалық пайдалар оператордың жақтар қолданысынан немесе концессиялық активтен немесе активтің басқа өндіретін кірістерін алуға құқығы берілетін жағдайларда ғана қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімге байланысты туындауы мүмкін. Әдіс бақылауды бағалау негізінде концессиялық активтің сервистік әлеуеті және экономикалық пайдаларды бақылауды бағалауда фокусталады.
ВС13. Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім үнемі ҚСҚЕХС операторы және концедент арасындағы қауіптерді бөлу мақсатында құралатын болса, күмәнмен келісті нәтижелерді алуға мүмкіндік беретін қауіптер мен сыйақыларды бағалауға арналған объективті өлшемдерді орнату жеткілікті. Сонымен бірге, әртүрлі тәуекелдер мен сыйақыларды таразылау мәселелі болып саналды. Сондықтан ҚСҚЕХСК қауіптер мен сыйақылар әдісі ақылға қонымсыз деген қорытындыға келді.
ВС14. ҚСҚЕХСК, сонымен қатар, құқық және міндеттерді бағалау әдісін ақылға қонымды деп қарастырды. Дегенмен, мұндай әдіс концептуалдық беделді иемденуі мүмкін, оны қолдану ҚСҚЕХСК қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім шектеуінен шығатын салдарын иемденуге міндетті қоғамдық сектордың субъектілерінің міндеттері мен активтеріне қатысты қаржылық есептік және есепке алу тәртібінің айқын өзгеруіне әкеледі деп санайды. ҚСҚЕХС шешімін есепке ала отырып, 12 ХҚЕРЖК толықтыру, яғни бақылаудың бағалануына негізделген әдісті қолдануды қарастырады, ҚСҚЕХСК құқық және міндеттер әдісі осы Стандарттың мақсатына сәйкес келмейтіндігімен келісті.
ВС15. ҚСҚЕХСК бақылауды бағалауға негізделген әдіс анықтаудың аса маңызды құралы болып табылатын қорытындыға келді. ҚСҚЕХСК бақылауды бағалауға негізделген әдісті қолдану кезінде ВС2-параграфында көрсетілген себеп күшінде 12 ХҚЕРЖК келісуі міндетті. Сәйкесінше, осы Стандарт тек мынадай келісімдерді яғни оператормен ұсынылған қызметтерді реттейді немесе бақылайтын (a), және келісімнің қолдану мерзімі соңында концессиялық активте кез келген айқын қалған бөлігін бақылайтын (b) концеденттің қызметтерді бақылау, немесе реттеу шегінде қарастырады. 12 ХҚЕРЖК (a) сәйкес концессиялық активті мойындау үшін, пайдалы қызмет мерзімінің барлық мерзімінде қолданылатын актив жағдайында тек талаптар орындалуы тиіс. ҚСҚЕХСК қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім міндеттеуші келісім болып табылатындығын маңызды деп санады. Келісімге байланысты барлық дәйектер мен жағдайлар негізінде орындалуға тиіс концедент концессиялық активті мойындауға болатындығын бағалауы қажет.
BC16. 5 ХҚЕРЖК 12 осы Стандарттың 9(a) параграфына сәйкес келеді. Ол концедент көзқарасымен ауқымды мәнде қоғамдық секторды реттеу бойынша құзыреттеріне емес, қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімге қатысты реттеуге жатады. Реттеу, осы Стандарттың 9(a) параграфында еске түсіретін шарт бойынша, немесе реттеуші орган арқылы жүзеге асырылады. AG6 параграфында 9(a) параграфында қолданылатын «реттейді» терминін қолдану бойынша басшылық беріледі, яғни концедент концессондық активті мойындау керек екендігін анықтау үшін. Кейбір өкілдері ED 43 бұл терминнің мәніне қатысты қосымша басшылықтың болмауы күшінде 12 ХҚЕРЖК әкелетін қосымша басшылық ассиметрияға әкелетіндігін бекітті. ҚСҚЕХСК AG6 параграфында ұсынылған қосымша басшылық бұл терминді мемлекеттің кең реттеуші құзыретінің контекстінде қарастыра алатын қоғамдық сектордың субъектісі концессиялық активті мойындауға болатындығын анықтау кезінде қоғамдық сектордың субъектісі болып табылатын және оператормен, жеке сектор субъектісі болып табылатын концедентке қатысты «реттейтін» өлшемдерін қолдану арасындағы симметрияны орнатуға қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |