Міндеттемелерді мойындау
BC17. ED 43 екі жағдай бейнеленді, ол концессиялық активке ауыстыруға операторға жүктелген сыйақы сыйпатына сәйкес, концеденттің концессиялық активті мойындау жағдайына қатысты міндеттемелердің туындауына әкеп соқтыруы мүмкін.
ВС18. ED 43 концедент концессиялық активті таныған кезде міндеттің мойындалу керектігі ұсынылды. Аталмыш ED қаржылық міндет және орындау міндеттерінің кез-келген комбинациясын өз алдына ұсынуы мүмкін екендігін атап өтеді. ED 43 қаржылық міндет қаржылық эквиваленттер немесе ақшалай төлемдерді анықтауға берілетін оператордың пайдасына жүргізуге концедент міндеттілігі болғанда туындауы айтылады, ал орындау міндеті концедент операторға сыйақы төлеп, операторға басқа өзгермелі активке, немесе концессиялық активті қолдана отырып төлем алуға құқық бере отырып төлейді. ED 43 ҚСҚЕХСК «Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» сәйкес концедент операторға орындауға рұқсат ұсына отырып, концессиялық активтің қолданушыларынан төлем міндеттемелерін есепке алуын ұсынады.
ВС19. ED 43 өкілдеріне ED 43 көрсетілген, көбіне «орындау міндеттемелеріне» қатысты бұл мәселе бойынша түсіндірме қажет болды. Өкілдердің қаупі келесі мәселелерді туғызды.
(а) Кейбір өкілдер активке басқа өзгермелі пайдаға рұқсат немесе концессиялық активтің қолданушыларынан төлем алуға операторға құқық беру деп санады. Бұл өкілдердің рұқсат ұсыну талаптары қызметтерді ұсынуға көптеген концессиялық келісімдерінің бөлімі болып табылады және оны мойындау кезінде ол концеденттен төлемдер ағымының операторға туспеуі туралы фактісіне қатысты болмауы тиіс.
(b) Бірақ, мұны орындау міндеті, экономикалық ресурстар ағымына міндеттері концеденттен болашақ кезеңде болмайтындығы айтылады. Сондықтан, өкілдер 1 ҚЕХСҚС міндетті анықтайтындығы немесе 19 ҚЕХСҚС анықталғандай бағалау резервтерін дәл ұсынуға күмәнданады.
ВС20. Сонымен бірге, басқа өкілдер тізімі жоғарыда аталған мәселелердің салдары ретінде болуы мүмкін, ED «орындау міндеті» терминінің белгісін түсіндіруді сұрайды. Бірнеше өкіл бұл «теңгерімдік мақала» өзіндік жеке пайданы ұсынатындығына қызығушылық білдірді.
ВС21. ҚСҚЕХСК бұл мәселені міндетті түрде анықтауға келісті. ҚСҚЕХСК «орындау міндеті» терминін қолдану шиеленіске әкелетіндігін атап өтті, өйткені ол айырбастық емес операцияға қатысты 23 ҚСҚЕХС «Айырбастық емес операциялардан түсетін пайда (салық және трансферттер)» қолданылады. ҚСҚЕХСК қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім өз алдына айырбастық емеске қарағанда айырбастау операциясын ұсынады, сондықтан айырбастау операцияларына қатысты «орындау міндеті» терминін қолданбағаны дұрыс.
ВС22. 12 ХҚЕРЖК оператор концессиялық активті бақыламаса, оператор қаржылық активті немесе материалдық емес активті мойындайды, яғни қажеттіліктің болмау қаупін қай тарап алып жүретіндігіне байланысты. ҚСЕҚХС симметрияны қамту үшін, 12 ХҚЕРЖК концедентке қатысты сондай келісті қабылдау керектігімен келісті. Осыған орай, концессиялық активті мойындау кезінде мақсаттарды есепке алу үшін, осы Стандартқа сәйкес екі модель анықталды: қаржылық міндет моделі және операторға құқық беруші моделі («орындау міндетін» алмастыратын).
ВС23. ҚСҚЕХСК шешімі ED 43 қолданылған «Орындау міндетін», «Міндет» терминологиясы түрінде өзгерту, оның осы Стандартта қолданылатындығы, ED 43 ұсынылғанмен, салыстыру кезінде концеденттің қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімді есепке алу тәртібін өзгертпейді.
Қаржылық міндеттер моделі
ВС24. Концедент концессионалдық активті бақылауға айырбастаған жағдайда, операторға қаржылай, немесе басқа қаржылық актив түрінде сыйақы төлейді, 12 ХҚЕРЖК мұндай типті «қаржылық актив моделі» келісім типі ретінде жіктейді, өйткені оператор қаржылық актив алады. Мұндай келісім типі осы Стандартта «қаржылық міндет моделі» аталады, өйткені концедент қаржылық міндеттен тұрады.
ВС25. Қаржылық міндет, концедент операторға төлемдердің анықтауға жататын сериясына міндетті болған жағдайда туындайды, өйткені концедент міндеттеуші келісім салдары ретінде басқа субъектіге (операторға) қаржылай, немесе басқа қаржылық активпен төлеуге міндеттеледі. Бұдан әрі, ҚСЕҚХС төлемдерді ақшалай немесе қаржылай эквиваленттермен анықтауға жататын серия болса, төлемдер міндеттердің азаюына қатысты болу керек, қаржыландырудың айырбастық құны және қызметтер төлемі, қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім шектеуінде оператормен төленеді.
ВС26. Қызметтерді ұсынға концессиялық келісім міндеттеуші келісімнің құралымен түзіледі, яғни ол шарт, немесе оған аналогты келісім болуы мүмкін, сонымен қатар егер олар шарт түрінде болатын жақтар құқықтары мен міндеттерін қарастыратын. ҚСҚЕХСК, егер, олар шарт түрінде болса, жақтар құқықтары мен міндеттерін қарастыратын аналогтық келісім болған кездегі қорытындыға келді, мұндай келісімдерге аналог бойынша 28 ҚСХЕҚС «Қаржылық құралдар: ақпаратты ұсыну», 29 ҚСХЕҚС «Қаржылық құралдар: мойындау және бағалау» және 30 ҚСХЕҚС «Қаржылық құралдар: ақпаратты ашу» қолданылу керек.
ВС27. Бұл аспектіден қалдықты қарастыру кезінде 12 ХҚЕРЖК, ҚСҚЕХСК онда осы стандартты дайындауға «Айналы» келіс көзделген 12 ХҚЕРЖК негізгі бейнелері ақпаратты мойындау және ашуға бекітілген келісімдер мен талаптарды қолдану аумағымен шектелді.
ВС28. 12 ХҚЕРЖК қаржылық құралдардың мәселелерін реттейтін ҚЕХС сәйкес қаржылық активті есепке алуды талап етеді. Осы стандарт қаржылық міндет моделі шектеуінде қаржылық құнын анықтауға арналған қолданыстағы пайыздық анықтау бойынша басшылықты ұсынады. ҚСҚЕХСК концедентте нарықтық мөлшерлемені анықтауға арналған толық ақпараттың жоқ екендігін дұрыс деп шешті. Ол сонымен бірге қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімнің нақты талаптарына сәйкес келетін басқа мөлшерлерді қолдануға рұсқсат береді.
Операторға құқық беретін модель
ВС29. ED 43, ҚСҚЕХСК өкілдерімен көтерген мәселелерге жауап ретінде концессиялық кірістер есебінен активтің және активтің басқа өзгеруші пайдасын жақтар қолданушыларынан алған оператор активтің құнын өтеген жағдайда концеденттің концессиялық активке төленетін сыйақылар табиғатын қайта қарады. ҚСҚЕХСК бұл жағдайда концессиялық активке ақшалай сыйақы концедентпен емес концессиялық актив, немесе активтің басқа өзгеруші кірістері қолданушыларымен төленеді деп атап өтті. Активтер келісімнің экономикалық мәніне, таза құнынның өсімін алады, сондықтан, төлем жүргізіледі және кіріс танылуы керек. Яғни, қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім өз алдына айырбастау операциясын ұсынса, онда кіріс табиғаты және сол кірістің мойындау мерзімін қарастыру кезінде Кеңес 9 ҚСҚЕХС жүгінеді.
ВС30. Оператор сұраныс болмауына қауіп әкелетін жағдайда концедент концессиялық актив немесе активтің басқа өзгермелі кірісіне байланысты қоғамдық қызметті қолданушылардан төлем алуға құқық бере отырып операторға сыйақы (мысалы, лицензия) төлейді. Концедент концессиондық активті құрылысы, дайындау, тұтыну және жақсарту үшін, операторды сыйақылау мақсатында опратордың активке рұқсатын береді. 12 ХҚЕРЖК мұндай келісім типін «материалдық емес актив моделі» ретінде сыныптастырады. Осы Стандартта келісімнің мұндай түрі «Операторға құқық беру моделі» деп аталады.
ВС31. Осыған орай, ҚСҚЕХСК несиені міндет, таза активтер/капиталдар құнынының тікелей өсімі, немесе кірісі ретінде есепке алуға бола ма деген мәселені қарастырды.
ВС32. Кеңес, мұндай жағдайларда концедентте міндет болмайтындығымен келісті, өйткені концессиялық келісім өз алдына активтермен айырбас жасауды алады, яғни концедент концессиялық активті қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімнің әрекет ету мерзімі кезінде концедент концессиялық активті алады.
ВС33. ED 43 кейбір өкілдері субъект активінің қалған үлесі ретінде, оның барлық міндеттерін алла отырып таза активтер/капиталдарды анықтайтын 1 ҚСҚЕХС сәйкес, несие таза актив/капитал ретінде есепке алыну керектігін атап өтті. 1 ҚСҚЕХС таза активтер/капиталдардың төрт компоненттерін қарастырады. Бұл компоненттер өз алдына қосады:
(a) Иеленушілердің арасындағы бөлуді есепке алмай, жеке меншік салымдарының есеп күніне кумулятивік қорытынды болып табылатын салынған капитал;
(b) Жинақталған пайда немесе шығынды;
(c) Резервтер, таза активтер/капиталдар құрамында әр резервтің мақсаты және сипатын суреттеуді қоса отырып; және
(d) Аздық мөлшері.
ВС34. ҚСҚЕХСК несие концеденттің таза активтерінде/капиталында тікелей өсуін өз алдына ұсынуға қатысты қорытындыға келді, яғни несие таза активтердің/капиталдардың копоненті болып табылмайды, ВС33-параграфында көрсетілген келесі себептер бойынша:
(а) Иемденушілердің салымдары «болашақ экономикалық пайдалар немесе сервистік әлеует» түрінде анықталған яғни олар тараптар арқылы субъектілерге ұсынылған, оған қатысты ішкі, міндеттемелерге алып келген және таза активтердің/капиталдардың қаржылық үлесін жасайтындардан басқа, яғни: (а) иемденушілер немесе олардың өкілдерінің қарауы бойынша оның өмір сүру кезеңіне субъектімен болашақ экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті бөлу ретінде құқық береді, сонымен қатар, субъектіні жойған кезде міндеттемелерді активтердің кез-келген өсіміне бөлу: және/немесе (b) сату, айырбастау, жіберу немесе сатып алу орындалады». Концессиялық активті мойындауға қатысты несие бұл анықтамаға жауап бермейді, өйткені ҚСХЕҚС 1 көрсетілгендей, субъект оператордың қаржылық мөлшерін құратын концеденттің салымын жүзеге асырмады.
(b) Жиналған пайдалар мен шығындар өз алдына субъектінің жинақталған пайдасы мен шығынын ұсынады. Концессиялық активті мойындауға қатысты несие, өз алдына жинақталмаған жеке операцияны ұсынады.
(с) Резервтер, әдетте, ҚСҚЕХС талаптарына сәйкес таза активтерде/капиталдарда тікелей танылатын мақалаларға байланысты туындайды және өз алдына мысалы, активтерді қайта бағалаудан пайдалар немесе шығындарды (мысалы, мүлік, ғимараттар мен жабдықтар, инвестиция) қоса алады. Концессиялық активтің танымына, немесе сыныптастырылуына қатысты несие, таза активтерде/капиталдарда тікелей танылатын пайда, немесе шығынды болжамайды, өйткені концеденттің бар активін қайта бағалау емес, айырбастау операциясын қарастырады. Концеденттің активі қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімдер шектеуі және осы Стандартта бекітілген бақылау өлшемдеріне жауап беруді жалғастыру жағдайында олар сыныптастырады, сондықтан қайта бағалау жүргізілмейді.
(d) Азаю үлесі «бақылаушы субъектілер арқылы тікелей және жанама түрді меңгермейтін бақылаушы субъект таза активтер/капиталдар үлесіне келетін бақылаушы субъектінің таза активтері/капиталдары және пайдалар немесе шығындар бөлігі» болып анықталады. Азаю үлесі мысалы, біртіндеп жекешелендірілген ҚКК құрамы бар экономикалық топтың ұлттық деңгейінде туындайды. Сәйкесінше, субъектінің таза активтеріндегі/капиталдағы қаржылық үлесі бар акцияның жеке мойындаушылары болуы мүмкін. Концессиялық активті мойындауға қатысты несие бұл анықтауға жауап бермейді, өйткені операторда концеденттің капиталында мұндай қаржылық үлесі жоқ.
ВС35. ҚСҚЕХСК несие өз алдына кіріс әкелетініне келісті. Өйткені, қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім өз алдына айырбастау операциясын ұсынады, 9 ҚСҚЕХС қарап кірістің табиғатын және оны мойындау мерзімін қарастырды. 9 ҚСҚЕХС сәйкес, тауарлар немесе қызметтер сатылуы ерекшеленетін тауарлар мен қызметтерге айырбасталған жағдайда айырбастау кіріс кіргізетін операция ретінде қарастырылады, яғни қорытындысында концеденттің таза активтерінің құны өседі. Бұл жағдайда концеденттің атынан ұсына отырып, қоғамды қызметті басқа қолданушылары жағынан төлем алуға оператордың құқығын (лицензия) ұсынуға айырбас ретінде концедент концессиялық актив алады. Концедентпен танылған концессиялық актив және оператормен танылған құқық (материалдық емес актив) бір-бірінен ерекшеленеді. Бірақ, кіріс өлшемдетін мойындау орындалмағанша, несие міндет ретінде танылады.
ВС36. ҚСҚЕХСК бұл жағдайда кіріске тең келетін ақша ағымының жоқтығын атады. Бұл нәтиже, яғни онда субъект тауарлар мен қызметтерді қаржылық кірістерді өзгерту салдарнан басқа ерекшеленетін активке айырбас кезінде қарастырылуына 9 ҚСҚЕХС келіседі.
ВС37. Кіріс, жіберілген қаржы құралдарын немесе олардың эквиваленттерінің сомасын түзетілген алынған тауарлар мен қызметтердің әділ құнымен өлшенеді. Егер алынған тауарлар мен қызметтердің әділ құны сенімді бағаланбаған жағдайда жалпы кіріс жіберілген қаржы құралдарын немесе олардың эквиваленттерінің сомасын түзетілген тауарлар мен қызметтердің әділ құны бойынша бағаланады.
ВС38. 9 ҚСҚЕХС кіріс болуына әкелетін перацияның төрт түрін анықтайды: қызмет көрсету, тауарлар сатымы (және басқа активтерді) және субъект активтерін басқа жақтармен қолдану, пайыздар әкелетін, жинақтар мен дивиденділер. Кіріс табиғатын қатастыру кезінде ҚСҚЕХСК операцияның бұл түрлерін жеке қарастырады.
ВС39. ҚСҚЕХСК кірістерді мойындауға 9 ҚСҚЕХС қабылданған келістерді қарастырды, «операторға құқық беру» моделіне қатысты және мынадай қорытындыға келді, осы сценарийлердің бірі бұл модель жағдайларына толық жауап бермейді. Бірақ, ҚСҚЕХСК олардың әрқайсысы шектеуінде кіріс баяу емес келісім мерзімінде танылуы керектігін атады. ҚСҚЕХСК кірістің мұндай сипаты аналог бойынша осы моделге қатысты жағдайға байланысты туындайтын мойындау үшін жарамды деп таныды. Нәтижесінде кірісті мойындау өлшемдері орындалғанға дейін несие міндет ретінде мойындалады.
ВС40. ҚСҚЕХСК операторға құқық беретін моделге қатысты, ВС30-параграфында көрсетілген жағдайларда концедент операциялық кірістерді мойындау қажеттігі туралы мәселені қарастырды. ҚСҚЕХСК концеденттің танылған міндеті концедентпен алынған концессиялық активке тікелей қатыстылығын атап өтті. Егер қызметтерге байланысты шығындар танылған болса, концедент жылдық шығынға тең келетін жылдық ауыспалы кірісті мойындау керек болған. ҚСҚЕХСК мұндай есепке алу тәртібі тиімді ақпарат бермейді, өйткені жыл сайын кірістер мен шығыстардың тең сомалары мойындалады деп санады. Бұдан әрі ҚСҚЕХСК оператордың шығындары туралы сенімді ақпарат кез-келген жағдайда болмауы мүмкін екендігін атады. Осыған орай, ҚСҚЕХСК концедент ВС30 суреттелген жағдайларда қызметтер ұсынуға концессиялық келісімге байланысты операциялық шығындарды мойындамау керек деген қорытындыға келді.
Басқа ҚСҚЕХС қарастырылудағы есепке алу мәселелері
BC41. Көптеген қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімдердің күрделілігінен шарттың нақты талаптары немесе оған аналогты міндеттеуші шарттарға (мысалы, кірістер, шығыстар, кепілдіктер және шартты мақалалар) қатысты есепке алудың қосымша мәселелері тууы мүмкін. ҚСҚЕХСК осы Стандарт әрекетіндегі басшылықты қайталау керек еместігіне келісті. Сәйкесінше, қызметтерді ұсынуға сол, немесе басқа компонентіне қатысты есепке алу және есептік тәртібін осы Стандарт анықтаған жайдайда, осы Стандарт ҚСҚЕХС жүгінеді және қосымша басшылық жүргізілмейді. Бірақ, ҚСҚЕХСК кейбір жағдайларды атап өтті (мысалы, кірісті мойындау) қызметтер ұсынуға концессиялық келісімнің ерекше бейнелеріне мұндай ҚСҚЕХС қолдану қиын. Басқа ҚСҚЕХС баяндалған үдерістерді қолдану тәртібіне қатысты, яғни, осы Стандарттың келесі қолданыстарын қамтамасыз ету үшін, ҚСҚЕХСК ерекше басшылық ұсынды.
Өтпелі кезең
BC42. Осы Стандарт, субъектінің концессиялық активті ерте таныған және оған қатысты міндеттерге байланысты 3 ҚСҚЕХС сәйкес, осы Стандартты ретроспективті қолдануды талап етті. Осы Стандарт,субъектінің ертеде концессиялық активтерді мойындамаған және оған байланысты міндеттерді, шығыстар мен кірістерді, төлем жүргізу әдісі негізінде есепке алуды жүзеге асыруды, ретроспективті не қаржылық есептікте салыстырмалы ақпарат ұсынылған ең алғашқы кезеңнен бастапқы кезден қарқынды осы Стандартта қолдануды талап етті.
BC43. 3 ҚСҚЕХС жалпы талаптары ретроспективті қолданудың орындалуы мүмкін емес кезден басқа жағдайда өзгеріс ретроспективті есепке алыну түрінде құрылады. ҚСҚЕХСК ретроспективті анықтауда екі аспекті бар екендігін атап өтті: қайта сыныптастыру және қайта бағалау. ҚСҚЕХСК концеденттің қаржылық қағидасы туралы есепке алғаш қосылған барлық сомалардың жүктелген сыныптастыруларының ретроспективті анықтамасы әдетте практикалық тұрғыда орындалады, бірақ концессиялық активтің ретроспективтік қайта бағалауы, яғни егер кірістер мен шығындарды, концессиялық активті және олармен байланысты міндеттерді субъект ерте танымаған жағдайда үнемі практикалық тұрғыда орындалмауы мүмкін деген көзқарасты қабылдады.
BC44. ҚСҚЕХСК ретроспективтік қайта есептеу практикалық тұрғыда орындалуға жатпаса, 3 ҚСҚЕХС ретроспективтік қолдануды ағымдық есептік кезең бастапқы күні бола алатын бастапқы күнді қолдануды талап етеді.
BC45. Концессиялық активті алғаш танымаған субъектілерге қатысты осы Стандарттың ауыспалы қағидалары қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімді басында мойындамаған субъектілерге ED 43 жалпы талаптарының сәйкес келуін ED 43 кейбір өкілдері санағаннан кейін өзгертілген ED 43 қағидаларын өз алдына ұсынады. ED 43 осындай жағдайларда ретроспективтік қолдануды талап етеді, бірақ ретроспективтік қолдануға рұқсат береді.
BC46. ҚСҚЕХСК ED 43 дайындау кезінде концессиялық активтің бағалануын анықтауға бола ма дегенге қатысты күдіктері болды және Кеңес мұның өткен уақытта құрылған келісімдердің есепке алудың келісілмеген тәртібіне әкелуі мүмкін деп санады. 31 ҚСҚЕХС «Материалдық емес активтер» соңғы версияларын дайындаған кезде ұқсас мәселе туындады. Осыған байланысты, 31 ҚСҚЕХС ауыспалы қағидаларымен келісілген ED 43 қағидасын ұсыну дұрыс деп санады.
BC47. Бірақ, ҚСҚЕХСК материалдық активке қосалқы жағдайлар қызметтерді ұсынуға концессиялық активтің жағдайларынан ерекшеленеді. Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісім әдетте өз алдына шығындар мен әділ құнын анықтау үшін қажет ақпараттарға ұзақ мерзімді міндеттеуші келісімді қосады, ол өткен уақытта алынған, немесе дайындалған материалдық емес активтерге қарағанда және де субъектінің концессиялық активті ерте мойындалмаған жағдайларда да қолжетімді екендігін атап өткен жөн.
BC48. Бірақ ҚСҚЕХСК олардың осындай келісімдері кей уақыттан бұрын құрылуы мүмкіндігін және мүмкін толық ретроспективтік қабылдауға жүгіну қиын деп мойындады. Нәтижесінде, ҚСҚЕХСК концессиялық активтерді мойындау және бағалау үшін, «шартты құнды» қолдануға болады деп санады.
Қолдану бойынша нұсқау
Бұл басшылық 32 ҚСҚЕХС қосымша ретінде келтіріледі, бірақ оның ажырамас бөлігі болып табылмайды.
IG1. Қолдану бойынша нұсқау 32 ҚСҚЕХС талаптарының кейбір аспектілерін көрнекілеу үшін дайындалған.
Қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімнің бухгалтерлік есеп құрылымы
IG2. Келесі диаграммада қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімді есепке алу құрылымы ұсынылған
References to IPSASs that Apply to Typical Types of Arrangements Involving an Asset Combined with Provision of a Service
IG3. The table sets out the typical types of arrangements for private sector participation in the provision of public sector services and provides references to IPSASs that apply to those arrangements. The list of arrangements types is not exhaustive. The purpose of the table is to highlight the continuum of arrangements. It is not the IPSASB’s intention to convey the impression that bright lines exist between the accounting requirements for various types of arrangements.
IG4. Shaded text shows arrangements within the scope of IPSAS 32.
Санат
|
Жалға беруші
|
Қызметтерді жеткізуші
|
Жеке меншік
|
Келісімнің типтік түрлері
|
Жалдау (мысалы, оператор концеденттен активті жалға алады
|
Қызметтерді және/ немесе техникалық қатамасыз етуді ұсынуға шарт (нақты тапсырмала, мысалы, қарыздар жиынтығы, объектіні басқару)
|
Модернизация-пайдалану-беру
|
Құрылыс-пайдалану-беру
|
Құрылыс-меңгеру-пайдалану
|
Инвестицияларды /жекешелендіруді/100% алу акциялау
|
Активтерді меңгеру
|
Концедент
|
|
Оператор
|
Капиталдық ивнестиция
|
Концедент
|
|
Оператор
|
Сұраныс қаупі
|
Бөлу
|
Концедент
|
Концедент және/немесе оператор
|
Оператор
|
Типтік мерзім
|
8—20 жыл
|
1—5 жыл
|
25—30 жыл
|
|
Анықталмаған (немесе міндеттеуші немесе лицензиямен шектеулік болуы мүмкін)
|
Қалған үлес
|
Концедент
|
|
Оператор
|
ҚСҚЕХС сәйкестігі
|
13 ҚСҚЕХС
|
1 ҚСҚЕХС
|
Осы ҚСҚЕХС/ 17 ҚСҚЕХС / 31 ҚСҚЕХС
|
17 ҚСҚЕХС/31 ҚСҚЕХС (мойындауды тоқтату)
9 ҚСҚЕХС (кірісті мойындау)
|
Көрнекі мысалдар
Бұл мысалдар 32 ҚСҚЕХС қосымшасы ретінде келтіріледі, бірақ оның бір бөлігі болып табылмайды
IE1. Бұл мысалдарда қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімнің үш мүмкін түрі қарастырылады. Мысалдар тәжірибеде жиі кездесетін кейбір аспектілерді есепке алу тәртібін көрнекілеу мақсатында жүргізіледі. Мысалдарды түсінікті қылу үшін, рұқсаттар жасалды, яғни концессиялық келісімнің мерзімі тек он жылды құрайды және оператордың жылдық түсімі бұл кезең ішінде үнемі орындалып отырады.
Келісімдердің талаптары (үш мысал үшін жалпы)
IЕ2. Бұл мысалдарда қаржы сомалары «Қаржы бірліктерінде» (ҚБ) деноминирленген.
IE3. Бұл жалпы талаптар келесі үш мысалдар үшін:
IE4. Келісім талаптары бойынша оператор жол жасау керек – екі жыл ішінде құрылысты аяқтау керек – және сегіз жыл ішінде (3-10 жылдарда) бекітілген стандартқа сәйкес техникалық қамтамасыз ету және жолды пайдалануды жүзеге асыру керек. Келісім Стандарттың қолдану аумағына кіреді және жол 9-параграфта (немесе қызметтің барлық пайдалы мерзімі кезеңінде қолданылатын актив жағдайының 10-параграфында) бекітілген концессиялық активтің мойындау талаптарына жауап береді.
IE5. Келісім талаптары бойынша оператор, сонымен бірге, белгілі мерзімге дейін алғашқы түрінің сапасы төмендегенге дейін жол қабын ауыстыру қажет. Оператордың бағалауы бойынша қаптауды ауыстыру 110ҚБ әділ құнымен 8 жыл аяғында қолдану керек болады. Бұл қызмет үшін, оператордың сыйақысы концедентпен операторға ұсынылған концессиялық актив, немесе басқа активпен өзгеруші кіріспен байланысты оператордың ақша табуға құқығы ретінде алдын ала төлемдер және/немесе кіріске анықталған сериясына қосылған.
IE6. Концессиялық активті алғашқы мойындау кезінде 17 ҚСҚЕХС бекітілген, концессиялық активтің жеке компоненті болып табылады және мойындаудың өлшемдеріне жауап береді деп болжамдалады. Сонымен бірге, қаптауды ауыстырған кезде жеке компонент болып танылу үшін, қаптауды ауыстыру бойынша жұмыстың мерзімі және көлеміне қатысты толық анықтамалық бар деп болжамдалады.2 Концессиялық активтің жеке компоненті ретінде мойындалатын жол қабатын қаптаудың алғашқы құнын бағалау үшін, қабатты ауыстыруға болжамды шығындар қолданылуы мүмкін. Сондықтан, жол қаптамасы концессиондық активтің алғашқы әділ құны ретінде танылады және 3 жылдан 8 жылға дейінгі кезеңде амортизацияланады және қаптауды ауыстырудың бағалық әділ құны бойынша өлшенеді. Құрылыстың фазасына кіру кезінде 1 жылында жолдың негізі салынатын болады және жол тек 2 жылдың соңында қолдануға дайын болады.
IE7. Концессиялық активтің жеке компоненті ретінде жол қабын ауыстыру компонентін мойындау концессиялық келісімнің концедентімен танылған жылына 8 міндеттерді жоғарылатуға жүргізіледі. Егер міндет операторға құқық беру моделіне қатысты болған жағдайда, мұндай өсімге қатысты қосымша кіріс келісім мерзімі кезеңіне тең танылады. Бірақ, егер шығын соңғы сервистік әлеуетті қалпына келтіру емес, сервистік әлеуеттің қоғарылауын байланысты болса, онда мұның орнына, мұндай жақсартуға, ол болған жағдайға қатысты кірісті мойындау ақылға қонымды болады.
IE8. Жылдың басында 3 жолдың күрделі әділ құны 1,050ҚБ тең, жол негіздерінің қабаттарына қатысты 940 ҚБ қоса және 110ҚБ жол қабатының құрылысына қатысты. Жол қабы қабаттарының әділ құны қаптаманы ауыстыру әділ құнын бағалау үшін қолданылады (17 ҚСҚЕХС сәйкес ауысу компоненттері ретінде есепке алынатын). Қаптау қабаттары қызметінің бағалық мерзімі (алты жыл) сонымен бірге 9 және10 жылдарда ауысу компоненттерінің амортизацияларын бағалау үшін қолданылады. Активке қатысты алдын ала анықталған төлемдер сериясының төмен келтірілген құнына жұмыстың күрделі әділ құны болып саналады.
IE9. Жолдың негізі қызметтің 25 жыл пайдалы қызметі бар. Концедент тура сызықтық әдіс көмегімен жылдық амортизацияны есептейді. Сәйкесінше, негіз қабаттары үшін ол 38ҚБ (940/25) құрайды. Қаптау қабаттарының амортизациясы 6 жыл ішінде орындалады ( шығыс компонетіне 3–8 жылға және 9 жылдан бастап – ауыстыру компоненті үшін). Қаптау қабаттарының жылдық амортизациясы 18 ҚБ (110/6 ҚБ) құрайды. Жолдың құны қызметтерді ұсынуға концессиондық келісім мерзімі ішінде бағаланбайды.
IE10. Оператор капиталының құны практика жүзінде анықталуы мүмкін емес. Осы активке қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімде қолданылатын болжамды мөлшерлемесі 6.18% құрады.
IE11. Барлық ақша ағымы жылдың соңында болады деп болжайды.
IE12. Ақшаның уақытша құны белгісіз деп болжанады. AG59-параграфы ақшаның уақытша құны белгілі болған кезде қолданылатын әдістерге қатысты басшылықты ұсынады.
IE13. 10 жылдың аяғында келісім мерзімінің келісімі аяқталады. Оператордың келісім мерзімі аяқталуы бойынша концедентке жолды пайдалануға береді.
IE14. Операторға сыйақы беру бұл келтірілген мысалдардың әрқайсысында қызметтерді ұсынуға концессиялық келісімнің әр компонентін және 1-кестеде ұсынылған әр қызметтің әділ құнын бейнелеуді қосады.
IE15. Жылжымайтын мүлікке, ғимарат және жабдықтарға қатысты концеденттің есепке алу саясатына сәйкес, мұндай активтер 17 ҚСҚЕХС көрсетілген шығыстар моделінен танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |