АнықтамалықТЫҢ ҚҰрылымы ІІ том 2013 жылғы басылым



бет91/95
Дата21.06.2016
өлшемі7.29 Mb.
#151555
түріАнықтамалық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95



Термин

Анықтамасы

Орналасымы




нәтижесінде міндеттемелердің дисконтталған құны өседі, немесе теріс (қолда бар төлемдердің өзгеруі кезінде белгіленген төлемдер бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны төмендейді) болуы мүмкін.




жоспар активтері

(plan assets)

Келесіні құрайды:

  1. Қызметкерлерге ұзақ мерзімдегі сыйақылар беру қорының активтері; және

  2. Белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын сақтандыру полисі.

25.10


еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақылар жоспарлары

(post-employment

benefit plans )

Нысандырылған немесе нысандырылмаған келісімдер, осыған сәйкес субъект бір немесе бірнеше қызметкерлерге олардың еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақылар төлейді.

25.10


еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақылар

(post-employment

benefits)

Қызметкерлерге еңбек қызметінің аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан басқа).

25.10


төлемдері белгіленген зейнетақылық жоспар бойынша міндеттердің дисконттық құны

(present value of a

defined benefit

obligation)

Қызметкерлердің ағымдық және өткен кезеңдерде көрсеткен қызметтеріне байланысты туындайтын міндеттерді орындауға қажетті күтілетін болашақтағы төлемдердің дисконттық құны (жоспар активтерін шегерусіз).

25.10


есептілікті беру валютасы

(presentation

currency)

Қаржы есептілігі берілетін валюта.


4.10




Термин

Анықтамасы

Орналасымы

өткен мерзім қателіктері

(prior period errors)


Субъектінің бір немесе одан көп мерзімдегі төмендегідей сенімді ақпаратты пайдаланбауы немесе қате пайдалануы салдарынан қаржы есептілігіндегі қателер және сенімсіз деректер:

  1. Осы ақпарат осы кезеңдердің қаржы есептілігін бекіту рұқсат етілгенде; және

  2. Осы ақпаратқа қатысты оның осы қаржы есептілігін дайындау және ұсыну кезінде алынатын және ескерілетін болуы мүмкін.

Мұндай қателерге математикалық қателер, есеп саясатын қолдану кезіндегі қателер, фактілерді толық бағаламаудың немесе дұрыс түсіндірмеудің, сондай-ақ алаяқтықтың салдары кіреді.

3.7

негізгі құралдар (property, plant,

and equipment)


Материалдық активтер:

  1. Өндірісте қолдануға немесе тауарлар мен қызметтерді жеткізуге арналған, басқа тұлғаға жалға беруге және әкімшілік мақсаттарға; және;

  2. Бір есептілік кезеңінен көп уақыт ішінде пайдалануға болжанатын активтер.

17.13

үйлесімді шоғырланым

(proportionate

consolidation)


Бірігіп бақыланатын мекемелердегі кәсіпкердің әр активтер мен міндеттемелер, табыс пен шығыстардағы үлесі қаржылық есептіліктің ұқсас баптарында сатылы негізде жинақталатын немесе қаржы есептілігінің бөлек қосарлы баптары ретінде табыс етілетін есеп беру әдісі.

8.6


келешектегі қолдану

(prospective

application)


Есеп саясатындағы өзгерісті келешектегі қолдану және есептік бағалаудағы өзгерістің нәтижесін мойындау дегеніміз – бұл:

  1. Жаңа есеп саясатын трансакцияларға, басқа оқиғаларға және саясат өзгерген күннен кейін орын алған басқа оқиғалар мен жағдайларға қолдану; және

  2. Осы өзгерістің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі осы өзгерістен болған есептік бағалауға әсер етуін мойындау.

3.7



Термин

Анықтамасы

Орналасымы

резерв

(provision)

Мөлшері бойынша немесе орындалу мерзімі бойынша белгісіз міндеттеме.

19.18

қайтара сату құқығы бар құрал

(puttable

instrument)

Бұл құрал иесіне оның эмитентіне қайтадан ақшалай қаржыға немесе басқа қаржы активіне сату құқығын беретін қаржы құралы, немесе келешекте белгісіз бір жағдай немесе өлім фактісі пайда болғанда немесе құралды ұстаушы зейнеткерлікке кеткенде автоматты түрде эмитентке қайтарылады.

28.9


бағаланатын актив

(qualifying asset)

Болжамды пайдалануға немесе сатуға дайындық міндетті түрде едәуір уақытты талап ететін актив.

5.5


нақты талаптарды қанағаттандырушы сақтандыру полисі

(qualifying

insurance policy)

Бұл есеп беруші субъект тараптарымен (20 ҚСХҚЕС анықтамасына сәйкес) байланыспаған сақтандырушымен шығарылған сақтандыру полисі. Егер кіріс полистен болса:

  1. Төлемдері белгіленген зейнетақылық жоспар бойынша қызметкерлерге сыйақы төлеуге және қаржыландыруға ғана пайдаланылуы мүмкін.

  2. Субъект несие берушілері (банкроттық жағдайда) талаптарын қанағаттандыру мақсатында пайдаланылуы мүмкін емес және есеп беруші субъектіге қайтарылуы мүмкін емес, тек келесі жағдайлардан басқа:

  1. Түсімдер қызметкерлерге сыйақы беру бойынша барлық тиісті міндеттерді орындауға аса қажет емес,қосымша активтер болып келсе; немесе

  2. Түсімдер есеп беруші субъектіге қызметкерлерге төленген сыйақылары үшін өтемақы ретінде қайтарылады.

25.10


(активтің немесе ақшалай қаржы әкелетін бірліктің) өтелу құны

(recoverable

amount (of an asset

or a cashgenerating

unit))

Сату шығыны мен қолдану құнын шегеріп тастағандағы ақшалай қаржы әкелетін активтің немесе бірліктің әділ құнының жоғарғысы.


26.13




Термин

Анықтамасы

Орналасымы

(мүліктің, ұйымның және жабдықтың)

өтелу құны

(recoverable

amount (of

property, plant,

and equipment))

Сату шығыны мен қолдану құнын шегеріп тастағандағы ақшалай қаржы әкелетін активтің немесе бірліктің әділ құнының жоғарғысы.

17.13


қызметтің өтелу құны

(recoverable service

amount)

Сату шығыны мен қолдану құнын шегеріп тастағандағы ақшалай қаржы әкелетін активтің немесе бірліктің әділ құнының жоғарғысы.

21.14


сатып алу немесе сатудың қалыпты жолы

(regular way

purchase or sale)

Тиісті нарықта қабылданған ережелер мен келісімдерде белгіленген уақыт кезеңінің ішінде активті жеткізуді талап ететін шартқа сәйкес қаржы активін сатып алу немесе сату.

29.10


байланысты тараптар

(related party)


Тараптар келесі жағдайларда байланысты болып табылады: (а) басқа тарапты бақылайтын немесе (b) қаржы және жедел шешімдерді қабылдау үдерісінде оған елеулі ықпал ете алса немесе егер байланыстырылған тарап ұйымы мен өзге субъект бір бақылауда болса. Байланыстырылған тараптарға мыналар жатады:

  1. Бақылаушы немесе бақылаудағы есеп беруші субъектілермен бір немесе одан көп делдалдар арқылы тікелей немесе жанама;

  2. Қауымдастырылған субъекттер («Қауымдастырылған субъектілер инвестицияларында» 7 ҚСХҚЕС қараңыз);

  3. Есеп беруші субъектіге тікелей немесе жанама қызығушылығы бар тұлға, бұл олармен субъектіге, сонымен қатар бұл тұлғаның жақын отбасы мүшелеріне елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді;

  4. Басты басқару персоналы және басты басқару персоналының жақын отбасы мүшелері;

20.4




Термин

Анықтамасы

Орналасымы




(e) (c) және (d) тармақтарында көрсетілген тұлға субъекттің елеулі үлесіне тікелей немесе жанама ие болатын немесе ол елеулі ықпал ететін субъектілер.




өзара байланысты тараптар арасындағы трансакция

(related party

transaction)


Төлемді өндіріп алуға қатыссыз өзара байланысты тараптар арасындағы қорларды немесе міндеттемелерді беру. Өзара байланысты тараптар арасындағы операцияға есептік субъектіге немесе өздері құрамына кіретін үкіметке экономикалық тәуелділік тұрғысынан ғана байланысты болып табылатын тараптар арасындағы мәмілелер жатпайды.

20.4


негізгі басқарушы қызметкерлерге берілетін сыйақы

(remunerationof

key management

personnel)

Басшылық орган мүшесі ретіндегі қызметі үшін немесе есептік субъектінің қызметкері ретінде есептік субъектінің негізгі басқарушы қызмекерлерінің тікелей немесе жанама алған кез-келген сыйақысы немесе табысы.

20.4


есеп беру күні

(reporting date)


Қаржылық есептілік жататын есептілік кезеңінің соңғы күні.

2.8


зерттеулер

(research)

Бұл жаңа ғылыми және техникалық білімдер мен түсініктерді алу мақсатында жасалатын өзіндік ерекше және жоспарлық ғылыми ізденістер.

31.16


(мүліктің, мекеменің және жабдықтың немесе материалдық емес активтің) таратылу құны

(residual value (of

property, plant,

and equipment or

an intangible asset))

Актив пайдалану мерзімінің аяғында болжанған уақыт пен жағдайға келгендегідей істен шығарудың болжамды шығынын шығарғаннан кейін активтің істен шығуынан субъекттің қазіргі кездегі алатын есеп айыру сомасы.


17.13


тапсырылатын активтерге қойылатын шектеулер

(restrictions on

transferred assets)


Тапсырылатын активтің пайдалануы мүмкін мақсаттарды шектейтін немесе бағыттайтын талаптар, бірақ тиісінше қолданылмаса құқық берушіге қайтарылуы талап етілетін келешек экономикалық пайдалар немесе тиімді түсімді анықтамайды.


23.7



Термин

Анықтамасы

Орналасымы

қайта құрылымдау

(restructuring)

Субъект басшылығы жоспарлаған және бақылайтын және келесілерге:

  1. Субъекттің қызмет аясына; немесе

  2. Осы қызметті жүргізу тәсілдеріне айтарлықтай өзгеріс ендіретін бағдарлама.

19.18

ретроспективті қолдану

(retrospective

application)

Осы жаңа саясат барлық уақытта қолданылып жүргендей етіп операцияларға, басқа оқиғалар мен жағдайларға жаңа есеп саясатын қолдану.

3.7


есеп берудегі ретроспективтік өзгерістер

(retrospective

restatement)

Өткен кезеңнің қатесі ешқашан орын алмағандай етіп, есеп берудегі мойындауға, өлшемдерге және қаржылық есептілік элементтеріндегі ашып көрсетуге түзетулер енгізу

3.7


жоспар активтеріндегі кіріс

(return on plan

assets)


Жоспар активінен жоспар активі бойынша орындалған және орындалмаған түсім мен шығындарымен бірге немесе осы жоспарды басқаруға шыққан шығындарды шегергеннен кейінгі жоспар активі бойынша шығынымен бірге алынатын, Берілген жоспар шеңберіндегі төленуге тиісті кез келген салықты шегергеннен кейінгі

25.10


кіріс

(revenue)

Меншіктенуші салымынан болған өсімнен басқа таза актив/капитал өсіміне жетелейтін есептік мерзімдегі экономикалық пайда мен тиімді әлеуеттің жаппы кірісі.

1.7


сегмент

(segment)

Келесі мақсатта, (а) субъект қызметінің өткен уақыттағы мақсаттарына қол жеткізуіндегі тиімділігін бағалауда, және (b) келешектегі қорларды бөлу туралы шешім қабылдауда қаржылық ақпаратты бөлек беру орынды болып саналатын субъекттің дараланатын қызметі немесе қызметтер түрінің тобы.

18.9


сегменттің есептік саясаты

(segment accounting

policies)

Шоғырландырылған топ немесе субъектінің сегменттік есептілікке тікелей қатысы бар есеп саясатын қоса алғанда, қаржылық есептілігін дайындау және беру үшін қабылданған есептілік саясаты.

18.27


сегмент активтері

(segment assets)

Сегменттің операциялық қызметінде қолданылатын және сегментке тікелей қатысты немесе негізді түрде сегментке бөлінетін операциялық

активтер.



18.27




Термин

Анықтамасы

Орналасымы




Сегмент активтері келесіні қамтиды:

пайыздық және дивиденттік түсімді қоса алғанда, сегмент түсіміне жататын, кіріс әкелетін дебиторлық борыш, берілген несие, инвестициялар немесе басқа да активтер.

Егер сегменттің сегменттік кірісі пайыздан немесе дивиденттік түсімнен тұратын болса, оның сегмент активтері тиісті алдын ала төлемдерді, қарыздарды, инвестицияларды немесе кіріс әкелетін активтерді қамтиды.

Сегменттің активтеріне табыс салығы немесе оның баламаларын төлеу бойынша міндеттемелерді есепке алу стандарттарына сәйкес есептелетін табыс салығы мен баламалы салық активтері жатпайды.

Егер инвестициялардан болатын таза пайда (шығын) сегменттің кірісіне қосылатын жағдайда, сегмент активтері үлестік қатысу әдісімен есептелген инвестицияларды қамтиды. Сегмент активтері 8 «Бірлескен қызметке қатысу» ҚСХҚЕС сәйкес тең шоғырландыру әдісімен есептелген бірлескен бақылаудағы субъекттің операциялық активтеріндегі бірлескен қызметке қатысушының үлесін қамтиды.

Сегмент активтері салық әсерін ескеру үшін қарастырылған, есептеу стандарттарына сәйкес мойындалған пайда салығына баламалы пайдаға немесе активтерге салынатын салықты қамтиды.






сегмент шығындары

(segment expense)

Сегментке тікелей қатысты операциялық қызметтен туындайтын шығын және сыртқы тараптарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсетуге қатысты шығындар мен осы субъекттің басқа сегменттерімен жасалған мәмілелеріне қатысы бар шығындардан сегментке негізді түрде бөлініуі мүмкін шығынның тиісті бөлігін қоса алғандағы шығын.

Сегменттік шығынға төмендегілер жатпайды:



  1. Сегмент қызметінің ең бастысы қаржылық болған жағдайды қоспағанда, алдын ала төлем мен басқа сегменттерден алынған






Термин

Анықтамасы

Орналасымы




қарыздардың пайыздарын қосқандағы пайыздар;

(b) Сегмент қызметінің ең бастысы қаржылық болған жағдайды қоспағанда, инвестиция сатудан болған залал немесе қарыз өтелуінен болған залал;



  1. Үлестік қатысу әдісі бойынша есептелетін, таза зарар мен шығындағы ұйымның немесе қауымдастырылған ұйымдардың , бірлескен кәсіпорындардың немесе басқа да инвестициялардың үлесі.

  2. Сегмент активтері салық әсерін ескеру үшін қарастырылған, есептеу стандарттарына сәйкес мойындалған пайда салығына баламалы пайдаға немесе шығынға салынатын салықты қамтиды; немесе

  3. Жалпы әкімшілік шығындар, бас кеңсенің шығындары және субъект деңгейінде туындап, барлық субъектке қатысты болатын басқа да шығындар. Дегенмен, кейбір кездері субъект деңгейіндегі шығындар сегменттің атынан жүзеге асады. Егер мұндай шығындар сегменттің оепрациялық қызметіне жататын болса және сегментке тікелей қатысты немесе сегментке негізді түрде бөлінетін болса, онда олар сегменттің шығындары болып табылады.

Сегмент шығындары «Бірлескен қызметке қатысу» 8 ҚСХҚЕС сәйкес тең шоғырландыру әдісімен есептелген бірлескен бақылаудағы ұйымның операциялық активтеріндегі бірлескен қызметке қатысушының үлесін қамтиды. Бастапқыда қаржылық сипатқа ие сегмент операциялары үшін пайда кірісі және пайда шығыны сегменттің есептік мақсаттарында жекеленген таза сома ретінде есептелуі мүмкін, бұл орайда жоғарыда аталғандар шоғырландырылған немесе қаржылық есептіліктерде көрсетіледі.






Термин

Анықтамасы

Орналасымы

сегмент міндеттемелері

(segment liabilities)

Сегментке тікелей қатысты операциялық қызметтен туындайтын және сегментке тікелей қатысты немесе сегментке негізді түрде бөлініуі мүмкін операциялық

міндеттемелер.

Егер сегменттің сегменттік шығыны

пайыз шығынын қамтыса, оның сегменттік міндеттіліктері тиісті пайыз әкелетін міндеттіліктерді қамтиды.

Сегмент міндеттіліктері ҚЕ ҚЕХС 8 сәйкес тең шоғырландыру арқылы есептелінетін бірлескен бақылаудағы субъекттің бірлескен қатысушы үлесін қамтиды.

Сегменттің міндеттіліктеріне табыс салығы немесе оның баламаларын төлеу бойынша міндеттемелерді есепке алу стандарттарына сәйкес есептелетін табыс салығы мен баламалы салық міндеттіліктері жатпайды.



18.27


сегмент кірісі

(segment revenue)

Сегментке тікелей қатысты және бюджеттік қаржы бөлу түрінде де,немесе гранттар, трансферттер, айыппұлдар, салымдар немесе осы субъекттің сыртқы тұтынушыларға сатылымдары немесе мәмілелері түрінде де негізді түрде сегментке бөліне алатын субъект кірісінің тиісті бөлігі болып табылады.

Сегмент кірісіне төмендегілер жатпайды:



  1. Сегмент қызметінің ең бастысы қаржылық болған жағдайды қоспағанда, алдын ала төлем мен басқа сегменттерден алынған қарыздардың пайыздарын қосқандағы пайыздар немесе дивидент түсімдері;

  2. Сегмент қызметінің ең бастысы қаржылық болған жағдайды қоспағанда, инвестиция сатудан болған пайда немесе қарыз өтелуінен болған пайда;

Сегмент кірісі қауымдастырлыған субъекттердің, бірлескен кәсіпорындардың үлестік қатысу әдісі бойынша есептелген таза кірісіндегі (зарарындағы) субъекттің үлесін қамтиды, бұл орайда жоғарыда аталғандар шоғырландырылған немесе

18.7


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет