Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
қаржылық кепілдік шарты
(financial guarantee
contract)
|
Несиелік құралдың бастапқы немесе қайта қаралған талаптарына сәйкес белгілі бір борышкер уақытында төленімді жасамағандықтан болған шығынды эмитенттің иемденушіге өтеп беруін міндеттейтін шарт.
|
29.10
|
қаржы құралы
(financial
instrument)
2012 жылғы 31 желтоқсанда немесе соған дейін аяқталатын есептік мерзімге жарамды.
|
Нәтижесінде бір субъектінің қаржы активі және екінші субъектінің қаржылық міндеттемелері немесе үлестік құралы қатар туындайтын кез-келген шарт. Тараптарға қолма қол немесе басқа қаржы құралымен төлеуге құқық беретін тауар негізіндегі шарт келесі тауар келісімшарттарын қоспағанда, қаржы құралдары ретінде есептелуі керек:
Келесі шарттарды қоспағандағы, тараптарға ақшалай қаржымен немесе одан басқа қаржылық құралдай етіп есептелінетін қаржылық құралмен орындауға құқық беретін тауарға негізделген шарттар:
(а) Субъектінің болжалды сатып алу, сату және пайдалану талаптарына үйлесу үшін жасалған және үйлесіп келе жатқан, (b) басынан осы мақсатты көздеген, және (c) жеткізілім арқылы орындалатын шарттар.
|
15.9
|
қаржылық құрал
(financial
instrument)
2013 жылғы 1 қаңтардан немесе содан кейін басталатын есептік мерзімге жарамды.
|
Нәтижесінде бір субъектінің қаржы активі және екінші субъектінің қаржылық міндеттемелері немесе үлестік құралы қатар туындайтын кез-келген шарт.
|
28.9
|
қаржылық міндеттеме
(financial liability)
2012 жылғы 31 желтоқсанда немесе соған дейін аяқталатын есептік мерзімге жарамды.
|
Шарттық міндеттеме болып табылатын кез-келген міндеттеме:
-
Ақшалай қаржы немесе басқа қаржылық активті басқа ұйымға беру; немесе
-
Субъектінің қаржылық құралды басқа субъектімен өзі үшін әуелден (ықтимал) қолайлы емес жағдайда айырбастауы.
Субъектінің қаржылық актив немесе басыбайлы үлестік құнды қағаз түріндегі төлемі арқылы орындалатын шарттық міндеттемесі болуы мүмкін. Бұл жағдайда міндеттемені орындау үшін қажетті үлестік құнды қағаз саны төленген құнды қағаздың жалпы әділ құны әрдайым шарттық
|
15.9
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
|
міндеттемеге тең келетіндей болып өзгереді, міндеттемені иеленуші басыбайлы құнды қағаздарының бағасындағы ауытқулардан пайдаға немесе шығынға душар болмайды. Мұндай міндеттеме субъектінің қаржылық міндеттемесі ретінде есептелуі тиіс.
|
|
қаржылық міндеттеме
(financial liability)
2013 жылғы 1 қаңтардан немесе содан кейін басталатын есептік мерзімге жарамды.
|
Кез-келген төмендегідей міндеттемелер:
-
Шарттық міндеттеме:
-
Басқа субъектіге ақшалай қаржы немесе басқа да қаржылық активтер жеткізіп беру; немесе
-
Субъектінің қаржылық құралды басқа субъектпен өзі үшін әуелден (ықтимал) қолайлы емес жағдайда айырбастауы; немесе
-
Субъектінің басыбайлы үлестік құралдарымен орындалатын немесе орындалуы мүмкін шарт, және
-
Сол үшін субъект басыбайлы үлестік құралдарының ауыспалы санын жеткізіп беруге тиісті немесе тиісті болуы мүмкін туынды емес құрал; немесе
-
Субъектінің басыбайлы үлестік құралдарының белгіленген санына белгіленген ақшалай қаржы көлемін немесе қаржылық активті айырбастаудан басқаша орындалатын немесе орындалуы мүмкін туынды құрал. Осы мақсатта басыбайлы үлес құралдары 15 және 16 параграфтарға сәйкес үлестік құралдары ретінде жіктелетін, жойылу жағдайында ғана субъектінің келесі тарапқа өзінің таза активінің мөлшерлес үлесін беруіне міндеттейтін және 17 және 18 параграфтарға сәйкес үлестік құралдары ретінде жіктелетін немесе субъекттің басыбайлы үлестік құралдарын келешекте алу немесе қарамағына беру туралы шарт болып табылатын құралдарды қамтымайды.
|
28.9
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
|
Ерекшелік ретінде, қаржылық міндеттеменің анықтамасына сәйкес келетін құрал 15 және 16 параграф немесе 17 және 18 параграфтарындағы қасиеттерге тән болса және талаптарына сәйкес келсе үлестік құрал ретінде жіктеледі.
|
|
қаржылық қызмет
(financing activities)
|
Инвестицияланған капитал мен субъектінің алыс-берісіндегі көлем және құрам өзгерісіне әкеп соқтыратын қызметтер.
|
2.8
|
айыппұлдық ықпалшара
(fines)
|
Қоғамдық сектор субъектінің заң немесе нормативтік актілерді бұзушылық нәтижесінде соттың немесе басқа құқық қорғау органдарының шешімі бойынша алынған немесе алынуы мүмкін экономикалық пайдасы немесе тиімді әлеуеті.
|
23.7
|
тұрлаулы келісім
(firm commitment)
|
Бекітілген күнге немесе күндерге уағдаласқан бағамен уағдаласқан қорлар көлемін айырбастауға міндеттейтін келісім.
|
29.10
|
кесімді бағадағы шарт
(fixed price contract)
|
Мердігердің шарттың немесе кейбір жағдайларда көлемі ұлғаюын алдын ала уағдаласатын өнім бірлігінің кесімді бағасына келісетін құрылыс шарты.
|
11.4
|
болжамдалатын операция
(forecast
transaction)
|
Болуы міндетті емес, бірақ күтілетін болашақ операция.
|
29.10
|
шетел валютасы
(foreign currency)
|
Субъектінің қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта.
|
4.10
|
шетелдік мәміле
(foreign operation)
|
Бақылаудағы, қауымдастырылған, бірлескен кәсіпорын болып табылатын субъект, немесе қызметі есеп беретін субъекттің елі немесе валютасынан өзгешесіне негізделген немесе жүзеге асырылатын есептік субъекттің филиалы.
|
4.10
|
қолданыстағы валюта
(functional currency)
|
Субъект өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортаның валютасы.
|
4.10
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
мемлекеттік сектор мекемелері
(general
government sector)
|
Қаржылық есептіліктің статистикалық негіздерінде анықталған барлық мемлекеттік сектордың субъекттік құрылымдарын қамтиды.
|
22.15
|
мемлекеттік коммерциялық кәсіпорын
(Government
Business
Enterprise)
|
Келесі сипаттамаларға субъект ие :
-
Өз атынан шарт жасау құқығы бар;
-
Бизнесті жүргізуге қаржылық және операциялық өкілеттігі бар;
-
Өзінің коммерциялық қызметі барысында пайда таба отырып немесе шығынды толық өтей отырып, тауар және қызмет көрсетуді сатады;
-
Қызметі үздіксіз кәсіпорын бола тұра мемлекеттің толассыз қаржыландыруына арқа сүйемейді (тыс жерден өнім сатып алудан басқа); және;
-
Қоғам секторы субъекттің бақылауында.
|
1.7
|
(қызмет көрсету бойынша концессиялық шарттағы) құқық беруші
(grantor (in a
service concession
arrangement))
|
Қызмет көрсетуші компанияға қызмет көрсету бойынша концессиялық активті пайдалануға құқық беретін субъект.
|
32.8
|
жалға берілген жалпы инвестициялар
(gross investment in
the lease)
|
Төмендегілердің жиынтығы:
-
Қаржылық жалдау туралы шарт бойынша жалға берушіге тиесілі ең төменгі жалдау төлемдері; және
-
Жалға берушіге тиесілі кепілдіксіз кез келген жою құны.
|
13.8
|
биологиялық активтер тобы
(group of biological
assets)
|
Ұқсас сипаттамалары бар тіршілік ететін жануарлар немесе өсімдіктер жиынтығы.
|
27.9
|
кепілдікті жою құны
(guaranteed
residual value)
| -
Жалға алушы үшін – жою құнының жалға алушы немесе онымен байланысты тарап кепілдік беретін бөлігі (бұл ретте соманың кепілдігі кез келген жағдайда төлеуге жататын ең жоғары сомаға тең);
|
13.8
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
| -
Жалға беруші үшін - жою құнының жалға алушы немесе қаржы қатынасында кепілдік бойынша міндеттемені төлеуге қабілетті жалға берушіге қатысы жоқ үшінші тарап кепілдік беретін бөлігі.
|
|
ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау
(harvest)
|
Биологиялық активтен өнім алу немесе биологиялық активтің өміршеңдігін тоқтату.
|
27.9
|
хеджирленетін бап
(hedged item)
|
(а) Субъекті әділ құн немесе болашақ ақша ағындары өзгерістерінің тәуекеліне ұшырататын және (b) хеджирленетін ретінде айқындалатын ( [ҚС ҚЕХС 29] хеджирленетін баптың толық анықтамасы 87-94 және А қосымшасының AG31-AG141 -параграфтарында неғұрлым толық қарастырылады) актив, міндеттеме, тұрлаулы келісім, жоғары ықтималды болжанатын мәміле немесе шетелдік қызметке салынатын таза инвестиция.
|
29.10
|
хеджирлеу тиімділігі
(hedge effectiveness)
|
Хеджирленетін баптың әділ құнының немесе ақша ағындарының хеджирленетін тәуекелге жататын өзгерісі хеджирлеу құралының әділ құны немесе ақшалай қаржы ағындарының өзгерістерімен өтелетін дәрежесі ([ҚС ҚЕХС 29] А қосымшасының AG145-AG156 параграфтарын қараңыз).
|
29.10
|
хеджирлеу құралы
(hedging instrument)
|
Белгілі бір туынды қаржы құралы немесе (тек валюта айырбастау бағамдары өзгерістерінің тәуекелін хеджирлеуге қатысты) белгілі бір туынды емес қаржы активі немесе туынды емес қаржы міндеттемесі. (хеджирлеу құралының анағұрлым дәл анықтамасы ([ҚС ҚЕХС 29] А қосымшасындағы 81-86 және AG 127-AG130 параграфтары).
|
29.10
|
өтелгенге дейін тоқтатылып тұратын инвестициялар
(held-to-maturity
investments)
|
Төмендегілерден басқа, субъект өтелгенге дейін жоспарлайтын және өтегенге дейін тоқтата алатын ([ҚСҚЕХС 29] стандарттың А қосымшасы AG29-AG38 параграфтарын қараңыз) төлемдері белгіленген немесе анықталған немесе өтеу мерзімі белгіленген туынды емес қаржы активтері:
|
29.10
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
| -
Субъект бастапқы мойындаудан кейін пайда немесе зарар арқылы әділ құн ретінде жіктейтін активтер;
-
Субъект сатуға қолда бар ретінде жіктейтінен активтер және;
-
Қарыздар және дебиторлық берешектерді анықтауға сәйкес келетін активтер.
Субъект инвестицияны өтегенге дейін тоқтататылатын инвестицияның шамалы сомасынан көбін (өтегенге дейін тоқтатылып тұратын инвестицияның жалпы сомасына қарағанда щамалы деуден көп) сатса немесе қайта топтастырса қандай да бір қаржылық активтерін өтегенге дейін тоқтататылатын ретінде жіктемеуі керек, ол төмендегіден басқа болғанда:
-
Қаржы активін өтеу күніне аз қалғанға дейін орын алғандықтан (мысалы, өтеу мерзіміне дейін 3 айдан аз қалғанға дейін), нарықтық пайыз бағамының өзгеру мүмкіндігі қаржы активінің әділ құнына елеулі әсер етпейді;
-
Тұрақты немесе аванстық төлем арқылы субъект қаржы активінің бастапқы негізгі сомасын іс жүзінде толық көлемде жинақтап алғаннан кейін орын алады; немесе;
-
Субъектінің бақылауынан тыс орналасқан жекелеген оқиғаға байланысты, қайталанбайтын болып табылады, және субъектінің мұндай оқиғаның болатынын алдын ала болжауға орынды негіздері болмайды.
|
|
құнсыздану
(impairment)
|
Амортизацияның нәтижесінде активтің келешектегі экономикалық пайдасы немесе тиімді әлеуетіндегі шығынды жүйелі түрде мойындауды арттыратын активтің келешектегі экономикалық пайдасының немесе тиімді әлеуетінің залалдары.
|
21.14
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
ақшалай қаржы келтіретін активтер құнсыздануынан болатын залал
(impairment loss of
a cash-generating
asset)
|
Активтің теңгерімдік құны оның өтелім құнынан асатын сома.
|
17.13
|
ақшалай қаржы келтірмейтін активтер құнсыздауынан болатын залал
(impairment loss of
a non-cashgenerating
asset)
|
Активтің теңгерімдік құны оның өтелім қызметі құнынан асатын сома.
|
17.13
|
орындалмайтындық (1)
(impracticable (1))
|
Егер субъект барлық орынды әрекеттерінен кейін оны қолдана алмаса талаптарды қолдану іс жүзінде орындалмайтын болып табылады.
|
1.7
|
орындалмайтындық (2)
(impracticable (2))
|
Егер субъект барлық орынды әрекеттерінен кейін оны қолдана алмаса талаптарды қолдану іс жүзінде орындалмайтын болып табылады. Нақты өткен кезеңге байланысты есеп саясатындағы өзгеріс есеп беру саясатындағы өзгерістерді ретроспективалық қолдану мүмкін еместігінде немесе қатені түзету мақсатында ретроспективалық өзгерістер жасау үшін есептемелікті қайта шығару мүмкін еместігінде көрініс табады, егер:
-
Есеп саясатындағы өзгерісті қолданып ретроспектива немесе қатені түзетуге қайта есеп жүргізудің нәтижесі анықталуы мүмкін емес болса;
-
Қайта шолуды қолдану немесе қайта есептеудің ретроспективасы сол кезеңдегі басшылықтың ниеті қандай болғанын жорамалдауды талап етеді;
-
Төмендегі жағдайда, ретроспективны қолдану немесе қайта есептеудің ретроспективасы соманың айтарлықтай бағалануын талап етеді және осы бағалану жөнінде ақпаратты дәл бағалау мүмкін емес:
|
3.7
|
Термин
|
Анықтамасы
|
Орналасымы
|
| -
Осы сомалар танылу, бағалану және жария болу керек болған күні орын алған жағдайларды айғақтайды; және;
-
Сол кезеңге қаржылық есептілікті шығаруды бекіту сәтіне басқа ақпарат көзінен қол жетімді болар еді;
|
|
жалгерлік басталған күн
(inception of the lease)
|
Жалгерлік шарты басталу күнінен бұрын болған және тараптар жалгерліктің негізгі ережелерін келісімге келтірген күн. Бұл күнгі ретінде:
-
Жалгерлік - операциялық немесе қаржылық жалдау болып жіктеледі;
-
Қаржылық жалдау жағдайында жалгерлік мерзімінің басталу кезеңіне есептеу үшін сомалар анықталады.
|
13.8
|
бастапқы тікелей шығын
(initial direct costs)
|
Жалға беруші-өндіруші немесе трейдер көтерген шығындарды қоспағанда, жалдау туралы шартты дайындау және жасаумен тікелей байланысты қосымша шығын.
|
13.8
|
сақтандыру шарты(insurance contract)
|
Белгілі анықталған оқиғалар немесе жағдайлар нәтижесінде мүмкін болатын алдын ала келісілген шығын тәуекеліне сақтандырушы міндеттемелер қабылдайтын шарт, бұған адам өлімі (жыл сайынғы өсім жағдайында – өсім алушының тірі қалуы), ауру, еңбекке жарамсыздық, мүлікке келген зиян, басқа адамға шығын келтіру және қызметін тоқтату жатады.
|
15.9
|
материалдық емес актив
(intangible asset)
|
Сыртқы пішінсіз, айқындалатын, монетарлық емес актив.
|
31.16
|
пайыздық шығын
(interest cost)
|
Зейнетақыны төлеудің бір кезеңі жақындауға байланысты пайда болған кезең ішіне төлемдермен белгіленген зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнының көбеюі.
|
25.10
|
Достарыңызбен бөлісу: |