Қант диабетінің балалардағы ерекшеліктері



бет2/6
Дата16.04.2024
өлшемі32.34 Kb.
#498917
1   2   3   4   5   6
СД

Патогенезі. Қант диабетінің дамуы негізінде ұйқы безінің β- клеткаларында инсулин гормонының жеткіліксіз өндірілуі жатады, ол кезде жасуша қабықшаларының глюкозаны өткізу қабілеті төмендеп, гликоген ажырауы күшееді, ақуыз бен майлардың көмірсутекке
айналуы жоғарлайды. Осы өзгерістердің нәтижесінде қандағы глюкоза мөлшері өседі (қалыпты жағдайда 3,3 - 5,5 ммоль/г). Гипергликемия глюкозурияға әкеледі, себебі көп мөлшердегі глюкоза бүйректен қанға қайта алмайды. Зәрдегі глюкозурия оның тығыздығын жоғарылатады, полиурия байқалады. Бүл кезде қан көлемі азайып;
полидипсия дамиды. Ішкі ағзада сумен бірге электролиттер: калий, магний, натрий, фосфор азаяды. Көмірсутектің майға айналуы, ақуыз пайда болуы және май қорынан май қышқылдарының көп шығуы нәтижесінде науқас жүдейді, тәбеті жоғарлайды (полифагия). Май алмасуы бұзылуының толық қанықпаған заттары (кетонды денелер)
жиналады - сілтілік-қышқылдық орта ацидозға ығысады.
Клиникасы. Ауру ағысы 3 кезеңге бөлінеді:
1. Потенциалды диабет (глюкозаға төзімділіктің потенциалды бұзылуы);
2. Жасырын (латентті) диабет (глюкозаға төзімділіктің бұзылуы);
3. Анық қант диабеті.
Потенциалды диабет - қауып қатер факторлары туыстарында қант диабетінің болуы, туғанда дене салмағы 4100 гр жоғары, семіздік, созылмалы панкреатит, жиі қайталанатын стоматиттер, терінің іріңді қабыну аурулары, жиі ауыру, бірінші рет анықталған никту-
рия, эпидемиялық паротит, қызылша, тумаумен ауырып тұрғандарға ерекше көңіл бөлінеді. Алайда оларда ауруға шалдығу қауыпты болғанмен, ауру дамымауы мүмкін. Ашқарында және қант бергеннен кейін анықталған қандағы қант мөлшері қалыпты болады. Латентті диабетте аурудың клиникалық белгілері білінбейді. Ашқарында алынған қанда қант мөлшері қалыпты, бірақ глюкозаға төзімділік төмендегені анықталады: глюкоза күшінен кейін екі сағаттан соң қандағы қант мөлшері орнына келмейді.
Анық қант диабеті - негізгі үш белгілерімен анықталады: шөлдеу, көп мөлшерде зәр бөлу, тәбеті жоғары болсада салмақтың төмендеуі. Ауру ағысы бойынша екі вариантқа бөлінеді:
 ауру жағдайы ұзақ уақытқа дейін ауырламайды;
 ауру дамуының тез өрістеуі: дененің өте құрғауы, улану, құсу және кетоацидоз комасына жылдам соқтыруымен сипатталатын варианты.
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардағы қант диабетінің ерекшеліктері. Бұл жастағы балалар әлсіздік, қалжырау, бас ауыруы мен айналуы, ұйқының бұзылуына жиі шағымданады. Көп шөлдейді, сөткесіне 1,5 - 2 литрден 5 - 6 литрге дейін су ішеді, түндеде шөлдейді. Полидипсиямен қатар сөткесіне бөлінетін зәр мөлшеріде 2 – 6 литр дейін көбееді, түнде және күндіз зәрді ұстай алмауы байқалады.
Баланың тәбеті қалыпты немесе жоғары болсада жүдейді. Бетінде, маңдайында, жоғарғы қабақтарында, иегінде диабеткке тән қызару пайда болады. Терісі құрғақ, аяқтары мен иығы қабыршақтанған. Шашының арасында құрғақ себорея, ауыздың шырышты қабығы
құрғақ, тілі ашық қызыл түсті болады. Баздану, пиодермия, терінің саңырауқұлақты зақымдануы, стоматиттер, пародонтоз, қыз балаларда - вульвит, вульвовагинит аурулары жиі дамиды. Ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендеп пневмониялар т.б. қабынулар тез
өрістейді. Емшек жасындағы балалардағы қант диабетінің ерекшеліктері. Балалар өте мазасызданады, емшекті және еміздікті қомағайлана сорады, сұйық ішкеннен кейін аз уақыт тынышталады, дене салмағы кемиді. Кейде ата-аналар жөргектің қатайғанын («крахмалданған»), зәрдің жабысқақтығын байқайды. Жыныс мүшелері маңында
тұрақты баздану, іріңді бөртпелер, жоғарғы тыныс жолы ауруларымен жиі ауыруы кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет