Лабораториялық диагноз қою әдістері. Қанда гипергликемия, кетонемия, ацидоз; зәрде тығыздығы жоғары, глюкозурия, кетонды денелер анықталады. Қандағы және зәрдегі қант мөлшерінің өзгеруін глюкозуриялық (гликемиялық) профиль бойынша анықтауға болады.
Гликемияны өте жылдам (экспресс) әдіспен анықтау үшін «Декстонал», «Декстростикс», «Глюкопрофиль» индикаторлы жолақтарды қолдануға болады. Зәрдегі қант «Глюкотест», «Мультистикс»; зәрдегі кетонды денелерді «Кетостикс» көмегімен анықталады.
Емі. Инсулин препараттарын қолдану, диета сақтау және физикалық күш түсуін мөлшерлеуді мақсат етеді. Стол No 9 тағайындалады: қант, кәмпит, бидай ұны, ұннан жасалған тағамдар, жарма, күріш, крахмал, жүзім, банан, құрма алынып тасталады. Беруге болады: қара нан, қарақұмық, арпа, сұлы, картоп, капуста, сәбіз, қызылша. Майлар, әсіресе малдан алынған майлар шектеледі. Күніне 6 рет тамақтандыру қажет: үшеуі негізгі тамақ (таңертеңгі, түскі, кешкі ас әрқайсысы 25 %-тен сөткелік калориядан) және үш рет қосымша тамақ (екінші таңертеңгі және сәскелік ас 10 %-тен; екінші кешкі ас -15 % сөткелік калориядан). Тамақтану уақыты мен тамақ мөлшері үнемі тұрақты болуы керек. Науқастарға диетотерапия принциптерін, сөткелік калорияны, тамақтануды реттеу және жоспарлауды үйрету қажет. Негізгі ем - инсулинмен емдеу Инсулин дозасы аурудың
ағысына, ауырлығына байланысты. Орташа сөткелік қажеттілігі 0,25- 0,5-1Б (бірлік)/кг дене салмағына. Сөткесіне зәрмен бөлінген қантты анықтап, 4-5 гр қантқа - 1Б инсулин тағайындайды. Мысалы, бала сөткесіне зәрмен 100 грамм қант жоятын болса, мынадай пропорция
құрамыз:
І Б инсулин – 5гр. қант
х Б инсулин – 100 гр. қант Х= 100:5 = 20 бірлік
І мл инсулинде 40 әрекет бірлігі бар, демек балаға 0,5 мл инсулин егу керек.
Инсулиннің дозасы дәл болуы үшін әдейі арналған инсулин шприцтері болады. Инсулин тері астына салынады, инсулин салатын жерлерді алмастырып тұрған жөн.
Инсулин препаратының 3 түрі бар:
1. қысқа әрекетті инсулиндер – жәй инсулин, СУ – инсулин - әрекет басы 15-20 минуттан кейін, әрекет максимумы/жоғары шегі 2-
3 сағаттан кейін, әрекет ұзақтығы 6-8 сағат: актрапид, инсулрап, хумулин Р, хоморап;
2. орта әрекетті инсулиндер: суспензия цинк-инсулин, инсулонг, семиленте - әрекет басы 1,5-2 сағаттан кейін, әрекет максимумы - 4-10 сағаттан кейін, ұзақтығы 12-18 сағат: Б-инсулин, ленте, лонг, монотард НМ, хомофан;
3. ұзақ әрекетті инсулиндер – суспензия цинк – инсулин кристалды, суспензия протамин цинк – инсулин әрекет басы 6 сағаттан кейін, максимумы 10-18 сағаттан кейін, әрекет ұзақтығы 24-30 сағат: ультралонг, ультраленте, ультратард НМ.
Қысқа және ұзақ әрекетті инсулиндерді қисындастырып бір мезгілде екі шприцпен бір инеге, иненің бағытын өзгертіп тұрып егуге болады. Бұлай еккенде қанда инсулин сөтке бойы айналып жүреді.
Күтім:
1. Ауру балалардың диетаны және тамақ режимін сақтауын қадағалау.
2. Гигиеналық режимді сақтау.
3. Баланың көңіл күйінің жақсы болуын қадағалау.
4. Ауыр түрдегі диабетпен ауыратын балаларға қосымша демалыс күнін беру, бұл күні көп таза ауада серуендеуін қадағалау.
5. Дене тәрбиесі сабағында арнайы топта шұғылдану.
6. Профилактикалық егулерден босату. Бұл егулер тек эпидемия кезінде ғана өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |