Диспансерлеу: қант диабетімен ауыратын балалар педиатр мен эндокринологтың диспансерлік есебінде тұрады: ай сайын дәрігерге көрінеді, жұмасына І рет қант пен ацетон айқындау үшін зәрін анализге өткізеді, айына 1 рет қант мөлшерін айқындау үшін қанның биохимиялық анализін өткізу, 3 айда бір рет окулист пен фтизиатрдың бақылауынан өтеді, жылына 2 рет инсулиннің дозасын реттеу үшін ауруханаға жатқызылады. Ауру балаларда инсулиннің дозасы көрсетілген «диабетиктер құжаты» болуы керек.
Алдын алу: Диабетпен ауырғандарды неғұрлым ерте айқындау үшін «қауіп-қатер» тобы бөліп шығарылады:
1. Туғанда салмақтары 4,5 келіден артық болған балалар.
2. Әке-шешелері диабетпен ауыратын балалар.
3. Артық салмақтары бар балалар.
Бұл балалардың тамағы бәсең болуы керек, оларды психикалық және күш стрестерінен, жұқпалы аурулардан сақтау керек. Соңғы жылдары инсулин шығаратын – клеткаларды талаққа, көк етке енгізу әрекеттері, гендік инженерияның көмегімен ішек таяқшаларын
инсулин шығаруға «мәжбүр» ету әрекеттері өткізілуде.
Асқынулары. Қант диабетінде асқынулар арнайы және арнайы емес болып болінеді. Арнайы емес асқынуларға терінің іріңді аурулары, стоматиттер, кандидоз, вульвит, вульвовагинит, пиелонефрит т.б. Арнайы асқынуларға: ішкі мүшелерінің (көз торы, бас миы, бүйрек, аяқтардың дистальды бөлігі) ұсақ тамырлары зақымдалып қан айналысының бұзылуынан болған ангиопатиялар. Қант диабетінің асқынуының ең ауыр түрлері жатады кетоацидозды және гипогликемиялық комалар.
Кетоацидозды (гипергликемиялық) кома.
Себептері: аурудың кеш анықталуы, инсулин мөлшерінің кем болуы, инсулинді жүйелі түрде қолданбау, диетаны дөрекі бұзу (майлы және тәтті тағамды көп қолдану), қосалқы аурулардың араласуы, стрессті жағдайлар.
Алғашқы белгілері: тәбеті төмендейді, әлсіздік, шөлдеу, жиі зәр шығару, іш ауруы, жүрек айнып, құсу, ауыздан ацетон исі шығады. Бірте-бірте бала сұраққа дұрыс жауап бере алмайды, сөзі түсініксіз болады. Терісі құрғақ, суық, ерні жарылып қабыршақтанады, беті қызарады, тілі құрғап, бауыры үлкееді. Егер науқасқа көмек берілмесе жағдайы нашарлай береді: дем алысы терең, шулы, рефлекстері және көз алмасы тонусы төмендейді; дегидратация белгілері күшееді: бет пішіні айқындалып, пульсі жиі,
АҚҚ азаяды. Көз қарашығы кішірейіп, ақыл - есі күңгірттенеді, өшеді.
Қанда гипергликемия және гиперкетонемия, ацидоз, зәрде қант, кетонды денелер анықталады.
Жедел көмек. Науқасты дереу ауруханаға жеткізу керек. Емдік шаралар дегидратациямен күреске және зат алмасуын реттеуге бағытталады. Емдеудің бірінші сағатында көк тамырға инсулинді І кг дене салмағына 0,1 бірліктен 150-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып үздіксіз жібереді; асқазанды 5% натрий гидрокарбонат жылы ерітіндісімен жуады; қуыққа катетер салады; 4% натрий гидрокарбонат жылы ерітіндісімен тазартқыш клизма қойылады, оттегі беріледі, науқасты жылытады; натрий хлорид ертіндісін тамшылатып құюға дайындайды (20 мл/кг салмағына бірін-ші
сағатта), оған кокарбоксилаза, аскорбин қышқылы, гепарин қосылады. Жедел көмектің келесі сатысында глюкоза мен тұзды ертінділер және инсулинотерапия жүргізіледі. Рингер ертіндісі, 5% глюкоза ертінділері, «Клосоль», «Ацесоль», «Дисоль» 50 - 150 мл/кг салмағына беріледі. Бірінші 6 сағатта барлық сұйықтың 50 % -і құйылады, инсулинотерапия (0,1 бірлік 1 кг дене салмағына сағат сайын) жалғастырылады. Емді қандағы қант мөлшерін бақылап отырып жүргізеді. Науқастарға қан сары суы, реополиглюкин, гемодез, 4% натрий гидрокарбонат ертіндісі, трисамин, калий хлорид, панангин қолдану қажет. Зат алмасуын жақсарту үшін В5, В6, С, кокарбоксилаза, АТФ тағайындалады, қажет болса антибиотиктер қосылады. Диетотерапия маңызды орын алады: бала ессіз күйде болса көк тамырға ертінділер мен глюкоза құю жеткілікті, жағдайы жақсарып жүрегі айну мен құсу болмаса тәтті сусын, шырындар, компот,
кисель, минералды су беруге болады. Екінші күндері ботқалар, езілген көкөністер, жемістер, айран, нан қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |