Қант диабетінің балалардағы ерекшеліктері



бет6/6
Дата16.04.2024
өлшемі32.34 Kb.
#498917
1   2   3   4   5   6
СД

Қалқанша безі:
Дене температурасы мен зат алмасуына, сондай–ақ бас миы дамуына және сүйек құрылысына әсер етеді. Тироксин және тиротонин гормонын бөледі. Бұл гормондар бөлінуіне йод өте қажетті. Өз қызметін жатыр ішінен бастайды. 5 – 6 айда қызметі жоғарылайды. 2 – 2,5 жасында қызметі күшейіп, сосын төмендейді, жыныстық жетілу кезеңінде қайта күшейеді.
Қалқанша маңы бездері – ағзада Са (кальций) алмасуына қатысады.
Айырша (тимус) безі – орталық иммундық жүйе мүшесі. Т – лимфоциттерді түзеді, максималды қызметі жатырда және жас бала шағында күшейеді. 11 – 15 жаста қызметі төмендейді.
Ұйқы безі – сыртқы және ішкі секреция безі болып табылады, асқазанның артқы жағында, шамамен ІІ және ІІІ бел омыртқа деңгейінде, іш пердесі сыртындағы кеңістікте орналасқан. Эндокриндік жүйеде – инсулин гормоның бөледі, көмірсутек зат алмасуына қатысады.
Бүйрек үсті бездері – ішкі секрециясының қос бездері, бүйректің жоғарғы үш жағындағы қарын кеңістігінде орналасқан. Жаңа туылған нәрестеде бүйрек үсті безінің көлемі үлкен, бірақ дамып бітпеген. Бүйрек үсті безі қабықшасы мен қоймалжын ми затынан тұрады. Бүйрек үсті безінің қабықшасы қанға өмір сүруге қажетті гормондарын түсуін қамтамасыз етеді, олар: глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар, андрогендер. Бүйрек үсті
безінің физиологиялық қызметі: адреналин мен норадреналин бөліп шығару болып табылады. Жалпы бұл гормондар бейімделу (адаптация) синдромын қамтамасыз етеді.
Жыныс бездері (жұмыртқа жасушалары): қыз балаларда – аналық без, ұл балаларда – аталық без дейді. Бой өсуіне және ағза жетілуіне: әйелдік және еркектік мінезді, қылықты, айырмашылықтарды қамтамасыз

ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕНІ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ


І. Шағымы:
Эндокринді аурулар әртүрлі белгілермен сипатталады. Ішкі секреция безінің бір ауруы басқа бездер қызметіне әсерін тигізеді, сөйтіп жүйке жүйесін, ішкі мүшелер қызметі мен зат алмасу процесін өзгертеді, науқастарда әртүрлі шағымдар дамуы мүмкін. Оларда психикалық қозудың жоғарлауы, ұйқысының бұзылуы, есте сақтау қызметінің төмендеуі, ашуланшақтық, тершеңдік, жүрек соғуының жиіленуі, тоңғыштық, құлақтың шуылдауы, салмақтың төмендеуі жатады. Сұрастыру кезінде психикалық келбетін (күйгелектік, қимылдың шапшандылығы немесе немқұрайлығы, енжарлық) анықтау қажет.
Ішкі секреция бездерінің қызметі кейде төмендейді – гипофункция, кейде жоғарлайды – гиперфункция деп аталады.
ІІ. Анамнез:
тұқым қуалаушылық;
 ауруға әкелген себептерді (қобалжу, қорқу, психикалық жарақаттар) анықтау қажет.
ІІІ. Қарау:
 соматикалық және жыныстық жетілу белгілеріне көңіл бөлу;
 бет –әлпетіне (қалқанша безінің гиперфункциясында – бадырақ көз белгісі пайда болады, керісінше оның қызметі төмендегенде – баланың беті дөңгелек, жалпақ болады т.б.) қөңіл бөлу;
 бойының қалпы (алыпты 195см – ден жоғары гипофиздың алдыңғы бөлігінің қызметінің жоғарлауында, ергежейлік 135 см – ден аласа гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің төмендегенінде болады).
 Терісінің өзгеруі (терісі бозарып, сарғыш түстес болса – микседема белгісі, беттің қызаруы – Иценко–Кушинг синдромына тән, тері қатпарларының қола түстес болуы – Аддисон ауруымен ауыратын науқастарда анықталады, терінің құрғауы – қант диабет ауруында, қалқанша безінің қызметі төмендегенде байқалады).
 жасына сай ой–өрісі дамуы;
 жыныстық белгілерінің жетілуі: қыз балаларда ерте жетілу – 8 – 8,5 жасқа дейін, кеш жетілу – 13 жастан кейін, етеккірі 15 жас және одан кейін болмауы есепке алынады;
 ер балаларда ерте жетілу 10 – 10,5 жастан бастап және одан кейін ешқандай жыныстық жетілу белгілері болмаса онда жыныстық жетілмеуі деп саналады.
ІV. Пальпация:
 Қалқанша безін тексеру үшін қолданылады; пальпация көмегімен қалқанша безінің тығыздылығын, өлшемдеріндегі өзгерістерін, оның бетін, бетінде түйіндердің бар болуын анықтайды. Зерттеуші екі қолының бүгілген төрт саусағын төс – бұғана – емізікше бұлшық етінің артқы шетіне терең етіп орналастырады. Қалқанша безіне пальпация жасаған кезде, науқасқа жұтыну қозғалыстарын жасау ұсынылады. Өйткені, жұтыну кезінде қалқанша безі көмеймен бірге қозғалып, зерттеушінің саусақтары арасына орналасады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет