Қант диабетінің балалардағы ерекшеліктері



бет5/6
Дата16.04.2024
өлшемі32.34 Kb.
#498917
1   2   3   4   5   6
СД

Гипогликемиялық кома - команың жиі кездесетін түрі. Инсулин алып жүрген балаларда гипогликемиялық жағдайлар байқалып тұрады.
Оның себептері: инсулин дозасының мөлшерден асып кетуі, физикалық күш түсуі, тамақтану режимінің бұзылуы (ашығу), инсулин алғаннан кейін тамақтың жеткіліксіз болуы. Гипогликемиялық жағдайдың негізі қандағы қанттың күрт азаюынан ми жасушаларында глюкоза сіңуі жетіспейді, мида гипоксия дамиды. Гипогликемияның
алғашқы белгілері әртүрлі: «аштық» сезімі, тез әлсіреу, терлеу, аяққол дірілінен басталады. Бас ауырып, айналады, еріні, тілі жансызданады. Науқаста қозу, ызалану, орынсыз ашулану байқалады, кейде апатия, ұйқы басу, кез келген жерде ұйықтап кетуі мүмкін. Қарашығы үлкейіп, бұлшық ет тонусы төмендейді, рефлекстері
жоғалады, тоникалық, клоникалық құрысып-тырысу басталады. Науқас тез естен танады. АҚҚ қалыпты.
Жедел көмек: бастапқы белгілері кезінде тәтті шәй, бал, тосап, ақ нан, ботқалар, картоп береді. Гипогликемияның науқас есінен танған ауыр түрінде көк тамырға үздіксіз 20-50 мл 20% глюкоза ерітіндісі жіберіледі. Егер науқас 10-15 мин соң есін жинамаса глюкозаны қайта жібереді, нәтиже болмаса 5-10 % глюкоза ерітіндісін көк тамырға
тамшылатып құяды. Ауыр жағдайда оттегі беріледі, тері астына 0,1 % адреналин немесе глюкагон ертінділері, глюкокортикоидтар егіледі. Кокарбоксилаза, аскорбин қышқылы ертінділерін қолдану да орынды.

ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕСІНІҢ АФЕ – рі


Ағзадағы эндокриндік жүйе ішкі секреция бездері дейтін топтан тұрады. Олардың зат алмасуын реттеп отыруға қажетті белсенді биологиялық заттарды– гормондарды жасап, бөліп шығаратын қасиеті бар. Эндокриндік жүйенің қызметі қанның минералдық құрамымен, орталық және вегетативтық жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Баланың ішкі секреция бездерінің зат алмасуды, өсуді және дамуды реттеп отырушы ретінде ерекше зор маңызы бар. Бала өсіп, дамыған сайын бұл бездерде морфологиялық және функционалдық өзгерістер болады, бездердің түрлі топтарының бір–бірімен және орталық жүйке жүйесінің қызметімен өзара байланыс әрекеті айқын аңғарылады.
Ішкі секреция бездеріне жатады:

 гипофиз


 эпифиз
 қалқанша безі
 қалқанша маңы бездері
айырша безі
 бүйрек үсті бездері
 ұйқы безі
 жыныс (гонадтар) бездері.
Гипофиз – ең негізгі эндокриндік без, бас сүйегінің түрік ерінде орналасып, гипоталамуспен байланысады. Үш бөлігі бар: алдыңғы, ортаңғы немесе аралық, артқы бөліктері.
1. Алдыңғы бөлігі – СТГ (соматотропты – дененің өсуін қамтамасыз етеді), АКТГ (адренокортикотропты – бүйрекке әсер етеді, көмірсулар зат алмасуын реттейді), ТТГ (тиреотропты – қалқанша безінің функциясына ықпал етеді), ГТ (гонадотропин) гормондарын бөледі.
2. Ортаңғы – МФГ (меланинтүзетін – теріде пигмент түзелуін күшейтеді) гормонын шығарады.
3. Артқы – окситоцин (АҚҚ деңгейіне, жыныс мүшелерінің дамуына, диурезге және белок пен май алмасуына әсер етеді) және вазопрессин (антидиуретикалық) гормондар бөледі.
Бала 6 – 7 жасқа толғанда алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді.
Эпифиз – бала жатырда жатқанда қызметі басталады, ең максимальды қызметі – 4 айға дейін. Қызметі бүйрек үсті безімен байланысты – бір–бірін басып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет