Антропологиялық зерттеу әдістері Бейімдік дене шынықтыру пәні


Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау



бет4/7
Дата10.02.2024
өлшемі342.01 Kb.
#491548
1   2   3   4   5   6   7
Новая презентация

Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау

Тыныс алудың үш типін ажыратады: кеуде, іш және аралас.

· Тыныс алудың кеуделік типінде тыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің көмегімен іске асады. Демді ішке алғанда кеуде клеткасы кеңейеді және аздап көтеріледі, демді сыртқа шығарғанда – тарылады және шамалы төмендейді. Бұндай тыныс типі әйелдерде жиі кездеседі.

Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау

Тыныс алудың іштік типінде көк ет және іштің бұлшық еттері жұмыс істейді. Демді ішке алғанда көк ет жиырылады және төмендейді, ол кеуде қуысында теріс қысымды жоғарылатады, осы кезде өкпе ауаға толады, іш қабырғасы сыртқа қарай шығады. Демді сыртқа шығарғанда– көк ет босаңсиды және көтеріледі, іш қабырғасы бастапқы қалыпқа келеді. Бұндай тыныс типі ер адамдарда жиі кездеседі.

Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау

Тыныс алудың аралас типінде тыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің, көк ет және іштің бұлшық еттері арқылы жиырылады.

Тыныс алу жиілігі. Дем алу және дем шығару жиынтығы бір тыныс алу қозғалысы деп есептеледі. Тыныс алудың 1 минуттағы саны тыныс алу қозғалыс жиілігі (ТҚЖ) немесе жай тыныс алу жиілігі деп аталады. Дені сау үлкен адамның тынысы ырғақты, дем алу және дем шығару бірдей жиілігімен ерекшелінеді (минутына 16—20 тыныс).

Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау

Тынысты есептеу тыныштық жағдайында жүргізілуі керек, есептеу алдында науқас физикалық жұмыс жасамауы керек, тамақ ішпеуі немесе алаңдамауы қажет, өйткені бұл жағдайлар тыныс алу жиілігін жоғарылатады. Физикалық күш түскенде,тамақтан соң тыныс жиілейді, ұйқы кезінде— азаяды. Бірақ тыныстың жиілеуі немесе азаюы ақаулы жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Тыныс алу қозғалысы санының жоғарылауы (20-дан көп) - тахипноэ, тыныс санының 16-дан төмендеуі– брадипноэ, тыныстың толық болмауы – апноэ деп аталады. Апноэ ерікті болуы мүмкін, егер науқас өзі тынысын ұстап тұрса, және ақау кезінде болады, мысалы, клиникалық өлім кезінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет