Антропологиялық зерттеу әдістері Бейімдік дене шынықтыру пәні


Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау



бет7/7
Дата10.02.2024
өлшемі342.01 Kb.
#491548
1   2   3   4   5   6   7
Новая презентация

Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау

Үлкен адамның систолалық қысымның қалыпты көрсеткіші 110-нан 139-ға дейін мм с.б.б.және диастолалық 70-тен 85–89-ға дейін мм с.б.б. АҚ тұрақты төмендеуі -ги­потония, тұрақты жоғарылауы — гипертония деп аталады. Гипертензия және гипотензия ақау кезінде болады (гипертониялық ауруда және жүрек-тамыр жүйесі аурулары кезінде байқалады) және физиологиялық (физикалық күш түскендегі гипертензия, ұйқы кезіндегі гипотензия).

Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау

Термометрия

Адамның дене температурасы ағзаның жылу жағдайының, ағзадағы энергия алмасу көрсеткіші болып табылады және салыстырмалы тұрақты болады. Температураны үнемі бір қалыпта ұстап тұру бір-бірімен байланысқан процестер арқылы, ол жылудың пайда болуы мен ағзадан сыртқы ортаға шығуы арқылы іске асады. Егер жылудың пайда болуы жылудың бөлінуіне тең болса, дене температурасы тұрақты болады. Егер жылудың пайда болуы жылудың бөлінуінен басым болса, онда ағзаның ысып кетуі, не жылулық соққы болуы мүмкін. Егер жылудың бөлінуі жылудың пайда болуынан басым болса, ағзаның тоңазуы болады.

Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау

Адам денесінің әр жерінің температурасы әртүрлі болады. Ең төмен тері температурасы қол саусақтары мен табанда болады, ең жоғары — қолтық астында, оны сол жерде өлшейді. Дені сау адамның температурасы 36,2-36,9°С тең. Тік ішекте температураны өлшегенде 37,5 ° С дейін қалыпты деп есептеуге болады. Тәулік ішінде адамның дене температурасы тәуліктік биоырғаққа сай аздап көтеріліп немесе түседі: ең төменгі температура түнде сағат 2—4 -де, максималды —сағат 16—19 аралығында байқалады.

Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау

Дене температурасын өлшеу нәтижелерін бағалау:

Ø Гипотермия –36 ° С төмен

Ø Қалыпты - 36,0 - 36,9°С

Ø Субфебрилді –37,1 -ден 37,9 ° С-ға дейін

Ø Фебрилді - 38,0-ден 39,0 ° С-ға дейін

Ø Пиретикалық (жоғары) - 39,1-ден 40,9 ° С-ға дейін

Ø Гиперпиретикалық (өте жоғары) –41 ° С-ден жоғары.

Ø Леталды ең жоғарғы температура (өлім болатын температура) 43 ° С құрайды.

Ø Леталды ең төмен температура – 15-23%.

Термореттеудің бұзылуы қабыну және жұқпалы аурумен бірге болатын қызба кезінде, қан-айналымның бұзылуы (қарт адамдар жылы күні әсіресе аяғы мен бел аймағының тоңуына шағымданады) эндокриндік жүйенің жасқа сай өзгеруі (көп әйелдерде климакс кезеңінде ысу сезімі болады), ішімдіктер қолдану кездерінде байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет