ДСИ = дене салмағы (кг)/бойы(м)2 Қалыпты ДСИ - 18,5 - 25. · егер ДСИ < 18,5 – дене салмағы жеткіліксіз, · егер ДСИ 25-29,9 – дене салмағы артық (семіздіктің алды), · егер ДСИ > 30 – семіздік. Антропологиялық зерттеу әдістері Майдың іш аймағында жиналуы денсаулыққа қауіпті, себебі жүректің ишемиялық аурулары, артериалық гипертония, қантты диабет және т.б. жиі кездеседі. Әлем статистикасы бойынша әйелдердің 30-40%, ал еркектердің 10—20% -ы семіздікке жиі ұшырайды. Дене салмағының индексін анықтау дене салмағы артық адамдарда семіздікті ерте диагностикалауға және жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін болжауға мүмкіндік береді. Антропологиялық зерттеу әдістері Сан айналымы жамбастың ең шығыңқы бөлігінен өлшенеді, сантиметлі лента шап аралығы деңгейіне жақын көлденең қойылады. Май қабатының жиналу сипаты бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасымен анықталады, қалыпты жағдайда әйелдерде < 0,85; еркектерде < 1,0. Қалыпты жағдайда – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан көп, семіздікте – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан кем (сурет 3). Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау Дені сау адамда тыныс алу қозғалыстары тыныс алу бұлшық еттерінің жиырылуы нәтижесінде болады: қабырға аралық, көк еттік және іш қабырғасы бұлшықеттері. Тыныс тынысалу орталығы және ми қыртысымен реттеледі. Оттегі жетіспегенде немесе қандағы көмірқышқыл газдың жоғарылауы кезінде тыныс алу орталығының тітіркенуі салдарынан тыныстың белсенділігі күшейеді. Кей жағдайларда тыныс алу орталығы ауырлауы мүмкін, ол тыныстың тереңдігі мен жиілігін азайтуға, не тоқтауға дейін әкеледі (гипервентиляция, қанда оттегі концентрациясының көп болуы). Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау Науқасты қарағанда тыныстың типін, жиілігін, тереңдігін және тыныс алудың қозғалыс сипатын анықтайды. Науқастың кеуде клеткасына қолын қойып, не фонендоскоптың көмегімен тыныс алу қозғалысын сезу арқылы, дем алу-дем шығару циклін қарап есептеуге болады. Тынысты бақылауды науқасқа білдірмей жүргізу қажеттігін есте сақтау керек. Егер науқас біздің бақылауымызды білсе, ол «көмектесу» жасайды және тыныс алу қозғалысы жиілігін өзгертеді. Бұл дұрыс нәтиже алуға кедергі жасайды
Достарыңызбен бөлісу: |