Антропологиялық зерттеу әдістері Бейімдік дене шынықтыру пәні


Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау



бет6/7
Дата10.02.2024
өлшемі342.01 Kb.
#491548
1   2   3   4   5   6   7
Новая презентация

Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау

Пульс ырғағы

Ырғағы — пульстік толқындар арасындағы уақытша аралық. Егер ол бірдей болса, пульс ырғақты (үнемі); егер бірдей болмаса– аритмиялық болады. Қалыпты жағдайда пульстік толқындардың арасындағы уақыт бірдей болады. Жүрек аурулары бар адамдарда дұрыс ырғақ бұзылады, бұл аритмия деп аталады. Кейбір науқастарда жеке пульстік толқындардың түсіп қалуы (блокада) немесе уақытынан бұрын пайда болуы (экстрасистолия) және басқа жүрек ырғағының бұзылуын анықтауға болады.

Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау

Артериялық қысымды зерттеу

Артериалды қысым (АҚ) – қан тамырлардың қабырғасына қанның түсіретін қысымы. АҚ -қантамыр жүйесінің жұмысын көрсететін ең маңызды параметр болып табылады. Дені сау адамның қан қысымын үнемі ұстап тұруы күрделі нейро-гормоналды реттеумен және жүрек жиырылу күшіне және жүрек тонусына байланысты болады.

Дененің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау

Систолалық, диастолалық және пульстік қысымды ажыратады.

Ø Систолалық қысым (жоғарғы сан) систола кезінде артериядағы қысымды көрсетеді, жүрек жиырылып, артерияға қанды айдағанда, онда қысым пайда болады. Олар жүрек жиырылу күшіне және қолқаға айдайтын қанның көлеміне, артерия арнасына, миокард жағдайына байланысты болады.

Ø Диастолалық қысым (төменгі сан) диастола- жүрек бұлшық еттерінің босаңсу кезіндегі артериядағы қысымды көрсетеді. Ол тамыр қабырғасының тонус жағдайын және шеткері тамырлардың қарсыласуын көрсетеді. Төменгі қысымның пайда болуына тамырлардың серпімділігі және тонусы әсер етеді.

Ø Систола және диастола арасындағы айырмашылық пульстік қысым деп аталады. Пульстік қысымның тербелісі толығымен жоғарғы және төменгі қысымға байланысты болады. Қалыпты жағдайда пульстік қысым 30–40 мм сынап бағанасы шамасында болады, систоладан 60% аспау керек.

Қалыпты жағдайда АҚ жоғарылататын немесе төмендетін көптеген факторларға және жасына, тәулік уақытына, сыртқы орта жағдайына, физикалық күшке немесе адамның психологиялық жағдайына (күйзеліс кезінде қысым жоғарылайды), әртүрлі белсендіретін заттарды, медикаменттерді қабылдауға (кофе, шай) байланысты өзгеріп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет