Балаларда тыныс алу жиелігін анықтау
Мақсаты: диагностика
Қолдану көрсетілімдері: бақылау
Ресурстар: секундомер сағат, температуралық бетше немесе баланың даму тарихы, қаламсап.
Іс-әрекет алгоритмі:
Баланың анасына емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, кептіріп, жылытыңыз.
Анасынан баланы жатқызып, кеуде клеткасының алдыңғы жағындағы киімін шешуін сұраңыз.
Баланы тынышталдырыңыз. Ерте жастағы баланың тыныс алу жиелігін ұйықтап жатқан кезінде санаған ыңғайлы. Ересек баланы отырғызуға болады.
Балаға қарсы отырыңыз, кеуде клеткасының қозғалысын 1 минут бақылап, санаңыз.
Егер көзбен қарап санауға қиын болса, қолыңызды кеуде клеткасына немесе ішіне қойып, тыныс жиелігін санаңыз.
Нәтижесін терпературалық бетшеге немесе баланың даму тарихына (112/е нысанға немесе температурлық бетшеге) жазыңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: Фонендоскопты баланың мұрнына тақап санауға болады.
Қалыпты жағдайда тыныс жиелігінің көрсеткіштері
Баланың жасы
|
1 мин тыныс жиелігі
|
Жаңа туған бала
|
40-60
|
0- 6 ай
|
35-40
|
6 ай-12 ай
|
30-35
|
1 жас – 3 жас
|
28-32
|
4 жас – 6 жас
|
25-30
|
7 жас – 11 жас
|
20-22
|
12 жас – 16 жас
|
18-20
|
Тыныстың жиеленуі – тахипноэ, тыныстың сиреуі-брадипноэ, тыныстың тоқтауы-апноэ.
Достарыңызбен бөлісу: |