Антропометрия Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау Дайындаңыз



бет6/25
Дата03.01.2022
өлшемі64.2 Kb.
#450286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Антропометрия

ІІІ. Осы аурумен ауру тарихы

Бала осы аурумен алғашқыда қандай жағдайда ауырды. Аурудың басталуына қандай әсерлер себебін тигізді (жүйкелік зақымдану, физикалық және ойлық шаршау, инфекция, тоңазу және т.б.). Аурудың басталуы: жедел, біртіндеп. Аурудың даму барысы (жүйелігі, күшеюі, өзгерістері, белгілерінің жойылуы, жаңаларының пайда болуы). Бұрынғы (үйде, емхана) жасалған емдік шаралар және олардың тиімділігі.



ІV. Науқастың өмір тарихы

Бала нешінші жүктіліктен. Бұдан бұрынғы жүктіліктердің нәтижелері. Соңғы жүктіліктің өрбуі (уыттың денеге жайылуы, ауруы, жарақаттануы, кәсібі, сырқаты). Босанудың барысы (жедел, шапшаң, ұзақ, құрғақ, сусыз кезең), қолданған шаралар, туылған күні (күні жетіліп немесе шала туылған). Дене салмағы, ұзындығы туған кезде тұншығуы, сарғыштығы. Кіндігінің түскен уақыты. Неше тәуліктен кейін, қандай салмақпен перзентханадан шығарылды. Нәрестелік кездегі ауырған аурулары. Қоректенуі. Ауру баланың жүйке іс-әрекетінің дамуы. Физикалық дамуы.

Ауырған науқастары: қандай, қай жасында, аурудың сипаты, ерекшеліктері, асқынуы, жасалған операциялар.

Отбасы жағдайлары: пәтердің көлемі, лайықтығы, сәйкестілігі, отбасының әл-ауқаты. Баланың күтімі.

Эпид анамнез: жұқпалы және туберкулез ауруларымен науқас адамдармен қарым-қатынасы. Алдын-ала егулер. Аллергиялық мәлімет.

Тұқым қуалаушылық: ата-аналарының кәсібі, денсаулығы, апасы, ағасы, інілерінің денсаулығы, қайтыс болса қандай себептермен. Туысқандарының арасында созылмалы, тұқымқуалайтын аурулардың түрлері.



V. Жалпы қарау

1. Науқастың жалпы жағдайын бағалау. Қанағаттанарлық, орташа, ауыр.

2. Тері (түсі, ылғалдылығы, бөртпелер, тургор, дермографизм).

3. Тері асты май қабаты (қалыңдығы).

4. Бұлшық ет жүйесі (гипотония, гипертонус).

5. Сүйек жүйесі (үлкен еңбек).

6. Тыныс жүйесі (мұрынды қарау, жұтқыншақты қарау, кеуде қуысын, дем алу түрі, тыныс жиелігі, дауыс дірілін анықтау, перкуссия, аускультация).

7. Жүрек-қан тамыр жүйесі: перкуссия, аускультация, пульс, қан-қысымы.

8. Ас қорыту мүшелері (ауыз қуысын тексеру, ішті қарау – пальпация, перкуссия, аускультация).

9. Бауырды пальпациялау,перкуссиялау, талақты пальпациялау

10. Лимфа түйіндерін пальпациялау.

11. Зәр шығару жүйесі (бүйректі пальпациялау, Пастернацкий белгісі, зәр шығаруының өзгеруі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет