Антропометрия Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау Дайындаңыз



бет7/25
Дата03.01.2022
өлшемі64.2 Kb.
#450286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Антропометрия

VІ. Болжамалы диагноз

VІІ. Тексеру жоспары

VІІІ.Клиникалық диагноз

Бұлшық ет тонусын анықтау

Бұлшық ет тонусын бірнеше әдістермен анықтауға болады.

Баланың бұлшық ет тонусын қандай позада, аяқ-қолының қандай қалыпта тұрғанынын визуальды қарау арқылы бағалауға болады.


  1. Пальпация жасау арқылы бағалау- консистенция және пассивті қимылдар жасауға көрсететін кедергі бойынша анықтайды.

Бұлшық еттің әлсіздігі, босаңдығы гипотонусын көрсетеді де, керілгіштігі, тартымдылығы, тығыздығы бұлшық еттің тонусының жоғары (гипертонус) екенін көрсетеді.

Бұлшық еттердің бүккіш топтарының тонусы жоғары болғанда «қайтару» белгісі анықталады. Оны тексеру үшін шалқасынан жатқан баланың аяғын абайлап жазып столдың бетіне басып 5 сек ұстап тұрады. Содан кейін, қоя бергенде баланың аяғы тез бұрынғы орнына барады. Ал егер бұлшық ет тонусы сәл-ақ кеміген болса орнына қайтып бармайды.

Бұлшық еттердің жалпы, әсіресе арқа еттердің, тонусын тексеру үшін баланы аяғынан ұстап, абайлап басын төмен салбыратып тік ұстайды. Егер бұлшық еттердің тонусы қалыпты жағдайда болса басы мен денесі бір сызықтың бойында болады, бірақ басы салбырайды, қолдары сәл бүгулі болады. Ал, аяқтары тіке жазылған болады. Егер басы салбырап тұрса, ауыр жағдайларда қолы да, онда бұлшық еттер тонусы төмендегені. Тонусының жоғарлауы аяқ-қолының қатты бүгілуінен және басының кейін қатты шалқайғанынан көрінеді.

Емшек жасындағы балалардың қол еттерінің тонусы тарту арқылы байқалады. Шалқасынан жатқан баланы, отырғызуға тырысып, қолынан тартады. Әуелі бала қолдарын жазып жібереді (бірінші кезеңі), содан соң денесінен дәрігерге көмектесіп тартынады (екінші сатысы). Егер тонусы жоғары болса бірінші сатысы болмайды, ал төмен болса екінші сатысы болмайды.

Шала туған балаларда бұлшық еттердің тонусының төмен болуы 1,5-2 айға дейін байқалады. Одан кейін пайда болатын тонустың жоғарылығы 5-6 айға дейін сақталады. Ал, мерзіміне жетіп туған балаларда қол бұлшық еттерінің физиологиялық гипертонусы 2 айға, аяқтарында 4 айға созылады. Пассивті (белсенділіксіз) қозғалыстарды тексергенде шынтақ буынын 180 градус жазылуы, сандары екі жаққа бірдей 75 градусқа жазылуы, ұршық буындарында 150 градусқа жазуға болса, ал аяқ басын 120 градусқа бүгуге болса, басын жанына бұрып, иегін бұғананың шетіне жеткізеді, қолының саусақтары қарсы жақтағы иығына жететін болса, қалыпты деп есептелінеді.

Белсенді қозғалыстар баланың дербес қозғалыстарын немесе оның ойын кездегі қозғалыстарын бақылау арқылы бағаланады. Баланы ойыншықтармен ойнауға ынталандырып, оны қолымен, аяғымен түрлі қимылдар жасатады (қолына аяғын бүгу, жазу, қысу, отыру, жүру, секіру).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет