Физикалық дамуды бағалау (БШАЫЖ)
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау
Қажетті құралдар: 112 есептік нысан, таразы, бой өлшегіш, баланың физикалық дамуын бағалауға арналған кесте, ДСИ (дене салмақ индиксі) кестесі.
Іс-әрекеттер алгоритмі
Баланың салмағын және бойын өлшеңіз, алған нәтижені 112/ е нысанға жазыңыз.
ДСИ кестесінен баланың ДСИ анықтап, оны да 112/ е нысанға жазыңыз.
112 есептік нысандағы физикалық дамуын бағалау кестесінен баланың жасына және жынысына сай кестелерді таңдап алып, қиылысу нүтелерінің Z- мағаналар мен медианаға қатысты орналасу нүктесін анықтаңыз (1,2,3, 0, -1,-2, -3):
бойының жасына сәйкестігі (БЖ);
салмағының жасына сәйкестігі (СЖ);
салмағының бойына сәйкестігі (СБ);
ДСИ-дың жасына сәйкестігі (ДСИ/Ж)
Физикалық дамуын бағалау қорытындысын 112 есептік нысанға жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |