Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет46/68
Дата30.05.2023
өлшемі0.64 Mb.
#474475
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

«шай іш» деп ертіп кетеді. Шаңырағы астында қонақсыз, кісісіз отыра алмайтын қазақ емес пе, біраз кемпір бір үйге жиналып, шөлдемесе де қоңыр әңгіме үшін күрең шайды жайлап тартып отырады. Бәрінің айтатындары ел тыныштығы, балалары мен немерелерінің амандығы» [93, 35 б.]. Көріп отырғанымыздай, қазақи тілмен, қазақи таныммен, қазақи болмыспен жазылған мәтін. Ең алдымен «жүзін әжім көмген қарт әже» деген тіркес арқылы көз алдымызға ауылдағы ақ әжеміз елестейтіні анық. Қазақ танымында әжеден
қатты, әжеден жұмсақ адам жоқ. Бұл – парадокс. Әжемізден қаншалықты қорықсақ, соншалықты жақсы көреміз. Себебі ол да ана. Ал ананың жүрегі қашанда мейірімге толы ғой... Ақ кимешек киген, аяғынан мәсісін тастамайтын, бетінде қатпар-қатпар әжімі бар әже бейнесі – қазақтың санасына сіңіп кеткен бейне қазіргі таңда елеске айналғаны да шындық. Халық санасындағы сол әжені автор көз алдымызға жүзін әжім көмген қарт әже деп кейіптеу әдісін қолдана отырып жеткізген. Ал немере бейнесін ашуда да «уыз» сөзін пайдалана отырып, қазақтық танымына тамырластырған. Қазақ жақсының бәрін төрт түлік малмен байланыстыратыны белгілі. Соның бірі – малдың уызы. Уыз – жаңа төлдеген малдың ең маңызды сүті. Автор немерені ең алғашқы уызына теңеп, оның жастығын, балғындығын, тазалығын жеткізіп отыр. Жазушының аялық білімін танытатын «уыз» сөзі немеренің кейпін одан әрі аша түсетіндей. Жазушының қазақ халқының күнделікті тіршілігінде, мәдени өмірінде ерекше орынға ие болатын «шаңырақ» ұғымын да қалай қолданғанына талдау жасау қызықты. Негізінде қазіргі таңда халық арасында шаңырақтың бірнеше мағынасы қолданылады:

  1. киіз үйдің уықтарын біріктіріп ұстап тұратын күлдіреуіштері бар дөңгелек шеңбер;

  2. өзінің туған тұрғын үйі;

  3. орда, мекен;

  4. әулет, үрім-бұтақ;

  5. отбасы, жанұя [120].

Бұлардың қай-қайсысы болмасын қазақ үшін маңызды. Қазақ танымындағы шаңырақ бейнесі жоғарыда аталған мағыналардың барлығымен тікелей байланысты. Қазақтың «шаңырағың шайқалмасын», «қара шаңырақ иесі», «шаңырақ көтерді» деген тіркестері санамызда қалыпты ұғымға айналып кеткен. Бұл ұғымды халық алдына ұсынып отырған жазушының да нағыз қазақи тәрбиемен сусындаған тұлға екендігін көруге болады.
Д. Исабековтің келесі «Шалдар» әңгімесінде автор біресе кейіпкер болып сөйлесе, бірде жай ғана баяншы ретінде оқиғаны баяндайды. Оны мына үзіндіден көруге болады: «Ақымақтар-ай, тентектер-ай түге! О, жарым естер-ай десеңші! Бойына сыймаған күйініш пен өкініш, Қарекеңнің жан түбінен осы бір сөздерді лақтырып тастады. «Не жетпейді, ойпыр-ау не жетпейді екен бұларға. Ел тыныш, қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, ақ түйенің қарны ақтарылып жатысы мынау. Белі сырқырап жұмыс істеп жатқан да жоқ қой жүдә. Енді не жетпейді бұларға? «Осылар жесін, осылар кисін» деп жар құлағың жастыққа тимей, жарасымды өмірлеріне жаның сүйсініп, «е, құдай, балаларымды бақытты қыла гөр, өмір жастарын ұзақ қыла гөр» деп жүргенде, бұл ақымақтардың сүттей ұйыған тұрмыстары нілдей бұзылып, қақыратып кетті-ау қабырғаны! Ақымақтар-ай, тентектер- ай түге! Қарекең ұзақ түнге кірпік ілмей, жиі-жиі күрсінумен болды. Түн ортасы әлдеқашан ауып қалған. Жанындағы кемпірі де көпке дейін көз жұмбай, өзімен бірге күрсініп, аһ ұрып жатыр еді, енді маужырап ұйықтап кетіпті. «Қайтсін, шаршаған шығар байғұс. Таңның атысынан күннің батысы қыбыр-қыбыр бір тыным көрмейді, деді Қарекең кемпіріне аяушылықпен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет