Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті


«тағдырдың мазағы», «мәселенің төркіні», «сезім тұтқыны», «сезім торы»



бет54/68
Дата30.05.2023
өлшемі0.64 Mb.
#474475
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

«тағдырдың мазағы», «мәселенің төркіні», «сезім тұтқыны», «сезім торы»,


«қайғының қара түтіні», «қара жердің жарығы», «көңіл құрты», «сөздің майы» сынды ауыспалы мағынадағы жазушының сөз саптаудағы шеберлігін
танытатын өзіндік тіркестер кездеседі. Сөз тіркесіндегі бағыныңқы мүше басыңқы мүшеге ерекше мағына үстеп, оны ажарландыра түскен.
Көркем шығарманың тілі көркем сөз өнеріне ғана тән мазмұнды бейнелейді. Оны ашу стилистикалық (кең түрде эстетикалық) талдау арқылы жүзеге асады. Сонда көркем әдебиет тілін стилистикалық (кең түрлі эстетикалық) талдаудың мазмұны көркем шығармада қолданылған тілдік тұлға бірліктердің мағына мәндерін барлық ендіктегі, тереңдіктегі ауытқулармен бірге ашудан тұрады. Екінші сөзбен айтқанда, тілдік тұлға бірліктердің шығарма мазмұнына қатынасын айқындау – міне,стилистикалық талдаудың мазмұнына осы. Көркем шығарманың идеялық мазмұнын автор бейнесымен байланыста болатын, өздерінің мағаналық қабаттасулары арқылы біріккен, қызметі жағынан сараланған тілдік тұлғалар жүйесі құрайды. Сонда стилистикалық талдау арқылы көркем шығарманың идеялық мазмұнын бейнелейтін тілдік тұлғалардың қызметтік, эстетикалық өзгеру, ұйымдасу заңдылықтары ашылады.
Көркем шығармада көріктеу құралдарының ішінде ең көп кездесетіні – теңеу. Ғалым Т.Қоңыров «Қазақ теңеулері» атты еңбегінде теңеудің жасалу жолдары мен түрлерін жан-жақты қарастыра келіп, мынадай анықтама береді:
«Теңеу дегеніміз – ұқсас ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші бір затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды- экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы» [141, 7 б.]. Теңеуді жан-жақты зерттеген ғалым оның тоғыз түрін ажыратып көрсеткен: метафоралық, эпитеттік, метонимиялық, синекдохалық, гиперболалық, литоталық, градациялық, синонимдік, антонимдік теңеу.

Д. Исабековтің шығармаларында теңеудің бұл түрлерінің барлығы да кездеседі. Мысалы: жабайы адамдарша, бәрін бес саусағындай біліп жүретін, алақандай ауылымыз, кеңірдегі кетпендей, жылан сорып жатқан құрбақадай дала сүттей жарық, жебедей атылып, құлқайырдың гүліндей, жан дүниесін жегі құрттай жеп, күздің шұбатылған мизамындай, дарияның иіріміндей, жұдырықтай болған құс, патша сарайындай, таңғы раушан гүліндей, кінәлі адамша, жұлдыздай аға жөнелуге дайын, туған айдай құлпырып және т.б.


Профессор М.Серғалиевтің сөзімен айтқанда «теңеудің стилистикалық қызметі әр алуан. Бір ыңғайда, негізінен аз сөзге көп мағына сыйғызуды мақсат етсе, тағы бір жағдайда автордың астарлап сөйлеуіне мүмкіндік береді. Сол астарлап сөйлеудің өзі жинақылықтың арқасында болып отырады» [142, 42 б.]. Демек, автор теңеуді ойын көркемдеу және әсерлендіру құралы ретінде қолданған. Сол арқылы өзіндік шығармашылық танымы мен сөздің әлеуетін көрсетеді.
Көркем шығарма тілінде теңеуден кейінгі ең көп кездесетін көріктеу амалдарының бірі – кейіптеу. Кейіптеу – әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Жазушы шығармаларында «кеудесіне кеп қонақтап жатқан ұлпа сезім шудалары», «жағалауды толқыны баяу соғып», «қайғының қара


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет