Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті


Көркем мәтіндегі автордың нақты коммуникативтік мақсатын көрсететін тілдік бірліктер



бет53/68
Дата30.05.2023
өлшемі0.64 Mb.
#474475
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

Көркем мәтіндегі автордың нақты коммуникативтік мақсатын көрсететін тілдік бірліктер


Көркем шығармадағы тіл арқылы автор бейнесін ашуда, туындыға негіз болып отырған идеяны тану жазушы тіліндегі тілдік бірліктерді зерттеуден басталатыны анық. Жазушы өзінің мәдениеті мен болмысын, танымы мен түсінігін, пікірі мен тұжырымын, қандай да бір ішкі жай-күйін көріктеу амалдары мен экспрессивті-эмоционалды сөздер арқылы оқырманға ұсынады. Д. Исабековтің көркем шығармаларындағы нақты коммуникативтік мақсатты көрсететін ерекше сипаты бар тілдік бірліктердің қолданысын әйел кейіпкерлердің тіліне қатысты көруге болады. Себебі қай ел болсын, қай заман болсын әйел тілі экспрессиялық және эмоциялық сипатымен көрінетіні белгілі. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен қоғамындағы қазақ әйелінің ғасырлар бойғы рухани-тарихи тәжірибесі негізінде қалыптасқан әлеуметтік мәртебесіне сай өзіндік тіл ерекшелігі айқындалатыны да тілдің қоғамдық, әлеуметтік
қызметіне қатысты зерттеулерде атап көрсетілген: «Әйел тілі – дәстүрлі қазақ мәдениетінде кеңінен орын алған тілдік қарым-қатынастағы әйелдерге ғана тән шартты сөз қолданысы. Әйел тілінің қалыптасуына қоғамда орын алған әлеуметтік, діни, моральдық факторлар басты себеп болып табылады» [123, 26 б.]. Д. Исабековтің көркем туындыларындағы «айналайын-ай, жарығым, қарағым, шыбыным, құлыным-ау, күнім-ау» деген сияқты еркелету мәніндегі қаратпа сөздер арқылы қазақ әйелдерінің мінез-құлқы, ұлттық-мәдени ерекшеліктері, әдет-ғұрпы айқын аңғарылады. Жазушы шығармаларынан мысал келтірер болсақ:
«Шынымен ұйықтап жатқан шығар деп ұясын көрді, мал қораны қарады. Ізім-қайым. Ол там айналып, үйге қайта кіргелі бұрыла бергенде қара көлеңке бұрышта күшігінің серейіп өліп жатқанын көрді де «әже»! деп айғайлап жіберді. Әжесі далаға атып шығып, немересін көтеріп алды да:

  • Не боп қалды! Далаға жалғыз шықпа дедім ғой саған! деп оның таңдайын басты.

  • Әже... Сырттан... өліп қапты.

  • Әу, шыбыным.

  • Енді... енді ешқайда кетпейікші-а?

  • Мақұл, күнім, мақұл.

  • Әже, - деді сәлден соң тағы да.

  • Не жарығым?

  • Біздің үйге нағып ешкім келмейді?

  • Ұйықтай ғой қарағым, ұйықтай ғой. Кейін бәрі де келеді. Қалампыр таң аппақ атқанша көз ілмеді» [93].

Бұндай жылы да жұмсақ сөздерді әрқашан әйелдің тілінен, яғни асыл аналарымыз бен ардақты әжелеріміздің тілінен табатынымыз да рас. Бұндай мәнді тілдік бірліктер көбіне әйелдер тілінде кездеседі. Әйел тілінің осындай өзіндік тілдік ерекшеліктерін автор ескере отырып, кейіпкер тілі арқылы оқырманға ұсынған. Десек те, қазақ әйелдерінің тілінде еркелету мәніндегі қаратпалардан басқа алғыс, қарғыс мәніндегі тіркестер де кездесіп жатады. «
«Алғыс (көне түркі тілінде алкыш – algis)  дәстүрлі қазақы дүниетанымда адамдардың бір-біріне жасаған түрлі жақсылығына байланысты игі тілегін, ризашылығын білдіретін ерекше концепт. Сөзді киелі, қасиетті күш ретінде таныған халқымыз алғыс сөздер арқылы адамға жақсылық жасауға болады деп сенген. Неғұрлым алғысты көп алған адам соғұрлым бақытты өмір сүреді деген нанымға иланған халқымыз біреуге риза болғанда ықыласын алғыспен жеткізген. Алғыс, тілек, бата сөздер – өзара мағыналас, мәндес ұғымдар. Алғыс та, тілек те, бата да өзара жымдасып, тұтасып жатады. Бұл сөздердің тәрбиелік мәні зор» [123, 10 б.]. Академик Ә. Қайдардың пікірінше, алғыс сөздер екіге бөлініп қарастырылады: 1) бата сөздер; 2) тілек сөздер. Бұндай ризалық пен тілекті білдіретін алғыс сөздердің бірқатары Д. Исабеков шығармаларынан да орын тепкен. Мысалы: «Есіркеп тілге келмей лып беріп далаға шығып кетті. Әкесінің ашулы екенін түсіне қойды. Осы кезде іштен келіні де шығып, атасының жүзіне қарай алмай күлімсіреп, ұяла сәлем берді.

  • Бәрекелді, өмірлі бол, балам. Ана немелерің қайда?

  • Үйде. Ұйықтап жатыр» [93].

Бұл мысалда ең алдымен қазақ халқына тән «сәлем салу» дәстүрінен ақпарат беріліп тұр. Әрбір қазақ отбасында келін күйеуінен үлкен әрбір туысына сәлем салады. Сол арқылы қайын жұртының ақ батасын, ризашылығын алады. Сәлем салу келіннің отбасындағы әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі. Автор осы дәстүрді де ойдан шығармай, оқырман назарына ұсынған. Иіліп сәлемін беріп тұрған келінге әрбір адам ақ тілегін, ақ алғысын білдіріп жатады. Қазақтың бұл дәстүрінің артында үлкен тәрбие жатыр. Бұл дәстүр «Тіршілік» повесінде бас кейіпкер Молдарәсілдің Қыжымкүлді алғаш болыстың үйіне алып келген сәтінде де көрініс табады: «Молдарәсіл аяғының ұшымен басып далаға шығып кетті де, сәлден соң келіншегін жетектеп үйге алып кірді. Қыжымкүл табалдырықтан аттай бере төрге қарап үш мәрте иіліп сәлем жасады».
Халық дәстүрінде қазақ келіншектері өзінен жасы үлкен кісіге қырындап тұрып, тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем беруі кездеседі. Қырындап тұрып амандасудың өзіндік сыры бар, үлкенге қарама-қарсы тұру әдепсіздік болып саналады.
Қазақтың алғыс айту дәстүрін айтқанда сонымен қатар қарғыс сөздер де бірден ойға келеді. Жазушылар шығармаларында жағымсыз кейіпкер бейнесін ашуда осындай құрылымдарды қолданып жатады. Д. Исабековтің шығармаларында көрініс тапқан «Сайтан алғыр! Өй, әптің құрғыр! Ой, әдірем қал-ау, сен, әдірем қал!» сынды қарғыс мәнді оралымдарды кездестіруге болады. Осы ретте М.Әуезовтің «Адам баласы бір үлгі аларда, ең әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады. Сол сүйген кісісінен сүйіп алған үлгі жүрегіне нық орнайды. Біздің бала күнімізден елжіреп сүйетін кісі кім? Ол анамыз... Бұлай болғанда біз адамшылығымызға ірге болатын құлықты әкеміз қандай ғалым болсын, қой сауып, тезек теріп жүрген анамыздан аламыз. Бұлай болғанда өмірінде ғаділет, мархамет, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың харекеті үй іші мен отбасынан, ғайбат өсектен аспаған анадан ақ жүрек, адал ниетті қамқор жан тууы мүмкін бе?... Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе!» деген сөздері ойға келеді [123].
Көркем шығарманың тілі сөздің тура мағынасынан өрбитін сөздің ауыспалы мағынасы арқылы ажарлана түседі. Оны жүзеге асырушы – автордың қиялы мен тілінің көркемдігі негізінде жазушының тілі даралана түседі.
«Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора, метонимия, меңзеу, т.б. жатады». Д.Исабековтің шығармаларында


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет