Антропоөзектік парадигма: көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті



бет56/68
Дата30.05.2023
өлшемі0.64 Mb.
#474475
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Антропоөзектік парадигма көркем мәтіннің коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті (Д. Исабеков шығармаларының негізінде)

Рас деймін.


  • Өтірік!

  • Рас дедім ғой, рас. Апа, қарашы, тамақ ішкеміз десем нанбайды. Рас қой, іштік қой, апа, ә? («Біз соғысты көрген жоқпыз»).

    Жазушы қайталау амалы арқылы белгілі бір сөзге акцент түсіре отырып, оның мәнін өзектейді, дәл сол сәтте сол құбылыстың не заттың (адамның) қаншалықты маңызды болып тұрғанын немесе әңгіменің өзегі не туралы екенін білдіру міндетін қайталамаларға жүктейді. Мысалы:

      • Киінсеңші, тамағыңды іш.

      • Тамағыңды іше ғой, деді апам да.

    Олар мені «Мектебіңе бара ғой», деп емес, дәл осы сөзді – «Тамағыңды іше ғой» дегенді айту үшін ғана оятқан сияқты боп көрінді. Бұл сөз екеуінің аузынан соншалықты байыпты, соншалықты салтанатты шықты.
    «Тамағыңды іше ғой» деп салмақтап жүргендері зерен тостақтың ортасынан бір мысқал төмен, бір мысқал жоғары тары көже екен. («Біз соғысты көрген жоқпыз»).
    Бала апасы мен әпкесінің бұл сөздеріне күдікпен қарайды, өйткені үйде ішетіндей тамақ жоқ екенін біледі. Бір жағынан үнемі дәл бұлай сенімді естіле бермейтін сөздің бұл жолы салтанатпен, салмақты айтылуы оның көңіліне үміт ұялатқандай болады. Автор тамақ сөзін қайталау арқылы баланың ішкі сезімін, бүтін бір отбасын аш-жалаңаш қалдырған сұм соғысқа деген наласын, бұрынғы молшылық күндеріне деген сағынышын сыйдырып бере білген.
    Қарым-қатынас барысында сөзбен жеткізуге келмейтін, не болмаса сөзге қарағанда рөлі күштірек тілдік емес амалдар болады. Олар – адамның қол, аяқ, бас, құлақ секілді дене мүшелерінің көмегімен орындалатын соматикалық амалдар. Қазіргі қазақ тілінде мұндай тілдік емес бірліктер ым-ишараттар деп аталып жүр. Сөйлеу этикетінде мұндай бірліктер үлкен коммуникативтік мәнге ие болады. Көзбе-көз қарым-қатынас барысында орындалатын мұндай тәсіл көркем шығарма тіліне енгенде өзіндік мән-мағынасы мен қызметімен қатар жүретіні белгілі. Д. Исабеков шығармаларында бұл тәсіл оқиғаны, кейіпкерді нақтылауда, оның іс-әрекеті арқылы мінезін, болып жатқан құбылыстарға деген көзқарасын танытуда өнімді қолданылады.
    Қазақ лингвистикасында тілдік емес амалдарды зерттеуде алғашқылардың бірі болып зерттеген ғалым Б.Момынова ым-ишарат тілін зерттеудің маңыздылығын былайша түсіндіреді: «Бейвербалды амалдар бірінші кезекте адам табиғатын тани түсуге көмектеседі, екіншіден, тілдік құбылыстардың сырын жұмсалым кезінде, сөз динамикасы арқылы түсінуге жол ашады» [79].
    Ым-ишараттардың көркем шығармада қолданылуы ауызекі тілге қарағанда өзгешерек. Мұнда олар қайткенде де сөз арқылы көрініс табатын болғандықтан кейіпкердің іс-әрекетін дәл сипаттау, оны оқырманға түсінікті етіп жеткізе білу тікелей автордың шеберлігіне, сөз таңдауына байланысты. Жазушы шығармаларындағы тілдік емес амалдар бірде ұлттық сипатпен, әдет-ғұрыппен байланысты болса, бірде күнделікті тіршілікте кез келген адам саналы-санасыз түрде жасайтын іс-қимылдар болады. Мысалы:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет