ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді;
ИСПР - түзетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;
ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін (Расширить выделсния) FS пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режімі іске қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшерін Ғ8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрестіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді кішірейту - Shifl + FS арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату — Esc арқылы орындалады;
ЗАМ - символдарды ауыстыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып енгізу режимі орындалса, ол сүр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне ауысу - INSERT пернесін басу арқылы жүргізіледі.
Сонымен, жоғарыдағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама-қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын білген дұрыс.
Цифрлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді. Бірақ бұл жылжу белдеулері Wordредакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |