Дәріс -3. Ақпараттық жүйенің даму сатылары.
Бірінші ақпараттық жүйелер 50-ші жж. пайда болды. Бұл жылдары олар есептерді өңдеуге және еңбек ақыны есептеуге арналған болатын.
60-шы жылдар ақпараттық жүйелерге деген көзқарастың өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл жылдары алынған ақпарат көптеген параметрлері бойынша периодтық есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін көптеген функцияларға қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық қажет болды.
70-ші жж. мен 80-ші жж. басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау процесін жеделдететін және қолдайтын басқарушы бақылауының әдісі ретінде кеңінен пайдалана бастады.
80-ші жж. аяғында ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы тағы да өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері дер кезінде ақпаратты беру арқылы өндірістерге табыс әкелуге, тауарлар мен қызметтер құруға, өтімділіктің жаңа нарығын табуғы, өзіне теңдес серікті қамтамасыз етуге, төмен бағамен өнімді шығаруды қамтамасыз ету және т.б. көмектесті.
Ақпараттық жүйелердегі процестер
Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (1-сурет) түрінде көрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады:
1-сурет. Ақпараттық жүйелердегі процестер
Ақпараттық жүйе келесі қасиеттермен анықталады:
кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін;
ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады;
ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;
ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.
Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.
Ақпараттық жүйені ендіру келесідей мүмкіндіктер береді:
математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу кезінде есептерді шешудің рационалды варианттарын алу;
оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату;
ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;
мәліметтерді қағазбен алудан магнитті дискілер немесе ленталарға ауыстыру, бұл компьютерде ақпараттардың қайта өңделуін рационалды өндіруге және қағаздағы құжаттар көлемін төмендетуге әкеледі;
ақпараттар тобының құрылымын және фирмада құжат айналым жүйелерін жетілдіру;
өнімдер мен қызметтерді өндіруге кететін шығындарды азайту;
бірегей қызметтерді тұтынушыларға беру;
оларға берілген әр түрлі жеңілдіктер мен қызметтер есебінен сатып алушылар мен жабдықтаушыларды фирмаға әкелу.
Достарыңызбен бөлісу: |