Ақпараттық технологиялар кафедрасы 6В06101–«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған


Дәріс -4. Университет тынысының жалпы сипаттамасы мен оның



бет5/41
Дата14.03.2022
өлшемі277.21 Kb.
#456244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Введение в спец лекция

Дәріс -4. Университет тынысының жалпы сипаттамасы мен оның
басқару құрылымы.


Университет туралы жалпы мәлімет.
Алматы технологиялық университеті – тағам, қайта өңдеу өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп мамандарын даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
Алматы технологиялық университеті 65 жылдық қызметінде 49 мыңнан астам кәсіби және ғылыми мамандарды даярлаған. Өзінің қызметінде іргелі дәстүрлі академиялық оқытуды және жаңа ғылыми-технологиялық жетістіктерді қолданылады.
Қабылданған көп сатылы «бакалавр – магистр – PhD докторы» моделі Болон Декларациясының қағидаларына сәйкес жұмыс істейтін, қазіргі заманға сай жоғары білім алуды қамтамасыз етеді. Бакалавриаттың 22 мамандығы, магистратураның 19 мамандығы және PhD докторантураның 11 мамандығы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде сабақ жүргізіледі. Қазір университет қабырғасында 9000-нан астам студент, магистрант, докторант білім алуда. 
Университет жанындағы - Технология экономикалық колледж 17 мамандық бойынша жоғары оқу орнына дейінгі дайындықты жүргізе отырып, үздіксіз көп деңгейлі оқытудың концепциясын жүзеге асырады және оқу үдерісінің қарқындату шарттарын қамтамасыз етеді.
Тұрғылықты тұратын жерінен және өндірістен біршама қол үзе отырып жоғары білім алу мүмкіндігін бакалавриаттың 22 мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту нысаны қамтамасыз етеді.
Ғылыми – оқытушылар құрамы 405 ғалым мен оқытушылардан тұрады, соның ішінде 19 халықаралық және ұлттық академияларының академигі мен корреспондент-мүшелері, 60 ғылым докторы мен профессоры, 170 ғылым кандидаты мен доценті, 80-нен астам магистр мен РhD докторы бар. Университет Қазақстанның жеңіл және тамақ өнеркәсібіне лайықты жаңа технологиялар мен бәсекелес өнімдерді өндіру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, жетекшілік жасайды. Университеттің жоғарғы ғылыми және шығармашылық белсенділігі соңғы бес жыл ішінде өндіріс орындарына 100-астам инновациялық жобаларды ұсынды, олардың 37 өндірістік кәсіпорындарында қолданыс таба алды, маңыздылығы жоғары 115 жумыс ұлттық қорғау құжаттарымен рәсімделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет