ақпарат көздерiн iздестiру мен таңдауда кеңесшiлiк қызмет алуға, сонымен қатар
Интернет жүйесін пайдалануға;
алынған құжаттардың қайтару мерзімін ұзартуға құқығы бар.
Ғылыми кiтапхана оқырмандарына АТУ ректоры бекiткен тiзбектер мен
прейскуранттарға сәйкес қосымша ақылы қызметтер көрсетедi.
Басқа оқу орындарының студенттеріне, оқушыларына, оқытушыларына және
басқа адамдарға Ғылыми кітапханада қызмет көрсету тек оқу залында ақылы түрде, немесе келісім шарт негізінде жүргізіледі.
Оқырмандар ғылыми кітапханаға кірерде және құжаттарды аларда оқырман
билетін көрсетуге міндетті.
Оқырмандар кiтаптарға, баспа шығармаларына, басқа да материалдарға және
кiтапхана мүлкiне ұқыппен қарауға; кiтапханадан алған басылымдарды белгiленген мерзiмде қайтаруға мiндеттi.
Кiтаптарды, басқа баспасөз туындылары мен материалдарды алар кезде
оқырмандар басылымды мұқият тексерiп шығады. Қандай да бiр ақау табылған жағдайда ол жөнiнде кезекшi кiтапханашыға хабарлайды. Олай болмаған жағдайда кiтапты бүлдiргенi үшiн басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап бередi.
Оқырмандарға өз оқырман билетін басқа адамдарға беруге және де басқа
адамдардың оқырман билетін пайдалануға тиым салынады. Осы ережені бұзған оқырмандар Ғылыми кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.
Оқу орнынан кетерде оқырмандар өзiне жазылған басылымдар мен оқырман
билетiн кiтапханаға қайтарады.
Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдiргенi үшiн жауапты оқырман оны дәл
сондай басылыммен немесе оның көшiрмесiмен, немесе кiтапхана құны бiрдей деп тапқан басылыммен алмастырады.
Оқырманға мыналар рұқсат етiлмейдi:
қызмет бөлмелерi мен кiтап қоймасына рұқсатсыз кiруге;
кiтапхана бөлмелерiнде тыныштық пен тәртiп бұзуға.
Пайдалану ережелерін бұзған оқырмандар Ғылыми кітапхананы пайдалану
құқығынан келесі мерзімге дейін айырылады:
тыныштықты бұзған үшін – 1 айға;
қызметтік міндетін орындау барысында кітапханашаға тіл тигізгені үшін –
айға;
үйге алған кітаптардың тапсыру мерзімін бұзған немесе уақытылы мерзімін
ұзартпаған үшін – 3 айға;
кітапханашының рұқсатынсыз оқырман залынан кітап алып шыққан үшін – 6 айға;
ғылыми кітапхананы пайдалану ережесін бернеше қатар бұзғаны үшін – 1 жылға;
қасақана басылымдарды бүлдіргені (белгi салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын бүлдіргені) үшін кітапхананы пайдалану құқығынан мүлдем айырылады. Ғылыми кітапхананы пайдалану ережелерін өрескел бұзған студенттер жәйлі мәліметтер деканаттар мен ректоратқа беріледі.