Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады



бет30/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71
С тілінде программалау УМКД

Бақылау сұрақтары


  1. Қол жеткізу модификаторы деген не?

  2. Модификаторлардың қандай түрлері бар?

  3. Статикалық мүшелер деген не?

  4. Модификаторлар қандай мақсатта қолданылады?

  5. Визуал Бейсик тілінің қандай модификаторлары бар?

  6. Объектілердің көріну аймағы деген не?

ЛЕКЦИЯ № 13




Тақырыбы: ОББ механизмдері. Мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм


Лекция жоспары:


  1. ОБП-ның негізгі концепциялары.

  2. Мұрагерлік және полиморфизм.



Лекция мазмұны


  1. ОБП-ның негізгі концепциялары

ОББ – да класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм


принцптері енгізілген.
Мұрагерлік-программада негізгі класс типінің ұрпақ иерархиялық кластарда да сақталуы. Мысалы.көлік, жеңіл жүк машинасы т.б.. болып бөлінеді. Олардың жұмыс істеу жағдайына байланысты, сипаттамаларына ортақ және бөлек өрістер, қасиеттер мен тәсілдер енгізілуі мүмкін. Әр қайсысында тип элементтерін толық сипаттау тиесілі емес. Бірінің типін аталық (негізгі) етіп қабылдап, екіншісіне қосымша қасиеттерді енгізу жеткілікті.Delphi-дің барлық кластары TObject класына мұрагер.
Инкапсуляция (ішінде, біртұтас ).Класс өрістер, қасиеттер және тәсілдердің бірлігінен тұрады. Олардың бір тұтатас түрінде қарастыру инкапсуляция деп аталады. Әр класс аяқталған толық бір іс-әрекетті бойында сақтайды. Кластың мұндай принципі өзінде инкапсульдайды делінеді.
Класта инкапсульданған процедуралар – функциялар, тәсілдер.
Полиморфизм (көп түрлілік)-мұрагер кластардың аталық класқа енгізілген тәсіл атауы бойынша басқа қасиеттер енгізілген тәсіл атауы бойынша басқа қасиеттер енгізілген ұқсас есепті шешуіне болатындығы, яғни түрлі кластарда түрлі әрекеттерді орындайтын тәсілдерге бірдей атау беру мүмкіндігі.
Объектіге бағдарланған ұстанымның концептуалдық негіздеріне объектіге бағдарланған ұстанымның моделі жатады. Объектілік модельдеудің негізгі элементтері: абстаркциялау, инкапсуляция, модульділік және иерархия. Қосымша элементтері: типтелу, паралеллизм және тұрақтылық.
Абстракциялау – бұл қандай да болмасын объектіні, өзге объектілерден ажырататын белгілері, сипаттамалары және т.б. арқылы бөліп алу, жалпы абстракциялау объектінің сыртқы ерекшеліктеріне негізделеді. Объектіге бағдарланған ұстанымда, берілген объектінің дұрыс абстракциялануы, жобалаудың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Инкапсуляция – бұл объектінің, өзінің ішкі элементерінің, бір бірінен ажыратылу процесі. Бұл процесс кезінде объектінің ішкі құрылымдары мен оқиғалары бір- бірінен дұрыс ажыратылады. Инкапсуляция объектінің интерфейсін қорғау үшін қолданылады немесе объектілік ұстанымда класстың ресурстарын, тек оның өзінің ғана пайдалануын қолдайды. Абстракциялау мен инкапсуляция бірін бірі толықтырады.
Модульділік – бұл программалық жабдықтың декомпозициялану кезінде өзара байланысқан, бірақ өте әлсіз байланысқан модульдерге бөліну қасиеттері. Инкапсуляция мен модульділік қасиеттері абстракцияларды бір- бірінен ажыратады.
Иерархия – бұл жүйедегі абстракцияланудың бір- біріне бағынышты түрде реттеліп орналасуын тағайындайды. Бұл күрделі жүйедегі
класстардың құрылымы (иерархиясы). Мысалы, жай және көп қабылдаушылықты айтуға болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет