Есеп 1. InstallShield программасы арқылы бағдарламаның дистрибутивін жасау қадамдары.
Дайындалған программа клиент компьютеріне орнату үшін инсталлятор бағдарламалар қолданылады. Инсталлятор бағдарламалар инсталляциялық пакеттерді құрастырады. Инсталляциялық пакеттерде құрастырылған бағдарламаның файлдары, компоненттік файлдар, кітапханалар, анықтама файлдары, деректер қорының файлдары енеді. Инсталляциялық пакеттер программаны орнату барысында қажетті файлдарды көрсетілген каталогтарға көшіріп, клиент компьютеріне керекті ақпараттарды енгізеді. Инсталляциялық пакеттер қажетті кітапханаларды
және басқа да параметрлерді жүйелік реестрде тіркейді. Қолданушы үшін қажетті файлдарға жарлықтар құрады.
Танымал инсталляторлардың бірі бұл - InstallShield Express. Ол ортанушы пакеттерді жасауды жеңілдетеді. Инсталляциялық пакетті дайындау қадамдары: «Пуск – Программы – InstallShield» командасын орындағаннан кейін келесі терезе ашылады.
Сурет 1. InstallShield программасының бастапқы көрінісі
Басты терезенің оң жағында «Create a new project…» командасын таңдаңыз. Жаңа жоба терезесі ашылады. Бұл жерде жобаны сақтау каталогын және тілін таңдаймыз.
Сурет 2. Жаңа жобаны бастау диалогы
InstallShield программасының файлдары ism кеңейтілуіне ие. «ОК» батырмасын шертіп, инсталляциялық пакет жасауды бастаймыз. Жобаның параметрлерін баптау үшін келесі терезе ашылады.
Сурет 3. Жобаны баптау және параметрлерін орнату терезесі Терезенің сол жағында иерархиялық құрылыммен инсталлятордың
параметрлері көрсетілген. Оң жақта олардың мәндерін береміз. Пункттерді жеке-жеке қарастырамыз:
Organize Your бөлімі. Орнатылатын программалық туралы мәліметтерді енгізуге арналған.
General Information — өндіруші туралы деректерді, веб-сатты көрсету пункті.
Сурет 4. Өндіруші туралы мәліметтерді көрсету
Бұл кестеде негізгі қасиеттер келесілер:
Author — программаның авторы немесе компания атауы;
Authoring Comments — автордың сөзі (түсініктемесі);
Subject — орнатылуы қажет программаны атауы;
Display Icon — программаның иконкасы (пиктограммасы);
Product Version — өнімдің версиясы;
INSTALLDIR — программа орнатылатын буманы атауы (үнсіздік келесім бойынша ол[ProgramFilesFolder]\Your Company Name\ Default);
Ескерту.
[ProgramFilesFolder] мәні клиенттің компьютерінде Program Files каталогына орнатуды білдіреді. (мысалы: [ProgramFilesFolder]\Калькулятор).
Publisher/Product URL и Product Update URL — бағдарламаны жаңартуды қамтамасыз ететін сайттың адресі;
Publisher — бұл жерде компанияның атауы көрсетіледі;
Support Contact — қолдау жасау қызметі байланысы туралы ақпарат. Остальные подразделы представляют собой специфичные настройки,
которые используются редко.
Features — бөлімінде инсталляторды қосымша мүмкіншіліктері орнатылады.
Setup Types — бөлімі орнату типін анықтайды. Типтерді үш түрі бар:
Typical (Әдеттегідей).
Minimal (Минимальді),
Custom (Таңдамалы).
Біз өзіміз қалағанын қосамыз. Барлығын таңдауға да болады немесе біреун ғана таңдаса да болады.
Кішігірім жобалар үшін Typical ғана таңдаған дұрыс.
Сурет 5. Орнату типін таңдау
Specify Application Data — бұл бөлімде клиентің компьютеріне орнатылуы қажет файлдарды көрсетеміз.
Files — клиентің компьютеріне орнатылуы қажет файлдарды көрсетеміз. Қажетті файлдар сол жақ төбедегі ағаштан таңдалады. Сол файлдарды орнату каталогы сол жақ төмендегі иерахиялық каталогта көрсетеміз. Таңдалған файлдар оң жақтағы тізімдерден көрінеді.
Сурет 6. Файлдарды таңдау және орнатылу каталогын таңдау
Objects/Merge Modules — клиенттің компьютеріне көшірілетін қосымша модульдерді таңдаймыз. Бұл пункт таңдалса, өндірушінің компьютеріндегі модульдер тізімі шығады. Мысалы, программа MS Access деректер қорын пайдаланатын болса, онда DAO модулін таңдаймыз.
Сурет 7. Қажетті модульдерді жобаға қосу
Configure the Target System — бұл бөлімде клиент компьютерінде жасалатын өзгерістер анықталады.
Shortcuts/Folders — «Пуск» мәзірінде, программалар пунктінде, жұмыс үстелінде және автоорындалу бөлімінде жарлықтарды құрады. Жаңа бума құру үшін қажетті бөлімнің үстінде тышқанның оң жағын басып, New Folder командасын таңдау керек. Ал, жарлық құру үшін New Shortcut командасын таңдап, сілтеме жасалынатын файлды көрсету керек.
Сурет 8. Жарлықтарды құру
INI File Changes — INI-файлдарға енгізілетін өзгерістер көрсетіледі.
Егер реестр пайдаланылса, онда бұл пункт қажет емес.
File Extensions — бағдарламаға байланысты болатын файл кеңейтулерін көрсетеміз.
Барлық қажетті параметрлерді орнатып болған соң, бас мәзір қатарынан build командасын береміз. Инсталлятор автоматты түрде инсталляциялық пакетті жинақтап береді.
Зертханалық жұмысты орындауға арналған жеке тапсырмалар:
Азық-түлік дүкенінің ассортименті туралы мәлімет беретін қосымшаға инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру.
Атына сәйкес түстерді көрсете алатын қосымшаға инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру.
Кітапханадағы картотека қызметін атқаратын қосымшаға инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру.
Достарыңызбен бөлісу: |