Тақырыбы: Қатарлар мен символдарды өңдеу
Жұмыстың мақсаты: С++ тілінде символдық және қатарлық мәліметтерді өңдеуді үйрену.
Оқу-зертханалық құрылғылар тізімі: Дербес компьютер немесе ноутбук, Windows/Linux/macOS операциялық жүйелерінің бірі, Turbo С++/Dev C++/Visual C++ бағдарламалау орталарының бірі.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Pascal тілінде сөз тіркестерін өңдеу кезінде қолданылатын арнайы тип
– string бар. Ал С тілінде мұндай арнайы тип жоқ. Сөз тіркестері char типті бір өлшемді жиым ретінде қарастырылады, яғни сөз тіркесі – нөлдік байтпен аяқталатын char типті бір өлшемді жиым. Нөлдік байт – барлық биттері де нөлге тең байт, ол „\0‟ символдық константасымен анықталады (тіркес соңы белгісі немесе нөл-терминатор). Сондықтан егер тіркесте k символ болса, онда жиымды сипаттауда k+1 элемент көрсетілуі тиіс.
Мысалы, char a[7] деген сипаттау тіркестің 6 символдан тұратынын, ал соңғы байт нөлдік екенін білдіреді. С тіліндегі тіркестік (жолдық) константа – қос тырнақшаға алынған символдар жиыны. Мысалы, «Берілген тапсырма» тіркесі, оның соңына нөлдік байтты компилятор автоматты түрде өзі жазады.
Айнымалы мәні болатын сөз тіркесін сипаттау кезінде бірден көрсетуге болады, мысалы, char S1[10]=”123456789”, S2[]=”Болат”;
Соңғы сөз ұзындығы тіркестің символдары санымен анықталады. Символдар тіркесін пернелерден енгізу үшін екі стандартты функция
– scanf() немесе gets() қолданылады, ал олардың прототиптері stdio.h тақырыптық файлында болады.
Символдық таңбаларды енгізу/шығару
Символдарды біртіндеп енгізу/шығару үшін printf() және scanf() функцияларының %c форматы қолданылады.
getch() – параметрсіз функция, басылған перненің кодын (int) береді, экранға ешқандай символ шығармайды.
getchar() – параметрсіз функция. Пернеден символдарды бір-бірлеп енгізеді. Сөз тіркесі пернесі басылғанша енгізіле береді, оған дейін оны өзгертуге де болады.
putch(c) – бір символды (c – cимволдық айнымалы немесе константа), яғни бір таңбаны ғана экранға шығарады.
putchar(c) – бұл да тек бір таңбаны экранға шығарады. Бұлар conio.h тақырып файлы бойынша жұмыс істейді.
Мысалы, латын әліпбиі әріптерін экранға шығару программасы төмендегідей болады:
#include #include void main()
{ char z; clrscr();
for(z='A';z<='Z';z++)
putchar(z); getch();
}
Нәтижесі:
ABCDEFGHIJKLMNOPQRSTUVWXYZ
Достарыңызбен бөлісу: |