Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады



бет63/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
С тілінде программалау УМКД

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 11




Тақырыбы: Класстар мен объектілер


Жұмыстың мақсаты: С++ тілінде класс және объект ұғымын білу және оларды пайдаланып программа жазуды үйрену.


Оқу-зертханалық құрылғылар тізімі: Дербес компьютер немесе ноутбук, Windows/Linux/macOS операциялық жүйелерінің бірі, Turbo С++/Dev C++/Visual C++ бағдарламалау орталарының бірі.


Қысқаша теориялық мағлұмат:


Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі концепциясын іске асыру кезінде Си++ тілінде класс қолданылады. Класс деген бір типті объектілер мен анықталады. Онда кластың әрбiр өкілі (немесе экземпляры) объект деп аталады. Әр бір объектіде (элементтер-мәлiметтерiнiң) ағымындағы өз мәндерімен анықталатын ерекше күйі болады. Кластың функционалдық тағайындалуы оның (функциялармен немесе әдiстермен) функцияларымен берілетін класс объектілерiнiң іс әрекетін жасайтын мүмкiндік. Әрбiр класта мәлiметтi сақтауға арналған жад жiктеледi, және әрбiр объектілеріне арналған іс әрекеттер бекiтiледi. Олар кластың функция-


мүшелері (функция-элементтері немесе әдістер) арқылы беріледі. Берілген кластың объектiсін құру үшін арнайы функция-мүшесі қолданылады, оны конструктор деп атайды, ал жою үшін арнайы деструктор атты функция- мүшесі қолданылады. Класс ішкі мәліметтерді ашық (public), жабық (private) және қорғалған(protected) етіп қол жетпес қыла алады. Жабық кодтар мен мәліметтер осы объектінің ішінде ғана қолдануға келеді. Басқа жағынан қарасақ, ашық кодтар және мәлiметтер, объекті iшiнде аталғанымен, бағдарламаның барлық бөлігі үшiн түсiнiктi болып табылады. Объектінiң ашық бөлiгi объектінің басқа әлеммен интерфейсiн жасауға қолданылады. Алған объектілерді жай ғана функция-мүшелерінің шақырулары болып табылатын хаттамалар (немесе сұраныстар) көмегiмен басқаруға болады. Бiз Windows басқару жүйесiнiң хаттамаларымен бұл ұғымды шатыстырмау үшiн сұраныс терминін пайдаланамыз.
Мұрагерлік – ол бір объект екінші объектінің қасиеттеріне ие болатын процесс. Ендеше ол арқылы, объектiлі - бағытталған программалауда бар кластары арқылы өндіргіш (производный) класстарын тұрғызуға болады. Сонда, өндіргіш (производный) класс (класс-мұрагері деп те айтуға болады) өздерінің ата-ана кластарының элемент-мәліметтерін және функция- мүшелерін мұра етеді, сонмен қоса, тек өзін сипаттайтын ерекшеліктерін қосады.
Ата-ана кластарының қорғалған мәліметтер-мүшелері мен функция- мүшелері өндіргіш (производный) класынан қол жетерлік болады. Сонымен, ата-ана – ұрпак өз ара қатынасымен байланысқан класс иерархияларын құруға болады. Базалық класс термині иерархия класстырының өндіргіш (производный) класстың синонимі болып қолданылады. Егер объект өз атрибуттарын бір ата-ана класынан ие болса, онда оны бірлік мұрагерлік деп атайды. Егер объект өз атрибуттарын бірнеші ата-ана класынан ие болса, онда оны көпшілік мұрагерлік деп атайды.
Полиморфизм деген – ол орындау кезіндегі жағдайына қарай кодтың әр түрде өзгеру қасиеті. Ол кластың функция-мүшелерінің сипаттамасы болып табылады.
Объектiлі - бағытталған программалау есеп алгоритм түрінде емес, өз ара хаттама арқылы, түрлі кластардың жиынтықтары түрінде орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет