Зертханалық жұмысты орындауға арналған жеке тапсырмалар:
Графикалық кескіндер үшін класс және ішкі класс құрыңыз.
Көліктер үшін аталық класс және ішкі класс құрыңыз.
Жануарлар тақырыбына класс және ішкі класс құрыңыз.
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 13
Тақырыбы: Мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм механизмдері
Жұмыстың мақсаты: Объектіге-бағытталған бағдарламалаудың негізгі механизмдерін пайдаланып класс құруды меңгеру.
Оқу-зертханалық құрылғылар тізімі: Дербес компьютер немесе ноутбук, Windows/Linux/macOS операциялық жүйелерінің бірі, Turbo С++/Dev C++/Visual C++ бағдарламалау орталарының бірі.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
ОББ – да класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм
принцптері енгізілген.
Мұрагерлік-программада негізгі класс типінің ұрпақ иерархиялық кластарда да сақталуы. Мысалы.көлік, жеңіл жүк машинасы т.б.. болып бөлінеді. Олардың жұмыс істеу жағдайына байланысты, сипаттамаларына ортақ және бөлек өрістер, қасиеттер мен тәсілдер енгізілуі мүмкін. Әр қайсысында тип элементтерін толық сипаттау тиесілі емес. Бірінің типін аталық (негізгі) етіп қабылдап, екіншісіне қосымша қасиеттерді енгізу жеткілікті.Delphi-дің барлық кластары TObject класына мұрагер.
Инкапсуляция (ішінде, біртұтас ).Класс өрістер, қасиеттер және тәсілдердің бірлігінен тұрады. Олардың бір тұтатас түрінде қарастыру инкапсуляция деп аталады. Әр класс аяқталған толық бір іс-әрекетті бойында сақтайды. Кластың мұндай принципі өзінде инкапсульдайды делінеді.
Класта инкапсульданған процедуралар – функциялар, тәсілдер.
Полиморфизм (көп түрлілік)-мұрагер кластардың аталық класқа енгізілген тәсіл атауы бойынша басқа қасиеттер енгізілген тәсіл атауы бойынша басқа қасиеттер енгізілген ұқсас есепті шешуіне болатындығы, яғни түрлі кластарда түрлі әрекеттерді орындайтын тәсілдерге бірдей атау беру мүмкіндігі.
Объектіге бағдарланған ұстанымның концептуалдық негіздеріне объектіге бағдарланған ұстанымның моделі жатады. Объектілік модельдеудің негізгі элементтері: абстаркциялау, инкапсуляция, модульділік және иерархия. Қосымша элементтері: типтелу, паралеллизм және тұрақтылық.
Абстракциялау – бұл қандай да болмасын объектіні, өзге объектілерден ажырататын белгілері, сипаттамалары және т.б. арқылы бөліп алу, жалпы абстракциялау объектінің сыртқы ерекшеліктеріне негізделеді. Объектіге бағдарланған ұстанымда, берілген объектінің дұрыс абстракциялануы, жобалаудың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.
Инкапсуляция – бұл объектінің, өзінің ішкі элементерінің, бір бірінен ажыратылу процесі. Бұл процесс кезінде объектінің ішкі құрылымдары мен оқиғалары бір- бірінен дұрыс ажыратылады. Инкапсуляция объектінің интерфейсін қорғау үшін қолданылады немесе объектілік ұстанымда класстың ресурстарын, тек оның өзінің ғана пайдалануын қолдайды. Абстракциялау мен инкапсуляция бірін бірі толықтырады.
Модульділік – бұл программалық жабдықтың декомпозициялану кезінде өзара байланысқан, бірақ өте әлсіз байланысқан модульдерге бөліну қасиеттері. Инкапсуляция мен модульділік қасиеттері абстракцияларды бір- бірінен ажыратады.
Иерархия – бұл жүйедегі абстракцияланудың бір- біріне бағынышты түрде реттеліп орналасуын тағайындайды. Бұл күрделі жүйедегі класстардың құрылымы (иерархиясы). Мысалы, жай және көп қабылдаушылықты айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |